Главная Обратная связь

Дисциплины:






Университет оқушыларының академиялық мобильдігін ұйымдастырғанда бағаларды аудару



Электр станциялары, тораптары және жүйелері» кафедрасы

«Бекітемін»

ЭЭФ деканы__________В.И. Денисенко

«_____»___________ж.

Пән бағдарламасы (Syllabus)

ЕЕ 2213 Мамандыққа кіріспе:

Электрэнергияны алу және оны тарату тәсілдері

 

5В071800 – Электр энергетикасы

мамандығы үшін

 

 

Курс 2

Семестр 3

Барлығы 2 кредит

ECTS кредиттерінің барлығы - 6

Сағаттардың жалпы саны – 90

Лекциялар – 2 кредит (30 сағат)

ОӨЖ – 60

Оның ішінде ОСӨЖ – 15

ЕГЖ-2

Емтихан

 

Алматы 2013

 

 

29.01. 2013 ж. отырыстың № 5 хаттамасы бекіткен «5В071800 – Электр энергетикасы» мамандығының жұмыс оқу жоспарының негізінде бағдарламаны құрастырғандар: т.ғ.к, доцент Михалкова Е.Г., аға оқытушы Соколова И.С., доцент Матаев Ө.М., аға оқытушы Көрпенов Б.Қ.

 

 

Бағдарлама «Электр станциялары, тораптары және жүйелері» кафедрасының отырысында қарастырылды және мақұлданды № 10 хаттама 19 маусым 2013 ж.

 

Кафедра меңгерушісі _____________С.Е. Соколов

 

Бағдарлама электрэнергетикалық факультетінің оқу – әдістемелік комиссиясының отырысында қарастырылды және бекітілді № 4 хаттама 27 маусым 2013 ж.

 

 

Пән: Мамандыққа кіріспе: Электрэнергияны алу және оны тарату тәсілдері

Оқытушылар: т.ғ.к., доцент Михалкова Е.Г., аға оқытушы Соколова И.С., т.ғ.к., доцент Матаев Ө.М., аға оқытушы Көрпенов Б.Қ.

 

АЭжБУ, электрэнергетикалық факультеті.

«Электр станциялары, тораптары және жүйелері» кафедрасы, каб. Б. 117.

Консультация уақытыкафедрада және деканатта ілінген ОСӨЖ кестесімен сәйкес.

 

Курстың аудиториялық сабақтарының өту уақыты мен орны:

Сабақтар кестесіне сәйкес

 

Пререквизиттер:

Математика 1,2.

Физика.

Постреквизиттер:

Электр станциялары.

Электр станцияларының және қосалқы станцияларының негізгі және көмекші жабдығы.

Электр станцияларын жобалау.

Электр тораптары және жүйелері.

Электр энергиясын жеткізу.

Пәнді сипаттау: «Мамандыққа кіріспе. Электрэнергияны алу және оны тарату тәсілдері» пәні екі бөлімнен тұрады.



Бірінші бөлімде техникалық прогрестегі энергетиканың маңызы, ҚР БЭЖ жұмысы, электрэнергияны өндірудің қолданылатын тәсілдері, электр станцияларының негізгі жабдығы, электр станциялары және қосалқы станциялары туралы жалпы мәліметтер берілген.

Екінші бөлімде электрэнергияны жеткізу және тарату, электр тораптары туралы жалпы мәліметтер берілген. Электр тораптарының негізгі қиыстырмалық ерекшеліктері, олардың жіктелуі және жасалыну ерекшеліктері келтірілген. Электрэнергияны жеткізу және тарату жүйелерін реттеудің негіздері, электрэнергияны жеткізудің жаңа тәсілдері, электрмен жабдықтаудың жүйелері қарастырылады.

Пәннің мақсаты: Қазақстан Республикасының энергетикалық ресурстарымен және БЭЖ, электрэнергияны алудың әртүрлі тәсілдерімен танысу. Әртүрлі ЭС электр энергиясын өндірудің технологиялық процесімен, электр станциялары және қосалқы станциялары жабдықтары жүктемелерінің графиктерін тұрғызудың негізгі қағидаларымен танысу. Электр энергияны жеткізу және тарату, электр тораптарын жіктеу, электр тораптарының қиыстырмалары, сипаттамалары және параметрлері, электрэнергияны жеткізу тәсілдері және электрмен жабдықтаудың жүйелері туралы жалпы мәліметтерді зерттеу.

 

Сабақтардың мазмұны және графигі:

Лекциялар:

Лек/ апта Тақырып Көз нөмірі
  1 БӨЛІМ  
1/1 Пәннің жалпы сипаттамасы. Техникалық прогрестегі энергетиканың маңызы   Б.1.Ә. 1,2,3,6
2/2   Жердің энергетикалық ресурстары. Жаңғыртылатын ресурстар. Дәстүрлі емес энергетикалық ресурстар. Қазақстанның энергетикалық ресурстары Ә. 2,3,6
3/3 Электрэнергетикалық жүйе туралы ұғым. Электрэнергетикалық жүйенің жұмысы туралы жалпы мәліметтер. ҚР БЭЖ. Электр жүктемелерінің графиктері. Б.1. Ә.2, 4, 6
4/4   Электр энергиясын өндірудің технологиялық процесі. Электрэнергияны алудың осы кездегі тәсілдері. Энергияның әртүрлі түрлерін электрлікке түрлендіру тәсілдері Б.1. Ә.1,2, 3, 4, 6, 7
5/5   Электр станцияларын жіктеу. Әртүрлі ЭС – де электр энергиясын өндірудің технологиялық процесі туралы жалпы мәліметтер. Б.1.Ә.2,4,6,7
6/6   Синхронды генераторлар. Күштік трансформаторлар және автотрансформаторлар. Коммутациялық аппараттар. Жалпы мәліметтер. Б.1. Ә.1,2,3,5,6,7
7/7   Электр станцияларының және қосалқы станцияларының сұлбалары. Құрылымдық сұлбалары. Бірсызықты сұлбалары. Оперативтік сұлбалары. Жалпы мәліметтер. Б.1.Ә. 1,2,4,6,7
  2 БӨЛІМ  
8/8   Электрэнергияны жеткізу және тарату. Жалпы мәліметтер. Б.2 Ә. 8,9,11
9/9   Электр тораптары. Жүйе құраушы, қоректендіруші және таратушы тораптар. Электр тораптарын жіктеу және оларға қойылатын талаптар. Б.2 Ә. 8,9,11,13,
10/11   Электрберіліс ауа желілері. ЭБАЖ элементтері. ЭБАЖ қиыстырмалық ерекшеліктері. Сымдардың қиыстырмасы Б.2,Ә. 8,9,11,13,
11/11   Кабель желілері. Қиыстырмалық ерекшеліктері. Элементтері. Кабельдердің қиыстырмасы. Б.2 Ә. 8,9,11,13,
12/12 Электр жүктемелерін нобайлау және санау. Электр жүктемелерінің графиктері және олардың сипаттамалары. Б.2 Ә. 9,11,14
13/13 Электрэнергияны жеткізу және тарату жүйелерін реттеу негіздері. Б.2 Ә. 9,11
14/14 Электрэнергияны жеткізудің жаңа тәсілдері. Б.2 Ә. 9,11,13,
15/15 Электрмен жабдықтау жүйелері. Жалпы мәліметтер. Б.2 Ә. 10,11,14

 

 

Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмаларының үлгілік тақырыптары:

 

1. Қазақстанның біріктірілген энергетикалық жүйесі.

2. Энергияның дәстүрлі емес көздері.

3. Электрэнергияны алудың технологиялық процесі.

4. Электрэнергияны алудың осы кездегі тәсілдері.

5. Электр сұлбаларындағы шартты белгілері.

6. Электр қуатының тепе – теңдігі туралы жалпы мәліметтер.

7. Электр жүктемелерінің графиктерін жіктеу.

8. Энергияны үнемдеу.

9. Электрэнергетикалық жүйелердің релелік қорғанысы және автоматикасы.

10. Қазақстанның таратушы тораптары туралы жалпы мәлліметтер.

11. Электрстанциялардың электржабдығы.

12. Қысқа тұйықтау. Процес туралы жалпы ұғым.

13. Электрэнергияны жеткізу және тарату.

14. Сымдар және кабельдер.

15. Тораптардың және жүйелердің электржабдығы.

16. Электрберілістің ауа және кабель желілерінің қиыстырмасы .

17.Электрэнергияны жеткізудің жаңа тәсілдері.

 

 

Студенттердің өзіндік жұмысының графигі:

№ т/б Сабақтардың түрі   СӨЖ тақырыптары СӨЖ, КЖ және басқ. тапсыру мерзім дері Көз нөмірі және бөлімі
      Лекциялар     2 ЕГЖ   Алдындағы лекциялардың материалдарымен жұмыс істеу   Есептік-графикалық жұмыс №1.Тақырып:«Электр жүктемелерінің графиктерін тұрғызу және техникалық – экономикалық көрсеткіштерді анықтау» Есептік-графикалық жұмыс №2. Тақырып: «Кернеуі 35 кВ электр торабын есептеу» Әр аптада   1-7 апта     8-15 апта     Б.1.Ә. 1,2,4,6     Б.2.Ә. 12,13,14  

Білімді бағалау туралы ақпарат:

Курстың бағдарламасы бойынша жетістіктердің деңгейі АЭБУ қабылданған қорытынды бағалардың жалпы жүйесінің негізінде бағаланады (1 кестені қараңыз).

 

1 кесте

Әріп жүйесі бойынша бағалау Балдар Бал дар %-дық мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0 95- 100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94 Өте жақсы
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84 Жақсы
В- 2,67 75-79 Жақсы
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69 Қанағаттанарлық
С- 1,67 60-64 Қанағаттанарлық
Д+ 1,33 55-59 Қанағаттанарлық
Д 1.0 50-54 Қанағаттанарлық
F - 0-49 Қанағаттанарлықсыз

 

Рұқсат алу рейтингінің қорытынды бағасын Сіз семестрде келесі сұлбамен жинайсыз (2 кесте):

 

2 кесте. Рұқсат алу рейтингі. Жұмыстың әр түрінің мәнділігі

 

Семестр   Рұқсат алу рейтингі (15 апта)
1-7 апта 7-15 апта
Лекция лар Лаб. сабақтар ЕГЖ (К.Ж.) ШБ №1(7 апта) Лекциялар Лаб. сабақтар ЕГЖ (К.Ж.) ШБ №2(15 апта)
10% - 30% 10% 10% - 30% 10% 100 %

 

 

Курс бойынша қорытынды баға:

3 кесте

Параметр %-дық мазмұны
Рұқсат алу рейтингі
Емтихан
Қорытынды: 0,6 рұқсат алу+0,4 емт.

 

Балдарды қою саясаты:

2, 3 кестелердегі барлық көрсетілген бағалайтын балдар максималды. Олар жұмысты уақытылы және жоғары сапалы орындағанда қойылады. Тестілеудің және лекция сабақтарына қатысудың бағаланатын балдары дұрыс жауаптардың және жіберілген лекциялардың сандарынан тәуелді қойылады.

Университет оқушыларының академиялық мобильдігін ұйымдастырғанда бағаларды аудару

ECTS (Трансферттің (аударудың) және кредиттерді жинаудың еуропалық жүйесі) бойынша бағаларды ҚР оқитындардың оқу жетістіктерін бағалауды бал-рейтингтік әріптік жүйесіне және кері аудару 4 және 5 кестелеріне сәйкес жүргізіледі.

 

4 кесте - ECTS бойынша бағаларды ҚР оқитындардың оқу жетістіктерін бағалауды бал-рейтингтік әріптік жүйесіне аудару

ECTS бойынша бағалау Әріптік жүйесі бойынша бағалау Балдардың санды эквиваленті %-дық мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А А 4,0 Өте жақсы
В В+ 3,33 Жақсы
С В 3,0
D С 2,0 Қанағаттанарлық
E D 1,0
FX, F F Қанағаттанарлықсыз

 

5 кесте – ҚР бал-рейтингтік әріптік жүйесінің бағаларын ECTS бойынша бағаларға аудару

Әріптік жүйесі бойынша бағалау Балдардың санды эквиваленті %-дық мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау ECTS бойынша бағалау
А 4,0 95-100 Өте жақсы А
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы В
В 3,0 80-84 Жақсы С
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69 Қанағаттанарлық D
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54 Қанағаттанарлық E
F 0-49 Қанағаттанарлықсыз FX, F

 

 

Курстың саясаты:

- сабаққа кешікпеу және одан қалмау;

- сабаққа белсене қатысып, оның оқытушы ұсынған сценарийін ұқыпты бақылау;

- белгілі себептермен жіберілген (деканаттың рұқсатымен) лабораториялық сабақтарды жасау;

- есептік-графикалық жұмыстарды қорғауға ЕГЖ қабылдау графигіне сәйкес өткізу:

- кітапханада және үйде өздігінен жұмыс істеу.

Академиялық этиканың нормалары:

-тәртіп сақтау;

- тәрбиелілік;

- мейрімділік;

- адалдық;

- жауапгершілік;

- аудиторияда ағытылған ұялы телефонмен жұмыс істеу.

Шиеленіскен жағдайлар оқу топтарында оқытушымен, эдвайзермен ашық талқылану керек, ал жанжал шешілмесе деканаттың қызметкерлеріне жеткізілу керек.

 





sdamzavas.net - 2017 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...