Главная Обратная связь

Дисциплины:






ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы мәдениет. 2 страница

 

36.Ы.Алтынсариннің ағарту саласындағы орнына талдау жасаңыз..Қазақстандағы Б.б. жүйесінің жолға қойылуына, жалпыға бірдей Білім беру саласының дамуына Ы.Алтынсарин зор еңбек сіңірді. Ол мектептердің бірыңғай жүйесін жасап, оны халықтық принциптің негізінде құрды (қ. Алтынсарин мектептері). Бұл жүйе Білім беру саласына 19 ғ-дың 80-жылдарынан бастап енгізілді. Алтынсариннің орыс-қазақ мектептерінің миссионерлік саясаттан тысқары болуы жөніндегі талабы үкімет орындары тарапынан ескерілмеді. Оның басшылығымен 1889 ж. Орынборда қазақ мұғалімдер мектебі ашылып, ол орыс-қазақ мектептеріне мұғалімдер даярлайтын орталыққа айналды (қ. Орынбор мұғалімдер семинариясы). Мұғалімдер семинариясы 1903 ж. Семейде, 1913 ж. Ақтөбе, Верный, Орал қалаларында да құрылды. 19 ғ-дың аяғында Қазақстандағы Білім беру саласында жәдит мектептері маңызды рөл атқарды. Онда дінді, оның тарихын ғана оқытып қоймай, тарих, логика, шешендік өнернегіздері, география, философия, математика, астрономия, медицина, т.б. пәндер оқытылды. Оқу мерзімі әрбір шәкірттің алғырлығына, үлгерім қабілетіне байланысты өзгеріп отырды. Оқуды бітірген шәкірттерге ресми құжат табыс етілді. Жәдитшілдік бағытындағы ағартушылар өз кезіндегі Білім беру ісіне елеулі еңбек сіңірді.

Ыбырай орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады. Оқыту әдістерін жаңа бағытта құрды, оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде жүргізді. Мектеп оқуында, әсіресе, ана тіліне үйретуде К.Д.Ушинскийдің ойларына жүгінді. Қазақ балаларының таным-түсінігіне лайықты оқу-әдістемелік құралдар жазды. Ол орыс-қазақ училищесінде Ушинскийдің «Балалар дүниесін», Л.Н.Толстойдың «Әліппе және оқу құралын», Д.И.Тихомировтың «Грамматиканың қарапайым курсын» оқу құралы ретінде ұсынды. Ыбырай дің пікірінше, мектептерге арналып жазылатын оқу кітаптары өзінің идеялық мазмұны және нақты материалдары жағынан ана тілінің және халық даналығының бай қазынасына негізделуге тиіс болды. 1879 ж. оның «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығы және дидактик. оқу мәселесі жөнінде «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» жарық көрді. Бұл екі кітап та қазақ балаларын кириллица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралдары болды.
Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән береді. «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық, «қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактикалық оқу құралын жазды. Бұл кітаптарындағы оқушыны отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке — тәрбиелейтін ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мән-мағынасын жоймақ емес.



37.А.Құнанбаев шығармашылығының мәні мен мазмұны.Ақын мұрасында бір жүйеге түсірілген көзқарасын тұжырымдайтын арнайы филос. шығармасы жоқ. Дегенмен, Абайдың кептеген өлеңдері мен прозалық шығармаларында «... адам мен адамгершілік, ұждан, мораль философиясына төтелей қатынасы бар, толып жатқан бөлек-бөлек бір келемді, әрі сапалы ойшылдық пікірлері бар екені даусыз» (Әуезов М. Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер. - А. , 1967, 171-6.). Абай шығармаларын зерттеуге арналған еңбектер жеткілікті болғанымен, оның философияның негізгі мәселелеріне байланысты көзқарастары жөнінде әлі күнге дейін тиянақты пікір тұжырымдалған жоқ. Ойшыл ақынның терең ойы мен дүниетанымының ішкі мазмұны ақырына дейін ашылып, түсіндірілмей келеді. Бұған қоғамдық болмыстың өзекті мәселелері жөніндегі оның көзқарасының күрделілігі, жүйесіздігі, тіпті, кейде қарама-қайшылықтары белгілі дәрежеде қыңдық туғызды. Абай шығармашылығын зерттеудің алғашқы кезеңінде, 20-30 жылдарда ақынның идеялық мурасы қызу айтыстар тақырыбына айналды, «Абай философиясын» діншілдігі басым әдеттегі бурж. идеалистік философияның жамап-жасқаған бір түрі деп дәлелдемек болушылар да табылды (Қабылов I. Қазақ ақыны Абайдың философиясы және оған сын. «Советская степь», 1928,2тамыз). Көрнекті мәдениет қайраткерлері мен жазушылар: М. О. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұбанов, С. Садуақасов, С. Қожанов, I.Жансүгіровты. б. Абайдың ақындық мұрасын арнайы- социологиялық шабуылдан қорғап, мақалалар жазды. «Көзқарасының қарама-қайшылықтарына қарамастан, -деп жазды Мұқанов, - Абай бұл сөздің ұнамды мәнінде ең озық реалист-суреткер болды және сонысы үшін де біз оны құрмет тұтамыз, сондықтан да оның әдеби мұрасы біз үшін баға жетпес байлық болып табылады, тап солай болғандықтан да қазақ халқы Абайды өзінің аса ірі ұлттық ақыны деп біледі» («Казахстанская правда», 1934, ЗО көкек).

Ақын шығармалары 19 ғ-да Қазақстанда демокр. қоғамдық ойдың қалыптасып, дамуына негіз болған басты-басты идеялық үш қайнардан нәр алды: 1) қазақтың ауыз әдебиеті мен еткен замандардағы жазба ескерткіштерінен сусындаған алдыңғы қатарлы халықтық дәстүр; 2) ежелгі және орта ғасырдағы Шығыс ойшылдарының таңдаулы шығармалары; 3) орыстың материалистік философиясы мен демокр. мәдениеті, сол арқылы дүн.жүз. (ең алдымен Батыс Европаның) филос. ойдың жетістіктері. Әуезов бұл идеялық бағыттарды бір-бірімен табиғи ұштасып, жалғасып кететіндігін айта келіп, Абай дәуірі үшін осылардың ішінде үшінші қайнармен, орыс классиктерінің шығармаларымен таныстықтың маңызы аса зор болғанын, Қазақстандағы қоғамдық ойдың болашақта жандана түсуіне ықпал еткенін атап көрсетті. Ғалым Абайдың орыс әдебиетімен және филос. озық ойымен байланысын оның аударған шығармаларының санымен немесе оған рев. демократтар идеясы ықпап етті деген қарапайым түсініктерді еске алумен ғана дәлелдемек болған «жеңіл-желпі, қара дүрсін пікірлерге» қарсы шықты. Ол Абай шығармашылығының еткен заман ойшылдарының теориялық мұраларымен байланысын анықтайтын мәселелердің тым тапшы зерттелгеніне өкініш білдірді; Абайдың орыс әдебиетіне ғана емес, сонымен қатар адамзаттың бүкіл рухани мәдениетіне қатынасын тұтастай даму үстіңде: «орыс және қазақ халқының байланыстарын сол кезеңнің мазмұнын анықтайтын саяси оқиғалармен тығыз органикалық байланыста қарастыратынының» (Әуезов М. Әр жылдар ойлары. -А., 1961,148-149-6.) методологиялық маңызы аса зор.

Өз заманының ғұламасы болған Абай кептеген орыс жазушылары мен философтарының, әсіресе, А. С. Пушкиннің, М. Ю. Лермонтовтың, И. А. Крыповтың, В. Г. Белинскийдің, А. И. Герценнің, Н. Г. Чернышевскийдің, Н. А. Добролюбовтың шығармаларын оқып, зерттеді, орыс рев.-демократтарының озық ойы оның дүниетанымының қалыптасуына үлкен ықпал етті. Ойшыл-ақын ежелгі заман философтары Сократ, Платон, Аристотель, сондай-ақ, Шытыстың ұлы ойшылы әл-Фараби мұраларымен де жақсы таныс болды; Батыс Европа философиясын, дәлірек айтқанда Р. Декарт, Б. Спиноза, Г. Спенсер, Л. Фейербах еңбектерін оқыды:«... езінің рационалдық философиясын Абай кездейсоқ жасай салған жоқ, алдымен осындай бай школалардың оқуынан етіп алып, сөйтіп, буларды езінің творчестволық өңдеуінен еткізген соң ғана жасай алды» (Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. - А. , 1969, т.15 , 141-6.). Ол Ч. Дарвиннің даму теориясы мен анатомиялық ілім негіздерін білді. Абайдың жаратылыстану ғылымындағы білімінің кеңеюіне орыстың материалистік психологиясы, нақтырақ айтқанда И. М. Сеченов пен К. Д. Ушинский еңбектері маңызды қызмет атқарды. Ақынның дүниетанымына сол кезеңде Семейде тұрған, орыстың саяси жер аударылған адамдарымен достығы игі әсерін тигізді. Олардың арасында Е. П. Михаэлис, Н. И. Долгополов т. б. демокр. идеяда тәрбиеленген алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдері бар еді. Абай Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталуына байланысты патриархалдық-феод. қатынастар ыдырап, капит. қатынастар дами бастаған, қазақ ауылдарында, таптық тартыс пен жіктелу күшейген 19 ғ-дың 2-жартысынца өмір сүрді (қ. Абай дәуірі). Орыстың озық экономикасы мен мәдениетінің ықпалымен қазақ қоғамында жүзеге асқан прогрессивті өзгерістер ақын дүниетанымының қалыптасуына белгілі дәрежеде ықпап етті. Абайдың кептеген өлеңдерінде терең филос. ойлары, табиғатқа, болмысқа көзқарастары, таным, ақыл, санат. б. жайлы толғаныстары көрініс тапқан: «Өлсе елер табиғат, адам өлмес», «Көк тұман - алдындағы келер заман» т. б., 45 «сөзден» туратын қара сезбен жазылған «Ғақлиялары» - ақынның филос. көзқарасының мәйегі, езінің мәні мен тұжырымдарының тереңдігі жағынан ұлттық мәдениет шегінен әлдеқайда асып түсіп жатқан маңызды мура. Бұл «Сездер» қазақ халқының сан ғасырғы тәжірибесінен (мәдениет, тарих, дәстүр, әдет-ғұрып, адамгершілік қасиеттер т. б.), адам және адамзат туралы ойларынан сусындаған. Абай шығармаларын зерттеушілер ойшылдың философияның негізгі мәселесін шешуге байланысты көз қарастарын бағалауда нақты бір тұжырымға тоқтаған жоқ. Бірқатар зерттеушілер философияның негізгі мәселесін шешуде «Абай теист болды» деген пікір айтады. Мыс., О. А. Сегізбаев «философиялық дүниетаным саласында ол тұтасымен деизм бағытын ұстады. Барлық деистер сияқты оның шығармаларынан материалистік бағдар мейлінше анық көрінеді» деп есептейді (Сегізбаев О. А. Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі еркін ойлау дәстүрі мен атеизм. - А. , 1973, 108-6.). Дегенмен, өзінің бұдан кейінгі зерттеулеріңде Сегізбаев: «Ыбырай Алтынсариннің, әсіресе, Абай Құнанбаев философиясының мәнін толық аштық деу әлі ерте... Абай философиясының мазмұнын барынша толық ашу үшін оның шығармаларының шығыс, орыс және дүниежүзілік философияның мәдениетімен байланысын мейлінше терең зерттеу қажет, ал бұл әлі жеткілікті деңгейде қолға алынбаған нәрсе» деп мойындайды (С е г і з б а - ев О. А. Революцияға дейінгі Қазақстаңцағы қоғамдық ойдың материалистік және атеистік бағдарлары. Автореферат. Ташкент, 1979, 37-38-6.). Бұл еділ тұжырымдармен келіспеуге болмайды. Абай дүниетанымының бағыттарын зерттеуге Әуезов елеулі үлес қосты. Ол Абайдың көптеген өлеңдері мен 19 ғ-дағы көрнекті орыс ойшылдарының шығармаларын салыстыра зерттеу арқылы олардың терең тамырластығын ашып берді. «Біз Абайдың бірде жекелеген өлеңдерінен, бірде қарасөзбен жазылған «ойларынан» («Ғақлияларынан»), - деп жазды Әуезов, - Белинскийдің ойларымен, Герценнің ойларымен, Чернышевскийдің, Добролюбовтың көз қарастарымен, олардың «Современник» беттерінде айтқан пікірлерімен жиі ұшырасамыз» (Әуезов М. Әр жылдар ойлары. - А. , 1961, 157-6.). Ұзақ жылдар бойғы ізденістер нәтижесінде Әуезов Абайдың дүниетанымы мен демокр. көз қарастарына Чернышевскийдің рухани мұрасы игі ықпалын тигізді деген тұжырымды дәлелдеп шықты. Патриархалдық-феод. қазақ қоғамында өмір сүріп, аса күрделі де қайшылыққа толы жағдайда өлең жазған Абай мұрасын зерттеу барысында еткен ғасырлардағы ойшылдар шешкен мәселелердің шынайы мазмұнын анықтау онша жеңіл жұмыс еместігін есте ұстау керек, өйткені оларға идеологиялық тұрғыдан саяси логика. құрылымнан «берік сауыт киім» кигізілетін. Ойшыл-ақынның жеке шығармаларына ғана талдау жасамай, оның бүкіл әдеби мұрасының идеялық мазмұны мен ішкі логикасын тұтастай қарастыра қорытындылайтын болсақ, Абай рационализм мен демократизм бағытын ұстады деп толық айтуымызға болады, осының езінен орыстың материалистік философиясының, ең алдымен Чернышевскийдің ықпалы айқын көрінеді. Рас «ақын Қазақстанның экономик. және мәдени мешеулігі жағдайында айқын да толық жетілген революциялық-демократиялық дүниетаным деңгейіне көтеріле алған жоқ, дегенмен ол ешқандай бұлталақсыз революцияшыл демократтарды жақтады» (Әуезов М. Әр жылдар ойлары. 210-6.). Абай филос. рационализм мен демократизм рухындағы езінің ең басты идеялық ұстазы және тәрбиешісі болған Чернышевский көз қарастарының негізін терең түсіне білді. Ойшыл-ақын оның әр түрлі филос. жүйелерге сын кезбен қарап, қорытынды жасайтын еңбектері арқылы Демокриттен бастап Фейербахқа дейінгі Батыс Европа философиясымен танысты. Абай табиғаттың объективті шындығын, әлемнің адамдар еркінен, қалауынан және санасынан тыс өмір сүретінін мойындайды. Ол әлемнің пайда болуы мәселесін «... дүние әрбір бір түрлі керекке бола жаратылып және бір-біріне себеппен байланыстырылып, пенденің ақылына өлшеу бермейтұғын көркем загонға қаратылып жаратылды», - деп түсінген. Атомистиканың кене заманнан бері материалистік дүниетанымының негізі саналғаны белгілі. Абай тұжырымдарына қарағанда оның осы іліммен, соңдай-ақ, атомизмнің дамуына зор үлес қосқан М. В. Ломоносов, А. М. Бутлеров, Д. И. Менделеев еңбектерімен таныс болғаны анық. Ойшылдың пікірінше табиғатта бәрі де объективті түрде өмір сүреді, барлығы да белгілі бір заңдылыққа сай және соған бағынады. Сондықтан да ақын себептілік байланысты, «әрбір істің себебін» тани білу қажет деп есептейді. Табиғат құбылыстарын тұрақты қозғалыста және даму үстінде, өзара байланысты және себептес деп қарастыратындықтан, ақын әлемнің бір орнында тұрмайтынын атап көрсетеді. Адамның өмірі мен қуаты да өзгеріссіз болмай тұрмайды. Абай әлемнің шексіздігін, қозғалыстың мәңгілігі мен қайталанбайтынын, тыныштықтың салыстырмалы түсінік екенін айқын түсіңді:

 

38.Абай, Ахмет Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытовтардың музыкалық мұралары туралы не білесіз?

Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі - олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында.

Жаңа ырғақ - өлшеу, жаңа кейіпті мелодия жолы, жаңа үн сөздіктері - осы үшеуі Абай музыкасының жаңалығы болды. Бұрынғы он бір және жеті-сегіз буынды өлеңдермен айтылатын әндерге Абай әңдері ұқсамады. Абай тудырған жаңа поэзия лебі оның әндеріне де жаңа лебіз берді. Орыстың ұлы ақындарын үлгі тұтқан Абай музыка дүниесінде де мұсылмандық шығыстың құран оқу әуезінен үн сөздіктерін іздемегені былай тұрсын, өзіне дейінгі болып келген қазақтың халықтық әндерінің бірқалыптас тілдерін де місе тұтпады. Ол орыстың әдет- ғұрып музыкасы, қала романстарын ести, тыңдай отырып, солардан шығармашылық үлгі алды. Оның үстіне Абайдың «Евгений Онегинді» аударып, «Татьяна хатына» өзінің ән шығаруы, А. А. Дельвиг пен М. М. Глинканың «Сұрғылт тұманын», А. Г. Рубинштейннің «Мен көрдім», М. Ю. Лермонтовтың «Қараңғы түнде тау қалғыбын» аударып, ояарға ән шығарғаны - Абайдың музыкалық сөздігін байытуға әсер етті. Тағы бір айта кететін нәрсе - Абай әндері, сөзі мен музыкасы біте қайнасып жатқандықтан, өзіне дейінгі қазақтың халық әндерінше, орындаушының керінген өлеңге жегіп алып, жүре беруіне келмейді. Мысалы, «Қараторғай», «Екі жирен», «Жиырма бес», «Аққұм» сияқты әндерді бірінің сөзімен бірін айта бересің де, Абайдың «Сегіз аяқ», «Қор болды жаным», «Көзімнің қарасы», «Бойы бұлғаң» сияқты әндерін бірінің сөзімен бірін айта алмайсың. Қазақтың халықтық ән дәстүрінде бұл да бұрын-соңды кездеспеген жағдай деп айта аламыз.

Ахмет Байтұрсынұлының музыкалық мәдениетке деген көзқарасы жайлы нақты дерек жоқтың қасы. Бұл Ахмет Байтұрсынұлы тұлғасының сан қырлы табиғатын тануға мүмкіндік берер еді. Затаевич қызмет бабымен Орынборда болған кезінде қазақтың халық мұрасын жинап, зерттеумен шындап айналысады. Бұл саладағы оның еңбектерінің нәтижелері жұртқа жақсы таныс: Қазақстанның музыкалық фольклорының 2300-ден аса шығармасын жазып алды, «Қырғыз (қазақ) халқының 1000 әні», «Қазақтың 500 әні мен күйі» атты іргелі еңбектері жарық көрді. Александр Затаевич «Қырғыз (қазақ) халқының 1000 әні» кітабының бірінші басылымының алғысөзінде бұл еңбектің жарық көруіне ықпал еткен бірнеше адамның есімін ерекше атаған. Олардың ішінде Ахмет Байтұрсынұлы мен Әлихан Бөкейхан бар. Александр Затаевич олардың жоғары біліктілікпен берген түсініктеме, нұсқауларын өзінің көп пайдаланғанын жазады. Александр Затаевичтің «Қырғыз (қазақ) халқының 1000 әні» деген кітабының түсініктемелерінде Ахмет Байтұрсынұлының музыкалық қабілеті жөнінде берген құнды мінездемелер бар. «Қырғыз (қазақ) халқының 1000 әні» кітабында Байтұрсынұлы айтқан 19 әннің нотасы бар. Көпшілігіне жеке-жеке түсініктеме берілген. Мысалы, «Қара көз» әні жайында автор «әннің Байтұрсынов өңдеген нұсқасы халық арасында кең танымал» деп жазады. Затаевич «музыкалық дарынның басты дәлелі – осындай қиын вокалдық пьесаны жаттап алып айту қабілеті» дейді.

Шәкәрімнің әндерін алғаш рет нотаға түсірген голландық Альвин Эрнестович Бимбоэс. Ол 1919 - 1922 жылдар аралығында Ақмола саяси бөлімінде нұсқаушылық қызмет атқарып жүріп, қазақ әндерін нотаға түсірумен шұғылданады. Соның нәтижесінде 1926 жылы Н.Ф. Финдейзеннің редакциялауымен шыққан «Музыкалық этнография» жинағында Бимбоэстің қазақ музыкасы туралы жазған көлемді мақаласына қоса қазақтың жиырма бес әнінің нотасы басылады. Осы аталған жинақтың ішінде «№ 1 Шакарим», «№ 2 Шакарим» деген атпен Шәкәрімнің екі әні жарық көреді. Бірақ, екі әннің де өлеңі нота астына жазылмаған, тек орыс тілінде мазмұны берілген. А.Э. Бимбоэс нотаға түсірген «№1 Шакарим» әнінің екінші түріА.В.Затаевичтің 1925 жылы шыққан «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына «Тілек - бата» деген атпен енген. Ал Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген әні А.В. Затаевичтің 1931 жылы жарық көрген «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинағында «Шәкәрім Құдайбердин әні» деген атпен жарияланған. Осы жинақтың № 156 анықтамасында А.В.Затаевич: «Шәкәрім Құдайбербин - Семей уезінің қарт ақыны, қазір тірі, жасы жетпістер шамасында. Жинақта келтірілген әнін орыс әндерінің үлгісіне еліктеп шығарса керек, - деп жазған.

Шәкәрім әндері қазақ композиторларының шығармаларына да арқау болды. Ахмет Жұбановтың «Абай» сюитасының бірінші бөліміне, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсындағы Айдардың ариозосына, Айдар мен Ажардың дуэтіне сазгердің шығармалары пайдаланылды. Ал ақын поэмаларының сюжеті еліміздің ақын-жазушыларының, композиторларының шығармашылығынан кең орын алғанын айтсақ артық болмас. Мысалы, «Қалқаман - Мамыр» балетіне, «Еңлік - Кебек» пьесасына, «Еңлік - Кебек» операсына Шәкәрім туындылары арқау болғаны барша жұртқа аян.

Патриоттық өлең жазуға белсенді араласқан Алаш қайраткерлерінің бірі ретінде қаламгер Жүсіпбек Аймауытұлын ерекше атауға болады. Жазушының Патша Үкіметі құлап, 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін жазған «Алаш маршы», «Ұран» өлеңдері Алашорда Үкіметін орнатуға деген ниетінен туған болса, «Еңбекшілдер ұраны» («Интернационал»), «Жас әскер» («Молодая гвардия»), «Жас көсемдер маршы» (сол уақыттағы орыс тіліндегі танымал жастар әні) сияқты орыс тілінен аудармалары Кеңес Үкіметі орнағаннан кейін, жазушының 1919 жылы коммунистік партияның қатарына қабылданғанынан кейін жазылған туындылары болып саналады.

 

39.ХХ ғасырдың басындағы қазақ мәдениеті.Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға аса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты.

Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері - А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулыгын Қаныш Сәтбаев, географиядан - Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров ңурастырды. 1929 жылы араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жүзеге асырылды.

XX ғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады. Осы кезеңге Спандияр Көбеевтің шығармашылығы тән. С. Көбеевтің шығармашылық жолы орыс жазушыларының шығармаларын казак тіліне аударудан басталды. С. Көбеевтің И. Крыловтан аударған мысалдар жинағы 1910 жылы жарық көрді. 1913 жылы басылған «Қалың мал» романы қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі оқиға болды.





sdamzavas.net - 2017 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...