Главная Обратная связь

Дисциплины:






ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы мәдениет. 1 страница

Қазақ өлкесін зерттеуде баға жетпес үлес қосқан орыс мәдениетінің кәрнекті өкілдерінің ішінде В.И. Дальдың алатын орны ерекше. Ол 1833-1841 жылдары Орынбор губернаторы жанындағы ерекше тапсырмалар жөніндегі қызметкер болып істеген көзінде қазақ халқының ауыз әдебиетін, әдет-ғұрпы мен тұрмыс тіршілігін зерттеді

1833 жылы А.С. Пушкин Орынбор мөн Оралға Е. Пугачев көтерілісі тура-лы материал жинау үшін арнайы келіп, бұл аймақта қазақ халқының мәде-ниетімен де танысады. Осы сапарында Пушкин «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының бір нұсқасын жазып алған.

ХІХғасырда Қазақстанды зерттеушілердің ішінде әлемдікдеңгейдеп ғалым П.П. Семенов-Тянь-Шаньский (1827-1914) болды. Ол Орталық Тянь-Шань-ды зерттеді, Алтай, Жетісу, Орта Азияға саяхат жасады. Оның басшылығы-мен «Ресей. Біздің Отанымыздың толық географиялық жазбалары» деген көптомдық зерттеулері жарық көрді. Бұл еңбектің «Қырғыз өлкесі» және «Түркістан елкесі» деген екі томы Қазақстан мен Орта Азияға арналған. Мұнда географиялық орта, табиғат, қазба байлық, тарих, қазақтардың тұрмыс-тіршілігі жөнінде ғылыми мәліметтер топтастырылды. Қазақстанның геогра-фиясын, өсімдіктер және жануарлар дүниесін, оның қазба байлығын зертте-гендердің келесі бір өкілдері Н.А. Северцев пен И.В. Мушкетов болды. Сон-дай-ақ қазақ халқының мәдениеті мен этнографиясының беймәлім сырла-рын ашуда белгілі шығыстанушы, түркітанушы, этнограф, Петербор акаде-миясының академип В.В. Радлов (1837-1918) та қомақты үлес қосты. Ол Алтай, Солтүстік Қазақстан, Жетісу қазақтары мен басқа да халықтарының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары, фольклоры туралы құнды еңбектер қал-дырды. Оның «Түріктайпаларыныңхалыктықәдебиетінің үлплерінде» қазақ-тың ертеплері, эпикалық шығармалары мен лирикасы жинақталған. Қазақ халқының тарихы туралы қүнды деректерді ірі шығыстанушы ғалым, архео-лог, лингвист, академик В.В. Вельяминов-Зерновтың (1830-1904) еңбектер-інен ала аламыз. Ол «Қасымдық патшалар мен ханзадалар туралы зерт-теу», «Қырғыз-қайсақтар туралы тарихи мәліметтер» және басқа да еңбек-терінде Қазақ тарихының езекті мәселелері талданады. Қазақ өлкесінің та-рихын А.И. Добросмыслов, Н.Н. Аристов, М Красовский сынды ғалымдар да зерттеді. Еліміздіңтарихы, этнографиясы, географиясы туралы мәліметтерді саяси жер аударылғандар, патшалық әкімшіліктің қызметкерлері, Бас штаб-тың офицерлері жинастырды.



XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы қоғамдық ой мен мәде-ниетті дамытуда мәдени-ағарту мекемелері мен ғылыми қоғамдар маңыз-

ды рөп атқарды. Орыс географиялыққоғамыныңбелімдері Орынборда (1868 ж.), Омбыда (1867 ж.), ал кейінірек Семей бөлімшесі мен Түркютанда (1897 ж.) бөлімі ашылды. Олар жиналған мәліметтер бойынша тарих, этнография, география туралы жинақгар жариялап отырды. Қоғам жүмысына қазақзия-лылары да белсене араласты. Мысалы, Орыс географиялық қоғамының Орынбор бөлімінің корреспондент мүшесі Ы. Алтынсарин болды және ол өзінің ғылыми зерттеулерін осы жинақтарда жариялады.

XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда облыстық статистикалық комитеттері қүрылды. Бүл комитеттер статистика, тарих, этнография, мәде-ниет жайлы мәліметтер жинақтап, әрбір облыс бойынша шолу жасап отыр-ды. Семей облыстық статистикалық комитет жүмысына Абай да қатынасты.

Қазақстанды зерттеумен Ресейдің басқа да ғылыми ұйымдары - Ауыл шаруашылық қоғамы, Шығыс тарихы мен археологиясының әуесқойлары, жаратылыстану, шығыстану мен антропология әуесқойлары қоғамы т.б. ай-налысты. Бұл кезеңде Қазақстанда қоғамдық кітапханалар ашыла бастады. 1883 жылы Семейде көпшілікке арналған алғашқы кітапхана ашылды.

Қазақстанның Ресейге қосылуы білім беру жүйесінің дамуына да үлкен ықпал жасады. Ауқатты адамдардың балалары Бұхара, Самарқанд, Хиуа, Ташкент қалаларындағы медреселерде білім алды. Қарапайым көшпелі адамдардың балалары сауаттарын мұсылман мектептерінде немесе ауыл молдаларынан ашты. Діни емес оқу орындары жерплікті патша әкімшіпіпнің қызметкерлерін: тілмаштар мен хатшылар дайындау қажеттілігіне байла-нысты ашылды. Ондай оқу орындарына 1786 жылы Омбыда ашылған Азия-лық мектебі, 1789 жылы ашылған Орынбордағы Үкіметтік мектеп жатты. Онда орыс балаларымен бірге, қазақ шәкірттері де оқыды. 1825 жылы Орын-борда, ал 1846 жылы Омбыда әскери мамандар мен әкімшілік чиновник-терін дайындайтын Кадет корпусы ашылды. Қазақ балаларына арналған зайырлы мектеп 1841 жылы Бекей хандығында, 1850 жылы Орынборда Шекаралық комиссия жанынан ашылды. Қазақ даласында әйелдерге білім беру өте нашар дамыды. 1887 жылы Ырғызда Ы. Алтынсариннің белсенді педагогикалық қызметінің нәтижесінде қыздарға арналған училище ашыл-ды. 1890-1896 жылдары Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтебеде орыс-қазақ қыздар училищелері пайда болды. Алғашқы кәсіби білім беретін оқу орындарынан 1879 жылы негізі қаланған Түркютан мұғалімдер семинария-сы мен 1883 жылы ашылған Орынбордағы қазақ мұғалімдер мектебі болды.

Кейіннен мұғалімдер семинариясы Ақтөбе, Верный, Семей, Орал қала-ларында жұмыс істей бастады. Қазан төңкерісіне дейінп уақытта олар 300-ге жуық қаэақ мұғалімдерін даярлап шығарды. Сондай-ақ XIX ғасырда ауыл шаруашылық және фельдшерлік мектептер де пайда болды. Бірақ қазақөлкесінде бірде-бір жоғары оқу орны болмады. Сол уақытта емір сүріп, қазақ мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан қазақтың көрнекті қайраткерлері Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев XIX ғасырдың екінші жар-тысында қазақ тарихында өшпес із қалдырды

Бұл тарихи кезенде Қазақстанда «Акмолинские областные ведомости», «Оренбургский листок» және т.б. газеттер басылып шыға бастады. 1870 жылы 28 сәуірде «Түркістан уалаяты» газетінің қазақ және өзбек тілдеріндегі бірінші номері жарық көрді.

Музыка өнері де жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Кең байтақ қазақ жерінің әр өңірінде күйшілер мектебі мен сал-серілер мектебі қалыптасты. Әр өңір мектебі өзіндік қайталанбас өнерімен ерекшеленді. Мысалы, күй өнерінде қазақ жерінің батыс өңірінде «төкпе күй» бағыты ерекше дамыса, солтүстік және шығыс еңірінде «шертпе күй» мектебі қалыптасты. XIX ғасырда қазақ музыка өнерінде терең із қалдырған, музыкалық мұралары бүпнп күннің ру-хани құндылығына айналған дүлдүлдер қатарында Құрманғазы Сағырбай-ұлы, Дәулеткерей Шыгайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы сын-ды дарынды күйшілер: Сепз сері, Біржан сал Қожағұлұлы, Ақан сері Қорам-саұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Мұхит Мералыұлы сияқты көптеген сал-сері-лер болды. Мысалы, Құрманғазының бізге мәлім 60-тан астам күйлері, со-лардың ішінде «Сарыарқа», «Балбырауын», «Түрмеден қашқан», «Кішкен-тай» және т.б. қазақ музыка мәдениетінің асыл қазынасына кіретін аспаптық шығармашылықтың биік шыңы ретінде бағаланады. Ал Дәулеткерейдің 40-тан астам куйлері бупнп ұрпаққа мұра болып қалған.

Бұл кезең қылқалам шеберлерінің Қазақстан, оның табиғаты, халқының өмірі жайында салынған сурет өнерініңтуындыларымен белплі болды. Мәсе-лен, 1847-1857 жылдары Қазақ жерінде айдауда болған Т.Г. Шевченконың қылқаламынан туған «Ат үстіндегі қазақ», «Қазақ балалары», «Байғүстар» деген т.б. қазақ өмірін бейнелейтін туындылары бүпнп күнге жеткен.

1860-70 жылдары суретші В.В. Верещагин «Хазірет Йассауи мешіті», «Алатау тауларында» сияқты үздік суреттерін салған. Өйткені бұл кезде ол Түркістан өңірінде саяхатта болған еді.

Сондай-ақ үй ішін, ыдыс-аяқ, жиһаздарды безендіру, тері, жүн, ағаш, темір, тас еңцеу арқылы тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау халықтық қолөнердің жоғары дәрежеде дамығанын айғақтаса керөк.

XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы Ресей империясының өлкені толық отарға айналдыру процесіне тікелей байланысты болды.

 

34.Орыс демократиялық мәдениетінің қазақ зиялыларына әсері. Орыс демократиялық мәдениетінің қазақ зиялыларына әсері
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы — XIX ғасырдың екінші жартысы — XX тасырдың басындаҚазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болтан өзгерістер қазақ халқынын рухани өміріне терең әсер етті. Қазақтардың мәдени өмірінде 19-шы ғасыр ағартушылық кезең деп саналады. Әлемдік өркениет бетін Қазақстанға бұрды. Қазақстанға саяхатшылар, ғалымдар, гоеграфтар, шығыстанушылар келіп, зерттей бастады. Өлкені зерттеуде П.П.Семенов-Тян-Шанский, Н.А.Северцев, И.В.Мушкетов, В.В.Радлов үлкен үлес қосты. Олар өз зерттеулерімен отандық ғылымның өркендеуіне зор үлесін қосты. Білім мен мәдениеттің дамуына алдыңғы қаттарлы орыс зиялылары үлкен ықпал жасады. 1847-1857 жж. украин ақыны Т.Шевченко Қазақстанда айдауда болды. Осындай қызығушылық аясында Ш.Уалиханов бастаған қазақ ағартушылары тарих аренасына шықты. Қазақ ағартушы ғалымдары Шоқан, Ыбырай, Абайлар орыс демократия қоғамы өкілдерімен тығыз байланыста болды. Олардың өз шығармашылығына орыс зиялы қауым өкілдері еңбектері мен олармен достастық орнатуы үлкен себеп болды. Соның бірі Шоқан Уәлиханов. Шоқанға ұстаздары үлкен үміт артты, өйткені Шоқан өте жақсы оқыды. Омскдегі Шоқанның достары С.Я.Капустин,Г.Н.Потанин т.б.
1853 жылы, кадет корпусын аятағаннан кейін Шоқан Сібір казактар әскері қатарына қызметке аттанды. Оның қабылетін байқаған Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорт оны өзінің адъютанты қызметіне шақырады. Бұл қызмет Шоқанды патшалық билік жүйесімен таныстырды.
1856 жылы Ш.Уалиханов географ П.П.Семеновпен танысады. Бұл таныстықтың арты Шоқанның экспедицияларға қатысуына септік болды. Осы жылы Шоқан екі экспедицияға қатысты. Бірі Алакөлден Ыстық көлге дейінгі, екіншісі дипломатиялық тапсырыспен Құлжаға.Бұл экспедициялар барысында Шоқан Уалиханов бай этнографиялық, тарихи материалдар жинады.
Шоқанның үнемі хат жазысып, хабарласып тұратын Петербургтегі достары: Ф. М. Достоевский, А. Н. Майков, В. С. Курочкин т.б. еді. Сол дәуірде Шоқан Уәлиханов көрнекті ориенталист, тюрколог-профессор И. Н. Березинмен хат жазысып, пікірлесіп жүрді. Оған себеп болған И. Н. Березиннің жақын досы өзі әдебиетші-ориенталист Ф. И. Костылецкий еді. Жер аударылып Омбыда жүрген тарихшы-ғалым Гансевский де зор ықпал жасады. Аты шулы әлемге аян ұлы демократ Н. Г. Чернышевскийдің жас досы, әрі шәкірті, өзі әдебиетші В. П. Лободовскийдің де құнарлы әсері тимей қойған жоқ. Ендеше, И. С. Тургеневке Шоқанның қиырда жатып үн қосуы заңды сияқты. Ыбырай Алтынсарин 1879 жылы «Киргизская хрестоматия» және «Начальное руководство к обучению киргизов (казахов) русскому языку» деген екі кітап жазып шығарды. Орынбордағы орысша-қырғызша мектепті бітіргеннен кейін Ыбырай Алтынсарин Қазан университетінің профессоры Н. И. Ильминский, шығыстану ғылымын зерттеуші В. В. Катаринский, статс-советник А. А. Бобровников, орыс-қырғыз (қазақ) мектебінің мұғалімдері В. Д. Соколов пен А. А. Мазохин тәрізді сол кездегі орыс интеллигенттерімен тығыз байланысып отырды. Бұл мектептердің мұғалімдеріне ол педагог Ушинскийдің «Детский мир» («Балалар әлемі»), Крыловтың «Мысалдар» («Басни»), Л. Толстойдың «Азбука и книга для чтения» сияқты орыс педагогтері мен жазушыларының кітаптарын ұсынады. Ы. Алтынсарин өлгеннен кейін оның досы профессор Н. К. Ильминский бастаған біраз авторлар бірігіп, 1891 жылы «Воспоминания об И. А. Алтынсарине» атты кітап шығарды. Орыс-қазақ мектебінің мұғалімі Н. Иванов Ы. Алтынсариннің «Бай баласы мен кедей баласы» деген әңгімесін орысшаға аударды. Әңгімедегі кейіпкерлердің аттарын қойды да, «Асан мен Үсен» деп жазды. Бұл әңгіме («Асан и Усен») 1890 жылғы «Родник» журналында жарық көрді [2, б. 186-195]. Абай XIX ғасырдағы орыс әдебиетінің атақты ақын-жазушылары: А. С. Пушкиннің, М. Ю. Лермонтовтың, М. Е. Салтыков-Щедриннің, Н. А. Некрасовтың, Л. Н. Толстойдың, т. б. Шығармаларын оқыды. Бұларды тек өзі біліп, үйреніп қана қойған жоқ, Крыловтың, Пушкиннің, Лермонтовтың өлеңдерін өзінің ана тіліне аударып, қазақ халқын орыс мәдениетімен таныстырып, оның сана-сезімін оятты. Абай орыс классиктерінің көптеген өлеңдерін: Крыловтың «Қарға мен түлкісін», «Шегіртке мен құмырсқасын», «Өгіз бен бақасын», «Есек пен бұлбұлын», т. б., Пушкиннің «Евгений Онегин» романының үзінділерін, Лермонтовтың «Жалауын», «Қанжарын», «Теректің сыйын», «Бородиносын», «Ойын», т. б. аударды. Абайдың бұл аудармалары күні бүгінге дейін өзге тілден аудару техникасын, мәдениетін меңгеруде ақындарға үлгі-өнеге болып отыр.

35.Демократиялық бағыттың реформатор-ағартушылары. Жаңа қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі, ғалым-шығыстанушы Шоқан Уалиханов туралы біліміңізбен бөліс.Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады. Оның арғы бабасы Абылай хан XVII ғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды. Ал атасы Уәли хан патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді. Шоқанның әкесі - Шыңғыс Уәлиханов білімді адам болған. Ол 1834 жылы Омбыда Сібірдің казак әскери училищесін бітіріп, орыс армиясында жоғары әскери шен - полковник атағын алды және Қазақстанды басқару аппаратында бірсыпыра жауапты қызметтер атқарды: Құсмұрын округінің аға сұлтаны, Сібір қырғыздарының облыстық басқармасының кеңесшісі, Көкшетау округінің аға сұлтаны болды. Россияның алдында сіңірген еңбегі үшін оған өмірлік мұра ретінде дворян атағы берілді. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Мұнда жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Оқытушылар құрамында білімді және прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп болған. Кадет корпусын 1853 жылы он жеті жасында бітірген Шоқан Батыс Сібір генерал губернаторының кеңсесінде қызметке қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік шығыс аудандарын басқаратын генерал губернатор Гасфорттың адьютанты болып тағайындалады. Осы қызметті атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен жағрафиясын зерттеуге белсене араласады. 1854 жылы кадет корпусындағы ұстазы Костылецкийдің өтініші бойынша көрнекті шығыстанушы, Қазан университетінің профессоры Н.И.Березиннің тапсырмаларын орындайды. Березин Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқалары, «Қозы Көрпеш Баян сұлу» жырымен таныс еді. Жас ғалым әйгілі профессор Березин бастырып шығарған "Тоқтамыс ханның жарлығы мен басқа да хан жарлықтары туралы еңбектерге тыңғылықты талдау жасайды. 1855 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторымен бірге Семей, Аягөз, Қапал арқылы Алматыға дейін келіп қайтады. Осы сапарында қазақ, қырғыз,ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясының материалдарын жинай жүреді. Бұл материалдар негізінде кейін ол «Тәңірі (құдай)», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбектер жазады. Сол сапардан кейін оның әскери лауазымы бір сатыға жоғарылап, поручик шенін алады.

1856 жылы полковник М.М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми Ыстықкөл экспедициясына қатысып, қырғыз елін жете зерттейді. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Әлем ғалымдары арасында тұңғыш рет "Манас" эпосының ең шұрайлы бөлігі "Көкетай ханның ертегісі" жырын жазып алады.

Ш. Уәлиханов 1856 жылы аса көрнекті ғалым, белгілі географ П.С. Семенов-Тян-Шанскиймен танысты. Ол жас қазақ ғалымның қабілетіне шын ниетімен сүйсіне қайран қалды. 1857 жылы П.С. Семенов-Тян-Шанскийдің ұсынуымен Ш. Уәлиханов Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне қабылданды. Шығыс Қазақстан мен Жетісуға, қырғыз еліне жасаған сапары Шоқанның ғалым ретіндегі даңқын арттырды. 1857 жылы Шоқан Алатау қырғыздарына сапар шегіп, оның тарихын, этнографиясын және халықтық поэзиясын зерттеді. Кырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Манасты» жазып алды.

1858-1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария сапарына барып қайтты. Шоқанға дейін ол өлкеде бірде-бір зерттеушінің болып қайтуының сәті түспеген еді. Неміс ғалымы Р. Шлагингвейттің еуропалықтар үшін мүлде жабық өлкеге барып қайтпақ болған сапары қайғылы аяқталып, ол қатыгездікпен өлім жазасына душар болған-ды. Шоқан аса қиын құпия жағдайда өз өміріне қатер төндіре жүріп, Қашғария өлкесінің тарихы, этнографиясы, мәдениеті мен геологиясы, географиялық жағдайы жайлы Бұған дейін мүлде белгісіз аса құнды деректер жинап қайтты. Соның негізінде «Алтышардың немесе Қытайдың Нан-JIy провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы» деген атақты еңбегін жазды. Еңбекті Ресейде де, одан тыс жерлерде де шығысты зерттеуші ғалымдар жоғары бағалады.

Патша үкіметі жас ғалымның ғылыми ерлік еңбегін жоғары бағалады. 1860 жылы Санкт-Петербургте ол орденмен марапатталып, әскери шені де жоғарылатылды. Оны орыс патшасы II Александрдің өзі қабылдады. Осы кездесу кезінде Шоқан патшаға орыс шенеуніктерінің қазақ халқына жақсы қарауы жайлы өз өтінішін батыл жеткізді.

Петербургте болған кезінде (1859—1861 жылдары) Шоқан Уәлиханов әр түрлі әскери және ғылыми мекемелерде жұмыс істеді. Ол ресейлік шығыстанушылар мен дипломаттардың, жазушылар мен ақындардың сиынатын нағыз піріне айналды. Шоқан Қазақстан мен Орта Азияның және Шығыс Түркістанның карталарын жасаумен айналысып, қажымай-талмай еңбек етті. Шығыс елдерінің қолжазбаларын мұқият зерттеуді де жалғастырды. Оны Орыс географиялық қоғамы Шығыс тарихы туралы лекциялар оқуға шақырып тұрды.

Алайда Петербургтың ылғалды ауа райы оның денсаулығына жақпады. Денсаулығының нашарлауына байланысты Отанына оралуға мәжбүр болды. Ол Омбыға барып, даладағы жергілікті баскару ісін қайта ұйымдастыру жөніндегі шараларға қатысты. Оның негізгі ойлары «Қырдағы мұсылманшылық туралы», «Қырғыздардың кө- ші-қоны туралы», «Сот реформасы туралы жазбаларда» баяндалады.
1864 жылы Шоқан генерал Черняевтың Оңтүстік Қазақстанға жасаған әскери экспедициясына қатысады. Бірақ әскери қызметі ұзаққа созылмады, генералдың жергілікті халыққа шектен тыс қатыгездік жасауы салдарынан әскер қатарынан өз еркімен кетті.

Шоқан еңбектерінде психологиялық мәселелерге байланысты әр түрлі сипаттағы деректер баршылық. Осылардың ішінде басқа мәселелерден көбірек сөз болғаны — халқымыздың ұлттық санасы, оның ішінде өзіндік психологиялық ерекшеліктері туралы мәселе еді. Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан тарихы мен этнографиясын зерттеген шовинистік рухтағы орыс ғалымдарының еңбектерінде халқымыздың ондаған ғасырлық тарихы бар мәдениетіне қиянат жасалып, тіпті ұлттық психологиямызға күйе жағылып, екінші сорттағы халық деп келгені белгілі. Осындай келеңсіз көзқарасқа қыр жағдайында туған халқының ұлттық ар-намысын қызғыштай қорғап, қазақ халқын "тағы халық" деп қарау мүлде қате, бұл білместіктен айтылған сөз, халқымыз ертеден елдігі, өзіндік өнері бар, ылғи да көшіп-қонудың салдарынан оқу-білімнен кенжелеу қалса да, рухани дүниесі бай, прогресс атаулыға ұмтылғыш, жаңалыққа бейім халық деп тебіренеді. Ол Шығыстың эпосына емес, индогермандық эпосқа ұқсайды", — деп ол түйіндей келе, ол қазақтардың рухани байлығын өркениеті аса бай ірі елдермен төркіндестіре қарайды Шоқан қазақ ақындарының төгілдіре жырлау қабілетін олардың негізгі ерекшеліктерінің бірі деп бағалады.

Шоқан Уәлихановтың пікірінше, халықтық психологиясын көрсететін белгілердің бірі — сол халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қасиеттері. Ол сөз өнері халық бойына біткен зор таланттың, керемет қабілеттің, ақындық қуаттың белгісі деп санады. "Халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрпы, — деп жазды ол, — бәрінен де артық көрініс табады. Өткенді қастерлеу мен аңыздардың молдылығы — терістік және Орта Азия көшпелі халықтарының ерекше қасиеті. Қазақ тілінде араб тіліндегідей жасама бояу сөздер жоқ, ол нағыз таза тіл". Ғұлама ғалымның осы пікірлерін кең-байтақ өлкемізде болған орыс, украин, поляк зиялылары да қостайды. Шоқанның психологиялық пікірлерінің екінші бір арнасы оның дін жөніндегі толғаныстарымен астарласып жатады.





sdamzavas.net - 2017 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...