Главная Обратная связь

Дисциплины:






Стандартты функциялар.



Зертханалық жұмыс

СЫЗЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫМДЫ АЛГОРИТМДІ БАҒДАРЛАМАЛАУ

Жұмыстың мақсаты:паскаль тіліндегі бағдарламаның құрылымымен танысу, меншіктеу операторын, енгізу-шығару операторларын бағдарлама жазу барысында қолданып, оқып үйрену

 

Жұмыстың орындалу тәртібі

1. Теориялық мәліметтермен танысу.

2. Жеке нұсқадағы тапсырмаларды орындау.

3. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

4. Орындаған жұмыс туралы жазбаша есеп беру.

 

Теориялық бөлім

Барлық есептеу машиналарының негізгі ерекшелігі оның жұмысына басқарудың бағдарламалық принципі енгізілген. Бұл ЭЕМ нәтиже беру үшін жеңіл есептермен бірге күрделі есептерге де қолданушы орындалуын немесе бұйрықтар тізімін қолдану керек.

Сонымен ЭЕМ-де есептерді шешу үшін алдын-ала әрекеттерді анықтау (алгоритмдеу) керек Алгоритм – ақпараттану пәнінің негізгі ұғымдарының бірі. Алдын – ала анықталған мақсатқа жету үшін, есепті шешу үшін орындаушыға қажетті амалдардың тізбегін анық көрсететін ережелер жүйесін алгоритмдеп атайды. Алгоритм әрқашанда орындаушы үшін жазылады. Ол адам, ЭЕМ және т.б. құрылғы болуы мүмкін. Алгоритмді сипаттау орындаушыға жазылған әрекеттер түсінікті болуы үшін соның тілінде жүзеге асырылады. Алгоритмді жасау барысында оны 3 тәсілмен сипаттауға болады:

1) Табиғи тілде;

2) Блок-схема түрінде;

3) Арнаулы тілде.

Орындаушы адам болатын жағдайда алгоритм көбінесе сөзбен жазылады. Сөзбен жазылған алгоритмдер ретпен орналасқан сөйлемдерден (нұсқаулардан) тұрады. Қарапайым тілде әрбір адамға түсінікті етіп жазу табиғи тілде жазу деп аталады.

Блок-схема деп әр түрлі геометриялық фигуралар арқылы бағдарламада орындалатын әрекеттер мен олардың орындалу ретін көрсететін графиктік схеманы айтады.

Арнаулы тілде жазу деп ЭЕМ түсінетін тілде (бағдарлама) жазуды айтады. Алгоритмді құрылымына қарай 3 түрге бөлуге болады:

1) Сызықтық;



2) Тармақталған;

3) Циклдік немес қайталау.

Амалдардың бірінен кейін бірі орындалуын сызықтық алгоритм деп атайды.

Мысалы: Герон формуласы бойынша үшбұрыштың ауданын табу. Үшбұрыштың 3 қабырғасы белгілі (3 қабырғаны есепті шешуші пернетақтадан енгізу қажет). Ауданын табу үшін бірінші үшбұрыштың мына формула бойынша периметрін табамыз: . Периметрін тапқаннан кейін, ауданын есептейміз. Ол төмендегідей формуламен жүреді: . Осы есепті табиғи тілде және блок схема түрінде сызу қажет.

І. Табиғи тілде жазылуы:

1) алгоритмнің басы

2) a,b,c мәндерін енгізу

3) периметрдің формуласы бойынша Р табу керек

4) ауданның формуласы бойынша S табу керек

5) ауданның мәнін баспаға шығару керек (периметрдің мәнін де баспаға шығаруға болады)

6) алгоритмнің соңы

ІІ. Блок-схема түрінде көрсету:

басы
a,b,c
S
соңы


Стандартты функциялар.

Стандартты функциялар жиі кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады. Паскаль тіліндегі кестеде бірқатар стандартты функциялар төмендегі 1.1-кестеде келтірілген.

 

1.1-кесте.

Стандартты функциялардың жазылуы

 

Паскальдағы жазылуы Математикалық жазылуы Аргументтің типі Функцияның типі
abs(x) sqr(x) sіn(x) cos(x) exp(x) ln(x) sqrt(x) arctan(x) frac(x) іnt(x) pі |x| sіnx cosx lnx arctgx санның бөлшегі cанның бүтіні 3,14159 real не іnteger real не іnteger real не іnteger real real real real real real real real   real не іnteger real не іnteger real не іnteger real real real real real real real real
trunc(x) round(x) cанның бүтіні санды дөңгелектеу real real   іnteger іnteger  
pred(x)   succ(x) алдыңғы элементтің мәнін табу келесі элементтің мәнін табу real не іnteger   real не іnteger  
ord(x) саналатын тип мәнінің реттік нөмірін анықтау саналатын тип Іnteger
chr(x) реттік нөмірі арқылы символды анықтау іnteger ( 0 .. 255) Сhar
odd(x) санның тақ екенін анықтау Іnteger Boolean

 

Арифметикалық өрнектер.Өрнектердің есептелу барысында амалдардың орындалу реті жақшалардың көмегімен өзгертіледі. Қарапайым жағдайда өрнек тек айнымалылардан, тұрақтылардан немесе функциялардан тұруы мүмкін. Турбо Паскаль іске қосылғаннан кейін CTRL+F4 пернелерінің көмегімен сандық өрнек мәнін тікелей есептеуге болады. Терілген өрнек пен оның нәтижесі қосымша терезеде көрінеді.

Өрнектердің немесе функциялардың дұрыс жазылмауы бағдарламалау барысында қателіктер туғызуы мүмкін. Сондықтан бағдарламалауда өрнектер, функциялар жоғарыдағы 1.1- кестеге сәйкес жазылуы тиіс. Кейбір өрнектердің жазылу мысалы 1.2 - кестеде келтірілген.

 

1.2- кесте.

 

Арифметикалық өрнектердің Паскаль тілінде жазылуы

 

Өрнектер Паскальда жазылуы
(a+b)/(a-b)
exp(x+1)
exp(b*ln(a))
(a+b)/(x*y)
exp(ln(x)/3)
exp(ln(a)*exp((x+1)*ln(b)))

 





sdamzavas.net - 2018 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...