Главная Обратная связь

Дисциплины:






Тұтынушылар жүктемелерінің тәуліктік және жылдық графиктері



Жүктеменің іс жүзіндегі графигі уақыт бойынша тиісті параметрдің өзгеруін тіркейтін тіркеуші аспаптардың көмегімен алынады. Тұтынушылар жүктемесінің болжамдық графигі жобалау процесінде анықталады. Оны тұрғызу үшін алдымен электрқабылдағыштардың қосынды номиналды қуаты деп түсінетін орнатылған қуаты туралы мәліметтер болу керек. Активтік жүктеме үшін: Рорн = ΣРном.

Тұтынушылар қосалқы станцияларының шиналарындағы жалғанған қуат:

 

мұнда ηср.п және ηср.с — номиналды жүктемедегі тұтынушылар электрқондырғыларының және жергілікті тораптың орта ПӘК - рі.

 

Эксплуатация тәжірибесінде әдетте тұтынушылардың айғақты жүктемесі қосынды орнатылған қуаттан аз. Бұл жағдай біруақыттық ko және жүктелу kз коэффициенттерімен ескеріледі. Онда тұтынушылардың максималды жүктемесі үшін өрнектің түрі болады:

 

 

.

 

 

мұнда - тұтынушылардың қарастырылып отырған тобы үшін сұраныс коэффициенті.

Сұраныс коэффициенттері біртипті тұтынушылардың эксплуатация тәжірибесінің негізінде анықталады және анықтамалық әдебиетте келтіріледі.

Рmax басқа графикті тұрғызу үшін жобалағанда әдетте типтік графиктермен анықталатын уақыт бойынша тұтынушы жүктемесінің өзгеру сипатын білу керек.

Тұтынушының типтік графигі осыған ұқсас жұмыс істеп тұрған тұтынушыларды зерттеу нәтижелері бойынша салынады және а суретінде көрсетілген түрінде анықтамалық әдебиетте келтіріледі.

 

 

Есептеу ыңғайлы болу үшін график сатылы жасалынады. Тәулік ішіндегі ең үлкен мүмкін жүктеме 100% қабылданады, ал графиктің қалған сатылары тәуліктің әр уақыты үшін салыстырмалы мәнін көрсетеді.

Белгілі Рmax – де графиктің әр сатысы үшін қатынасты пайдаланып, типтік графикті тұтынушының жүктеме графигіне айналдыруға болады:



,

 

мұнда n % —типтік графиктің тиісті сатысының ординатасы, %.

 

 





sdamzavas.net - 2017 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...