Главная Обратная связь

Дисциплины:






ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы рухани мәдениет. Халық ағарту ісі.

XІX ғасырда қазақ әдебиеті ұлттық дарынды тұлғалардың көптігімен де, бір-біріне ұқсамайтын дара туындылардың сан қырлы сипатымен де ерекшеленді. Бұл дәуірде айтыс өнері дамып, даңқты ақындар Жанақ, Шөже, Орынбай, Түбек, Сүйінбай, Шернияз, Біржан, Бақтыбай, Жамбыл сияқты әйгілі ақындар қатары Сара, Ырысжан, Ұлбике, Тәрбие, Ақбала және басқалар сияқты ақын қыздардың есімдерімен толықты деуге болады. Түрі мен мазмұны жағынан айтыстар бір-біріне ұқсамайды. Олардың кейбіреулерінің негізгі мазмұнында халықтың өмірі, оның шаруашылық-тұрмыстық проблемалары, рулық қоғамдастықтың ерекшеліктері сөз болса, Біржан мен Сара айтысында қазақ әйелдеріне жеке бостандық беру мәселесі көтеріледі. Мұндай айтыстармен қатар бірін-бірі қалжыңмен қағыту, танысу, амандасу, көңіл көтеретін әзіл-оспаққа құрылған айтыс түрлері де аз кездеспейді.

Осы кезеңнің музыкалық мәдениетінде Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) өзіндік даралығымен көрінді. Ол 1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісінің белсенді қатысушысы ғана емес, көтерілістің “жаны” мен “жылнамашысы” болды. Оның “Исатай көтерілісі”, “Исатайдың өлердегі сөзі” сияқты шығармалары көтерілісті жан-жақты сипаттады.

Сол сияқты Шернияз Жарылғапұлы (1817-1881) Кіші жүз қазақтарының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің жыршысы және ту көтерушісі болды. Жалынды жырларымен халықты күреске үндеді.

Шығармалары қайшылыққа толы, күрделі тұлға саналған зар-заман ақындары да қазақ әдебиетінде өзіндік орын алады. Зар-заман ақындарының көрнекті өкілдері - Дулат Бабатайұлы (1802-1874), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Мұрат Мөңкеұлы (1843-1909). Олар қазақ халқының өмірін ақиқатпен жырлаған ақындар болды. Ахмет Байтұрсыновтың “Ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып толғай алуында” деп тұжырымдағаны сияқты, бұл ақындар да қара басын күйттеген ақын емес, халқының үнімен елдің мұңын жеткізуші болды. Зар-заман ақындары өмір сүрген кезең патшаның отаршылдық саясаты дәуірлеп, қазақ жерінің нағыз талауға түскен кезі еді. Мәселен, Мұрат Мөңкеұлы “Үш қиян”, “Сарыарқа”, “Әттең, бір қатты дүние-ай” сияқты толғау-дастандары арқылы қазақ жерін отарлаушыларды батыл әшкерелеп, озбыр саясатқа қарсы тұрса, Дулат Бабатайұлы “Бейшара менің қазағым”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа” өлеңдері арқылы қазақтың ауыр тұрмысын бейнелейді.



1813 жылы Омбыда, ал 1825 жылы Орынборда әскери училищелер ашылды. Кейіннен олар Сібір және Орынбор Неплюев кадет корпустарына айналды. Бұл оқу орындарына қазақ балаларын қабылдауға едәуір шек қойылды. Ұлты қазақ кадеттер бірқатар әскери пәндерді оқып үйренуге жіберілмеді. Омбы кадет корпусын белгілі қазақ ғалымы, зерттеуші әрі ағартушы Шоқан Уәлиханов бітіріп шықты.
1841 жылы Бөкей хандығында Жәңгір ханның бастамасы бойынша алғашқы қазақ мектебі ашылды. Ол мектептің оқушылары орыс тілін, математиканы, географияны, бірқатар шығыс халықтарының тілдерін, сондай-ақ ислам дінінің негіздерін оқып үйренді. Қазақ балаларының сабақ үйренуін Жәңгір ханның өзі тікелей бақылауға алып, тексеріп жүрді. Неғұрлым қабілетті деген балаларды ол Қазанға, Ресейдің басқа да қалаларына оқуға жіберіп отырды. Казак станицаларында, бекініс-қамалдарда діни шіркеулер және казактардың балалары оқитын мектептер болды. Олардағы оқыту деңгейі тым төмен еді. Мұғалімдердің басым көпшілігін шала сауатты дьяктар, сондай-ақ қызметтік міндетін өтеген солдаттар мен казактар құрады.
Жалпы алғанда, Қазақстанда халыққа білім беру ісі мен сауаттылық деңгейін қанағаттанарлық болды деп айтуға келмейтін. Зайырлы мектептер өте аз еді. Маман мұғалімдер жетіспеді. Көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты жағдайында тұрақты мектептер ашу қиын болды.

Ағарту ісінің басты бағыттары, орталықтары. 1867-1868 жылдардағы әкімшілік-аумақтық реформалар біртіндеп қарқын ала бастаған коғамдың козғалыс Ресей империясының алшақ жатқан аудандарында да ағарту ісінің дамуына әсерін тигізді. XIX ғасырдың 60-70-жылдарынан ұйымдастырыла бастаған ғылыми коғамдар, көпшілікке арналған кітапханалар, ағарту ісінің жолға қойылуы коғамдың өмірдің жандануын тездетті, оған әсерін тигізді.Облыстық орталықтарда ашыла бастаған халыққа хат таныту қоғамдары да көп ұлтты қазақ өлкесіндегі тұңғыш мектептердің кызметіне жаңа бағыт берді. 1868 жылы кұрылған Түркістан статистикалық комитеті, 1878 жылы ұйымдастырылған Семей облыстық және кейінгі жылдары бірінен кейін бірі жұмысын жолға койған басқа да ғылыми ағартушылық мекемелер қазақ және өлкені қоныстанған басқа да ұлттар арасында ғылым мен білімнің, сауаттылықтың негіздерін таратуда белгілі рөл атқарды.Қазақстанды зерттеуде, бірқатар еңбектер жариялауда пәрменді рөл атқарған орыс географиялык коғамының Түркістан, Батыс Сібір бөлімдері, кейіннен ашылған Семей бөлімшесі қазақ жерінде ғылыми экспедициялар ұйымдастырды. Абай Құнанбаңүлы Семей облыстык статистикалық комитетінің белді мүшелерінің бірі болғаны жұртшылыққа мәлім. 1883 жылы Семейде қоғамдық кітапхана ашылды. Алғашында кітап қоры 260 томнан ғана тұрған бұл кітапхана жылдан-жылға өсе бастады, кейіннен коғамдық өмірдің бір орталығына айналды.Осы қалаға жер аударылған А.Д.Блек, Е.П.Михаэлис, А.В.Леонтьев, Н.И.Долгополов, П.Лобановский, С.С.Гросс және де жергілікті халықтың өкілдері, соның ішінде Абай Құнанбайұлы кітапханаға құнды басылымдарды жинауға ат салысты. Кейіннен Ресейдің әр түкпірлерінен осы кітапханаға көптеген журналдар, әр ғылым салаларынан кітаптар келіп түсе бастады.Ақысыз пайдаланатын қоғамдық кітапханалар Торғайда, Орынборда. ашылды. 1876 жылы Ташкеңтте ұйымдастырылған халыктың сауатын кетеруді басты мақсат еткен арнайы комиссия да жергілікті тұрғындар ара-сында бірқатар ізгі өзгерістерді жүзеге асырды. XIX ғасырдың II жартысында өлкеде әр түрлі мектептердің ашылуына әсер еткен басты фактор, тек ағартушылық ғылыми мекемелер мен кітапханалар болып қойған жок. Патша үкіметінің отаршылдық баскару жүйесіне тілмаштарды даярлау қажеттілігі шаруашылық және шенеунік әкімшілік мұқтаждығына қызметкерлердің жетіспеуі, аралас орыс-қазақ мектептерін жылдан-жылға көбейтуді қажет етті.





sdamzavas.net - 2017 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...