Главная Обратная связь

Дисциплины:






Юань империясының әлеуметтік-саяси дамуын сипаттаңыз.

Дай Юань (Ұлы Юань) – 1271 – 1368 жылдар аралығында Қытайда билік құрған көшпелілер мемлекеті. Мемлекеттің негізін қалаған Шыңғысханның немересі Құбылай болды.Шыңғысханның қол астына біріккен түркі-моңғол тайпалары Қытайды жаулап алуды ұлы жихангердің көзі тірісінде бастағанымен бұл жорықтар аяғына дейін жеткізілген жоқ. 13 ғасырдың 50 жылдарыШыңғысхан империясы іс жүзінде бірнеше дербес мемлекеттерге бөлініп кетті. Соның бірін басқарғанҚұбылай Қытайды әрі қарай жаулап алуға кірісті. Өз мақсатына жету үшін ол 1264 ж. астананыҚарақорымнан Дадуға (Пекинге) көшірді. 1271 ж. Құбылай өз әулетіне қытайша Юань атауын берді. 1279 ж. ол оңт-тегі сун империясын біржолата талқандап, Қытайды жаулап алуды аяқтады. Қытайдытолық басып алғаннан кейін ол қытайлық дәстүрді жалғастырып, өзін “Көктің ұлы” деп жариялады. Моңғолдар Қытайда билік ету үшін сол елдің сан ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі мемлекеттік тәртіптерін сақтауға, биліктің қытайлық түрін қабылдауға мәжбүр болды. Құбылай бүкіл Қытайды 11 провинция, 180 округке бөлді, оларды басқаратын уәкілдерді өзі тағайындады. Халықтың әлеумметтік құрылымы өзгертілді, бірінші орынға – түркі-моңғолдар шығарылды, одан кейінгі орында – шетелдіктер (негізінен мұсылмандар), соңғы орында қытайлықтар тұрды. Алдыңғы екі топтың артықшылық құқықтары көп болды. Жоғарғы қызметтерге қытай еместер тағайындалды. Жер иеліктерін, ауылдар мен қалаларды моңғол билеушілері өздеріне туыс ауқатты шонжарларға, оларға қызметке келген шетелдіктерге, буддалық ғибадатханаларға үлестіріп берді. Мемлекеттегі ірі қалаларға Құбылай өз гарнизондарын орналастырып, әскери тәртіп жағдайын енгізді. Арнайы рұқсатсыз ешкімнің еркін жүріп-тұруына, саудамен айналысуына, басқа жаққа қоныс аударуына құқы болмады. Ерекше бақылауға алынған қытай саудагерлері тауарларын ел ішінде еркін алып жүре алмайтын және сыртқа да көп шығара алмайтын. Оның есесіне мұсылман саудагерлерге және еуропалықтарға Қытайғакіруге еркін жол ашылды. Қытайларға мүлдем сенбеген Құбылай өзінің орасан зор мемлекетін басқару үшін билікке шетелдіктерді көптеп тартты. Мысалы, Орталық азиялық саудагер Ахмед қаржы саласын басқарса, әскери саланы сириялық Насир ад-Дин өз қолында ұстады, италиялық Марко Пологубернатор болып тағайындалды. Дегенмен Құбылай өзінің ең басты тіректері ретінде түркі-моңғол ақсүйектеріне арқа сүйеді. Сарай маңында және ірі-ірі провинциялардың ішінде басты рөлді көшпелілер атқарды. Әсіресе, жалайыр, керей, қоңырат, арғын, найман, қыпшақ, т.б. тайпалардан шыққан саяси қайраткерлер, қолбасшылар, дипломаттар көп болды. Олар Юань Империясындағы саяси, әскери және экономикалық билікті өз қолдарында ұстады. Құбылай қытай жазуына өзгеріс енгізуге тырысып, 1281 ж. даосизм ілімін насихаттайтын кітаптарды өртеуге бұйрық берді. Биліктен қуылған қытайлық билік өкілдері жиі-жиі моңғолдарға қарсы құпия бүліктер ұйымдастырып отырды. 1282 ж. астанада болған осындай кезекті көтерілістен кейін шетелдіктер елден қаша бастады. Осыған байланысты Құбылай қайтыс болған соң оның мұрагерлері сарайға қытайлық әкімдерді қызметке алуға мәжбүр болды.



Ытай халқының монғол басқыншыларына қарсы күресі. Мин әулеті билігінің орнауының тарихи жағдайларын көрсетіңіз.

Моңг шапқ туралы еңбектер қатарына Лувсанданзан. Алтын шежір . Əбілғазы. Түрік шежіресі. Карпини П. История монголов. Рубрук Г. Путешествие в восточные страны. Козин С.А. Сокровенное сказание монголов.. Монғолдардың құпия шежіресі. ІХ ғасырдың аяғындағы шаруалар соғысы мен орталық биліктің əлсіреуі нəтижесінде Х ғасырдың басында Қытайда саяси бытыраңқылық орын алды. 907 ж. Тан əулеті тақтан тайдырылған соң бұл бытыраңқылық тіпті күшейе түсті. 960 жылға дейін бес əулет бірін-бірі ауыстырды. Олардың астанасы Кайфын (Дунцзин) қаласы болды 907—960 жж. аралығы тарихта «бес əулет жəне он патшалық кезеңі» деп аталды. 1211 жылы Солтүстік Қытайға оның байлығына қызыққан монғол əскерлері басып кірді. 1215 жылы олар Пекинді басып алды. Қытай халқы екіге бөлінді, бір тобы чжурчжендер жағында монғолдарға қарсы соғысса, екінші тобы монғолдар жағында чжурчжендер əулетіне қарсы соғысты. 1226 жылға қарай монғолдар Қытайдың көпшілік бөлігін жаулап алды. 1227 жылы Батыс СЯ патшалығын басып алды. Хэнаньдағы Кайфын т.б. қалалар ерлікпен шайқасты. Бірақ монғолдардың күші басым болды. 1234 жылы монғолдар Солтүстік Қытайды жаулап алуды аяқтады. Шыңғыс хан мен оның балалары Қытайдағы мемлекетті басқару əдісімен, түрімен жете танысып, оларды қабылдады. Ұлы Мөңке хан /1208—1259/ 1259 жылғы Оңтүстік Қытайды бағындыру үшін шайқастардың бірінде қайтыс болды. Оның орнына ұлы хан болып сайланған Қубылай /1259—1294/ астананы Пекинге көшірді.. 1271 жылы 18 желтоқсанда Құбылай қытайша Дай Юань деген атақ алып, Юань əулеттің негізін қалады. Оңтүстік Қытайды жаулап алу 1279 жылы аяқталды /əрең деген-де/. Хуаньчжоу /астанасы/ сол жылы алынды. Бірақ көптеген қытай отрядтары қарсыласуларын тоқтатпады, оларды сун ақсүйегі Вэнь Тяньсян басқарды. Бірақ моңғолдықтар бұл қарсылықты 1280 жылы толық басып тастады. ХІV ғасырға қарай монғол басқыншыларының Қытайдағы билігі əлсірей бастады. Біртұтас Монғол империясының орнына бұл кезде төрт Монғол мемлекеті құрылған болатын. Монғолияның өзімен Маньчжурия, Қытай, Тибет төртеуі сол мемлекеттердің бірі — «Ұлыхандар мемлекетінің» құрамына кірді. Биліктің əлсіреуі Қытайдағы монғол ақсүйектердің арасындағы алауыздық пен таластартыстан асқына түсті. Қытай халқының монғол хандарымен ашық күресі, əсіресе ХІV ғасырдың ортасында, Тоған-Темір билігі кезінде күшейді. 1351 ж. Цзянсу провинциясындағы көтерілісті Ли Эр, Хубэй провинциясындағы көтерілісті Мын Хай-ма басқарды. Солтүстік шығыста «Бойлянь Цзяо» («Ақ лотос») деген құпия қоғам монғолдарға қарсы үгіт-насихат жүргізіп, қастандық əрекеттер ұйымдастырды. Оның мүшелері Шандундегі көтеріліске қатысты. Монғол басқыншыларына қарсы күресте Қытай тарихындағы əйгілі «Қызыл орамалдылар» көтерілісі шешуші рөл атқардыХубейдегі көтерілісті император деп жарияланған Мин Юйчжень басқарды.1363 жылы Чжу Юаньчжан жасақшылары Янцызы алқабын басып алды.1368 жылы оның отряды Пекинді монғолдардан азат етті. Нанкинде Чжу Юаньчжан император деп жарияланды. Ол таққа отырған жаңа Мин əулетінің (1368—1644 жылдары) негізін қалады. Қытайдағы ең соңғы монғол əміршісі Төгон-Тимур /Шуньди/ елден кетуге мəжбүр болды. Соғыс кезінде Чжу Юанчжан шаруаларды салықтардың көбінен босату туралы уəде берді. Соғыс біткен соң бұрынғы монғолдық əулетке қараған жерлерді мемлекеттікі деп жариялады. Шаруалардың едəуір бөлігі жерге ие болып қалды. Жаңа император барлық жеке меншік жəне мемлекеттік жердің есебін қайта жүргізді. Фарфор мануфактурасы мемлекет қарамағына алынды. Онда басыбайлы шаруалар істеді. 1375 жылы жаңа қағаз ақша шығарыла бастады. 1398 ж. Чжу Юань-чжан өлген соң сарай, Чжу Юань-чжанның баласы Чжу Ди 1403 ж. төңкеріс жасап, императорды тақтан түсірді де, өзін император деп жариялады. Ол Даду қаласында қала берді де, 1421 ж. оны Бэйцзин (еуропалықтар «Пекин») деп атады. Өзі билік құрған 1403—1424 жылдарды Чжу Юнлэ — «мəңгілік қуаныш» жылдары деп атады. ХІV ғасырдың аяғында империя халқының саны шамамен 60 млн. болды. Чжу Ди өте белсенді сыртқы саясат жүргізді. Чжу Ди билігі кезінде моңғол хандарымен күрес онан əрі жалғасты. Енді Қытай қорғаныс емес, шабуылға шықты. Бірақ Цю Фу басқарған қытай əскері 1409 ж. Керулен өзеніндегі шайқаста моңғолдардан жеңіліп қалды. Келесі 1410 ж. қытай əскері Онон өзеніндегі шайқаста жеңіске жетті.Төле өзенінде Қытай əскері батыстық моңғолдар — ойраттарды талқандады. ХV ғасырдың басында Мин империясының ұланғайыр Темір державасымен қатынасы шиеленісті. . 1436 ж. Қытай барлық шет ел елшілерін елден қуды, өзінің алыс елдерге теңіз жорықтарын тоқтатты.





sdamzavas.net - 2017 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...