Главная Обратная связь

Дисциплины:






Аравиядағы исламның жеңіске жетуінің тарихи маңызын анықтаңыз



Осыдан он төрт ғасыр бұрын, яғни ҮІІ ғ. басында Мұхаммед пайғамбар жариялаған жаңа дін исламмен біріктірілген арабтар Аравия түбегінен кең тарихи сахнаға шықты. Пайғамбардың ізбасарлары, яғни халифтер тұсында олар Пиреней тауларынан Инд өзеніне дейін созылып жатқан орасан зор территорияда, көне мәдениеттердің жұртында жаңа этникалық өркениет және ұлы империя құрды. Бұл мемлекет Ұлы Македондық Александр заманынан кейін алғаш рет Шығыс пен Батыс, эллинистік Жерорта теңізі елдері, үнді – Иран және әлемі бірікті. Қасиетті құран мен рухтанған орта ғасырлық арабтар ҮІІ-ҮІІІ ғғ. көптеген елдерді еш қиындықсыз-ақ бағындырды, басқа “варвар” халықтардың жаулаушылықтарын өзгеше, арабтардың жаулап алушылықтыры жаппай қырып-жою, қиратушылықтарымен жүрмеген. Араб жаулап алушыларын күні азған ескі өркениеттерді қиратып орнына жаңа, прогресшіл өркениет орнатқан халықтардың ұлы қоныс аударуының құрамдас бір бөлігі ретінде қарастыру. Халифатқа кірудің оған кірген барлық халықтар үшін айтарлықтай ақ салдары болды.

Арабтар түркілер жеріне жаулап алу жорықтарын жасаған жоқ, бұл жерлерді басып алу арабтардың жоспарында болмаған. Бұған себеп – халифат билеушілері, көреген саясаткерлер ретінде ежелден-ақ жауынгер халық ретінде аты шыққан түркілерді күшпен өзіне бағындыра алмайтынына көзі жеткен еді. Орталық азия жерінде жүздеген арабтардың жалғыз шайқасы Талас түбіндегі шайқас түркілерге қарсы емес, керісінше түркілер мен бірлесе отырып Қытайға қарсы бағытталды.Негізінен арабтар мен Орталық Азияны мекендеген түркілердің өзара қарым-қатынастары бейбіт жақындасу бағытында дамыған. Араб ғалымдары Орталық Азия мен тарихы мен географиясын зерттеуге үлес қосты. Араб миссионерлерінің ұрпақтары (қожалар) түркі халықтарының құрамына сіңісе отырып, түркілердің этникалық жағынан қалыптасуында маңызды роль атқарды. Арабтардың енгізген ислам діні ортағасырлық түркілер қоғамының біртұтастығын одан әрі нығайтуын қамтамасыз еткен идеологиялық қызметін атқарды. Түрік тайпалары исламды өз еркімен қабылдады. Олардың ортасындағы діни, рухани үгіт-насихат бейбіт сипатта болды. Бұл аймақта ислам көне түрік наным-сенімдерін синтезге түсіріп, ондағы бірқатар әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді өз бойына сіңіріп алды. Орталық Азия көшпелілердің исламға жаппай өтуі Х-ХІІІ ғ. аралығында жүрді.



Сөйтіп арабтар мемлекетін ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбардың атымен байланысты. 661 – 750 жж. Аралығында ол мемлекетті Омейядтар әулеті, 751 жылдан – Аббастар әулеті басқарды. Мемлекет “халифат” яғни “орынбасар” “пайғамбардың” болды. Араб халифаты сегізінші ғасырдың ортасына қарай Шығыста Қытайдан – Батыстан Франктер мемлекетіне дейінгі ұлаңғайыр жерді алып жатты. Жаулап алынған елдердің тұрғын халқына қару асынуға рұқсат етілмеді. Олар өздерінің киген киімдерімен де арабтарға ұқсамауға тиісті болды. Жаулап алушылар мұсылман емес халықтардың бәріне қосымша салықтар салып, өз әскерлерін азық – түлікпен қамтамасыз етуді міндеттеді. Халифаттағы Мұхаммед пайғамбардың өсиетін бұрмалаушылық, әділетсіздікке жол беріле бастауы мемлекеттің әлсіреуіне әкеліп соқты. 1055 жылы Бағдадты селжук түріктері басып алса, 1258 жылы араб халифатын монғолдар құлатып тынды. Халифаттың құлауының негізгі себептерінің бірі әлеуметтік теңсіздіктің күшеюі, арабтардың дін тазалығы үшін күресуші жауынгерден жеке өз басының пайдасын ғана ойлаушы пенделерге айналуда деген тұжырым жасауға болады.

 





sdamzavas.net - 2018 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...