Главная Обратная связь

Дисциплины:






ШТС пайдаланылатын ұңғының жабдықтары.



Сорапты әдіспен пайдаланылатын ұңғыманы құбыр арқылы түсірілетін штангілі ұңғылық сораппен жабдықтайды, оның плунжері штанга тізбегімен қозғалысқа келеді. Сораптың қабылдайтын жері сораптың жұмысына кедергі келтіретін зиянды құм, газ, су мөлшерін азайту және жою үшін арналған арнайы құралдармен жабдықталады.

Қондырғының негізгі түйіні ШҰС болады. Тәулігіне беріліс бірнеше жүздеген м3 кезінде сұйықтықтың 3500м дейін көтерілуін қамтамасыз ететін ұңғылық сораптар құрылымының көптеген түрлері бар.

ШҰС салынатын және салынбайтын типті сораптарға бөлінеді.

Салынатын сораптарды ұңғымаға штанга тізбегінің ұшында түсіреді және СКҚ -ның берілген тереңдігінде бекітеді. Салынбайтын сораптар, сораптардың цилиндрі ұңғымаға - СКҚ тізбегінде, ал плунжер - штанга тізбегінде түсірілуімен ерекшеленеді.

Барлық сораптар плунжер диаметрі бойынша келесі негізгі өлшемдермен шығарылады: 28, 32, 38, 43, 55, 68 және 93 мм , плунжердің максималды жүрісі 6 метр құрағанда.

ШҰС-тың негізгі тетіктері: плунжер, цилиндр және клапандар, ал салынатын сораптар үшін тағы да кілтті тірек түйіні болады. Бұл сораптар металды плунжер және втулкалы цилиндрден жасалады.Сорап цилиндрі кожухтың соңына тартылған втулка жинағынан тұрады. Цилиндр саңылаусыздығы втулка торецтарының тығыз жабылуын қамтамасыз етеді. Втулка саны 2 ден 29 данаға дейін,1 втулка ұзындығы - 300мм.

Сораптың металды плунжері ұзындығы 1200, 1500 және 1800мм болатын беті хромдалған құбырды білдіреді.

Штангалық ұңғылы сораптарда шарикті клапандар бір шарикпен және сфералық седло фаскалы және екі шарикті және сатылы-конусты фаскалы болады.

Күрделенген жағдайдағы жұмыстар үшін штангалы ұңғылық сораптар арнайы қорғаныс құралдарымен жабдықталады. Соңғылардың қызметі – сораптың жұмысын цилиндрге құм мен газдың минималды түсуі кезінде қамтамасыз ету. Қорғаныс құралдары ұңғыма өнімін фазаларға бөлу(сұйықтық-газ, сұйықтық-құм) және газды айыру үшін арналады. Бұл қондырғылар газды және құмды якорь атауына ие.



 

14. Коэффициент подачи штангового глубинного насоса. Факторы, снижающие подачу ШСН.

Сорапты қондырғының теориялық берілісін келесі формула бойынша анықтауға болады:

 

Qт =Fпл · Sпл · n; мұнда Fпл - плунжер қимасының ауданы;

S пл - плунжер жүрісінің ұзындығы; n – жүріс саны.

Қондырғының нақты берілісі формула бойынша есептелгеннен әрқашан аз. Бұл екі негізгі фактор әсеріне байланысты – сорап цилиндрінің толық емес толтырылуы және штангі тізбегінің деформациясына.

Бұл факторларды ескеретін дәлірек формула келесідей:

 

Q = Fпл

 

мұнда , α - штангі материалындағы дыбыс жылдамдығы;

m – сұйықтық бағанасы инерциясының плунжердің жүріс ұзындығына әсерін ескеретін коэффициент;

 

кривошип айналымының бұрыштық жылдамдығы ;

 

φ - сораптың толу коэффициенті.

 

 

сұйықтық салмағы әсерінен штангі мен құбырлар деформациясы;

Е – болаттың серпімділік модулі; γ – сұйықтықтың меншікті салмағы; f ш ; fтр - штангі және құбырлар денесінің қима ауданы;

L – сорапты түсіру тереңдігі.

Қондырғы берілісі екі жүріс санымен анықталады: плунжердің жүріс ұзындығы және сорап диаметрі. Қондырғы жұмысының оптималды режимін орнату- жабдық пен айдау режимін дұрыс таңдау болып келеді. Айдау режимі ретінде орнатылған тербеліс санын және жүріс ұзындығын атау қабылданған.

Ұңғылық сорап берілісінің нақты зерттеулері - үлкен әсер ететін сорапты қондырғының 2 параметрін - және көрсеткен. Бұл параметрлер мәндерінің ұлғаюымен өзінің тербеліс қарқындылығы, сәйкесінше нақты берілістің есептіктен ауытқуы жоғарылайды.

ШҰС ториялық берілісі:

 

Qm = 1440 1440 – тәулігіне минут саны.

Мұнайды айыру мен суытудан кейін жер бетінде өлшенген нақты беріліс Qg, теориялықтан кем болады. Qg -тің Qm –ға қатынасын сораптың беріліс коэффициенті деп атайды: η = .

Әрбір белгілі ұңғыма үшін η өлшемі жабдықты және қондырғының айдау режимін дұрыс таңдау көрсеткіші болып табылады. Мына жадайда қалыпты болып есептеледі,

егер η ≥ 0,6 –0,65.

ШҰС беріліс коэффициентіне тұрақты немесе ауыспалы факторлар әсер етеді.

Тұрақтылар:

Айдап шығаратын қоспада еркін газ болуы;

Сорапты штангалар мен құбырлардың серпімді деформация есебінен плунжердің пайдалы жүрісінің штанганың ілінісу нүктесінің жүрісімен салыстырғанда төмендеуі;

Айдалып шығарылатын сұйықтық жер бетіне шығып салқындауы мен айырғыш құрылғыларда газсыздануы нәтижесінде көлемнің азаюы.

Ауыспалы факторлар:

Сораптың тозу дәрежесі мен айдап шығарылатын сұйықтықтағы абразивті қоспаның болуына байланысты цилиндр мен плунжер арасындағы ағулар;

Сорап клапандарындарында олардың бірден жабылып-ашылмауы, негізінен олардың тозуы мен каррозия нәтижесінде болатын ағулар;

әрдайым ауыспалы жүктемеге ұшырайтын СКҚ –ның муфталық біріктірулеріндегі тығыз емес жерлері арқылы ағулар.

Ауыспалы факторы уақыт бойынша өзгереді және сондықтан плунжер мен цилиндр арасындағы саңылау арқылы ағуларды қоспағанда оларды анықтау қиын. Бұл сораптың беріліс коэффициентінің η әрдайым тұрақты болуға әкеледі.Содан соң ол жабдықтың тозуы нәтижесінен айтарлықтай төмендей бастайды.

Осылайша, η = η 1ּ η 2 ּ η 3 ּ η 4

Мұнда η 1 – еркін газдың әсерін ескеретін сорап цилиндрінің толу коэффициенті; η 2 –плунжер жүрісінің азаю әсерін ескеретін коэффициент; η 3 - сорап жұмысы кезінде сұйықтықтың ағу шығынын ескеретін коэффициент; η 4 - жер бетіне жеткенде сұйықтық көлемінің төмендеуін ескеретін отыру коэффициенті.

 





sdamzavas.net - 2017 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...