Главная Обратная связь

Дисциплины:






Программаларды орнату



Бүгін кәсіпорыннан белгіленген жетекші тапсырмасы бойынша ДК жұмысы үшін қажет болатын Программаларды орнатуға тәжірибемнің осы күнін арнадым. Қарапайым тілмен айтқанда өзіндік ерекшелігі бар, белгілі жұмыстар жыйынтығын атқаруға арналған жүйе.

Осы программаларды, операциялық жүйелерді компьютерге орнату(установить) үшін бірнеше операцияларды орындадым.

Көптеген адамдарға белгілі орнату(установка), орнату дискісі(установочный диск) арқылы жүзеге асырылады.

Дербес компьютермен жұмыс барысында қажет болатын және орнатылған бағдарламалар:

 

 

 

Орнатылған бағдарламалар

Ж.

Бүгін жетекшім кабинеттердегі компьютерлердің мониторларын тексеріп шығуға тапсырма берді. Жұмысты ойдағыдай істедім.Кейбір дұрыс қосылмаған жалғаушы кабельдерін тексердім. Күн сәулесі тікелей түсетін жердегі мониторларды басқа орынға ауыстырдым.Құрылғылардың бәрін қарап шықтым.Бүгінгі жұмыс ойдағыдай өтті.Компьютерлерді орналастыратын орын таңдап,жылу жүйелеріне жақын тұрғандарын ауыстырдым.

Ж.

Тәжірибенің бұл күнінде жетекшімнің тапсырмасы бойынша Microsoft Power Point бағдарламасында «Қазіргі жағдайда отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін арттыру жолдары» тақырыбына слайд жасауды бастадым, ол үшін алдымен бала тірбиесі және отбасы жайлы ақпарат жинадым. Бұл слайд 21 беттен тұрады, бүгін мен 9-бетін жасадым.

 



Ж.

Тәжірибенің бұл күнінде кеше бастаған слайдымдыма бірнешебеттер қостым. Негізгі ақпараттарды енгіздім. Слайд беттері төменде көрсетілгендей:


 

 


Ж ж.

Тәжірибенің келесі күндерінде жетекшінің берген тапсырмасын аяқтадым.Слайд беттерінің барлыған қосқанда 25бет болды.

 

 

 

 

Міне тәжірибенің бұл күндері осылай өтті.

Ж ж.

Access мәліметтер базасы

Access бағдарламасында барлық мәліметтерді бір файлдан басқару үшін пайдалануға болады. Access дерекқор файлының ішінен төмендегі мүмкіндіктерді пайдалануға болады:



· Деректерді сұрыптауға арналған кестелер.

· Деректерді іздеуге және алуға арналған сұраулар.

· Кестелерден деректерді көру, қосу және жаңартуға арналған пішіндер.

 

1 Деректерді бір кестеде бір рет сұрыптаңыз, бірақ оларды бірнеше жерден көріңіз. Деректерді жаңартқанда, олар автоматты түрде кез келген пайда болған жерінен жаңартылады.

2 Сұрау арқылы деректерді алу.

3 Пішін арқылы деректерді көру немесе енгізу.

4 Есеп арқылы деректерді көрсету немесе басып шығару.

Кестелер мен қатынастар

Деректерді сұрыптау үшін, қадағалайтын ақпараттың әрбір түрі үшін бір кесте жасайсыз. Ақпарат түрлері тұтынушы туралы ақпартты, өнімдерді мен тапсырыс туралы толық мәліметті қамтуы мүмкін. Деректерді сұраудағы, пішіндегі немесе есептегі бірнеше кестеден алу үшін, кестелер арасындағы қатынасты анықтайсыз.

1 Тарату тізімінде бір рет болатын тұтынушы туралы ақпарат енді тұтынушылар кестесінде сақталады.

2 Электрондық кестеде бір рет болатын тапсырыс туралы мәлімет енді Тапсырыстар кестесінде сақталады.

2 Тұтынушы идентификаторы секілді бірегей код кесте ішінен бір жазбаны екінші жазбадан ажыратады. Бір кестенің бірегей идентификаторын басқа кестеге қосу және екі өріс арасындағы қатынасты анықтау арқылы Access бағдарламасы қатысты жазбаларды екі кестеден сәйкестендеруі мүмкін, сонда оларды пішінде, есепте немесе сұрауда біріктіруге болады.

Ж.

Access мәліметтер базасында кесте құру

Жетекшім тәжірибенің бұл күнінде кәсіпорын қызметкерлері жайлы толық мәліметтер жинап, мәліметтер базасын құрумен айналысуымды тапсырды. Мәліметтер базасын мен Ассеssмәліметтер базасын құру программасымен іске асырдым. Ол үшін керекті мәліметтер жиынтығын,мысалы қызметкерлер жайлы мәліметтер: аты-жөні, туған жылы, туған жері, мекен-жайы, жұмыс телефоны, жеке телефоны, үй телефоны, атқаратын қызметі,жұмыс стажы, ұлты және т.б.

Атқаратын қызметі арқылы іздеу: аты жөні, атқаратын қызметі, жауапкершіліктері және т.б маліметтер қоры жинақталған ақпаратты маған менің тәжірибе жетекшім берді. Мен сол арқылы бірінші кестелер құрып алдым да, кейіннен олардың ішін белгілі мәліметпен толтырдым.

Негізінен мәліметтер базасын құру кезінде уақыт кесте толтырғанға кетеді, бірақ үлкен көлемді мәліметтер базасын құрушылар немесе құру орындары тек таза базаның қаңқасын құрып қана береді ал оны толтыруды басқа адамдар немесе мамандар іске асырады.

Бүгінгі күн тек Access мәліметтер базасында кесте құрумен және оларды мәліметпен толтырумен өтті.

Ж ж.

Access-те кеселерді байланыстыру. (Схема данных)

Тәжірибенің екі күнін кеше құрылған бірнеше кестелерді Схема данных-та байланыстыруға арнадым. Онда құрылған бас кестеге кілт қою арқылы байланыстыруға болады. Калған кестелер сол бас кестеге тәуелді болады м\с: егер бас кестедегі мәліметтерді өзгертетін болсақ қалған оған тәуелді кестелерегі мәліметтер де өзгереді.

 

 

Жж.

Пішіндер

Тәжірибенің бұл күнін жетекшінің тапсырмасы бойынша Access мәліметтер базасында пішіндер ұғымымен танысуға арнадым. Пішінді деректерді бір жолға бір уақытта оңай көру, енгізу және өзгерту үшін пайдалануға болады. Сондай-ақ, пішінді басқа әрекеттерді орындау үшін пайдалануға болады, мысалы, деректерді басқа бағдарламаға жіберу. Пішіндер әдетте кестелерде асты сызылған өрістерге қатысы бар басқару құралдарын қамтиды. Пішінді ашқанда, Access бағдарламасы деректерді бір немесе бірнеше кестеден алып, одан кейін деректерді пішінді жасаған кезде таңдаған орнынан көрсетеді. Пішінді таспадағы, пішін шеберіндегі Пішін пәрмендерінің бірін пайдалану арқылы немесе оны Құрастырушы көрінісінде жасауға болады.

1 Кестеде бір уақытта бірнеше жазба көрсетіледі, бірақ жалғыз жазбадан барлық деректерді көру үшін көлденең жылжуыңыз қажет. Сондай-ақ, кестені көріп отырғанда, деректерді бір уақытта бірнеше кестеден жаңарту мүмкін емес.

2 Пішін бір уақыттағы бір жазбаға арналған және ол өрістерді бірнеше кестеден көрсете алады. Ол суреттер мен басқа нысандарды көрсетеді.

3 Пішінде есепті басып шығару, басқа нысандарды ашу немесе бақа жағдайда тапсырмаларды автоматтандыру үшін басуға болады түймешігі бар.

Ж ж.

Жоғарыда айтып өткендей, мен Access мәліметтер базасында кесте құрғанмын,жетекшінің тапсырмасы бойынша тәжірибенің кезекті екі күнін формалар құруға арнадым. Мен формалар құрып бірінші басты форманы және меню формаларын жасадым онда сурет те белгілі бір операцияны орындайтын арнайы батырмалар да бар. Негізінен батырмалар көп,мысалы: шығу, артка, меню, белгілі бір мәліметті көру, отчетын алу және т.б. Көптеген батырмалардағы белгілі операцияларды орындау үшін макрокаманданы қолданса болады. Ол үшін белгілі-бір операцияларды орындайтын тізбектен, керекті операцияны таңдайсың да ол макрокаманданы сақтайсың, ол автоматты түрде макростар папкасында сақталады.

Егер батырмаға басқанда белгілі-бір кесте,отчет ашылуы қажет болса онда макрокамандалар тізбегінен «Открыть отчет», «Открыть таблицу», «Открыть форму» макрокамандаларын таңдап ашылу керек кесте немесе форманы барлық құрылған кесте, форма немесе отчеттар тізімінен керектісін таңдап көрсетесің.

Мен бүгін тек өндірістік тәжірибемді өтіп жатқан жердегі жетекшім берген тапсырмасын Access деректер базасымен жұмысымды жалгастырып қойдым.

 

 

 

Ж.

Жетекшімнің тапсырмасы бойынша тәжірибенің бұл күнін компьютерлерді Internet желісіне қосуға арнадық. Internet желісіне қосылу үшін модем және желілік тақша қажет болды.

Компьютерге телефон желілері арқылы және басқа да байланыс тораптары арқылы алмасуға мүмкіндік алу үшін модем құрылғысын қостым. Internet-ке қоса алатын қашықтағы телефон нөмірін қойдық. Internet-ке қосылуды таңдап,келесі батырманы таңдап бастым,содан кейін кәдімгі модем арқылы дегенді таңдап келесі бастырманы басып бос жолға Интернет провайдерінің атауын енгіздік.Жолға провайдердің телефон номерін енгізіп,келесібастырманы бастым.Пайдаланушының аты жолында пайдаланушының атын ,Құпия сөз жолында провейдерден алынған құпия сөзді енгіздім.Құпия сөзді құптау жолағында сол құпия сөзді қайта енгіздім.Келесібатырмасын бастым.Жұмысты аяқтау үшін Дайынбатырмасын . Қарапайым модем арқылы уақыты төлемі бар қосылу кезінде Internet-те жұмыс істеп болғаннан кейін бірден желіден ажыраттым.. Internet-тен ажыратылу үшін тінтуірдің оң жақ пернесімен батырмасының мәтінмәндік мәзірін шақырып,Доғару әмірін таңдадым.

Ж.

Жетекшінің берген тапсырмасы бойынша МS Office қазіргі заманға сәйкес мектепте жұмыс істеуге арналған кесте құрдым.

Міндет Базалық құрал
    -есеп-қисап, шарт, хаттар жасау;     -есептер талдау, жүргізу,кестелерімен жумыс істеу;     -таратылытын материалдар дайындау;     -күнделік дәптерді жүргізу, жұмыс уақытын ұйымдастыру, мекен-жай кітабы; Word 2010мәтін редакторы;   Excel 2010электронды кесте;   Power Point 2010графикалық жүйе   Outlook 2010дербесэлектронды хатшы;

Ж ж.

Компьютерге арналған бағдарламалау тілдері

Тәжірибенің бұл күндерінде жетекшім компьютерге арналған бағдарламалау тілдерінің ішіндегі Object Pascal программалау тіліне сипаттама беріп, ақпарат жинақтауды тапсырды. Object Pascal программалау тілінетіліне тоқталмас бұрын мұндай программалардың рөлі жайлы жазып өтуді дұрыс деп шештім.

Қазіргі уақытта компьютергеарналған техникажәне технологияның дамуымен қатар, соған арналған бағдарламалау тілдері дамып жатыр. Егер бұған дейін компьютер технологиялары аз дамыған және бағдарламалау тілдері жетіспей, онымен қоса оларды меңгеру қиын болған болса, қазіргі таңда бұл проблема шешілді. Қазіргі бағдарламлау тілдері соншылықты көп, оларды санаудың өзі біраз уақытты алады. Бұған дейінгі кезде бағдарламалау тілін үйрену үшін міндетті түрде Assembler машина тіліне жақын бағдарламалау тілін білу керек болған болса, қазіргі бағдарламалау тілдерін оңай үйренуге болады. Бұндай тілдердің қатарына, мысалы, Microsoft корпорациясының Qbasic және Borland корпорациясының Turbo Pascal, бағдарламалау тілдерін,Delphi программалау ортасын жатқызуға болады. Төменде Delphi программалау ортасынның негізгі программалық тілі ретінде қолданылатын Object Pascal тіліне қысқаша сипаттама беріледі.

Операторлар, бағдарлама бұйрықтарын машина тіліне аудару деген мағынаны білдіреді. Яғни, алдымызға қойылған есепті шешу мақсатында орындалатын іс-әрекеттердің машинаға түсінікті түрде жазылуы. Сонда, бағдарлама денесі бірінен кейін бірі жазылған операторлар тізбегінентұрады.

Операторлар арасына нүктелі үтір (;) белгісі қойылады. Операторлар қарапайым және күрделі (құрама) операторлар болып екі топқа бөлінеді. Егер оператор құрамында басқа операторлар болмаса, онда ол қарапайым оператор деп аталады. Бұл топқа мысалы, меншіктеу операторын жатқызуға болады. Күрделі (құрама) оператор бірнеше қарапайым операторлардан тұрады. Object Pascal тіліндегі ең басты операторлар мыналар: меншіктеу операторы, циклдық операторы және тармақталған операторы.

Ж.

Меншіктеу, циклдық және тармақталған операторлар

Тәжірибенің алдыңғы күнінде Object Pascal тіліне тоқталып, оның ең басты операторларын атап өткен болатынмын. Бұл күні сол операторларға жеке‑жеке тоқталып өткенім дұрыс деп ойладым.

Меншіктеу операторы.Бұл оператор қарапайым операторлар тобына жатады. Меншіктеу операторының жалпы жазылуы келесідегідей:

айнымалы атауы:=өрнек;

Мысалы:

Y:=5*A+S*N;

Q:=F*(Z*E+G*K);

Мұндағы := меншіктеу белгісінің оң жағындағы өрнек есептелініп, сандық мәні оң жақтағы айнымалыға меншіктелінеді.

Тармақталған операторы (шартты көшу операторы).Алгоритмдік тілде қойылған шартқа байланысты екі немесе екіден де көп тармақтары бар алгоритм – тармақталған алгоритм деп аталады. Осындай тармақталған алгоритмді бағдарламалауға шартты көшу операторы қолданылады. Шартты көшу операторының жалпы жазылуы:

if <шарт> then <1-оператор> else <2-оператор>;

Мұндағы: if (егер) қызметші сөзінен кейінгі жазылған шарт ақиқат болса then (онда) сөзінен кейінгі жазылған 1-оператор орындалады, шарт сақталмаса else (әйтпесе) сөзінен кейінгі 2-оператор орындалады. Шартты көшу операторы алгоритмдік тілдегі тармақталу командасына сәйкес келеді. Шартты көшу операторының жалпы блок схемалары (а – толық түрі, ә - қысқаша түрі):

ШАРТ
1-оператор
2-оператор
иә
жоқ
иә
ШАРТ
1-оператор
жоқ

 


а ә

 

Циклдік операторларлар.Берілген есепті шешуде алгоритмнің кейбір бөліктері бірнеше рет қайталанып орындалуы мүмкін. Мұндай құрылымды алгоритмді қайталанушыалгоритм немесе циклдік құрылымды алгоритм деп атаймыз. Object Pascal-да циклдік құрылымды алгоритмді бағдарламалауды үш түрлі жолмен ұйымдастыруға болады:

1. Алдын-ала шартты тексеру арқылы.

2. Келесі шарт бойынша.

3. Параметрдің мәніне тәуелді.

Үш түрлі жолмен ұйымдастырылатын циклға арнайы операторлар қолданылады. Олар: while…do, repeat…until, for…to…do.

Ж.

While…do, Repeat…until және For…to…do операторлары

Тәжірибенің бұл күнінде циклдік құрылымды іске асыратын операторларға тоқталып өтемін. Object Pascal-да циклдік құрылымды алгоритмді бағдарламалауды үш түрлі жолмен ұйымдастыруға болады:

4. Алдын-ала шартты тексеру арқылы.

5. Келесі шарт бойынша.

6. Параметрдің мәніне тәуелді.

Үш түрлі жолмен ұйымдастырылатын циклға арнайы операторлар қолданылады. Олар: while…do, repeat…until, for…to…do.

While…do операторы.Алдын-ала берілген шартты тексеру арқылы циклді ұйымдастыруға while операторын циклдің қайталану саны белгісіз болғанда пайдаланған ыңғайлы. Қайталанушы процесс қойылған шартты тексеру арқылы жүзеге асады. Яғни, шарт ақиқат болса цикл қайталанады да, шарт жалған болса циклдан шығу орындалады. While операторы екі бөліктен тұрады: циклдің тақырыбынан және циклдің денесінен.

Жалпы жазылуы:

While <шарт> do

<циклдің денесі>;

Мұндағы, қызметші сөздердің қазақша мағынасы: While – «әзір», do «орында». Ал, шарт – логикалық өрнек түрінде жазылады. Берілген шартқа тәуелді бірнеше рет қайталанып орындалатын операторды – циклдің денесі деп атаймыз.

Repeat…until операторы.Циклдік процесстерді ұйымдастыруда Repeat операторы циклдің қайталану саны белгілі болғанда қолданылады. Repeat операторының жалпы жазылуы:

Repeat

<циклдің денесі>;

Until <шарт>;

Мұндағы, қызметші сөздер rеpeat – қайтала, until – соған дейін деген мағынада қолданылады. Циклдің денесі – қайталанып орындалатын бір немесе бірнеше операторлардан тұрады. Цикл денесін құрайтын операторлар санына шектеу қойылмайды. Шартты тексеру логикалық өрнек арқылы жүргізіледі.

For…to…do операторы.Циклдік құрылымды алгоритмді бағдарламалауда, қайталанушы процесс бір айнымалының мәніне тәуелді болса, For операторын қолданамыз. Айнымалы тек бір қадамға ғана өзгере отырып, циклді басқарады. Бұл айнымалы циклдің параметрі делінсе, For операторы параметрлі қайталану операторы деп аталады.

For операторы екі түрлі жазылады:

1. For Y:=X1 to X2 do H1;

Мұндағы қызметші сөздер: For (үшін), to (дейін) – циклдің қадамы +1-ге өсіп отыратындығын көрсетеді, do (орында).

Y – скалярлық типтегі айнымалы циклдің параметрі.

X1 – цикл параметрінің бастапқы мәні.

X2 – цикл параметрінің соңғы мәні.

H1 – цикл параметріне тәуелді қайталанып орындалатын оператор. Сондықтан, H1 – цикл денесі деп аталады.

2. 2. For Y:=X1 downto X2 do H1;

1-нұсқадан өзгешелігі to сөзінің орнына downto (төменге дейін) қызметші сөзі жазылады. Downto циклдің өзгеру қадамы -1 тең екендігін көрсетеді. Мұнда Y-тің мәні X1-ден X2-ге дейін -1 қадаммен кему үшін X1>X2 шарты орындалуы керек. Егер бұл шарт орындалмаса цикл денесі бірде бір рет орындалмайды.

 

Ж.

Факспен жұмыс істеуді үйрену.

Тәжірибенің бұл күнінде кәсіпорыннан белгіленген жетекші факспен жұмыс істеуді тапсырды. Факс арқылы басқа мектептерге мекемелерге хаттар,кестелер,схемалар жібердім.Аппараттың өзі қоятын қосымша деректерін пайдаландым.

-жіберуші /кодты/көрсету

-ақпаратты берудің күні және уақытын белгіледім;

-ақпарат берілген телефакс нөмірін/аппараттың /нөмірі;

-беттердің санын анықтау;

-факсты жіберуші ақпараттың алушыға жеткендігі туралы растау үшін төмендегідей мәліммет анықтадым

- мекеменің,фирманың коды,

-факсты қабылдап алушы қызметкердің нөмірі;

-күні,айы,уақыты;

-ақпаратты берудің уақыты және ұзақтығы;

-алынған беттердің саны /P/

-нәтижесі/RESUL TS/ көрсетілетінін үйрендім.

Ең бастысы баған «RESUL TS» болып табылады,егер хабар толық жетсе және қатесіз жетсе оған «ОК» қойылды.Факс алу кезінде іркілістер болса

«NG» /негатив/ белгісі соқты.

Бүгінгі күн осылайша факспен жұмыс жасаумен өтті.

 

Ж.

Кәсіпорыннан белгіленген жетекшім компьютерге күтім жасау ережелері және қауіпсіздік техникасын жазуды , оны білуді тапсырды.

Компьютердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге оған күтім жасау ережелері көмектеседі.

- Компьютерді орналастыратын орын таңдау кезінде оның жылыту радиаторлары жанында қызып кетуі мүмкін екенін білген жөн;

- Мониторды күн сәулесі бейне бетке тікелей түспейтіндей етіп орналастыру қажет;

- Монитор бейне бетін арнайы ерітінділермен және арнайы шүберектермен сүртіп отыру керек;

- Тінтіуірдің жұмыс бетін шаң-тозаңнан үнемі тазартамын;

- Компьютер тұрған жайды күн сайын жинастырып отырам;

Аппараттармен, кабельдермен және мониторлармен жұмыс істеу кезіндегі абайсыздық электр тоғынан зардап шегуге әкеп соқтырып, жабдықтарды күйдіріп жіберуі мүмкін. Сондықтан:

-жалғаушы кабельдердің ажыратқыштарын қолмен ұстауға;

-қоректендіру сымдарына және жерге қосу құрылғыларына қол тигізуге;

-бейне бетке және монитор мен пернетақтаның сырт жағына қол тигізуге;

-монитор мен пернетақтаға диск, дәптер, кітап сияқты заттарды қоюға;

-дымқыл киіммен және су қолмен жұмыс істеуге қатаң тыйым салынады.

 

Ж.

Жетекшімнің берген тапсырмасы бойынша компьютердің оперативті жадысының қызыметін бақылауды жүктеді. Компьютерде орнатылған жадының көлемін анықтап, қалай жұмыс жасағанын бақыладым. Компьютердің оперативті жадысы (ОЗУ) немесе Random Acces Memory мәлшметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді. Оперативтік жад жеке тақшаларға орнатылыпты. Оларды жад модульдері деп атайды да ақпараттарды уақытша сақтау ушін қолданылады.Компьютерде бір мезгілде неғұрлым көп багдарлама жұмыс істесе, соғұрлым үлкен оперативті жады талап етеді.Бағдарламаның жұмысы аяқталған кезде немесе компьютерді өшірген кезде оперативті жадыда сақталған мәліметтер жойылып кетеді.Оперативті жадының көлемін мегабайтпен өлшедім. Компьютерлерге ең аз дегенде 1 Гбоперативті жады орнатылған. Егер компьютерде орнатылған жадыдан үлкен жадыны талап ететін бағдарламаны іске косатын болсақ, онда оның жұмыс істеу жылдамдығы бірден төмендейді, тіптен компьютерн мүлдем тұрып қалады. Өнімділік тұрғысынан, компьютерде неғұрлым улкен жады орнатылса, соғұрлым жақсы. Ақпаратты оқу, табуға, оқуға, өшіругекететін уақыт 60-70 ноно секунд екен.

 

Ж ж.

Осы күндер аралығында кәсіпорыннан белгіленген жетекшімнен тапсырма болмағандықтан колледжден бекітілген жетекші Сәрсембаев Ғалым Бауыржанұлының тапсырмасы бойынша Access деректер ортасында «Магазин сотовых телефонов» деректер базасын жасадым. Кестелер және сұраныстар,диаграммалар үшін формалар құрдым.

Базаның негізгі формалары:

Қызметкерлер, тұтынушылар және жеткізушілер:

 

 

 

Сұраныстар:

 

 

Диаграммалар:

 

 

Ж.

Тәжірибенің бұл күнінде Microsoft Office Access ортасында «Магазин сотовых телефонов» деректер базасын аяқтап және қорытындылап, жобаның авторы туралы мәлімет енгіздім.

Жобаның негізгі беті

 

Жоба авторы туралы мәлімет

Ж ж.

Тәжірибенің бұл күндерінде Microsoft Office Access ортасында жасалған «Магазин сотовых телефонов» деректер базасын Delphi7 ортасында байланыстыра отырып жасадым. Формалар, сұраныстар және есептер, диаграммалар құрдым . Жобаның авторы жайлы мәлімет енгіздім.

Жобаның негізгі беті:

 

Автор туралы мәлімет:

 

Жобаның басты формалары:

 

 

 

 

Қызметкерлер, тұтынушылар және жеткізушілер:

 

 

 

 

Сұраныстар:

Диаграммалар:

Ж ж.

Бүгін тәжірибенің соңғы күні. Мен тәжірибе өту барысында көптеген программалармен жұмыс жасап көріп оларды жақсы, барынша және мейлінше меңгердім. Microsoft Office Access және Delphi7 ортасында «Мектеп-кеме, білім-теңіз»деген тақырыпта деректер базасын жасадым

Мен өзіме жаңа белестерді аштым. Жаңа көптеген және әртүрлі қызықты, мүмкіндіктері мол программалармен таныстым. Және оларды толық, жетік меңгердім деп ойлаймын.

Негізінде, теорияға қарағанда, іс жүзінде жұмыс істеген түсінікті әрі жеңіл болды.

 

 





sdamzavas.net - 2018 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...