Главная Обратная связь

Дисциплины:






Тілдің негізгі конструкциялары.



Тілдің әліппесі мен лексемаларын қарастырғаннан кейін оның негізгі конструкциялары туралы мәліметтер берілуі тиіс. Тілдің негізгі конструкциялары айнымалылар, ат берілген константалар, өрнектер мен стандартты функциялар жатады. Си тілінде негізгі түсініктің бірі – объект. Объект дегеніміз жадтың ат берілген облысы. Объектінің жеке түрінің бірі – айнымалы. Айнымалы дегеніміз программаның орындалу барсында мәндері өзгеретін шама. Айнымалының аты арқылы бір типке жататын әртүрлі мәндерді анықтауға болады. Си тіліндегі программада қолданылатын айнымалы шамаларға олардың алғашқы мәндерін алдын-ала беруге болады. Оны инициализация деп атайды. Си тілінің стандартты кітапханасы өте бай, ол бірнеше файлдарда сақталынатын келесі бөлімдерден тұрады:

· Математикалық функциялар (math.h)

· Символдарды тексеру және өзгерту функциялары мен макростары (type.h)

· Стандартты ағымдарды енгізу-шығаруға арналған функциялар (stdio.h)

· Жолдармен жұмыс істеуге арналған функциялар (string.h , stdlib.h)

· Жадты бөлу және босатуға арналған функциялар (alloc.h , stdlib.h)

· Мәтіндік режимде терминалдармен жұмыс істеуге арналған функциялар (conio.h)

· Арнайы функциялар (әртүрлі файлдарда орналасады)

· Файлдармен жұмыс істеуге арналған функциялар (stdio.h)

Операторлар.

Табиғи тілдегі сөйлемнің баламасы ретінде алгоритмдік тілде оператор қолданылады. Оператор белгілі бір толық мағына беретін тіл конструкциясы болып есептеледі. Операторларды пайдалану тәртіптері барлық алгоритмдік тілдерде бір-біріне ұқсас. Си тіліндегі оператор, Паскаль тіліндегідей, қызметтік сөздермен белгіленген, жазылу тәртібі анықталған және ол нүктелі үтірмен ; аяқталады. Орындайтын амалдарының сипатына байланысты Си тілінің операторлары екі түрге бөлінеді: деректерді өзгерту операторлары; программаның жұмысын басқаратын операторлар. Программаның жұмысын басқаратын операторларға жататындары: құрама операторлар; таңдау операторлар; цикл операторлар; өту операторлар. Құрама оператор дегеніміз операторлардың фигуралық жақшалармен шектелген тізбегі. Құрама операторларға олардың өздерімен қатар блоктар да жатады. Құрама оператор мен блоктың бір-бірінен айырмашылығы – блок денесінде анықтамалар болады, ал құрама операторда болмайды. Таңдау операторларына шартты оператор (if) мен ауыстырып қосқыш (switch) жатады. Цикл операторларына алғышартты (while), соңғышартты (do) және параметрлік (for) операторлары жатады. Өту операторларына жататын операторлар: шартсыз өту goto, циклдық ағымдағы итерациясын аяқтау continue, циклдан немесе ауыстырып қосқыштан шығу break, функциядан қайту return.



 

10.4Қарапайым программаның құрылымы мен компоненттері.

 

Си тіліндегі программа дегеніміз препроцессорлық директивалар, гобальді объектілер мен функциялардың сипаттаулары мен анықтамаларының тізбегі.

Программаның алғашқы мәтіні кез-келген мәтіндік редакторда дайындалады және ол файл күйінде сақталынады.Ол файл алғашқы модуль деп аталынады. Алғашқы модуль компилятормен өңделінеді.Оның нәтижесінде объектік модуль(о.м.) құрастырылады. О.м. екі бөлімнен тұрады:модуль денесі және бас тақырып.Модуль денесі компью тер тілінде жазылған программа болса,ал бас тақырыпта басқа модульдерде анықталған және осы модульде қолданылатын айнымалылар аттары көрсетіледі.Осының арқасында объектік модульдердің жиынынан орындалуға дайын программа құрастырылады. Осының нәтижесінде алынған программаны орындалатын модуль немесе .ехе – файл д.а.

Препроцессорлық директивалар программаның мәтінін компиляцияға дейін өзгертуді басқарады. Анықтамалар объектілер мен функцияларды енгізеді.Объектілер программада өңделінетін деректерді бейнелеу үшін қажет.Функциялар программадағы орындалатын амалдарды анықтайды.Сипаттаулар программада қолданылатын объектілер мен функциялардың қасиеттері мен аттары туралы мәліметтерді компиляторға жеткізеді. Сипаттаулар мен анықтамалар мәтіндік файлда прораммашының еркімен орналастырылады.Ал препроцессорлық директиваларды жазуда белгілі бір шектеулер қойылған.Біріншіден, препроцессорлық директива бір жолға орналастырылады.Екіншіден,оның алдына ‘#’ белгісі орнатылған.

Си тілінде құрастырылған алғашқы программа мәтіндік файл түрінде өңдеудің келесі кезеңдерінен өтеді:

*мәтінді препроцессорлық өзгерту;

*компиляция;

*компоновка (байланыстарды редакциялау мен құрастыру).

Препроцессордың негізгі жұмысы – программаны компиляциялауға дейін оның мәтінін өзгерту.Препроцессорлық өңдеудің тәртібін программашы директивалардың көмегімен орнатады.

#includeдирективасы программаның мәтініне қандай файлдарды енгізу керек екендігін анықтайды.Ол компилятордың стандартты кітапхпнасындағы «бас тақырыптық файлдардың» каталогынан файлдардың мәтінін енгізеді.Әрбір кітапханалық функцияның өзіне тиісті сипаттамасы болады.Бас тақырыптық файлдардың тізімі тілдің стандартымен анықталады. «Бас тақырыптық файл» деген термин (header file) стандартты кітапханадағы кітапханалық функциялардың сипаттамалары жазылған файлдарға қолданылатындықтан енгізілген.

Препроцессорлық өңдеуден кейін программада препроцессорлық директивалар қалмайды. Енді программа сипаттаулар мен анықтамалардың жиыны болады.

Осы функциялардың ішіндегі міндеттісі main() функциясы.Ол программадағы бас функция. Қарапайым бір ғана функциядан тұратын түрі:

Void main()

{

объектілерді анықтау;

орындалатын операторлар;

}

Мұндағы voidдеген қызметтік сөз, одан кейін жазылғанmain()функциясының орындалғаннан кейін ешбір қайтармайтындығын көрсетеді.

Си тілінде әрбір функцияның параметрлері болуы мүмкін; егер параметрлері болмаса,онда жақшалардың іші бос қалады.Программаның басындағы void main()бас тақырыбынан кейін функцияның денесі орналасады.Функцияның денесі дегеніміз фигуралық жақшамен шектелген анықтамалардың, сипаттамалар мен орындалатын операторлардың тізбегі немесе блок.





sdamzavas.net - 2017 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...