Главная Обратная связь

Дисциплины:






Тақырып: Молекулярлық биология және медициналық генетикаға кіріспе. Микроскопирлеу техникасы.



Ф КГМУ 4/3-06/02

ИП №6 УМС при КазГМА

От 14 июня 2007 г

АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы

Семинар сабаққа арналған әдістемелік - ұсыныс

1 Тақырып: Молекулярлық биология және медициналық генетикаға кіріспе. Микроскопирлеу техникасы.

 

Пән: Молекулярлық биология және медициналық генетика

Мамандығы: 5В130100– жалпы медицина

Курс: 1

Құрыстырғандар:

Есілбаева Б.Т., Ф.Х.Мустафина

 

ҚАРАГАНДЫ 2011

 

Кафедраның отырысында талқыланды және бекітілді

Хаттама № _1_ «_01_» ____09__2011

 

Каф. меңгерушісі ____________________ Б.Ж. Култанов

 

Тақырып: Молекулярлық биология және медициналық генетикаға кіріспе. Микроскопирлеу техникасы.

Мақсаты: Пәннің негізгі мәселелерімен таныстыру, микроскоппен жұмыс істеу дағдыларын игеру.

Оқыту мақсаты:

1. Молекулярлық биология және медициналық генетиканың негізгі бағыттарын және дамудың перспективтілігін қарастыру.

2. Микроскоп құрылысының принципі және микроскоппен жұмыс істеу ережелері.

Тақырыптың негзгі сұрақтары:

1. Жалпы және медициналық генетика, биология аймағындағы ғалымдардың жетістіктері.

2. Оқу лабораториясында жұмыс істеудің техника қауіпсіздігі ережелерімен танысу.

3. Жарық микроскопының құрылысын оқу

4. Уақытша препараттарды дайындау техникасы

Білім берудің және оқытудың әдістері:тақырыптық семинар: сабақ тақырыбын өңдеу және талқылау, тесттілеу, оқылған тақырып бойынша мәселелерді талқылау және терең танысу. Ситуациялық тапсырмалардың көмегімен мәселені шешу, білімді бекітетін тақырып бойынша сұрақтар қою және оларды шешу жолдары.

Әдебиет:

Негізгі

1. С.А.Әбілаев. Молекулалық биология және генетика: Оқулық.- Шымкент: "Асқаралы" баспасы, 2008.- 424 с.

2. С.А.Әбілаев. Молекулалық биология және генетика: Оқулық.- 2-ші, түзет. Ж. Толық, 2010.- 388 б.



Қосымша:

1. Бегімқұл Б. Медициналық генетика негіздері: оқулық.- Астана: Фолиант, 2008.- 336 с.

2. Е. Куандыков, С.А. Әбілаев. Медициналық биология және генетика.- Алматы: НАS

Ақпараттық блок:

Молекуля́рлық биоло́гия — генетикалық ақпараттарды беру, сақтау механизмдерін, ретсіз биополимерлердің қызметін және құрылысын (ақуыз және нуклеин қышқылдарын) оқытатын биология ғылымдарының кешені.

Биохимиядан молекулярлық биологияның ерекшелігі оған келесі әдістер жатады: гендік инженерия, клондау, гендердің жасанды экспрессиясы. ДНҚ генетикалық ақпаратты тасымалдауына байланысты, молекулярлық биология генетикамен жақындай түсті, осыған байланысты молекулярлық биология және генетика бөлімдерін біріктіретін молекулярлық генетика пайда болды. Генетикалық ақпаратты анализдеу үшін санау техникасы негізделген, бұл молекулярлық биологияның жаңа бағытының дамуына мүмкіндік берді: биоинформатика, геномика және протеомика.

20 жыл уақыт аралығында молекулярлық және жасушалық биология бойынша келесідей білімдер қалыптасты:

1.Жасуша қалай жұмыс жасайды, оның химиялық құрамы, яғни ақуыз макромалекулаларының, нуклеин қышқылдарының, липид, көмірсулардың құрылысы.

2.Жасуша органеллаларының құрылымдық бөліктері зерттелді.

3.Адам геномын түзетін, ДНҚ нуклеотидтерінің толық бірізділігін құруға мүмкіндік берген «Геном», проектісі аяқталды.

Бұл көптеген ферменттерді кодтайтын гендері оқуға мүмкіндік берді.

Көптеген аурулардың патогенезі, аурудың клиникалық белгілері, малекулаларда патологиялық өзгерістер тудыратын гендердің мутациясымен байланысты.

Микроскоп құрылысы:

а) микроскоптың механикалық бөлімдерін белгілеу: негізі, көру түтігі, тубус, револьвер, заттық үстелше, макрометрикалық бұранда (кремальерлер) және микрометрикалық бұранда

б) микроскоптың жарық бөлімдерін белгілеу: конденсорлы бөлім (электрді жинақтаушы аспап) және айна

в) микроскоптың оптикалық бөлімдерін белгілеу: окуляр және объективтер

 

Микроскоппен жұмыс істеу кезеңдері:

а)препаратты орнату және оларды кіші үлкейткішпен қарау (макрометрикалық бұранданы өзіне қарай бұрау кіші үлкейткіш объектив көмегімен) қарау. Кіші үлкейткіш объектив заттық үстелшенің ортасындағы саңылаудың үстіңгі жағында орналасуы керек. Объективті көтеру үшін қажетті бастапқы биіктік – 1 см. Окулярға қарап ойыс айнаны әртүрлі бағытта бір уақытта бұрай отырып толық жарық түсіріңіз. Барлық көру аймағы анық және біркелкі жарықтанған болу керек.

 

Есте сақтау қажет, әр препаратты қарау кіші үлкейткіш объектив көмегімен басталады. Объектінің анық бейнесінің пайда болуына дейін көз жеткізіңіз. Тек осыдан кейін ғана нақты фокусты орнату үшін микрометикалық бұрандаларды қолдануға болады. Жарты айналымнан артық бұрамау қажет.

 

б) Үлкен үлкейткіш кезінде жұмыс жасау үшін фокусты орнату микрометрикалық бұранда және револьвер көмегімен жүзеге асады. Микрометрикалық механизмді тек күрделі объектілермен жұмыс жасау кезінде қолдануға болады. Бір қалыпты, револьвердің шерткіш механизміне зиян келтірмей, үлкен үлкейткіш объективін құру және фокусты орнатуды жүргізу керек. Препартқа жанынан қарау арқылы (оны сындырып алмау үшін) тубусты ақырындап көтеріп, одан кейін объективтің төменгі әйнегіне дейін жеткенше оны түсіру қажет. Фокустық ара қашықтық (1 мм) орнатудан кейін қарап (зерттеп) отырған объекті көрінбесе, онда жұмысты қайтадан қайталау керек. Қажет болған жағдайда препаратты қозғауға болады, яғни препараттын таңдап алынған бөлігі ортасында орналаспаған жағдайда, ол қарап отырған аймақтан тыс орналасуы мүмкін.

Микрометрикалық бұранданың тұтқасын қатты бұрауға болмайды (бұранданы бір рет айналдыру кезінде үстелше 0,1 мм жылжиды, бұл нақты фокусировка үшін жеткілікті). Үлкен үлкейткіш объектив төмен түсіп тұрған кезде үстелшеден препаратты алуға болмайды (бұл препаратты және объективтің әйнектерін бүлдіріп алуға әкеп соқтырады)

Қолданылатын окулярлар -7х, 10х, 15х; объективтің әйнектері (линз) -8х, 40х, 90х.

в) Микроскопты жұмыссыз жағдайға келтіру. Жұмыс аяқталғаннан кейін макрометрикалық бұранданы бұрау арқылы тубусты көтеру және револьвер көмегімен кіші үлкейткіш объективті орнына келтіру қажет. Заттық үстелшеден препаратты алыңыз.





sdamzavas.net - 2017 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...