Главная Обратная связь

Дисциплины:






ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы мәдениет. 4 страница

43. Қазақ кеңестік өнердің қалыптасу.20-50-жылдарда репрессияларға қарамастан Қазақстан мәдениеті жетіліп, әдебиеттің дәстүрлі және драма жанрлары дами түсті. 20-жылдардың ортасына дейін Қазақстанда әуесқой театр топтары болды. Олардың ішінде ең танымал болғандары - Семей әуесқой театр тобы және Халықка білім берудің Орынбордағы қазақ институты. Институт негізінде 1926 жылы қаңтарда Қызылордада тұңғыш кәсіби қазақ театры ашылды. Онда М. Әуезов, Ж. Шанин, С. Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев, Қ.Жандарбеков, З.Атабаева және басқа да дарынды драматургтер, режиссерлер және артистер жұмыс істеді. Бұл кезеңде Қазақстанның тұңғыш кәсіби суретшісі Ә.Қастеев керемет туындылар жазды. Қазақ көркемсурет өнерінің қалыптасуы мен дамуы, Қазақстан көркемсурет мектебінің өзіндік даму жолы оның есімімен байланысты. Оның шығармашылығы 20-жылдардың соңында басталды. Ол жазған көптеген акварель туындылар «Ескі және жаңа тұрмыс» деген топтама ретінде белгілі. Суретші туындыларынан ұлттық ерекшелікке, адам жанына терең үңілуге, тарихқа, халықтың салт-дәстүріне деген шынайы көзқарасы анық байқалады. Оларда сомдалатын бейне шынайылығы суретші шығармашылығының езіндік ерекшелігі. Ә.Қастеев жазған мыңнан астам картиналар мен суреттер «республиканың көркемсурет қолжазбасы» деп бекер аталмаған. Ә.Қастеев туындыларында Қазақстанның жазира даласы суретшіге тән терең лирикамен бейнеленген. Соғысқа дейінгі кезеңде Ә.Ысмайылов, X. және К.Қожықовтар, Б.Сәрсенбаев, О.Таңсыкбаев сияқты қазақ суретшілері жұртшылыққа кеңінен танымал болды. Соғыс жылдарында Қазақстанда ұлттық көркемсурет өнерінің дамуына зор үлес қосқан Украина, Белоруссия, Ленинград және Мәскеуден келген суретшілер жұмыс істеді. Қазақ халқының музыкалық мәдениетінде үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Қазақстан композиторлары 300-ден астам музыкалық шығармалар: опералар, симфониялар, әскери-патриоттық әндер жазды. Соғыс жылдарында опера өнері дами түсті. 1942 жылы Е. Брусиловскийдің «Гвардия, алға!», 1944 жылы А. Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» опералары қойылды. Соғыстан кейінгі жылдарда Е. Брусиловский мен М. Төлебаевтың «Амангелді», А. Жұбанов пен Л.Хамидидің «Төлеген Тоқтаров», М. Төлебаевтың «Біржан - Сара» опералары жазылды. 1949 жылы осы операның авторларына және негізгі партиясын орындаушыларға КСРО Мемлекеттік сыйлықтары тапсырылды. 1940 жылы «Көктем» атты алғашқы қазақ балеті қойылды. Соғыс жылдарында Қазақ музыкалық театрының балетіне Г. Березова жетекшілік етіп, сахнада әлемге әйгілі артистер өнер көрсетті. 1942 жылы маусымда Галина Уланова Алматыда алғаш рет театр сахнасына шықты. Республикада жаңа театрлар ашыла бастады. 1937 жылы Қызылордада Корей музыка-драмалық театры, ал 1944 жылы Алматыда Балалар мен жасөспірімдер театры ұйымдастырылды. 1937 жылы Қазақ театры академиялық театрға айналды, бірқатар актерлер республиканың халық және еңбек сіңірген артистері атақтарын алды. Облыстық және көркемөнерпаздар театрларының саны артты. Ш. Айманов, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов, К. Қармысов, X. Бекеева сияқты актерлер елге танылды, Ы. Ноғайбаев, Н. Жантөрин және т. б. актерлік өнер жолын бастады. Соғыстан кейінгі жылдары жазба әдебиет те дамыды. Д. Әбілев, Ө. Сәрсенбаев, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов, Ө. Шәріпов, Ә. Әбішев, Ғ. Мұстафин қазақ кеңес әдебиетінің танымал шеберлеріне айналды. Әдеби жанр түрі көп болғанымен, тақырыптарды таңдау аясы шектелді. Көркемөнер мен әдебиетті жаңғыртпақ болған өнер адамдарының шығармашылығына шек қойылды. 20-30-жылдардағы қуғын-сүргінге ұшырап, таптық методологияға негізделген әдебиет социалистік құрылыстың тек жақсы жақтарын, халықтың социалистік жасампаз өмірін, халықтар достығын, жаңа қоғамдық қатынастарды бейнеледі. Соғыстан кейінгі уақытта әдебиетшілер шығармашылығы қатаң идеологиялық бақылауға алынды. Соған қарамастан 40-жылдардың аяғы мен 50-жылдардың басы Қазақстан кеңестік әдебиетінің гүлденген кезі болды. 1947 жылы М. Әуезовтің «Абай» романының 2-томы басылып шықты, 1948 жылы, С. Мұқановтың «Сырдария», Ғ. Мұстафиннің «Миллионер», 1949 жылы Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романдары жарық көрді. 1949 жылы «Абай» романы үшін М. Әуезовке КСРО Мемлекеттік сыйлығы беріліп, роман жазушыға дүниежүзілік даңқ әкелді. 50-жылдардың басында қазақтың көрнекті ақын-жазушыларының, Ғ.Мұстафин, Ғ.Мүсірепов, Ә. Тәжібаев, Т. Жароков және т.б. шығармалары жарық көрді. Соғысқа дейінгі уақытта қазақ киносы да қалыптасты. 1938 жылы Қазақстанда тұңғыш көркем фильмдер студиясы ашылды. 1938 жылдың соңында Алматы кинохроника студиясы ұйымдастырылып, қазақтың тұңғыш дыбысты деректі фильмі «Жамбыл ата» көрерменмен табысты. Осы жылы «Ленфильм» киностудиясында қазақстандық кинематографистердің алғашқы көркем фильмі- «Амангелді» түсірілді. 1941жылы Мәскеу және Ленинград киностудиялары Қазақстан астанасына қоныс аударып, олар Алматы көркем фильмдер киностудиясымен бірігіп көптеген фильмдер түсірді. Олардың қатарына «Екі жауынгер», «Илья Муромец» және т.б. фильмдерді жатқызуға болады. 1945 жылы Алматы көркем фильмдер киностудиясы тұңғыш рет өз күшімен «Абай әндері» фильмін жарыққа шығарды. Сол жылдары «Буратиноның бастан кешкендерінің» авторы A. Н. Толстой, Самуил Маршак, жазушылар Михаил Зощенко және Константин Паустовский, «Степа ағайдың» авторы және қазіргі белгілі кинорежиссер Никита Михалковтың әкесі Сергей Михалков, атақты режиссер С. М. Эйзенштейн, белгілі актерлер Николай Черкасов, Михаил Жаров, Любовь Орлова, Марина Ладынина, Николай Крючков, Борис Андреевтер Қазақстан астанасында тұрып, еңбек етті.



44. Ұлы Отан соғысынан кейінгі мәдениет. Әдебиет. Ғылым.Қазақ халқының музыкалық мәдениетінде үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Қазақстан композиторлары 300-ден астам музыкалық шығармалар: опералар, симфониялар, әскери-патриоттық әндер жазды. Соғыс жылдарында опера өнері дами түсті. 1942 жылы Е. Брусиловскийдің «Гвардия, алға!», 1944 жылы А. Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» опералары қойылды. Соғыстан кейінгі жылдарда Е. Брусиловский мен М. Төлебаевтың «Амангелді», А. Жұбанов пен Л.Хамидидің «Төлеген Тоқтаров», М. Төлебаевтың «Біржан - Сара» опералары жазылды. 1949 жылы осы операның авторларына және негізгі партиясын орындаушыларға КСРО Мемлекеттік сыйлықтары тапсырылды. 1940 жылы «Көктем» атты алғашқы қазақ балеті қойылды. Соғыс жылдарында Қазақ музыкалық театрының балетіне Г. Березова жетекшілік етіп, сахнада әлемге әйгілі артистер өнер көрсетті. 1942 жылы маусымда Галина Уланова Алматыда алғаш рет театр сахнасына шықты. Республикада жаңа театрлар ашыла бастады. 1937 жылы Қызылордада Корей музыка-драмалық театры, ал 1944 жылы Алматыда Балалар мен жасөспірімдер театры ұйымдастырылды. 1937 жылы Қазақ театры академиялық театрға айналды, бірқатар актерлер республиканың халық және еңбек сіңірген артистері атақтарын алды. Облыстық және көркемөнерпаздар театрларының саны артты. Ш. Айманов, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов, К. Қармысов, X. Бекеева сияқты актерлер елге танылды, Ы. Ноғайбаев, Н. Жантөрин және т. б. актерлік өнер жолын бастады. Соғыстан кейінгі жылдары жазба әдебиет те дамыды. Д. Әбілев, Ө. Сәрсенбаев, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов, Ө. Шәріпов, Ә. Әбішев, Ғ. Мұстафин қазақ кеңес әдебиетінің танымал шеберлеріне айналды. Әдеби жанр түрі көп болғанымен, тақырыптарды таңдау аясы шектелді. Көркемөнер мен әдебиетті жаңғыртпақ болған өнер адамдарының шығармашылығына шек қойылды. 20-30-жылдардағы қуғын-сүргінге ұшырап, таптық методологияға негізделген әдебиет социалистік құрылыстың тек жақсы жақтарын, халықтың социалистік жасампаз өмірін, халықтар достығын, жаңа қоғамдық қатынастарды бейнеледі. Соғыстан кейінгі уақытта әдебиетшілер шығармашылығы қатаң идеологиялық бақылауға алынды. Соған қарамастан 40-жылдардың аяғы мен 50-жылдардың басы Қазақстан кеңестік әдебиетінің гүлденген кезі болды. 1947 жылы М. Әуезовтің «Абай» романының 2-томы басылып шықты, 1948 жылы, С. Мұқановтың «Сырдария», Ғ. Мұстафиннің «Миллионер», 1949 жылы Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романдары жарық көрді. 1949 жылы «Абай» романы үшін М. Әуезовке КСРО Мемлекеттік сыйлығы беріліп, роман жазушыға дүниежүзілік даңқ әкелді. 50-жылдардың басында қазақтың көрнекті ақын-жазушыларының, Ғ.Мұстафин, Ғ.Мүсірепов, Ә. Тәжібаев, Т. Жароков және т.б. шығармалары жарық көрді. Соғысқа дейінгі уақытта қазақ киносы да қалыптасты. 1938 жылы Қазақстанда тұңғыш көркем фильмдер студиясы ашылды. 1938 жылдың соңында Алматы кинохроника студиясы ұйымдастырылып, қазақтың тұңғыш дыбысты деректі фильмі «Жамбыл ата» көрерменмен табысты. Осы жылы «Ленфильм» киностудиясында қазақстандық кинематографистердің алғашқы көркем фильмі- «Амангелді» түсірілді. 1941жылы Мәскеу және Ленинград киностудиялары Қазақстан астанасына қоныс аударып, олар Алматы көркем фильмдер киностудиясымен бірігіп көптеген фильмдер түсірді. Олардың қатарына «Екі жауынгер», «Илья Муромец» және т.б. фильмдерді жатқызуға болады. 1945 жылы Алматы көркем фильмдер киностудиясы тұңғыш рет өз күшімен «Абай әндері» фильмін жарыққа шығарды. Сол жылдары «Буратиноның бастан кешкендерінің» авторы A. Н. Толстой, Самуил Маршак, жазушылар Михаил Зощенко және Константин Паустовский, «Степа ағайдың» авторы және қазіргі белгілі кинорежиссер Никита Михалковтың әкесі Сергей Михалков, атақты режиссер С. М. Эйзенштейн, белгілі актерлер Николай Черкасов, Михаил Жаров, Любовь Орлова, Марина Ладынина, Николай Крючков, Борис Андреевтер Қазақстан астанасында тұрып, еңбек етті.

45. 1944 жылы басталып, 1952 жылы Ермұқан Бекмахановтың 25 жылға сотталуымен аяқталған даудың басы «Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі» деген ғылыми тұжырым еді.

Қазіргі тарих ғылымында орныққан бұл тұжырымды әуел баста көтерген ғалым сегіз жыл әуре-сарсаңға түсіп, ақыры бір жарым жылын ГУЛАГ абақтысында өткізді. Бекмахановтың саналы ғұмырының он екі жылдық сергелдеңіне кейбір отандық тарихшылар да «үлес» қосты.

Республика басшылығы «ұлтшыл» Бекмахановты қатаң айыптай отырып, осынау «ұлтшылдықты жөргегінде тұншықтырмаған» сол кезде Қаныш Сәтбаев басқарған Қазақ ССР Ғылым академиясын аяусыз сынады.. Соның нәтижесінде Бекмаханов қана емес, басқа да ұлтшылдар «табыла қалып», қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуші Есмағамбет Ысмайылов, Қажым Жұмалиев, т.б. ғалымдар да сотталды. Ал Қаныш Сәтбаев Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Қамауға алу туралы сөз бола бастағанда КГБ офицерлерінің бірінің астыртын жанашырлық ескертуінен кейін Мұхтар Әуезов те табан астында Мәскеуге ұшып кетті.

Бекмахановтың еңбегінде Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың «феодалдық-монархиялық қозғалыс» деп аталмай, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі ретінде қарастырылуынан шыққан даудың соңы қазақ ғалымдарының осылайша тағы да жаппай қуғын-сүргінге ұшырауына әкеліп соқты. Қазақ ғылымын үрей биледі.

Сталин өлгеннен кейінгі жылымықта Бекмаханов ісі де қайта қаралып, 1954 жылғы ақпанның 16-ы толық ақталып шықты. Бұған Хрущевтің қабылдауына барып, мән-жайды түсіндірген Панкратова да үлес қосқан еді.

Сот шешіммен ақталып келгеніне қарамастан Ермұқан Бекмахановтың қоғамға қайта сіңуі оңай болмады. Бірінші хатшы Пантелеймон Пономаренконың араласуынан кейін ғана санатқа іліне бастады. Осындай қиын кезеңдерде Бауыржан Момышұлының Бекмахановқа қалай ашық қолдау көрсеткені «Ермұқан Бекмаханов туралы естеліктер» (А.,2005) кітабында баяндалады.

Бостандыққа шыққаннан кейін Бекмаханов докторлық диссертациясын қайта қорғауға мәжбүр болды. Әрине, бұрынғы «қателіктер түзетілді». Кейінгі еңбектерінде маркстік-лениндік әдіснамадан қия баспайтын болды. Ермұқан Бекмаханов пен қызы Найля Бекмаханованың авторлығымен өңделіп, 1977 жылы он алтыншы рет жарық көрген, 7-8 кластарға арналған «Қазақ ССР тарихы» оқулығында «Кенесары Қасымовтың 1937-1938 жылдардағы феодалдық монархиялық қозғалысы» деп аталатын 29-параграф бір-ақ беттен тұрады. Осы беттегі «Кенесары Қасымовтың қозғалысы реакцияшыл, қазақ ақсүйектерінің феодалдық монархиялық қозғалысы еді. Бұл қозғалыс Қазақстанда ортағасырлық тәртіпті нығайтуға бағытталып, Қазақстанның Россияға қосылуына бөгет жасалды» деген қорытынды жоғарыда аталған «Правда» газетіндегі тұжырыммен сөзбе-сөз.

46. Марғұлан КСРО ғылым академиясының академигі А.Е.Ферсман мен профессор С.И.Руденконың басшылығымен ұйымдастырылған Қазақстан және Алтай археология және этнография экспедицияларының (1926–27) жұмысына қатысты.Экспедиция кезiнде Ә.Н.Бөкейхановпен тығыз қарым-қатынас орнатып, бiрлесiп қызмет жасады. Марғұлан 1928 жылдан қазақ халқына қатысты әдеби, мұрағаттық материалдар жинақтаумен шұғылданды. 1929 ж. Абай шығармалары туралы дипломдық жұмыс қорғап‚ орыс география қоғамы архивiндегi Абай қолжазбалары туралы нақты тарихи деректер негiзiнде ғылыми дәйектi тұжырымдар жасады.

Терминология комиссияның ғалым-хатшысы (1930–31), Ленинград қасындағы Мемлекеттік материалдық мәдениет тарихы академиясының аспиранты (1931–34)‚ Шығыстану институтының оқытушысы (1931–35), Мәскеу қаласындағы материалдық Мәдениет тарихы институтының iзденушiсi және ғылыми қызметкерi (1936–38) болды. Осы жылдары ол Шығыс Түркiстанархеологиясы мен өнерi бойынша маманданып, бiрнеше археологиялық экспедицияларға қатысты. КСРО ғылым академиясының қазақ бөлiмшесi Тарих институтының аға ғылыми қызметкерi (1939–41) болды. Оның «Мәшһүр Жүсiп мұрасындағы түркi эпосы», «Декабристер және Қазақстан», «Әлiшер Науаи және қазақ мәдениетi», «Мұхаммед Хайдар – тарихшы», «Шоқан Уәлиханов және Орта Азия тарихы», «Суворов», «Жамбыл Жабаев» (1940–41), т.б. еңбектерi жарық көрдi.

1941 ж. КСРО ғылым академиясы Қазақ бөлiмшесiнiң тарих бөлiмiн басқарды. Осы қызметте жүрiп «Хандар жарлығының тарихи маңызы» деген тақырыпта қорғаған канд. диссертациясында (1943) көне қыпшақ тарихына байланысты құнды зерттеулер жасады. «Қазақ халқының эпикалық жыр дастандары» тақырыбында қорғаған докт. диссертациясы қазақ әдебиетi мен тарихы саласындағы iргелi зерттеулердiң нәтижесi саналды. Археология, палеолит бөлiмiнiң меңгерушiсi, аға ғылыми қызметкерi (1946–53), Қазақстан ғылым академиясының Архитектура құрылыс және құрылыс материалдары институтының аға ғылыми қызметкерi (1953–55) болды; кейін этнография бөлiмiн (1958–76) басқарды.

Осы жылдары Марғұлан Сырдария, Шу, Талас өзендерi бойында және Отырар, Сауран, Сығанақ қалалары орнында қазба жұмыстарын жүргiзiп, соның негiзiнде «Көне қазақ жерiнiң қалалары мен құрылыс өнерiнiң тарихы» аталатын монографиясын (1950) жариялады. К.Ақышев, М.Қадырбаев, М.Оразбаевтармен бiрге Орталық Қазақстанда жүргiзген археология қазба жұмыстарының қорытындысы саналатын «Орталық Қазақстанның ежелгi мәдениетi» (Древняя литература Центрального Казахстана, 1966) атты ғылыми-зертханалық еңбегiн жазып‚ кiтаптың редакциясын басқарды.[2]

Марғұлан – қорқыттанушы. Ол оғыз-қыпшақ тайпасынан шыққан данагөй абыз, жырау, күй атасы, қазақ бақсыларының жебеушiсi, батагөй-сәуегейi Қор-қыт мұрасын зерттедi. М-ның жазуынша, қазақ музыкасы мен философиясында «Қорқыт күйi», «Қорқыт сарыны», «Қорқыт тол-ғауы», «Тәңiр биi» дейтiн рухани iзгi дәстүрлер, мақамдар қалыптасып дамыған. Демек, Қорқыт – «керемет иесi», «Ұлыс-тың ұлы кеңесшiсi», «тарихи оқиғаларды жырлаушы жырау». Марғұлан Қорқыт мұрасын, дәстүрiн ұстанған халық мәдениетiнiң көрнектi өкiлдерiн былайша топтастырады:

• бақсы-жыраулар (Қойлыбай, Қарамырза, Нысан абыз, т.б.);

• қобызбен күй орындаушылар (әл-Фараби, Кетбұға);

• сәуегей жыраулар, шешендер (Сыпыра жырау, Асан қайғы, Шалкиіз, Қазтуған, Әнет баба, Бұқар жырау, Тәтiқара, Майлы-қожа, т.б.);

• Қорқыт дәстүрiн жалғастырған, қобызбен жыр туындатқан ақындар (Балқы Базар, Ерiмбет жырау, Кете Жүсiп, Қаңлы Жүсiп, Абыл, Оңғар жырау, Шораяқтың Омары, т.б.).

Марғұлан «Қазақ халқының көне замандағы ақындық өнерiнiң шеберлерi» атты еңбегiнде (1959) қазақ халқының эпикалық жыр дәстүрiн дамытқан ақындарға, шебер орындаушыларға, сал-серiлерге тоқталып, олардың сөз өнерiндегi орнын айқындады. Еңбектегi ғылыми тұжырымдар танымдық тереңдiгiмен ерекшеленедi, онда көне ойшылдардан бастап Жанақ, Шөже, Арыстанбай, Марабай, Сүйiнбай, Жамбыл, Нұрпейiс, Иса секiлдi ақындар шығармашылығы талданады. Марғұланның «Тамғалы тас жазуы» атты зерттеуiнде әдеби-тарихи һәм мәдени деректер молынан кездеседi. Ол сонымен қатар қырғыз халқының «Манас» эпосы туралы ғылыми-зерттеулер iсiнiң дамуына үлес қосты. Қырғыз эпосын дүние жүзiне алғаш таныстырған Ш.Ш.Уәлиханов, кеңес заманында бастапқы зерттеулердi жүргiзген Әуезов болса, кейiннен осы дәстүр Мағұланның «Шоқан және Манас» атты мо-нографиясында жалғасты. Ол эпостағы өмiр шындығы, жырдың шығу тегi, дәуiрi, кейiпкерлерi мен көркемдiк кестесi және манасшылардың жырды жетiлдiрудегi қызметi‚ т.б. жөнiнде ғылыми маңызы жоғары пiкiрлер айтты.

1957–1967 ж. Уәлихановтың ғылыми мұраларын жинайтын топқа (Әуезов, С.Бәйiшев, С.Мұқанов, Қ.И.Сәтбаев, А.Нүсiпбеков-пен бiрге) басшылық етiп, оның таңдамалы (1958) және 5 томдық шығармалар жинағын жарыққа шығарды.

1976–1984 ж. Қазақстан ҒА этнография бөлiмiнiң аға ғылыми қызметкерi болды. Оның ынта-жiгерi мен ұсынысы бойынша қазақ даласының ең шалғай аудандарына бiрнеше археологиялық және этнографиялық экспедициялар ұйымдастырылды. Ол өзiне дейiнгi Қазақстанды зерттеушi орыс ғалымдарының қазақ даласы тек көшпелiлер мекенi болды деген тұжырымдарының шындыққа сай келмейтiндiгiн дәлелдедi. Ғалым 1940 жылдардың аяғында бiрнеше рет саяси қудалауға түсті, кейiн де ұдайы саяси бақылауда болды, ғылыми ортаның кейбiр қисынсыз сындарына ұшырады.[3]

Марғұлан тарих, археология, этнография, әдебиет, өнер (қолданбалы және сәулет өнерi) және металлургия саласына қатысты 300-ден астам ғыл.-зерт. жұмыстар, 100-ден астам энциклопед. мақалалар жазды‚ сонымен қатар қазақстандық этнографтардың, археологтардың, тарихшылардың бiрнеше буынын даярлады. М-ның ғыл. еңбектерiнiң бiрқатары шетел тiлдерiне ау-дарылды. 1991 жылы Қазақстан ҰҒА-ның Тарих, археология және этнология институтындағы археология орталығының негiзiнде Марғұлан атындағы Археология институты құрылды. Астана, Павлодар, Екiбастұз, Жезқазған қ-лары мен Оңтүстік Қазақстан облысында,Баянауыл, Екiбастұз аудандарында бiрнеше көшелер, мектептер М. есiмiмен аталады. Павлодар қаласында мүсiнi орнатылған‚ сондай-ақ Павлодар мемлекеттік университетiнде Марғұлан атында стипендия тағайындалып‚ музей ашылған. 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның шешiмiмен дүниежүзілік деңгейде аталып өттi (2004). Қазақстан ҒА-ның Уәлиханов атынд. (1967), Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерiмен және медальдармен марапатталған.[4]

 

47. Қазақстандағы 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайдың күрделілігі сол дәуір оқиғалары: В. И. Лениннің ізбасарлары - И. Сталин мен Л. Троцкий және басқалардың арасындағы билік, саяси көсемдік үшін тайталаспен ерекшеленді. Сонымен қатар бұл қайғылы оқиғалар: аштық пен жаппай қуғын-сүргін, тоталитарлық таңбасын мәңгі иемденген режимнің жазықсыз адамдарды қуғындауы мен күштеп жер аударуы еді. Жүйенің тоталитарлық табиғаты жүргізілген саяси қуғын-сүргінде өз көрінісін тапты.

Халықтың есінде 30 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргінде ешбір жазықсыз миллиондаған адамдардың өмірін әкеткен сталинизмнің «ұлы бетбұрыс» кезеңі мәңгі бақи қалды. Көлемі жөнінен теңдесі жоқ бұл қылмыстардың негізін Ресейдегі Қазан революциясы мен Азамат соғысы қалады. 1930 жылдары Кеңес елінде социалистік қатынастар қалыптасып, сталиндік жүйе толық орнықты.

Қазақстанда республика жұртшылығына қысым жасау саясаты, әсіресе 1925 жылы қыркүйекте БК(б)П Қазақ өлкелік партия Комитетінің бірінші хатшылығына Ф. И.Голощекиннің келуімен қатаң сипат ала бастады.

Өлкелік партия комитетінің ұйымдастыру-нұсқаушылық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған Н.Ежовтың кезінде жергілікті мамандарды қудалау күшейе түсті.

20-жылдардың соңында жағдайдың шиеленісуі мен адамдардың бір-біріне деген жаппай сенімсіздігі басталды. Орталықтағы және ұлттық республикалардағы «троцкийшіл-зиновьевтік оппозициямен» және «оңшыл оппортунистермен» күрестің өсуі ұлт-азаттық қозғалыстың өкілдеріне қарсы қуғын-сүргін ұйымдастыру түрінде көрінді. 1928 жылдың соңында «буржуазияшыл ұлтшылдар» атанған «Алашорданың» бұрынғы қайраткерлерінің бәрі тұтқындалды. «Алаш» партиясының өкілдерін қылмыстық қудалау мақсатында кез келген айла-шарғы, құралдар пайдаланылды. Баспасөзде олардың атын қаралайтын мақалалар жарияланып, тікелей арандату әрекеттері жасалды, олардың отбасы мүшелері тұтқындалды. Мысалы, «Алашорда» мүшелеріне қарсы сот процесін бастау үшін 1922 жылы Шу жазығында өткен, ұмытылып кеткен Қаратай Әубәкіровтің ісі пайдаланылды. Бұл кезеңде Ж. Аймауытов, Ә. Байділдин, Д. Әділевтер атылып, қалғандары әр түрлі мерзімге түрмеге жабылды. Олардың кейбіреулері (М. Дулатов т. б.) лагерьлерде қаза тапты, қалғандары (А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев т. б.) жазасын өтегенімен, 1937 жылы «Алашорданың» қызметіне араласқаны үшін қайта айыпталып, 1937-1938 жылдары атылды. Ұлттық зиялылар өкілдерінің құрамында М. Тынышбаев, X. Досмүхамедов, Ж. Досмұхамедов, Ж. Ақбаев т. б. бар басқа бір тобы (40-тай адам) 1930 жылдың қыркүйек-қазан айларында тұтқындалды. Көп ұзамай олардың 15-і (М. Тынышбаев, Ж. Ақбаев, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, Қ. Кемеңгеров т. б.) Ресейдің орталық қаратопырақты облысына жер аударылды. Олардың барлығы дерлік 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшырады. 1937 жылы БК(б)П ОК-нің, И.В.Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары және олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың» қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты.





sdamzavas.net - 2017 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...