Главная Обратная связь

Дисциплины:






Солтүстік Қытайға көшпелілердің басып кіруінің алғышарттарын көрсетіңіз.



Х ғасырдың басында Қытайда саяси бытыраңқылық орын алды. 907 ж. Тан əулеті тақтан тайдырылған соң бұл бытыраңқылық тіпті күшейе түсті. 960 жылға дейін бес əулет бірін-бірі ауыстырды. Бұл əулеттердің билігі елдің солтүстігіне ғана тарады. Бұрынғы империяның аумағында бұл кезде 8 дербес мемлекеттер өмір сүрді.Осылай Қытайда саяси дағдарыс орын алып жатқан кезде оның солтүстік-шығысында Маньчжурияның біраз бөлігін мекендеген көшпенді кидандердің тайпалық одағы күшейе түсті. 907 ж. кидандар Қытайға шабуыл жасады. 916 ж. олардың көсемі Абаоцзи (Амбагянь) империяның құрылғанын жариялады. 926 ж. кидандар Бохай патшалығын басып алды. 947 ж. кидандар мемлекеті Ляо деп аталды. Ол мемлекет 1125 жылға дейін өмір сүрді. 937 жылдан бастап ол мемлекеттің астанасы Наньцзин (оңтүстік астана) қаласы (қазіргі Пекин) болды. Кидандар билігі Шаньси мен Хэбей провинцияларының солтүстігімен шектелді.

Қытайдың кидандар билігі орнамаған бөлігі 960 жылға қарай Сун əулетінің (1279 жылға дейін билік құрған) қол астына бірігіп,шаруашылығын қалпына келтіре бастады. Сун əулетінің негізін Чжоу патшалығының талантты қолбасшысы Чжоу Куан-инь (927—976) қалады. Жаңа əулеттің астанасы алғаш Бянь (қазіргі Кайфын),кейін — Шығыстағы Ханчжоу қаласы болды.993—997 жж. Ван Сяо-бо, Ли-Шуань жəне Чжан Юя басқарған көтерілістер болды.1005 ж. Қытай кидандардан жеңіліп, біраз жерінен айырылды. Қытай кидандарга жыл сайын салық төлеп тұруға мəжбүр болды.1040—1044 жж. Сун империясы Батыс Ся империясымен соғысты (бұл империя Қытайдың солтүстік-батысында 982—1227 жж. Өмір сүрді. Алғаш Тангут мемлекеті деп аталды. Астанасы Сячжоу (қазіргі Синин) қаласы болды. Өкімет билігі Тоба əулетінің қолында болған). Соғыс бітім шартын жасаумен аяқталды. Шекара өзгеріссіз қалды. Ся (Тангут) өкіметі Сун сарайына вассал деп танылды. Бірақ Қытай тангуттықтарға жыл сайын жібек мата, күміс, шай «сыйлап» отыруға тиіс болды. 1069—1072, 1096—1099 жж. екі ел арасындағы соғыстар онан əрі жалғасты. 1115 ж. чжурчжендердің Цзинь империясы құрылды. Қытай онымен одақтасып, Ляо империясынан солтүстіктегі 16 округтерін қайтарып алуға кірісті. 1123 жылға қарай Қытай ол округтердің біразын қайтарып алды да, Қытай бұрынғы кидандарга төлейтін салығын енді чжурчжендерге төлеуге тиіс болды.



3.Суй әулетінің билігінің орнауының Қытай үшін тарихи маңызын көрсетіңіз.

Қытайды біріктіру үрдісін «Гуаньлун тобы» деп аталған əскери-саяси топ білдірді. 581 ж. осы топтың көрнекті өкілі, солтүстік Қытайдағы əскер басшысы Ян Цзянь тақты басып алып, Суй əулетінің (581—618) негізін қалады. Үш ғасырға жуық бөлінуден кейінгі Қытайдың қайта бірігуі саяси, экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени өмірде феодалдық қатынастардың орнығуындағы маңызды фактор болды. 589 ж. Ян Цзянь Солтүстік жəне Оңтүстік Қытайды өзіне бағындырды. Ол Вэн-ди деген атпен император деп жарияланып, 581—604 жж. билік құрды. Вэнди билікке келісімен мемлекетті орталықтандыруға бағытталған реформа бастады. Реформа бойынша: өлшем бірліктері енгізілді, жаңа стандартты тиындар енгізілді, салық жүйеге келтірілді, төтенше алымдар жойылды. Жер реформасы жүргізіліп, шаруаларға үлестік жер берілді, егін салығы ретке келтірілді, шаруалар кәсіпшілік салығы мен еңбек міндеткерлігін өтейтін болды. Түрғындардың санағы жүргізіліп, алым төлейтін шаруалар есебі белгіленді. 605 жылы таққа Вэндидің мұрагері Янди отырды. Янди тұсында (605—617) құрылыс жұмыстарына басы назар аударылды. Хуанхе мен Янцзы өзендерін жалғастырып тұрған Ұлы канал салынды. Ұлы Қытай қорғаны қалпына келтірілді. Сыртқы саясатында Ян-ди Түрік Қағанатымен, Вьетнамдық Вансуан мемлекетіне қарсы басқыншылық соғыстар (611—614) жүргізді, Кореямен соғыс жүргізді. Соғыс ауыртпалығы қарапайым салық төлеуші халыққа түсті. Олар өз наразылықтарын көтерілістер арқылы білдірді. Оған Яндиге наразы болып жүрген ақсұйектер қосылып, елде төңкеріс жасады. Көтерілістің негізгі ошақтары Шаньдун, Хэбей, Хэнань болды. Янди астанадан қашып кеткенімен оны ұстап алып өлтірді. Суй əулетінің билігі ұзақ болмады. 618 ж. шыққан тегі жағынан жартылай түрік Ли Юань деген Солтүстік Қытай əкімі империядағы билікті басып алып, жаңа Тан əулетінің негізін қалады.





sdamzavas.net - 2017 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...