Главная Обратная связь

Дисциплины:






Леуметтік мәдени сервис түрлері



1. Мәдени ағарту мекемелері

2. Көрме залдары

3. Театр-тамашалау органдары

4. Мектептен тыс эстетикалық білім беру

5. ЖОО (өнер унив., консерватория)

6. Киножелілер

7. Прокат базалары мен кеңселері

8. Киностудиялар

9. Баспалар

10. Газет-журнал редакциялары

11. Полиграфиялық өнеркәсіп орындары

12. Кітап саудасы мекемелері

13. Телеграф және ақпарат агенттіктер

14. Радио және ТВ редакциялар

15. Телестудиялар мен телев.орт

16. Дыбыс жазу студиялары

17. Компакт дискілер өнд.ұйымдастыру

18. Радиоүйлер

Леуметтік мәдени сервис және оларға сәйкес сервис типтері

Ұйымның экономикалық формасы - бұл экономикалық шешімдерді қабылдаудағы құқықтар мен шектеулер жүйесі. Экономикалық формасы бойынша ұйымдардың екі типі бар:

· Коммерциялық

Коммерциялық емес

Мемлекет, қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы қарым-қатынастардың жалпы схемасы:

Мемлекет тұтынушыларды белгілі бір қызметтермен қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті өзіне ала отырып, қажетті қызметтердің сипаттамаларына белгілі бір талаптарды қалыптастырады.

Мемлекет өндірушілерге белгіленген талаптарға сай қызметтер көрсетуді тапсырады. Бірақ қызметтер тұтынушыларға көрсетілетіндіктен мемлекеттік органдар нақты қандай қызметтер көрсетілгені, олар қаншалықты тұтынушылардың сұраныстарына сәйкес келетіндігі жөнінде толық ақпаратпен қамтылмайды, яғни мемлекет пен қызметтерді өндірушілер арасында ақпараттық асимметрия пайда болады.

Экономикалық теорияда қарым қаиынастардың мұндай формасы агенттік қатынастар ретінде сипатталадаы: принципал (мемлекет) басқа агент- субъектіге (өндіруші немесе жабдықтаушы) кейбір функцияларды орындауды тапсырады, бірақ оның орындалуын тікелей бақылай алмайды және ол агент қандай іс-әрекеттерді жүзеге асырғанын немесе асыруғы тиісті екені жөнінде ақпаратқа толық қол жеткізе алмайды. Сонымен қатар агенттің қаражатты жұмсау және қызмет көрсету жөнінде шешім қабылдауда белгілі бір еркіндігі болады.



Агенттік қатынастардың қарастырылып отырған мәселеге қатысты маңызды белгілі бір ерекшеліктері бар:

1. Агенттің қызметі принципалдың талаптары мен күтетін нәтижелерінен ауытқуы мүмкін, яғни олардың мүдделерінің сәйкес келуі міндетті емес және агенттің әр түрлі жолдармен жұмыс істеуіне мүмкіндігі бар, ал принципалдың агенттің не істеп жатқанын немесе оның жұмыстары принципалдың қойған міндеттеріне қаншалықты сәйкес келетінін үнемі анықтай алмайды.

2. агенттің қызметінің принципалдың талаптарына сәйкестігінің дәрежесі туралы ақпараттың болуы және агенттің қызметіне бақылау жасау шығындарды талап ететіндігі.

Агент қызметінің принципалдың талаптары мен болжамдарынан ауытқуына тосқауыл бола алатын қозғаушы күштерді шығу көзі болып табылатын субъектлер бойынша келесідей бес типке бөлуге болады:

1) принципалдың қысым көрсетуі;

2) ұқсас функцияларды орындай алатын бәсекелестердің қысым көрсетуі;

3) тұтынушылардың қысым көрсетуі;

4) азаматтық қоғамның қысым көрсетуі;

5) агенттің ішкі ынтасы .

Коммерциялық мақсатта қызмет өндіретін агенттердің кез келген жолмен пайда табуға экономикалық ынтасын тұрақты түрде азайту немесе шектеу үшін ресми институттарды қолдану қажет. Мұндай институттар коммерциялық емес ұйымдар статусында бола алады. Ол ұйымның пайдасын бөлуді шектейді, яғни пайда меншік иелері арасында бөлінбей, ұйымның одан әрі дамуына бағытталуы қажет.

Мемлекет қаржыландыратын қызметтерді көрсетуді ұйымдастыру формасын таңдауда келесідей төрт экономикалық форманың маңызды айырмашылықтарын ескеру қажет:

1) коммерциялық ұйым ;

2) коммерциялық емес кәсіпорын ;

3) қоғам бақылайтын коммерциялық емес ұйым;

4) әкімшілік бақылайтын коммерциялық емес ұйым.

 

Қоғам бақылайтын коммерциялық емес ұйым дегеніміз – экономикалық шешімдер қабылдауда атқарушы органы, басқарудың коллегиялық органы және құрылтайшысы арасында бөлінген құқығы бар жабдықтаушы болып табылатын коммерциялық емес ұйым. Мұндай ұйымның қызметін мемлекет тарапынан қаржыландырудың екі әдісі бар: келісім-шарттық негізде және бір тұтынушыға есептелген шығындар нормативінің негізінде.

Әкімшілік бақылайтын коммерциялық емес ұйым – бұл мемлекет тарапынан берілген қаражаттың бөлінуін бақылау арқылы қандай қызмет түрлері іске асырылып жатқанын, қандай табыс көздері бар екенін және шығындардың бағыттары қандай екеніне әкімшілік бақылау жүргізілетін ұйым. Мұндай ұйымды қаржыландырудың неғұрлым дұрыс әдісі - сметалық қаржыландыру.

 


6. Әлеуметтік мәдени сервистегі кәсіпорындардың түрлері

Коммерциялық ұйымдардың формалары арасындағы айырмашылықтарды анықтайтын басты белгілерге мыналар жатады:





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...