Главная Обратная связь

Дисциплины:






Тақуа халифтер» билігіне сипаттама беріңіз



Пайғамбардың өлімінен кейін оның идеяларын Мұхамед пайғамбарға аға ретінде болған және оның қызы Фатиманың күйеуі болған Алимен басқарылған қандас туыстары хашимиттері де, Әбу Суфьянмен және Дамаск қаласында омейядтік халифаттың негізін салушы оның ұлы Муавиймен басқарылған Әбу Бакр, (Әбу Бекр), Омар, Осман, сонымен қатар Омейя руы сияқты оның ізбасаралары ансарлар (араб тілінде - көмекшілер) ары –қарай жалғастырды.

Билік үшін кескілескен күреске қарамастан бірінші халиф ретінде Әбу Бакр тағайындалды, ол ас-Сиддик (Әділетшіл) деген құрметті атаққа ие болды. Ол Мұхамед пайғамбардың ең бірінші ізбасарларының бірі болды. 631 ж. Мединадан Меккаға мұсылмандардың алғашқы қажылығын басқарды, намазды оқи алмаған пайғамбар өмірінің соңғы күндері мединалық мешітте өзіне осы міндеттерді алған болатын.

Әбу бакрдің билік ету кезеңі 632-634 жж. аралығын қамтиды, бірақ та осы қысқа уақытта ол жекелеген араб тайпаларын біріктіре алды, оның нәтижесінде Аравияның өзінде исламның тұрақталды және мұсылман дінінің Сирия мен Ирак территориясында кең таралды.

634 жылдан бастап 644 жылға дейін екінші халиф ретінде Аравия шектерінен тыс исламның бекітілуі бойынша саясатты жалғастырған Омар(Умар ибн ал-Хаттаб, 591 ж. немесе 581-664 жж.) болған. Оның билік ету жылдары Халифаттың шекаралары кеңейді және мұсылмандық мемлекеттің құрамына византиялық Палестина, Сирия және Мысыр, сонымен қатар сасанидтік Иран мен Ирак елдері енді. Омардың халиф атағына амир аль-муминин (сенімді адамдардың патшасы) деген қосымша атағын беру әрекеті мұсылмандық қауымның теократиялық елге тез айналуының айқын белгісі ретінде болып табылады.

Осман ибн аль-Аффан ( – 656 ж.) 644 жылдан бастап 656 жылға дейін билік етті, Мұхамед пайғамбардың асхабтарының (араб тілінде – серіктес, жолдас) бірі. Араб-мұсылман дәстүрге сәйкес Османның тарихи мәні ол Құранның соңғы мәтінің бекітілуінде.



Али ибн Аби Талиб ( – 661 жж.) – төртінші діни (солай Мұхамедтің дәстүрін ас-суннаны ұстанатын суннитерді атады) халиф. Жоғарыда айтылғандай, Мұхамед пайғамбарға қандай туыстықтан басқа Әлі халиф шииттердің рухани басшысы болды. Әлині халиф ретінде тағайындауға Сирияның наменгері, өлтірілген Осман халифтің туысы Муавий қарсы шықты. 656 ж. Ирактың Басра қаласы қасында Әли мен Муавия әскерлері арасында шайқас болды (тарихта «түйелердің соғысы» ретінде белгілі болған), осы шайқаста Әли жеңіске жетті. Келесі жылы ол қайтадан муавийге қарсы шықты, бірақ сириялықтар өзінің билеушісімен бірге найзаға Құранның беттерін қадап, Алидің өзіне қарсы айналған аралық сотты өткізуді талап етті. 658 ж. аталған жиналыс жаңа халиф ретінде муавийді тағайындады. Саяси жағдай өте қатты күрделене түсті: екі халифі бар мұсылман халқы екі бөлікке бөлінді. Али тұрағының өзінде бөліктену болды, оның жақтаушылар қатарынан хариджиттер (араб тілінде – қарсы шығу) деген діни-саяси топ бөлінді, бұл топ билеуші ретінде Алиден безер болып, Омейядтерге де қарсы, Алиге де (шиттерге) қарсы күрес жүргізе бастайды. Мұсылмандардың көп бөлігі жаңа халифті қабылдады, ал Али 661 ж. хариджиттермен өлтірілген болатын.

Сонымен билік туралы мәселе исламда екі негізгі бағыттың – суннизм мен шиизмнің пайда болуына әкелді.

 

36. Омейядтар билігі тұсындағы Халифаттың сыртқы саяси жағдайын талдаңыз
Византия мен Иранның африкалық, азиялық провинциялары, Закавказье, Орта Азия, Испания елдері араб жаулаушылығы кезінде алғашқы феодалдану сатысында еді. Халифатта феодалдану процесі шапшаң жүрді. Жердің жоғарғы егесі –мемлекет болып есептелді. Халифатта жер иеленудің бірнеше формалары болды. Шаруашылықта анық дайындайлған салық жүйесі өмір сүрді. Салықтың түрлері: Зекет салығы – қолөнермен, саудамен және малшаруашылығымен айналысатын малшылар төледі; Джизья – мұсылман еместерден алынатын жан басы салығы; Ұшыр – мұсылмандардан алынатын жер салығы; Харадж– мұсылман еместерден алынатын жер салығы;
Саяси құрылысында бірқатар өзгерістер жасалды. Омейядтар мемлекеттік қызметке тек арабтарды алды. Барлық іс қағаздары араб тілінде жүргізілді. Араб тілі Батыс Азия, Солтүстік Африка және Испанияға дейінгі жерлерде халқаралық тіл ролін атқарды. Халифат өз теңгесін шығарды. Почта байланысы жолға қойылды. Халиф – барлық азаматтық және рухани (діни) билікке ие болып, оның билігі мұрагерлікке берілді. Өте үлкен мемлекетті басқару үшін наместниктік жүйе ұйымдастырылды.
Омейядтар Сирия мен Египеттегі ақсүйектерге арқа сүйеді. Ал оларға қарсы оппазицияға Алидің ұрпақтарымен Аббасидтер (пайғамбардың туысы Аббастың ұрпақтары) және пайғамбардың Мекке мен Мединадағы сыбайластары болды. Араб емес феодалдармен мұсылмандар да наразылық танытты.
VIIІ ғасыр ІІ ширегінде халифатта көтерілістер етек алды. 728-737 ж.ж. Мауренахрда соғдылықтар, 734-743 ж.ж. Магрибте берберлер және Испанияда, 740 жылы Куфте шейттер, 744-747 ж.ж. Қосөзенде, Батыс Иранда және Оңтүстік Аравияда хариджиттер көтеріліске шықты.
747 жылы Аббасид имамы Ибраһим ибн Мухаммад көтеріліс ұйымдастыру үшін өзінің құлы Абу Муслимді жібереді. Ол Мервке келіп өзін 7 пайғамбардың бірімін деп уағыздай бастады. Бұндай ұран Омейядтарға қарсы барлық топтарды шейіттерді, хариджиттерді біріктірді. Көтеріліс негізінен Хорасанды қамтып, көтерілісшілер ірі қалаларды бағындырды. 749 жылы Аббасид Абу-аль-Аббас-ас Сафах халиф болып жарияланды. Аббасидтер билікке келген соң көтерілісшілер Абу Муслимнің ұрандарының барлығы тек билік үшін жасалғандығын түсінді. Елде жаппай қырып-жою басталды.





sdamzavas.net - 2017 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...