Главная Обратная связь

Дисциплины:






Фармацевт-менеджер» модулінің жетекшісі , доцент А.Р. Шопабаева 1 страница



Медициналық және фармацевтикалық тауартану» негізгі пәнінен «Фармация» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған тест тапсырмалары

Оқу жылы

1. Екі немесе одан да көп металдан (сирек болса да металл және металл еместен) тұратын, металға тән қасиеттері бар макроскопиялық біртекті жүйе – бұл:

а) қоспа

б) түсті металл

в) қара металл

г)+ құйма

д) біртекті масса

2. Құрамында 2% жоғары көміртегі, сонымен бірге кремний, марганец және зиянды қоспалар – күкірт және фосфор болатын темір негізіндегі құймалар тобының атауы:

а) +шойын

б) болат

в) нейзильбер

г) түсті металл

д) құйма

3. Құрамында 2% -ға дейін көміртегі, сонымен бірге Si, Mn және зиянды қоспалар күкірт пен фосфор болатын темір негізіндегі құймалардың жалпы атауы:

а) шойын

б) +болат

в) нейзильбер

г) түсті металл

д) құйма

4. Сыртқы ортамен химиялық немесе электрохимиялық өзара әрекетінің салдарынан металдардың бұзылу процесі – бұл:

а) балқу

б) +коррозия

в) тегістеу

г) консервация

д) сапасының төмендеуі

5. Бұйымның жарамдылық мерзімін жоғарылату үшін коррозияға қарсы қолданылатын қорғаныш әдістері қалай бөлінеді:

а) бір реттік

б) уақытша

в) көлемді

г) +тұрақты

д) кезеңдік

6. Коррозияға қарсы қолданылатын тұрақты қорғаныш әдістеріне не жатады:

а) тегістеу (легирование)

б)+ майлау

в) термиялық өңдеу

г) металл жабындарды қолдану

д) лактау

7. Қалыпқа келтірілген және кептірілген жартылай фабрикатты күйдіре отырып саз шикізатын тиісті өңдеу арқылы дайындалатын материалдар қалай аталады:

а) дала шпаты

б) кварц

в) +керамика

г) каолин

д) минерал

8. Табиғи немесе синтетикалық каучуктың әртүрлі ингредиенттермен қоспасын вулканизациялау кезінде алынатын жоғары молекулярлы қосылыс – бұл:

а) вулканизациялайтын зат

б) термопласт

в) ректопласт

г) +резеңке

д) біріктірілген зат

9. Қасиетін жақсарту үшін резеңкенің құрамына қандай заттар кіреді:



а) тозуға қарсы заттар

б) вулканизациялайтын заттар

в)+ регенераторлар

г) толықтырғыштар

д) бояғыш заттар

10. Төмендегі көрсетілген операциялардың ішінее қайсысы медициналық резеңке бұйымдарды дайындаудың технологиялық процесі не жатпайды:

а) резеңке қоспаны алу;

б) +регенераторды екіншілік өңдеу

в) жартылай фабрикатты дайындау;

г) резеңке бұйымдарды алу немесе қалыптау;

д) вулканизация;

11. Резеңке қоспаны алу стадияларына жатпайды:

а) каучукты пластификациялау

б) қоспаның ингредиенттерін дайындау

в) араластыру

г) +күйдіру

д) суыту

12. Төмендегілердің ішінен керамика бұйымдарын дайындаудың технологиялық процесіне жатпайтынын көрсетіңдер:

а) керамикалық массаны дайындау;

б) +вулканизациялау

в) бұйымды қалыптау;

г) қалыпталған бұйымды кептіру және пісіру;

д) күйдіру;

13. Төменде көрсетілгендердің ішінен әйнек бұйымдарды дайындау стадияларына қайсысы жатпайды:

а) шихтаны дайындау;

б) әйнекті қайнату;

в) бұйымды қалыптау;

г)+ қоспа инегредиенттерін дайындау

д) детальдарын жинау және біріктіру;

14. Жоғары молекулярлы қосылыстардың негізіндегі материалдар, әдетте көп компонентті және көп фазалы болып келеді – бұл:

а) керамика материалдары

б) әйнектер

в) қоспалар

г) металл емес материалдар

д) +полимерлі материалдар

15. Пластмассаны түзетін негізгі зат – жасанды шайыр. Шайырлардың қандай түрлері болады:

а) термохимиялық, термореактивті

б) химиялық тұрақты, термопластикалы

в)+ термопластикалық, термореактивті

г) биоинертті, нейтралды

д) синтетикалық, химиялық

16. Резеңке бұйымдарды дайындау кезінде вулканизацияны тездету үшін қандай заттар қолданылады:

а) толықтырғыштар

б) пластификаторлар

в) жұмсартқыштар

г)+ жылдамдатқыштар

д) арнайы заттар

17. Резеңкенің құнын арзандату және олардың бастапқы физикалық-механикалық қасиеттерін жақсарту үшін қандай заттар қолданылады:

а) +толықтырғыштар

б) пластификаторлар

в) жұмсартқыштар

г) жылдамдатқыштар

д) арнайы заттар

18. Резеңке бұйымдарға белгілі бір тауарлық түр беру және физикалық-механикалық және термотұрақтылығына әсер ету үшін, сонымен қатар резеңке медициналық бұйымдарды сақтау мен пайдалануда қорғаушы рөл атқару үшін қандай заттар қосылады:

а) хош иісті заттар

б) сілтілер

в) қышқылдар

г)+ бояғыш заттар

д) арнайы заттар

19. Дайындау кезінде резеңке қоспасын араластыру процессін жеңілдету, резеңкеге пластикалық және аязға тұрақтылықберу үшін қолданылатын заттар – бұл:

а) арнайы заттар

б)+ жұмсартқыштар

в) толықтырғыштар

г) пластификаторлар

д) хош иісті заттар

20. Резеңкені өңдеуде және пайдалануда жүретін тотығу процессінбаяулату үшін, сондай-ақ, жарықтанудың әсерінен қорғау үшін қандай заттар қосылады:

а) арнайы заттар

б) жұмсартқыштар

в) толықтырғыштар

г) пластификаторлар

д) +тозуға қарсы заттар

21. Резеңке бұйымдардың жыртылуға төзімділігін арттыру үшін резеңке массасына қандай заттар қосылады:

а) арнайы заттар

б) қатайтқыштар

в) +вулканизацияны күшейткіштер

г) пластификаторлар

д) тозуға қарсы заттар

22. Резеңке қоспасына белгілі бір тұтыну қасиетін беру қолданылатын заттар – бұл:

а) +арнайы заттар

б) жұмсартқыштар

в) вулканизацияны күшейткіштер

г) пластификаторлар

д) тозуға қарсы заттар

23. Формалау немесе резеңке бұйымдарды алу кезінде келесі әдістердің қайсысы қолданылмайды:

а) +созғылау

б) экструзия

в) пресстік әдіс

г) қысыммен құю

д) құю арқылы қалыптау

24. Резеңке қоспаны вулканизациялаудың қандай түрлері бар:

а) жартылай вулканизация

б) толық вулканизация

в) +ыстық вулканизация

г) қысыммен жүргізілетін вулканизация

д) қалыпты вулканизация

25. Арнайы қондырғыларда үздіксіз әдіспен немесе котелдарда, пресстерде, автоклавтарда кезеңдік әдіспен 170— 190 °С жүргізілетін вулканизация түрі – бұл:

а) жартылай вулканизация

б) толық вулканизация

в) +ыстық вулканизация

г) қысыммен жүргізілетін вулканизация

д) суық вулканизация

26. Бұйымды жартылай хлорлы күкірт ерітіндісіне батыру арқылы немесе буына ұстау арқылы жүргізілетін және соңынан ыстық ауамен кептірілетін вулканизацияның түрі:

а) жартылай вулканизация

б) толық вулканизация

в) ыстық вулканизация

г) қысыммен жүргізілетін вулканизация

д) +суық вулканизация

27. Вулканизация процесі бұзылған жағдайда резеңке бұйымдарда қандай ақаулар пайда болуы мүмкін:

а) бұйым бетінің тегістігі

б) жабысқақ болуы

в) тез тозуы

г) +шектен тыс қатып қалуы

д) шектен тыс жұмсақтығы

28. Бастапқы материалдардың қасиетін және құрылымын зерттейтін, олардың құрамы, құрылымы және қасиеттері арасындағы байланысты анықтайтын ғылым – бұл:

а) +материалтану

б) тауартану

в) ғылымтану

г) ғылыми бағыт

д) қолданбалы ғылым

29. Кәсіпорындарда өнімді дайындау және бұйымның негізгі қасиеттерін анықтау үшін қолданылатын құралдардың маңызды бөлігін құрайтын өндірістің заттық элементтеріне жатады:

а) толықтырушы материалдар

б) бастапқы материалдар

в) қосымша материалдар

г) +негізгі материалдар

д) көмекші материалдар

30. Медициналық бұйымдарды дайындау процесінде технологиялық процесті жетілдіру немесе өнімге белгілі бір қасиетті беру мақсатымен қолданылатын өндірістің заттық элементтері – бұл:

а) толықтырушы материалдар

б) бастапқы материалдар

в) +көмекші материалдар

г) негізгі материалдар

д) қосалқы материалдар

31. Химиялық құрамы бойынша медициналық мақсатта қолданылатын барлық материалдарды қандай топқа бөлуге болады:

а) химиялық, натуралды

б) +табиғи, синтетикалық

в) натуралды, синтетикалық

г) натуралды, жасанды

д) жасанды, жартылай синтетикалық

32. Дайын өнімді алу үшін ғылыми негізделген мақсатты бағытталған іс-әрекеттерден тұратын өндірістік процестің бөлігі – бұл:

а) +технологиялық процесс

б) технологиялық регламент

в) технологиялық операция

г) өндіріс стадиясы

д) технологиялық стадия

33. Өздерінің сапалық ерекшеліктері бар технологиялық операциялардың жиынтығы – бұл:

а) технологиялық процесс

б) технологиялық регламент

в) технологиялық операция

г) +өндіріс стадиясы

д) технологиялық стадия

34. Медициналық саймандарды дайындау үшін көміртекті болаттардың қандай маркалары қолданылмайды:

а) У7А

б) У12А

в) У10А

г) +8У-12А

д) У8А

35. Медициналық бұйымдарды дайындауда қолданылатын мыстың мырышпен құймасы қалай аталады:

а) нейзильбер

б) болат

в)+ латунь

г) тантал

д) шойын

36. Медициналық бұйымдарды дайындауда қолданылатын мыстың мырышпен құймасы – латунның маркалары:

а) 40Х13Л

б) У7А

в) УЛ12А

г) УЛ62

д) +ЛС 59-1

37. Медициналық бұйымдарды дайындауда қолданылатын мыстың мырышпен, никельмен және кобальтпен құймасы қалай аталады:

а)+ нейзильбер

б) болат

в) латунь

г) тантал

д) шойын

38. Төменде көрсетілген топтардың ішінен қайссыс жалпыхирургиялық саймандарға жатпайды:

а) кесетін

б) қысатын

в) +нейрохирургиялық

г) жараны ашатын

д) жараны ығыстыратын

39. Дұрыс жауапты көрсетіңдер: Төменде көрсетілгендердің ішінен қайсыс кесетін жалпыхирургиялық саймандарға жатпайды:

а) скальпельдер

б) қайшылар

в) долото

г) распаторлар

д) +зондтар

40. Жұмыс бөлігі металдан жасалған, сүйек тіндерін өңдеуге арналған бір немесе бірнеше жүзі бар медициналық саймандар – бұл:

а) корнцангтар

б) пинцеттер

в) жомдар

г) жараны ашатындар

д) +сүйек қысқыштары

41. Қысатын жалпыхирургиялық саймандарға жатпайды:

а) +распаторлар

б) тіл ұстағыштар

в) инеұстағыштар

г) пинцеттер

д) қан тоқтатын қысқыштар

42. Ағза мүшелерін, медициналық материалдарды, бұйымдарды немесе саймандарды қысуға және ұстауға арналған саймандар қалай аталады:

а) +қысатын

б) хирургиялық

в) кесетін

г) зондтайтын

д) көмекші

43. Айналасындағы тіндерді зақымдамай және зақымдай отырып тіндер мен мүшелерді кеңейтуге, ығыстыруға арналған саймандар бұл:

а) қысқыштар

б) хирургиялық саймандар

в) ығыстырғыш саймандар

г) зондтайтын саймандар

д) +кеңейтетін саймандар

44. Ағза қуысының мөлшерін және ондағы сұйықтықтарды, сонымен бірге каналдардың бағыты мен ұзындығын анықтауға арналған саймандар қалай аталады:

а) көмекші саймандар

б) толықтыратын саймандар

в) +зондтайтын саймандар

г) буж саймандары

д) тесетін саймандар

45. Медицинаның әртүрлі саласында көмекші жұмыстар үшін өз алдына жеке немесе басқа саймандармен бірге қолданылатын саймандар қалай аталады:

а) +көмекші саймандар

б) толықтыратын саймандар

в) зондтайтын саймандар

г) буж саймандары

д) тесетін саймандар

46. Қайшылардың кескіш қасиеті қалай анықталады:

а) қағаздың жұқа қабатын кесу арқылы

б) картонды кесу арқылы

в) замшты кесу арқылы

г) +дәкенің 1-5 қабатын кесу арқылы

д) папирусты қағаздың 1-5 қабатын кесу арқылы

47. Хирургиялық аралардың функционалдық қасиетін қалай анықтауға болады:

а) тығыз қағазды аралау арқылы

б) +жануардық түтікшелі сүйегін аралау арқылы

в) картонды аралау арқылы

г) қатты ағаш кесінділерін аралау жолымен

д) пластикалық массаларды аралау арқылы

48. Жаңа кесілген сүйекті ұрғылау арқылы қандай сайманның кескіш қасиетін анытайды:

а) распатордың

б) +медициналық долотоның

в) ампутациялық пышақтың

г) сүйек қысқыштарының

д) хирургиялық аралардың

49. Қалыңдығы 5-6 мм болатын жаңа кесілген сүейек пластинкаларын тістеу арқылы қандай жалпыхирургиялық сайманның кескіш қасиетіне сынау жүргізіледі:

а) +сүйек қысқыштарына

б) распаторларға

в) медициналық долотоларға

г) медициналық араларға

д) резекциялық пышақтарға

50. Қысқыштардың жұмыс бөлігінің жымдасу тығыздығы олардың арасына нені қысып көру арқылы тексеріледі:

а) тығыз қағазды

б) дәкенің 1-3 қабатын

в) картонды

г) замшты

д) +папирос қағазын

51. Асқазан-ішек қысқыштарының беріктігіне және серпімділігіне функционалдық сынау қалай жүргізіледі:

а) дәкенің 5-10 қабатын үш мәрте қысу арқылы

б) папирос қағазын 5 рет қысу арқылы

в) +диаметрі 12 мм болатын дренажды резеңке түтікті үш мәрте қысу арқылы

г) замшты қысу арқылы

д) дәкенің 1-3 қабатын 5 мәрте қысу арқылы

52. Жомдардың жұмыс бөлігінің (еріндерінің) жымдасу тығыздығын нені қысу арқылы анықтайды:

а) папиросты қағазды

б) +2 қабатталған дәкені

в) дренажды түтікшені

г) картонды

д) қағаздың жұқа қбатын

53. Асқазан жомдарының құлпының дұрыстығын нені қысып көру арқылы анықтайды:

а) дм 10 мм дренажды түтікшені

б) қалыңдығы 5-10 мм болатын картонды

в) дм 25-30 мм дренажды түтікшені

г) дәкенің 10-15 қабатын

д) +15-20 мм дренажды түтікшені

54. Ине ұстағыштардың функционалдық қасиетін нені қысып көру арқылы анықтайды:

а) дренажды резеңке түтікшені

б) орташа мөлшердегі хирургиялық инелерді

в) +көлденең кесіндісі үш бұрышты орташа нөмірдегі хирургиялық инелерді

г) лигатуралық инелерді

д) диаметрі 8-10 мм дренажды түтікшені

55. Тісшелі ілмектердің өткірлігін нені тесіп көру арқылы анықтайды:

а) папиросты қағазды

б) қалыңдығы 3 мм болатын замшты

в) +қалыңдығы 2-3 мм болатын картонды

г) дәкенің 8-10 қабатын

д) қағаздың жұқа қабатын

56. Мүйіз пластинкасының немесе жаңа кесілген сүйектің үстіңгі бетін қырнау арқылы қандай саймандардың кескіш қасиетін сынайды:

а) медициналық долото

б) скальпельдер

в) ампутациялық пышақтар

г) +распаторлар

д) медициналық аралар

57. Жұмсақ тіндерді, теріні кесуге, бөлуге арналған өткір хирургиялық сайман – бұл:

а) пышақ

б) қайшылар

в) +скальпель

г) сымды ара

д) ми пышағы

58. Төменде көрсетілгендердің ішінен қайсысы хирургиялық пышақтарға жатпайды

а) ми пышағы

б) резекциялық

в) +сүйекке арналған

г) шеміршекке арналған

д) ампутациялық

59. Сүйектерде операция жасауда қолданылатын, сүйектің шырышты қабатын және берік шеміршек тіндерін бөлуге арналған сайман:

а) сүйек қысқыштары

б) аралар

в) +распатор

г) медициналық қасықшалар

д) хирургиялық қайшылар

60. Тіндерге тигізетін әсеріне байланысты қысқыш саймандарды қандай топтарға бөлуге болады:

а) иілгіш

б) +эластикалы, қатты

в) жартылай жұмсақ

г) жұмсақ, тінді бұзатын

д) тікелей әсер ететін

61. Кремальера – бұл келесі саймандардың элементі:

а) сүйек қысқыштарының

б) тісті жұлуға арналған қысқыштардың

в)+ қан тоқтататын қысқыштардың

г) пинцеттердің

д) краниопластардың

62. Сүйек қысқыштары қолданылуы бойынша жалпыхирургиялық саймандардың қай тобына жатады:

а) қысқыш саймандар

б) +кескіш саймандар

в) ығыстыратын саймандар

г) биопсияға арналған саймандар

д) жараны ашатын саймандар

63. Корнцангтар жалпыхирургиялық саймандардың қай тобына жатады:

а) кесетін

б) ығыстыратын

в) +қысатын

г) жараны ашатын

д) арнайы

64. Корнцангтың функционалдық қасиетін сынау қалай жүргізіледі:

а) жұмыс бөлігіне 5 қабатталған папирос қағазын қысу арқылы

б) жаңа кесілген шеміршекті 3 мәрте қысу арқылы

в) +4 қабат дәкені 3 мәрте қысу арқылы

г) замшты қысып көру арқылы

д) диаметрі 4-5 мм дренаж түтігін 3 мәрте қысу арқылы

65. Қан тоқтататын қысқыштар – бұл келесі жағдайларда қолданылатын саймандар:

а) қуыс органдарды ұстауға

б) қан тоқтату үшін таңу материалдарын беру үшін

в) +қанды тоқтату мақсатымен тамырды қысуға

г) операция кезінде қанды тоқтату үшін тамырға лигатураны салу үшін

д) қанды тоқтату мақсатымен тігіс салу кезінде жара жиегін ұстау үшін

66. Жараны ашатын және ығыстыратын саймандарға жататын тісшелі және пластинкалы ілмектердің беріктігі қалай анықталады:

а) жұмыс бөлігінде 10 кг жүкті көтеру арқылы

б) қалыңдығы 2-3 мм картонды тесу арқылы

в) +5-8 кг жүк ілу арқылы

г) замшты тесу арқылы

д) 1 сағатқа 10-15 кг жүкті іліп қою арқылы

67. Жалпыхирургиялық айналардың беріктігі қалай тексеріледі:

а) жұмыс бөлігінде 10 кг жүкті көтеру арқылы

б) қалыңдығы 2-3 мм картонды тесу арқылы

в) +5-8 кг жүк ілу арқылы

г) замшты тесу арқылы

д) 1 сағатқа 10-15 кг жүкті іліп қою арқылы

68. Жалпыхирургитялық тісшелі ілмектердің өткірлігі қалай тексеріледі:

а) малдың терісін тесіп көру арқылы

б)+ қалыңдығы 2-3 мм картонды тесу арқылы

в) барабанға тартылған папирос қағазын тесу арқылы

г) замшты тесу арқылы

д) 1 сағатқа 10-15 кг жүкті іліп қою арқылы

69. Жалпыхирургиялық саймандар оқу жіктемесіне байланысты қолданылуы бойынша келесідей топтарға бөлінеді:

а) кесетін, тесетін, травматологиялық, стоматологиялық

б) ығыстыратын, қысатын, кесетін, ортапедиялық

в) кесетін, жараны ашатын, қысатын, балаларға арналған

г) +кесетін, жараны ашатын және ығыстыратын, қысатын, қалғандары

д) жараны ығыстыратын, қысатын, зондтайтын, арнайы

70. Жалпы хирургиялық өткір ілмектер қолданылуы бойынша қандай жіктеу тобына жатады:

а) тесетін

б) кесетін

в) +жараны ашатын және ығыстыратын

г) зондтайтын

д) қысатын

71. Медициналық саймандарды дайындауға қолданылатын көміртекті саймандық болаттарда көміртегінің мөлшері көбейген сайын ....:

а) иілгіштігі жоғарылайды

б)+ қаттылығы жоғарылайды

в) тозуға төзімділігі төмендейді

г) серпімділігі жоғарылайды

д) беріктігі төмендейді

72. Жалпыхирургиялық саймандарға жататын гильотинді қайшылардың функционалдық қасиетін сынау қалай жүргізіледі:

а) 5 қабат дәкені 3 рет кесу арқылы

б) +екі қабатталған қалыңдығы 2-2,5 мм болатын картонды 10 рет кесу арқылы

в) жұқа сүйек пластинкасын кесіп көру арқылы

г) замшты 10 мәрте кесу арқылы

д) диаметрі 5 мм болатын поливинил стерженін 10 рет кесу арқылы

73. Қан тамырларын уақытша қысуға арналған қысқыштарға жатады:

а) «Москит» типті нейрохирургиялық

б) +клемма

в) пинцет

г) терең қуыстарға арналған

д) тісшелі қысқыштар

74. Пинцеттер жалпыхирургиялық саймандардың қай тобына жатады:

а) кесетін

б) көмекші

в) қосымша

г) +қысатын

д) жараны ашатын

75. Жалпыхирургияда қолданылатын долотоның қандай тауарлық түрлері болады:

а) иілген, түзу

б) бұрышталған

в) +қуысталған, тегіс

г) рамалы

д) рамалы, жапырақты

76. Тіл ұстағыштар жалпыхирургиялық саймандардың қай тобына жатады:

а) кесетін

б) жараны ашатын және ығыстыратын

в) арнайы

г) +қалғандары

д) қосымша

77. Долотолар жалпыхирургиялық саймандардың қай тобына жатады:

а) +кесетін

б) тесетін

в) көмекші

г) жараны ығыстыратын

д) арнайы

78. Қабырғаға арналған гильотинді қайшылар жалпыхирургиялық қайшылардың қай тобына жатады:

а) көмекші

б) арнайы

в) +хирургиялық

г) негізгі

д) қосымша

79. Төменде берілген саймандар тобының ішінде қайсылары жалпыхирургиялық саймандарға жатады:

а) парацентезді ине, конхотом, тіс борлары

б) акушерлік қысқыш, краниокласт, айна

в) распатор, долото, Егоров-Фрейдин қысқышы

г) эластотонометр, тонзиллотом, ара

д) +ми пышағы, қабырғаға арналған қайшы, распатор

80. Төменде көрсетілгендердің ішінен дұрыс сәйкестікті анықта:

а) скальпель – қысқыш сайман

б) пинцет – кесетін сайман

в) шашты кесуге арналған қайшы – қалған жалпыхирургиялық саймандар

г) өткір тісшелі ілмектер – кесетін саймандар

д) +пластинкалы ілмектер – жараны ашатын

81. Төменде берілгендердің ішінде қайсысы дұрыс:

а) пинцет – кесетін сайман

б) +долото – кесетін сайман

в) өткір ілмек – кесетін сайман

г) эвакуатор – кесетін сайман

д) шпательдер – кесетін сайман

82. Хирургиялық зондтар жалпыхирургиялық саймандардың қай тобына жатады:

а) негізгі

б) қысатын

в)+ қалғандарына (көмекші)

г) жараны ашатын





sdamzavas.net - 2017 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...