Главная Обратная связь

Дисциплины:






Бәсекелестік орта



Туризм саласы Қазақстанда болашағы зор сала, алайда осы саланы дамыту үшін бәсекелестерді анықтап, талдау қажет. Бәсекелестер негізінен ішкі және сыртқы бәсекелестер болып бөлінеді. Алайда біздің жобамыз үшін, яғни жобаның мақсаты еліміздегі бүкіл туристтік нысандарды дамыту болғандықтан, ішкі бәсекелестерді талдаудың қажеті жоқ.

Сыртқы бәсекелестер – бұл мемлекеттен тысқары, туризм саласы дамыған шет мемлекеттер. Соңғы жылдары туризм бүкіл әлемде тез қарқынмен дамы жатыр. Дәстүрлі туристік орталығы Еуропадан басқа, Америка, Африка, Океания, Азия өңірлері белсенді дамып жатыр. Егер 1950 жылы дүниежүзі бойынша 25 млн. турист тіркелсе, 1997 жылы бұл сан 592,9 млн.-ға дейін жетті, ал халықаралық туризмнен түскен табыс 425 млрд долларға дейін жетті.

Интернет-сауалнама нәтижесі бойынша Қазақстанға туризм саласы бойынша бәсекелстер келесі мемлекеттер мен туристік орталықтар (http://surak-zhauap.kz/121055/) :

 

Германия – туризм саласы ең жақсы дамыған елдердің бірі. Елдегі туристтердің 53%-ы шетелдіктер болып

келеді. Атақты туристтік нысандары: Боден көлі мен Бавариядағы шағын көлдер, оңтүстігіндегі таулы массивтер, жағалау аралдары.

Италия – туризм күшті дамыған ел. Бұл салада 1 млн-ға жуық тұрғындар жұмыспен қамтамасыз етілген. Жылына, жалпы алғанда Италияға 40 млн-ға жуық туристтер еліп, ел қазынасына 10 млрд АҚШ доллары көлемінде пайда түседі. Туристтік нысаны: Альпі тауының етегі мен Жерорта теңізінің жағалаулары.

Испания – туризмнен түсетін пайда бойынша алдыңғы қатарлы ел. Жылына 50 млн-нан астам туисттер келеді. Туризмнен түсетін пайда елдің ұлттық табысының 15%-ын құрайды. Туристтік нысандары: Жерорта теңіз жағалауы, Пиреней таулары, Андалусия жазығы.

Франция – халықаралық туризм орталығы. Ол елге келетін туристтер саны бойынша бірінші орынды алады. Қазіргі кезде Франция жылына 80 млн-ға жуық туристтер қабылдайды. Басқа Еуропа елдері сияқты туристтік нысандары: Альпі тауының массивтері.



Көріп отырғанымыздай, туризм саласы дамыған елдердің туристтік нысандары біркелкі және кейбір елдердің нысандары бір, бірақ барлығы да пайда көріп отыр. Ал, біздің жобаның, яғни біздің еліміздің бәсекелестік артықшылықтарымыз:

1.Қазақстанның геосаяси тұрғысынан ыңғайлы жерде орналасуы;

2.Туристік рекреациялық зоналарының, ландшафтардың, флора мен фаунаның алуан түрлілігі;

3.Саяси тұрақтылық пен экономикалық тұрақтылық ;

4.Қазақстан территориясындатарихиескерткіштердіңкөпболуы;

5.Қазақстанның ҰлыЖібекЖолыбойындаорналасуы.

Бұл артықшылықтар еліміздің туризм саласының артықшылықтары, ал біздің жобаның бәсекелестік артықшылықтары келесідей:

· Әлемде жоқ төрт маусымдық кезең;

· Орналасу жағынан бас қаламызда орналасуы;

· Еліміздің туристтік нысандарына визуалды шолу;

· Туристтік нысандарға бір орталықтан саяхаттар ұйымдастыру;

· Ұлттық туарлар мен мәдениетімізді әлемге таныту мүмкіндігі.





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...