Главная Обратная связь

Дисциплины:






Генеалогиялық дәстүр, аңыздар мен шежірелер. Жеті атасын және ру шежіресін білудің маңызы



Лем халықтарының салт-саналарымен салыстырғанда ұлттық мәдениетімізде мақтанышпен айтатын қасиетті дәстүр­леріміз баршылық. Соның бірі – ата-бабамыздан жалғасқан, бүгінгі күндегі озық медицинаның дәлелдеуінен өткен жеті аталық ұстаным, жеті атаға толмай қыз алыспайтын қазақи шежірелік жүйе. Ол – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында ата-тектің жалғасуын реттейтін қасиет. Осыған байланысты ежелден бері қазақ халқында өзінің жеті атасын білуі әрбір азаматтың борышы болып саналады. Сонымен бірге бұл – ата-ана үшін отбасылық үлгі-өнегенің әліппесі. Тек ата-анасынан жастай айырылған жетімдер ғана мұндай тәрбиеден мақұрым қалатын. «Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі» деген сөз де осыдан шыққан болса керек.

Халқымыз баласын кішкентайынан жеті атасын тануға үйретеді. Біріншіден, бабадан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал, екіншіден, баладан тарайтын ұрпақ әкеден бастау алып, жалғаса береді. Жеті аталық рулық жүйенің маңызы мен мәні, қоғамдық рөлі мен өнімі жайлы «Қазақ ұлттық энциклопедиясында» былай делінген: «…өз ата-бабасын жеті атасына дейін білу әрбір қазақ азаматы үшін міндет болған. Мұның өзі қазақтардың этноерекшеліктерін танытуда. Бұл жеті аталық жүйе ел басынан өткен қиын-қыстау кездерде тегінен көз жазып қалмауына және басқа халықтармен ассимиляцияға түсіп кетпеуіне себепші болды. Жеті ата мен ру шежіресін білу көшпелі қоғамда өмір сүрген халықтар үшін өмірлік қажеттілік еді. Жеті атадан үш жүзге дейінгі біртұтас туысқандық бітім бірнеше ғасырлар бойы «қазақ халқы бір атаның баласы, бір тамырдан тараған» деген ұстанымды орнықтырған. Жеті атасын тарата білу арқылы әркім көрші рулармен байланысын білетін. Сөйтіп бүкіл қазақтың біте қайнасқан туыстығына көзі жеткен. …Жеті атасын, руын, жүзін білген соң, қазақтар туған жерінің кез келген шалғайында өзін туысқандарының ортасында жүрген алып бір отбасының мүшесіндей сезінетін. Нәтижесінде, үлкен бір отбасы секілді ұлттың біртұтас зердесі қалыптасты. Жер басып жүргендер ғана емес, жадында сақталған баяғы ата-бабасы да тірілердің санасында тірілгендей, жалғасын тапқан. Жеті аталық ұстаным бүкіл халықтың бойында еш мәжбүрлеусіз, мейлінше тегеуірінді рухани бірлік сезімін терең сіңдіреді. Ол – этнотуыстықтың қуатты, арқаулы темір қазығы болды». Халық жадында берік сақталған жеті аталық ұстанымның ұлт болып ұйысуымызға, ұлттық құндылықтарымызды сақтап оны дамытуымызға әсері мол болды. Тағдырдың талай тауқыметін көріп, бұл күндері әлемнің отыздан артық елінде тарыдай шашылып жүрсек те, біртұтас халық ретінде тарих сахнасынан көрінуімізге тигізген үлесі мен пайдасы, құны мен қымбаты, рөлі мен маңызы туралы мұнымен ғана тоқталуға болмайды. Дүниедегі барлық халықтың таралу тегі болатынын, тіпті, өз ата-бабаларын Нұх пайғамбардан бастап таратып көрсететін ұлттардың да барын білеміз (араб, еврейұлттарының осындай «ұлттың тегі» дейтін шежірелік таралу кестесін көргенбіз). Әйткенмен, әзірге жеті аталық ұстаным әлемдегі қазақтан өзге ұлттарда бар екенін есті­медік. Ол жеті ата немесе жеті ұрпақ атауына сәйкес атау-терминнің өзге ешбір халықтан шықпауынан да белгілі. Жеті ата танымының қазақ халқында бағ­зыдан келе жатқан тамыры терең ұғым еке­нін арнаулы атаулары дәлелдейді.
Жоғарғы салыстырудан қазақтың жеті атаға дейінгі атауының толық екенін, бабадан кейінгі атауларға ата сөзінің ал­дына ұқсамаған анықтауыш қосылып барып жасалғанын көреміз. Ал, ханзу мен ағылшындардың ата атаулары тек 5 атаға дейін екенін, мұндағы 5 ататек, ата-баба деген жалпылама атауға сәйкес келеді. Ал, жапон және ұйғырлардың ата тегі 3-4 әулетке дейін ғана айтылса, орыстарда арнаулы атаулар болғанымен, ұстаным жоқ. Біз бұл салыстырудан қазақтың ұрпақ таратылуы ұзақ әрі атауларының да көп екенін көреміз.



 

Жеті ата (дәстүр). Жеті атасын білмеген – жетесіз (мәтел). Өмір тәжірибесі мол халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген және оны үйреткен, жаттатқан. Мұның әлеуметтік зор мәні болған. Екіншіден, қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бұрынғыадамдар бір – бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыдан шыққан. Сондықтан әр қазақ баласы өз ата-тегін білу тектілік әрі ұлттық тәртіп пен жөн білудің бір саласы болып саналған.

Жеті ата әкеден төмен емес, жоғары таратылады. Оның дәлелі: «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген қазақ даналығына тоқталсақ, әр адам өзінен кейінгі баласының, немересінің, әрі кетсе шөбересінің, атын білер. Одан ары білу үшін адам 100 жылдан астам өмір сүруі керек емес пе? Ал, ғасырдан аса беретін адам бар ма?

Олай болса жеті ата: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата. (Ата-тек деген сөз осыдан шыққан сөз). («Жеті қазына» 34 бет. 2001ж.).Мысалы осы кітапта жазушы өз жеті атасын былай таратады: Сейіт-Кенжеахмет- Құттыгелді- Нұрет-Байтоғай-Аманбай-Дербісәлі-Солтан (жетінші ата) Таңғұлы-Жылқайдар (ру аты, ол Арғынға жатады). Жеті атаны тарату осылай жіктеледі.

 

 





sdamzavas.net - 2018 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...