Главная Обратная связь

Дисциплины:






Классификация методов аудита. Нақты бақылаудың әдістемелік және тексеру бойынша жүргізілуі. Аудит әдістерінің жіктелуі. 4 страница



34. Жалпы жоспар мен аудиторлық бағдарламаны құрудың тәртібі.

Алдын ала жоспарлау процессінде алынған мәліметтер негізінде аудитор жалпы жоспарды дайындауға, оның негізінде тексеру бағдармаларын дайындауға кіріседі.Аудитордың басқа жұмыс кағазына қарағанда жалпы жоспар дайындау процессінде ұйым басшылығымен талқыланады. Бұл аудиторлар мен клиент мамандары жұмысын үйлестіру арқылы аудиторлық тексеру тиімділігіне көмектесуі мүмкін.Аудиттің халықаралық тәжірибесіндегі стандарттары мамандандыру әрекет ететіндігін атап өту қажет. Онда әр тапсырмаға қатысты процедуралардың алғашқы қорытындыларының нақты мәліметтері аудиторлық тестілер мен талдау процессінің нәтижесі болған процедураларды түзетулері және қосымшаларымен бірге жазылған. Ары қарай жоспарлау мен бақылау бойынша міндеттерді шешу үшін дайындалған осындай тексеруші тізім 2-кестеде мысал ретінде келтіріледі. Аудит басталғанға дейін аудитор орындайтын жұмыстардың тізімі:клиентті жəне аудиттің арнайы келісімін қабылдауға қатысты шараларды орындау; жоба бойынша əріптес, клиентпен жəне өзіне тəн аудиторлық келісіммен қарым-қатынасты қабылдау жəне жалғастыруға қатысты шаралардың орындалып жатқанын жəне олар бойынша қол жеткен қорытындылар пайда болған жағдайларға сəйкес келетініне көз жеткізуі қажет;егер жоба бойынша əріптес, фирманың аудиторлық келісімінен ауытқуына əсер етуі мүмкін ақпаратты алғанда, егер бұл ақпаратқа ертеректе қол жетімді болса, жоба бойынша əріптес бұл ақпарат туралы шұғыл түрде фирмаға хабарлап, жоба бойынша фирма мен əріптестің тиісті шаралар қолдануына алғышарт жасауы керек.аудитор алмастырылған жағдайда этикалық талаптарға сай алдыңғы аудиторға хабарлау.Аудитті жоспарлау мақсаты бастапқы аудит үшін жəне жалғаспалы аудит үшін біреу ғана. Бірақ бастапқы аудитте аудитор, аудитордың əдетте қайта пайда болатын келісімдерді жоспарлау кезінде қарастырылатын кəсіпорынмен тəжірибеге ие болмауынан, жоспарлау жұмысының көлемін ұлғайтады. Алдыңғы аудиттің келісімі бойынша аудитор аудиттің жалпы стратегиясы мен жоспарын жасауда қарастыратын қосымша сұрақтар:егер заң жəне нормативтік актілер қарсы болмаса, алдыңғы аудитормен əрекеттесу, мысалы жұмыс құжаттарын шолу;басшылықпен талқыланған барлық негізгі мəселелер (бухгалтерлік принциптер немесе стандарттарды қолдану) жəне осы мəселелер туралы басқару өкілеттігіне ие тұлғалар жəне осы мəселелерге қатысты аудиторлық жалпы сипаттағы стратегия мен аудиторлық жоспарға əсер;алғашқы қалдыққа қатысты жеткілікті жəне сəйкес аудиторлық дəлелдер алуға қажет жоспарланған аудиторлық шаралар;бастапқы аудиттің келісімдері бойынша фирманың сапаны бақылау жүйесімен басқа шаралар (мысалы, фирманың сапаны бақылау жүйесі бойынша басқа әріптес немесе аға қызметкер шын мәніндегі аудиторлық шараларды орындау бастауына дейін аудиттің жалпы стратегиясын шолу немесе есептер шығарылуына дейін есептерді шолуға қатысады).Аудит бағдарламасы былай әрекет етеді: аудитордың ассистент топтары үшін нұсқаулар тізімі;аудиторлық топ жұмысының сапасын бақылау құралы;аудит мақсаттарын, өткізу уақытын,таңдау көлемін және әр
сферадағы таңдау негізін өзгертуді қажет ететін аудиторлық процедуралар жазбасы.Бағдарлама аудиторлық тексеру құжаттамасының маңызды бөлігі болып табылады және онда аудиторлық тұжырымдаманы дәлелдеу үшін қажет аудиторлық дәлелдердің маңызды бөліктері жазылады. Ол бақылау құралдары тестілерінің бағдарламасы түрінде және негіз бойынша процедура түрінде құрылады.Бақылау құралдары тестілерінің бағдарламасы ішкі бақылау мен аудит жүйесінің әрекет етуі туралы ақпаратты жинауға арналған әрекеттер жиынтығының тізімін көрсетеді. Негіз бойынша аудиторлық процедуралар бухгалтерлік есепте айналымдар мен шоттар бойынша қалдықтың дұрыс көрсетілуін жан-жақты тексеруді қамтиды. Бұл үшін аудитор бухгалтерлік есептің қандай бөлімдерін тексеретінін анықтайды және бухгалтерлік есептің әр бөлімі бойынша аудит бағдарламасын құрастырады.Стандартталған аудиторлық бағдарлама - бұл кез келген аудит кезінде пайдаланылатын, алдын ала дайындалған мақсаттар мен тестілер тізімі. Стандартталған бағдарламалар практикада кең қолданылады және әдетте ірі фирмалар мәліметтерінен алынады.Олардың басылымдағы жұмысты қажетті арнаға бағыттауға көмектесуіне және ол барлық маңызды сфераларды есепке алу үшін тексеру қағазы ретінде әрекет етеді. Олар аудит тиімділігін арттырады және бақылауды жіберуді жеңілдетеді. Сонымен қатар оның кемшілігі де бар: сөзсіз қайталау жағдайында олар кәсіби пікірді тұншықтырып тастауы мүмкін. Өз жұмысында аудиторға кәсіби пікірді пайдалану қажет. Себебі барлық аудит әртүрлі және тесттердің нақты аудит жағдайына сай дайындалуы қажет.Негізі бойынша аудиторлық процедуралардың бір түрі бола отырып талдамалық процедуралар тексерілуші экономикалық субъект қызметінің каржы-экономикалық көрсеткіштері арасындағы арақатынасты анықтау, талдау және бағалауда болып табылады.Жоспарлау кезеңінде пайдаланылатын талдамалық процедуралар клиент бизнесін және ондағы өзгерістерді түсінуге, потенциадды тәуекел облысын анықтауға, басқа процедураларды жоспарлауға көмектеседі. Әдетте, аудиторлық тексеруді жоспарлау жылдың қаржылық есеп беру құрылғанға дейін іске асырылады. Аудиттің осы кезеңінде орындалатын кез келген талдамалық процедуралар аралық қаржылық есептемеге, ішкі басшылық мақсаты үшін дайындалған қаржылық есеп беруге, ал кейбір жағдайларда алдыңғы кезеңнің қаржылық есеп беруіне негізделеді. Аудитор қаржылық есеп берудің түрлі баптары арасында өзара байланыс болады деп болжайды, сондықтан ол болжамдардың есеп мәліметтері сәйкестігін анықтау үшін жоспарлау кезеңінде қол жеткізуге болатын қаржылық ақпаратты тексеруі керек. Кез келген жағдайда, егер аудитор нәтижелері мен күткендері арасында алшақтық болса, аудитор жұмысын ары қарай жүргізуі жоспарлануы қажет



 

35. Аудит жүргізудегі келісім және міндеттеме хат. Клиент кәсібімен танысу.

Аудит жүргізу үшін шаруашылық субъектілері (тапсырушылар) аудит фирмаларымен немесе жеке аудиторлармен аудит шартын жасасуы қажет. Қалыптасқан тәртіп бойынша шарт жасаудан бұрын аудит фирмасы немесе жеке аудитор өз тарапынан міндеттеме-хат жазуға тиісті.

Аудитордың міндеттеме хаты өзінің тапсырушы алдындағы жазбаша түріндегі беретін өз жауапкершілігін, алдына қойылған міндет-мақсаттарды орындау үшін көрсететін қызметіне анықтама беру. Аудит шартын жасаудан бұрын міндеттеме хатты тапсырушы өз тарапынан зерттеп, жан-жақты талқылап содан кейін ғана міндеттеме хаттың мазмұны ойынан шыққан жағдайда ғана аудит шартын жасауға келіседі.

Міндеттеме хаттың түрі және мазмұны тапсырушы талабына сәйкес әр түрлі болуы мүмкін, онда негізінде төмендегідей талаптар қойылады:

қаржы есебін тексерудің мақсаты;

тапсырушылардың тексеруге мәліметтердің дұрыстығына жауапкершілігі;

аудит жұмысының көлемі, ондағы аудитордың жұмыс бабындағы қолданылатын заң құжаттары және ереже-нұсқаулар, нормативтік құжаттар;

тапсырылатын аудит есебінің, аудит қорытындысының үлгісі;

жүргізілетін аудит жұмысының бағдарламасы;

аудит жұмысының төлем ақысы.

Аудит келісім-шартының мазмұны бірнеше бөлімнен тұрады:

Бірінші бөлімінде екі жақтың реквизиті толық көрсетіліп, жауапкершіліктеріне анықтама беріледі. Мысалы, аудитор фирмасының аты, оның жауапты директоры, тапсырушы жағынан шаруашылық субъектісінің аты, оның жауапты қызметкері.

Екінші бөлімінде аудитор жауапкершілігі анықталады. Мысалы, аудит жұмысын орындау мерзімі, құжаттарға жауапкершілігі, коммерциялық құпиялылықты сақтау тәртібі тағы сол сияқты аудитор міндеттер аталып көрсетіледі.

Үшінші бөлімінде тапсырушының міндеттері анықталады. Мысалы, аудит жұмысын ұйымдастыру, қажет құжаттарды, есептерді уақтылы беру. Қажет болған жағдайда әр түрлі анықтамалар беру, қызметкерлерден түсініктемелер алып беру тағы сол сияқты көптеген міндеттемелерді орындауы қажет.

Осы шартта, аудит жұмысының қорытындысын тапсырушыға өткізу тәртібі де қарастырылады. Міндетті түрде аудит шартына көрсетіліп, екі жақ алдын-ала шартқа тіркеу құжатын анықтайды.

Шартта қажет болған жағдайда қосымша төлем жасау мүмкіндіктері келісілуі қажет. Оған бірден-бір себеп, аудит барысына шартта қаралмаған жұмыс кездесуіне немесе екі жақтың келісуі бойынша қосымша қызмет жасау анықталған жағдайда болады. Осындай себептермен бірінші жасалынған шарт қайта жасалуы мүмкін.

Аудит барысында шарттың орындалуын тоқтау, жою жағдайы кездеседі. Ол біріншіден, тапсырушы жағынан аудит шартын тоқтату немесе жою талабы қойылуы мүмкін. Оған уақтылы төлем жасаудан бас тарту, өзара акционерлер арасындағы келіспеушіліктер себеп болуы мүмкін.

Сол сияқты аудитор фирмасы жағынан да әр түрлі себептермен аудит шартын тоқтату немесе жою талабы қойылуы мүмкін. ҚР "Аудит қызметі туралы" заңда анық көрсетілген. Осы Заңның 4-бабында көзделген міндетті аудитті жүргізу шарты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мезгілдерден кешіктірмей жасалады, бұл туралы субъект аумақтық салық ұйымын хабардар етеді.

Заңның бесінші тарауында аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі деп аталынған, оның 17-бабында аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары жан-жақты қарастырылған, 18-бабында олардың міндеттері анықталған.

Заңның алтыншы тарауында "аудиттелетін субъектінің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, 21-бабында олардың құқықтары, 22-бабында міндеттері, 23-бабында жауапкершілігі" жан-жақты қарастырылған.

 

36. . Аудитордың жұмысының қорытынды кезеңі.

Аудиторлық қызмет туралы» заңның 15 – бабында атап көрсетілгендей, жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша аудит стандарттарына сәйкес болуға тиісті аудиторлық есеп беру есеп жасалынады.Аудиторлық есеп беру– бұл барлық заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар және сот органдары үшін құқықтық статусы бар құжат. Аудиторлық ұйымдардың (аудитордың) есеп беруі Қазақстан Республикасының процессуалды заңнамасына сәйкес тағайындалған әкспертизаға теңестіріледі.Аудиторлық есеп беру- тағайындалған аудиторлардың компания немесе басқа ұйымның есептілігін тексеру туралы есеп беруі. Аудиторлық есеп берулер аудиторларды кім және қандай мақсатта тағайындағанына байланысты әртүрлі рәсімделе алады. Басқалары заңның түрлі талаптарын орындау үшін тағайындалса, кейбір аудиторлар ішкі аудитпен айналысады. Аудиторлық ұйым аудиторлық есеп беруді тек шаруашылық субъектіге келісілген данада және мерзімде табыс етуге міндетті.Аудиторлық есеп беру 3 бөлімнен тұрады:Кіріспе;Талдау;Қорытынды.Кіріспеде – аудиторлық кәсіпорын үшін оның мекен-жайы, телефон нөмірі, оны берген органнын атауы, күні;Лицензияны қолдану мерзімі; Есеп айырысу шоттың нөмірі тексеріске қатысқан аудиторлардың аты-жөні;Өз бетімен қызмет көрсететін аудитор үшін аты-жөні аудитор болып істеген стажы, аудиторлық куәлігін берген органның аты, оның уақыты, куәлігінің қолдану мерзімі, тіркеу куәлігінің нөмірі, есеп айырысу шотының нөмірі.Талдау бөлімінде – экономикалық субъектініңаты және қандай мерзімде тексеріс өткізіледі.

Қаржылық есепті ұйымдастыруының сараптамасының нәтижесі, керек есеп беруді толтыру және ішкі бақылау жағдайы;Бухгалтерлік есепті жүргізгенде және қаржылық есеп беруді толтырғанда болған тәртіп бұзушылықтарды олардың аудиторлық тексерісті өткізгенде анықталғандығы;Қорытынды бөлімде – экономикалық кәсіпорынның қаржылық есеп берудің нақтылығы беріледі.Аудиторлық есеп беруге шаруашылық субектісінің бухгалтерлік есептілігі қосымша ретінде болуы қажет.Тексеріс кезінде анықталған тәртіп бұзушылықтар кәсіпорынмен жойылмаса, қорытынды бөлімінде қаржылық есеп берудің нақтылығына баға берілмеу туралы көрсетіледі.Сондықтан білдірілген пікірлердің сипатына байланысты аудиторлық қорытындының төмендегі нысандарын ажыратып көрсетуге болады:Ескертусіз (шартсыз) аудиторлық есеп беру;Ескертулері бар (шартты) аудиторлық қорытынды;Аудиторлық есеп беруден бас тарту;Теріс аудиторлық есеп беру.Аудиторлық есеп берудің әр парағына аудитордың қолы қойылады және жеке мөрімен расталады.Есеп беруге (актіге) аудит жасаушылар, басшысы және бас бухгалтер қол қояды.Басқарма мәжілісінде аудит кезінде анықталған кемшіліктерді жоюға, материалдық зиянды орнына келтіруге және кінәлі адамдарды жауапқа тартуға байланысты кең көлемде қаулы қабылданады. Осы актінің негізінде аудиторлық есеп беру толтырылады.Аудиторлық есеп берудің құрылымы мынандай элементтерден тұрады: тақырыбы; адресат; кіріспе немесе баяндау тарауы; қаржылық есептілікке басшылық жауапкершілігі; аудитордың жауапкершілігі; аудитордың пікірі; есеп беру бойынша басқа жауапкершіліктер; аудитордың қол қоюы; аудиторлық есеп күні; аудитордың мекен-жайы.Аудиторлық есептің тəуелсіз аудитор есебі екенін растайтын тақырыбы болуы қажет. Аудиторлық қорытынды есеп пен кәсіпорын жұмыскерлері, директорлар кеңесі сияқты басқа да тұлғалар жасауы мүмкін қорытынды есептердің, сонымен бірге тәуелсіз аудитор басшылыққа алатын этикалық принциптерді басшылыққа алмауы мүмкін басқа аудитордың қорытынды есептернің арасындағы айырмашылықтарды белгілеп көрсету үшін оның атауында «Тәуелсіз аудитор» деген терминді пайдалануға рұқсат етіледі.Аудиторлық есеп келісім шарттарына сəйкес адресатқа жіберілуі керек. Ұлттық заңдар мен нормативтік актілер осы заңнамалар шеңберіндегі жалпы қолданыстағы қаржылық есептілік кімге жолданатынын көрсетеді. Əдетте қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп акционерлерге немесе субъектінің басқару өкілеттіктері бар тұлғалар директорлар кеңесіне жіберіледі. Есеп қаржылық есептілік аудиттелетін акционерлерге немесе субъектінің директорлар кеңесіне жіберіледі.Аудиторлық қорытынды есеп кәсіпорынның тексерілген қаржылық қорытынды есебіне қарастырылған мерзімді және кезеңді кіргізе отырып, сол қаржылық қорытынды есеппен бірдей болуға тиісті.Қорытынды есепке қаржылық қорытынды есептің ақпараттарына кәсіпорын басшылары жауап беретіндігі, онымен бірге аудитордың жауапкершілігі жүргізілген аудиттің негізінде қаржылық қорытынды есеп жайында өзінің қорытындысын беру болып табылатындығы туралы пікірлер кіруге тиісті. Қаржылық қорытынды есеп – кәсіпорын басшылығы дайындап тапсырған ақпараттар. Ондай қорытынды есепті дайындап, басшылықтан елеулі есептік бағалаулар жүргізуді және пікір білдіруді, сонымен бірге қаржылық қорытынды есепті дайындау кезінде пайдаланылған қолайлы бухгалтерлік принциптер мен әдістерді анықтауды талап етеді. Және оған қарама – қарсы, аудитордың міндеті сол қаржылық қорытынды есеп бойынша өзінің қортындысын беру мақсатында оған аудит өткізу болып табылдады.Кіріспе тарауы қаржылық есептілік жүргізілген субъектіні көрсетеді. Сондай-ақ: қаржылық есептіліктің толық түріне кіретін əр қаржылық есептіліктің мазмұнынан; қаржылық есептіліктің маңызды баптарына сілтемеден; қаржылық есептілік мерзімі мен кезеңінен тұрады.Аудиторлық қорытынды есеп қаржылық қорытынды есептің шын мәнінде дұрыс ақпараттарды беретіндігі жөніндегі аудитордың қорытындысын анық көрсетуге тиісті. Аудитарлық қорытындыны білдіру үшін пайдаланылатын « дұрыс және дәл көрініс» немесе «барлық маңызды аспектілірі бойынша дәлберілген» терминдері бір – бірімен эквивалентті. Екеуі де аудитордың қаржылық қорытынды есеп шеңберінде маңызды болып табылатын аспектілерді қарастырғандығын көрсетеді. Қаржылық қорытынды есеп дайындап тапсыру негізі Халықаралық аудит стандартымен, сонымен бірге «дұрыстық» түсінігімен сәйкес келетін елдегі жалпы тәжірибенің дамуымен және жергілікті заңдардың есепке алынуымен анықталады. Ақпаратты пайдаланушыларды « дұрыстық» түсінігім пайдаланылатын контекс (мағына) жөнінде хабардар ету үшін аудиторлық қорытынды «Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес» деген сөйлемді пайдалана отырып, қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсыру негізін көрсетуге тиісті. Есеп беру мерзімі. Аудиторлық қорытынды есебінде қойылыатын мерзім аудиттің аяқталу мерзімі болып табылады. Бұл – аудитордың қаржылық қорытынды есепке оның өзіне белгілі және көрсетілген мерзімге дейін болған оқиғалар мен операциялардың әсерін есепке алғандығы туралы оқырмандарды хбардар етеді.Аудитордың адресі (мекен-жайы). Қорытынды есепте аудит үшін жауапты аудитордың офисі орналасқан пункт (әдете қала) көрсетілуге тиісті. Аудитордың қолы. Қорытынды есепке аудиторлық компанияның атынан, аудитордың жеке өз атынан немесе екеуінің де атынан, егер ол қажет болса, қол қойылуға тиісті. Әдетте, аудитордың қорытынды есебіне компанияның атынан қол қойылдады. Себебі аудит үшін фирма жауап береді.

 

37. Тәуелсіз аудитордың қаржылық есептілік бойынша толық кешенді есеп беруі.(ХАС 700П)

Аудиторлық есепті қаржылық есептіліктің толық құрамына ешқандай есекертусіз берілген түрі халықаралық аудиторлық стандарттары 700 стандарттарында берілген. Жалпы сипаттағы қаржылық есептілік – жалпы сипаттағы жүйеге сәйкес дайындалған, көпшіліктің мəлімет қажеттілігін қанағаттандыратын қаржылық есептілік.Жалпы сипаттағы жүйе – Жалпы сипаттағы қаржылық ақпарат бойынша көпшілікті қолданушылардың керегіне сәйкес келуге арнап әзірленген қаржылық есеп жүйесі.Қаржылық есеп беру жүйесі әділ көрсету жүйесі немесе сәйкестік жүйесі болады.Модификацияланбаған пікір – Аудитор қаржылық есептілік барлық елеулі аспектілерде қолданыстағы қаржылық есеп жүйесіне дайындалғанын қарастырғандағы аудитордың пікірі.«Әділ көрсету жүйесі» термині жүйенің талаптарына сәйкестікті талап ететін қаржылық есеп жүйесін сипаттайдыАудитордың мақсаттары мынадай:Алынған аудиторлық дәлелден жасалған қорытындыларды бағалау негізіндегі қаржылық есептілік туралы пікір айту; жәнеЖазбаша есеп арқылы сонымен қатар пікір негізін анықтайтын пікір анық білдіру. Аудитор қаржылық есептілікті пікір білдіруге қажетті жеткілікті жəне тиісті аудиторлық дəлелдер алған күннен бұрын көрсетпеуі тиіс. Мысалы:

Қаржылық есептіліктің толық кешені, байланысты жазулар дайын болғандығы; және Қажетті өкілеттіктері бар тұлғалар оны өз жауапкершіліктерімен растағаны туралы дəлелдерді енгізуі керек. Аудиторлық есеп ( қорытынды ) қаржылық есептілікті туралы аудиторлық пікірін нақты пікір нақты пікір түрінде беруі керек. 200 халықаралық аудиторлық стандартта аудиторлық мақсаты қаржылық есептілік жөнінде төмендей анықталады:Қаржылық есептілік барлық маңыздылық тарапынан қаржылық есептілікті дайындау негізінде сәйкестендіріліп жасалады.Осы талаптарға сәйкес ашылып ұсынылғанда аудитордың пікірінің қалыптасуы қаржылық есепілікті нақты және әділ пікір беріп және барлық маңыздылық тарапынан дұрыс анықталғанын білдіру төмендегі тараптарды бағалау негізінде іске асырылады:Қаржылық есептілікте көрсетілген тұжырымдар қаржылық есептілікті ұсыну негіздеріне сәйкестендіріп ерекше талаптарға ұсынылғандығы;Операциялар топтарына қойған талаптарға сәйкестігі;Шоттар сальдосы мен операциялар бойынша.Осы келтірілген жұмыстың іске асуы үшін төмендегідей талаптарды жүзеге асыру керек:Мекеменің қаржылық есептілігін дайындау негізінде сәйкестігі және есептелуі.Нақты осы жағдайларда қолдану мүмкін:Мекеменің басшларымен анықталған есептегі бағалаулар және оларды нақты жағдайларда пайдалану ;Қаржылық есептілікте келтірілген ақпараттарды есеп саясатын қоса алғанда түсініктілігін, сенімділігін, орындылығын зерттеу;Қаржылық есептіліктің пайдаланушыларға ұсынған ақпараттың толық ашылғандығы және осы мерзімде болған маңызды операциялардың әсерін анықтау мүмкіндігі және олардың қорытынды есептілігіне әсерін анықтау . Аудитор қаржылық есептіліктің дұрыс ұсынылуын толық зерттеуі керек.Аудиторлық қорытындының мәтініне қойылатын талаптар: құжаттың аты; тапсырылатын адрестері; кіріспе; қаржылық есептілігіне мекеме басшысының жауапкершілігі; Аудитордың жаупкершілігі; Аудитордың пікірі; Есептілік бойынша басқа жауапкершіліктер; Аудитордың қолы; Есептің күні; Аудитордың мекен жайы.Тәуеслсіз аудитордың есебі деп көрсеткен дұрыс (қорытынды) , бұл аудитордың тәуелсіз екенін, басшылыққа аудит этикасын және стандартарын алғанын көрсетеді.Жіберілетін адресаттар Қазақстан Республикасы заңдарымен анықталып көрсетілуі мүмкін. Акционерлік қоғам туралы заң, акционерлерге, директорлар кеңесіне, жалпы жиналысқа, листинг жүргізілген жағдайда қаржылық орталығына және т.б.Мұнда субъектінің аты, қаржылық есептіліктің тексергендегі, сонымен қатар:Қаржылық есептіліктің аттары;Есеп саясатының маңызды элементтерінің және басқа да түсініктемелері жөнінде қысқаша мәліметтер;Тексерілген уақыты, қол қойылған мерзімі.Аудиторлық есеп мекеме басшыларының жауапкершілігін нақтылап көрсетеді және олардың әділетті қаржылық есептілік жасауға тиістілігін атап қөрсетеді, сонымен қатар:Алаяқтықты, қателіктерді, бұрмалаушылықты болдырмайтын ішкі бақылауды жасау, енгізу қажеттігін көрсетеді;Есеп саясатын таңдап алып және пайдалану;Есептелген бағалаулардың негізділігін.Аудиторлық жауапкершілігі жөнінде арнайы ақы келтіруші керек, яғни аудитор өзінің білдірген пікірі үшін жауапты, сонымен қатар:Аудиттің халықаралық аудиторлық стандарттарға сәйкес жүргізгендегі жөнінде. Аудит стандарттарының аудитордың алдына қоятын талаптары:Этикалық талаптарға және оған сәйкес жүргізілуі;Аудит жоспарлауы және оған сәйкес іске асырылуы;Қаржылық есептіліктің маңызды қателерінің жоқтығы туралы саналы сенімділіктің болуы.





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...