Главная Обратная связь

Дисциплины:






Тты болсын, Кенжекей!



Мінген де атың Шалқұйрық,

Тты болсын, Кенжекей!

Артқан да түйең Құба інген,

Тты болсын, Кенжекей!

Киген де сауытың Ақсырмал,

Тты болсын, Кенжекей!

Жар басында демесең,

Жарты лашық демесең,

Біздің үйге түсе кет,

Көбікті саумал іше кет, - дейді.

Перінің қызы Бекторының тиісе сөйлегенін жақтырмай, Кенжекей мынадай жауап береді.

Перінің қызы Бекторы,

Шайпау сөзің қой, Торы.

Сүйген де жарым Ер Төстік,

З жарымды сүйемін.

Мінген де атым Шалқұйрық,

З атымды мінемін.

Артқан да түйем Құба інген,

З түйеме артамын.

Киген де сауытым Ақсырмал,

З сауытым киемін.

Жар басында демейін,

Жарты лашық демеймін,

Қайтсең де үйіңе түспеймін,

Бал берсең де ішпеймі

Перінің қызы Бекторы,

Шайпау сөзің қой, Торы!

Осылай деп Бекторының бетін кайтарып тастайды. «Қап, бәлем, Кенжекей, саған қылармын!» - деп Бекторы тісін қайрап қала берді. Көш бетімен тарта берді. Бір күні Сорқұдықтың басына келіп жетеді. Кенжекей атасына кісі жіберіп: «Атам бұл құдыққа қонбасын, ырымы жаман жер», - деп айтқызады. «Келінім келмей жатып, менің қонысымды билейін деген екен», - деп Ерназар болмастан әлгі жерге қонады. Көш қонысымен, Кенжекей басқа келіндерінен үйді бұрын тігіп жібереді де, атасын қонақ қылады. Кенжекейдің аяулы екенін Ерназар сол арада біледі. «Келінім ақылды екен, тілін бекер алмаған екем», - деп өкінеді. Сол күні тұман болады. Кенжекей өз әкесінің айтқаны ойына түсіп, кірпігін ілмей жатады. Ерте тұрып қараса, Құба інген жоқ. «Құба інген жоқ!» - деп атасына хабар береді. Ерназар ат ерттеп мініп, Құба інгенді айнала қарап жүрсе, анадай жерде түрған Құба інген көрінеді. Қасына келсе, бұйдасы бір көкпекке оралып қалған екен. Жаныңда бір тал бар екен, талдың түбінде бір жарбиған жаман кемпір отыр.

- Шеше, шеше! Ана түйенің бұйдасына қол жалғап жіберші, - дейді Ерназар. Кемпір сонда:



- Тұрсам отыра алмаймын, отырсам тұра алмаймын, шырағым! Әперуге әлім жоқ, нашар адаммын, - деп мүләйімсиді. Кемпірдің сөзіне нанып, бұйданы іліп алайын деп еңкейе бергенде, Ерназарды кемпірекең шап беріп жағадан ала кетеді. Ерназарда тапжылуға шама жоқ. Олай-бұлай жұлқынып байқап еді, болатын көрінбейді, кемпір қысып әкетіп барады, Ерназардың мойны үзіліп, буынып барады, шыбын жаны шығып барады.Ерназардың «қоя бер» дегеніне кемпір қоя беруші болмады, өлетін болған соң Ерназар жалына бастады:

Ағарған сақал, шашым бар! Қартайып келген жасым бар! Тоғыз келінімді жаңа ғана түсіріп, жаңа ғана қызығын көрейін деп отырмын. Қоя бер мені, шешежан, - дейді.

Жоқ, - деп кемпір қысып қояды, Ерназардың жаны шығып барады.

Тоғыз келін түсіріп,

Елдей көшіп келемін.

Толып жатқан жасаудан

Тойғаныңша беремін.

Босат мені, шешетай! - дейді.

Жоқ, - деп кемпір қысып қояды, Ерназардың жаны шығып барады.

Оған разы болмасаң,

Тоғай толған қойым бар,

Анша алатын ойың бар?

Босат мені, шешетай! - дейді.

Жоқ, - деп кемпір онан сайын қысады, Ерназардың жаны шығып барады.

Оған разы болмасаң,

Сауысқандай сақтығы,

Жұмыртқадай ақтығы,

Желбіреген желегі

Жаңа түсіп келеді.

Сегізінен бір дана,

Ақылы асқан ол дана,

Кіші келінім Кенжекей,

О да болсын сенікі,

Бір әділ жан менікі,

Жіберші мені, шешеке! - дейді.

Жоқ, - деп кемпір онан сайын қысады, Ерназардың жаны шығып барады.

Оған разы болмасаң,

Сойылдай сегіз ұлым бар,

Менде қандай құның бар,

О да болсын сенікі,

Бір әділ жан менікі.

Жібере көр, шешеке! - дейді.





sdamzavas.net - 2017 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...