Главная Обратная связь

Дисциплины:






Ауытқу түрлері, материалдар, еңбекақы және үстеме шығындар бойынша ауытқуды есептеу тәртібі.



Ауытқу дегеніміз - сметада көзделген және нақты шамалар арасындағы айырмашылықты білдіреді.

Егер нақты шығындар нормативтегіден аз болса, онда ауытқу жағымды, ал егер нақты шығындар нормативтегіден көп болса, онда ауытқу жағымсыз.

Ауытқуды талдау-бұл нақты шығындарды нормативтегімен салыстыруға негізделген қызметті талдау.

Тікелей материалдар мен еңбек үшін ауытқудың екі түрін анықтайды: баға немесе ставка бойынша ауытқу және саны немесе өнімділік бойынша ауытқу.

Материалдарға баға бойынша анықтау = нақты сатып алынған шама * (нақты баға - нормативті баға)

Материалдарды пайдалану бойынша ауытқу = нормативті баға * (нақты пайдаланған мөлшері - нақты шығарылымға нормативті мөлшері)

Енбекақы ставкасы бойынша ауытқу = нақты атқарылған сағат *(нақты ставка - нормативтік ставка)

Өнімділік бойынша ауытқу = нормативтік ставка * (нақты атқарылған сағаттар - нақты шығарылымға нормативті уақыт)

Өндірістік үстеме шығындар бойынша ауытқу ауыспалы, тұрақты, өндірістік үстеме шығындар бойынша ауытқуларға бөлінеді.

Ауыспалы үстеме шығындар бойынша ауытқулар: пайдалануы, тиімділігі бойынша есептеледі.

Ауыспалы үстеме шығындардың пайдалануы бойынша ауытқуы = нақты ҮШ - нақты уақыт үшін түзетілген сметалық ҮШ = нақыт ҮШ - (нақты еңбек сағаты * ҮШ нормативті ставкасы)

Ауыспалы үстеме шығындардың тиімділігі бойынша ауытқуы = нақты уақыт үшін түзетілген сметалық ҮШ -нақты шығарылым үшін нормативтік сағатқа негізделген ҮШ сметалық сомасы = [нақты еңбек сағаты - (нақты шығарылған бірлік * бірлікке нормативті еңбек сағат)]*ҮШ нормативті ставкасы.

Ауыспалы үстеме шығындар бойынша жалпы ауытқу = нақты ҮШ - нақты шығарылым үшін нормативтік сағатқа негізделген ҮШ сметалық сомасы.

Тұрақты үстеме шығындардың пайдалануы бойынша ауытқуы = нақты ҮШ – нақты уақыт үшін түзетілген сметалық ҮШ = нақты ҮШ – (нақты еңбек сағат * ҮШ нормативті ставкасы).



Тұрақты үстеме шығындардың көлемі бойынша ауытқуы = нақты уақыт үшін түзетілген сметалық ҮШ – нақты шығарылым үшін нормативтік сағатқа негізделген ҮШ сметалық сомасы = [нақты еңбек сағат - (нақты шығарылған бірлік * бірлікке нормативті еңбек сағат) ]* ҮШ нормативті ставкісі.

Тұрақты үстеме шығындар бойынша жалпы ауытқу = нақты ҮШ – нақты шығарылым үшін нормативтік сағатқа негізделген ҮШ сметалық сомасы.

 

46. Икемді және статистикалық бюджет түсінігі. Икемді бюджетті жасау формуласын құру тәртібі.Бюджет – кәсіпорынның қаржылық, инвестициялық, шаруашылық (операциялық) қызметтерінен түскен қаражат пен шығынды көрсететін операциялық қаржы жоспары.

Бюджеттік жоспарлау кезеңдеріне жататындар: барлық жауапты орталықтарды жоспарлау, қызметті бағалауда пайдаланылатын көрсеткіштерді анықтау; жаңа жағдайға байланысты жоспардағы ықтимал өзгерістерді талқылау; ұсыныстарды ескеріп жоспарға түзету енгізу.

Бас ( жалпы) бюджет тұтас ұйым бойынша барлық бөлімшелер немесе функцияларды үйлестіретін жұмыс жоспары және ол екі негізгі бюджеттен – оперативті және қаржылық бюджеттен тұрады.

Тактикалық бюджет әдетте өндіру немесе сату ( функциялық бюджет терминдері осыдан шыққан) немесе құрылымдық бөлімшелер ( сымалы, бөлімдер мен филиалдар) сияқты ұйымның жекелеген функциялары ретінде болатын әрбір бюджеттік орталықтар үшін жасалады. Бюджеттік орталықтарына бөлу ұйымның құрылымымен анықталса да, ол әрдайым менеджерлердің жауапкершілігіндегі салаларға сәйкес келеді, мәселен, кәсіпорынның өндіріс бөлімінің бастығы әдетте цех басшыларының жауапкершілігіне және өндіріс функцияларының аясындағы қатысушыларға сәйкес келетін өз кезегінде әлементтерге бөлінетін өндіріс бюджетінің орындалуына ( әзірлеуге жиі қатысып) жауап орталықтар деп атайды. Бұл арада мынаны айта кету керек: біз қарастырып отырған функциялық бюджет, қарапайым тілмен айтқанда, ұйымдық құрылымдар мен жылдық деректерге негізделеді.





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...