Главная Обратная связь

Дисциплины:






Сефевилердің сыртқы саясатының негізгі бағыттарын көрсетіңіз



ХVI-ғасырдың басына қарай Иранда Сефевилердің өз биліктерін орнатуларына лайықты жағдай қалыптасты. Бұл саясатты əзербайжан мен иран феодалдарының күшті үкімет билігін аңсаған едəуір бөлігі қолдады. Османдық Түркия тарапынан Закавказье мен Иранға төнген қауіп те күшті өкімет билігін орнату талабын күн тəртібіне қойды. Иранның саяси бытыраңқылығы бұл міндетті жүзеге асыруды жеңілдетті.Исмаил шах өлген соң таққа оның 10 жасар баласы І-Тахмаспе /1524—1576/ отырды. Оның тұсында феодалдық қырқысулар кең өріс алды. Шах өкіметі көтерілісшілерді жер беру, лауазымды қызметке тағайындау, сый тарту арқылы басып отырды.Сефевилер өзбектермен шұрайлы Хорасан үшін үздіксіз соғыстар жүргізді. Бұл провинция жиі-жиі қолдан-қолға өтіп от-ырды. XVI-ғасырдың аяғында өзбектер Хорасанның ірі қала-лары Мервті, Нишапур мен Мешхедті басып алды. XVI-ғасырда Сефевилер османдық Түркиямен де тынымсыз соғыс жүргізді. Ол соғыстарда түріктер басымдық танытып отырды. Əскері на-шар ұйымдастырылып, ескі қару-жарақпен қаруланған Сефевилер мемлекеті қорғаныспен шектеліп отырды. 1514—1555 жылдардағы соғыс Амасьедегі бітім шартымен аяқталды. Грузия, Батыс Арменияжəне арабтық Ирак — Түркия үлесіне, Шығыс Грузия мен шығыс Армения жəне Əзербайжан — Сефевилік Иран үлесіне тиді.1578 ж. Түркия Иранға қайтадан соғыс ашты. Ол соғыс 1590 жылға дейін созылды. Оның мақсаты — Закавказье мен Волга-Каспий сауда жолын басып алу болды. Сефевилер мемлекеті өте қолайсыз Стамбул бітім шартына қол қоюға мəжбүр болды. Ол шарт бойынша Түркия Шығыс Грузияны, Шығыс Арменияны, Күрдістан мен Əзербайжанды жəне Луристанның /Батыс Иранда, орталығы – Хоремабад қаласы/ біраз бөлігін алды. Түркия тарапынан тыным-сыз төнген қауіп астананы Тебризден Казвинге көшіруге мəжбүр етті.Халық көтерілістері. І-Тəхмаспе шах қабілетті басшы емес еді. Оның ақсүйектер арасында беделі болмады. Əсіресе қызылбастар əмірлері оған сый-құрмет көрсетуді қойды. Билік құрған соңғы 20 жыл ішінде атқа мінбеді, 11 жыл бойы сарайдан шығуды қойды. Қытымыр, арам І-Тахмасп халықты жек көрді, арыз-шағым ай-тушыларды жақын жолатпады. XVI-ғасырдың басында халық бұқарасының сеніміне ие болған Сефевилер енді керісінше, халықтың ашу-ызасына ілікті. Чиновниктер қатаң бақылаудың жоқтығын пайдаланып, заңды бұзып отырды. Феодалдар, əсіресе қызылбас ақсүйектері қала мен ауыл кедейлерінің өмірі мен мал-мүлкінің қожалары болды.1569 ж. Гилянде шаруалар көтерілісі басталды. Олар 18 мыңдық жасақ құрып, шах чиновниктері мен қызылбастар эмирлерін қырып-жойып, қуып шықты. Шах əскерімен үш жыл бойы соғыстан кейін ғана көтеріліс 1572 ж. басылды. 1571—1573 жж. 300 мың тұрғыны бар Тебризде көтеріліс болды. Оған себеп — қала басшыларының шектен тыс зорлық-зомбылық-тары болды. Көтерілістің басында қолөнершілер мен ұсақ сауда-герлер тұрды. Иари деген палуан көтерілістің қолбасшысы болды. Ақсүйек байлар мен сайдтердің, молдалардың үйлері тоналды. Қала байлары І-Тахмасптан əскерді көтерілісшілерге қарсы шығаруын өтінді. Бірақ шах жарытып жалақы ала алмай келе жатқан əскеріне сенбеді. Шах Тебриздің басшысы етіп қолөнершілер арасында беделі жоғары ұста Исуфбекті тағайындады. Ол көтерілісшілермен тіл табысып, тыныштық орнатты. Шахтың жарлығы бойынша қала тұрғандары қазынаға салық төлеуден босатылды.



 





sdamzavas.net - 2017 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...