Главная Обратная связь

Дисциплины:






Йым құрылтайшыларының құрамы мен саны



ҚР ның Азаматтық кодексінде анықталған коммерциялық ұйымдардың формаларына мыналар жатады:

- Толық серіктестік (ТС): ең азы 2 адам құра алады, қатысушылардың ең көп санын заңнама анықтамайды, бұл олардың санын құрушылар өздері анықтайтынын білдіреді; жұмыстағы ыңғайлылықты ескере отыра, бизнес бойынша серіктердің мүмкін болатын санын шығару қажет.

Құру фактын ресімдеу үшін екі құжат дайындау қажет: бұл Жарғы және құру келісімшарты (үлгілері осы жұмыста ұсынылған).

- Коммандиттік серіктестік (КС): ең азы 2 адам құра алады, қатысушылардың ең көп санын заңнама анықтамайды, бұл олардың санын құрушылар өздері анықтайтынын білдіреді, бірақ, толық серіктестіктен үлкен айырмашылығы бар (коммандиттік, яғни сенімге негізделген деп аталуы тегін емес қой), яғни КС қатысушылар екі түрден тұрады, толық жолдастар және салымшылар: бұл толық жолдастар мен қатар салымшылар қол қоятын жарғы және құру келісімшарты.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС):

- Оны бір немесе бірнеше адам құра алады, қатысушылардың ең көп саны заңнамамен шектелмейді;

- ЖШС бір ғана қатысушы ретінде, бір ғана тұлғадан тұратын басқа шаруашылықты қатысушы қыла алмайды;

- Құру құжатнамасы болып: бір қатысушы болған жағдайда- Жарғы, екі немесе одан да көп қатысушы болған жағдайда-Жарғы және құру келісімшарты табылады.

- Қатысушылар серіктестік міндеттері бойынша өздері енгізген салым сомасы көлемінде ғана жауапты бола алады; серіктестік қатысушысының үлесі серіктестіктің құру құжатнамасында қарастырылған жағдайда басқа тұлғаға беріледі, бірақ кететін қатысушының үлесін алуға серіктестіктің басқа да қатысушыларының басым құқығы бар; шартты капиталдың ең аз мөлшері 100 ең аз есептік көрсеткішті құрайды (МРП-ЕЕК).



Қосымша жауапкершілікті серіктестік (ҚЖС), (ЖШС пен ҚЖС өте ұқсас, олардың құқықтық ахуалы бір құқықтық актпен реттеледі): серіктестіктің қатысушылары міндеттемелері бойынша өз салымдарымен шартты капиталға жауап береді, бұл сома аз болған жағдайда өздері салған салым көлеміндегі өзіне тиісті қосымша мүліктермен жауап береді (сондықтан да қосымша жауапкершілікті серіктестік деп аталады); мәрте туралы сөз болғанда, заңнама мәрте санын анықтамайды, қатысушылардың жауапкершілігінің шектеулі көлемін ҚЖС қатысушыларының өздері анықтайды (мысалы, жауапкершіліктің 2 мәрте көлемі, жауапкершіліктің 3 мәрте көлемі және т.б.)

- Қатысушылардың біреуі банкротқа ұшыраған жағдайда, оның серіктестік міндеттемелері бойынша жауапкершілігі басқа қатысушыларға олардың салымына сәйкес бөлінеді, бірақ та банкротқа ұшыраған қатысушының міндеттемесін төлеуге басқа да тәртіп белгілеуге тыйым салынбайды, бірақ бұндай ережелер құру құжатнамаларында жазылуы керек; басқа жағдайларды ҚЖС –де ЖШС сияқты ережелер қолданылады;

Өндірістік бірлестік (ӨБ): бұл азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде еркін түрде бірігуі; ӨБ мүшелерінің қызметі олардың жеке еңбектік қатыстары мен өздерінің жеке мүліктік салымдарының бірігуіне негізделген; бірлестіктің мүшесі екіден кем болмауы керек, ең көп саны шектелмеген; мүліктік пайдың ең аз мөлшері 3000 теңгені құрайды, ал шартты капиталдың ең аз мөлшері заңмен анықталмаған, бұл яғни оны хабарламауға болады деген сөз, өйткені бірлестік мүшелерінің мүліктік пайларының бірлесуі шартты капиталдың мөлшерін құрайды; бірлестік қатысушылары өздері салған пай мөлшерінде бірлестік міндеттемесі бойынша жауап береді, ал қажет болған жағдайда өздеріне тиісті барлық мүліктермен жауап береді;

- Бірлестік қызметінде міндетті еңбектік қатысым қарастырылғандықтан, азамат екі өндірістік бірлестіктің қатысушысы бола алмайды;

- Жоғары билік органы болып бірлестік мүшелерінің жалпы жиналысы саналады, бұдан басқа атқарушы органдар да құрыла алады: басқарма, төраға, олардың қызметіне бақылау жасау үшін бақылау кеңесін де құруға болады; бірлестік қатысушысы өзінің мүліктік пайын басқа тұлғаға бере алады, бірлестік құрамынан шыға алады; бұл жағдайда пай мен басқа мүлікті беру есептік кезең аяқталған соң және бірлестіктің қаржылық есебі бекітілген соң ғана жүзеге асырылады; бірлестік қатысушыларына қол қою мен келісімшартты нотариалдық куаландыру қиын тиген жағдайда, олар құру келісімшартын жасамауға құқылы, бұл жағдайда құрылу құжатнамасы болып бірлестік мүшелерінің тиісті тізімі қосарланған жарғы саналады.

Коммерциялық емес ұйымдардың негізгі формалары келесідей белгілер бойынша анықталады:

• ұйым қызметінің мақсатының сипаты ;

• ұйым құрылтайшыларының мүліктік құқықтары ;

• ұйым құрылтайшыларының құрамы ;

• ұйымдағы мүшеліктің болу-болмауы .

Коммерциялық емес ұйымдардың барлық формаларын анықтайтын басты жағдайлар:

- Пайданы бөлуге тиым салу;

- Ұйым қызметінің пайда алуға бағытталмауы.

Шетелдік тәжірибеде коммерциялық емес ұйымдарды құрудағы мақсаттардың үш типі анықталған:

- Қоғамға пайда келтіру, қоғамдық мүдделерді қамтамасыз ету ;

- Өз мүшелеріне пайда келтіру, өзара тиімділікті қамтамасыз ету ;

- Діни мақсаттар.

ҚР-да коммерциялық емес ұйымдардың қолданылатын формалары ҚР Азаматтық кодексінде анықталған:

• тұтыну кооперативі ;

• қоғамдық немесе діни ұйым (бірлестік) ;

• коммерциялық емес әріптестік ;

• қор;

• тәуелсіз коммерциялық емес ұйым ;

• мекеме;

• мемлекеттік корпорация;

• заңды тұлғалардың бірлестіктері (ассоциация, одақ ).


7. Әлеуметік сфераның салалық құрылымы

Әлеуметтік сфера құрылымы–бұл оған енетін секторлар мен салалардың арақатынасы мен өзарабайланыстылығы.

Әлеуметік сфераның салалық құрылымы оған кіретін көптүрлі салалар және ішкі салалармен ерекшеленеді. Әлеуметтік сфераға кіретін салалардың құрамын анықтаудың бірнеше тәсілдемесі бар. Экономикалық тәсілдемеге сәйкес әлеуметтік сфераға материалдық, заттық нысанда емес (алайда, бұл жерде де ерекше түрде қоғамдық тамақтандыру мен тұрмыстық қызмет көрсету қызметтері болуы мүмкін), адамның әлеуметтік және рухани қажеттіліктерін тікелей қанағаттандыру қызметін ұсынатын салалар енеді.

Әлеуметтік сфера өндірістік емес сфераға жақын, бірақ та оған тең емес. Өндірістік емес сфераға, әлеуметтік сфераға кірмейтін салалар жатады: ғылым, ғылыми қызмет көрсету, байланыс және ұйымдар мен мекемелер үшін ақпараттық қызметтер қоғамдық тәртіпті сақтау мен қорғаныс. Өндірістік емес сфера материалдық өнімді жасаумен тікелей байланыспаған экономиканың сферасы болғандықтан, әлеуметтік сфераға жататын қоғамдық тамақтандыру, сауда сияқты тағы да басқа салалар оған кірмейді, себебі бұл салаларда материалдық өнім не жасалады немесе тұтынушыға апарылады.

Біздің елімізде соңғы жылдардағы экономиканың қаржы–несие сферасының екпінді дамуы халыққа қаржы сипатындағы түрлі қызметтерді ұсынатын көптеген ұйымдардың құрылуына әкелді. Сол қызметтердің кейбіреулері, мысалға, әлеуметтік және зейнетақыны сақтандыру, тұрғын үй мен тұтынушыны несиелеу анық әлеуметтік бағытты иеленеді. Алайда бұл тәрізді қызметті ұсынатын ұйымдар (бюджетік емес қорлар, мемлекеттік емес сақтандыру және зейнетақы қорлары, т.с.с.) халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қаржылық жағдай жасайтын болғандықтан, олар әлеуметтік сфераға тікелей апарылмайды.

Қазіргі кезде мемлекеттік емес ұйымдар мен мекемелердің көп бөлігі өз жарғыларына сәйкес әртүрлі қызмет түрлерімен айналысады, соның ішінде халықа әлеуметтік қызмет көрсету.


8. Әлеуметтік мәдени сервистегі мемлекеттік сектор

Мемлекеттік сектор - мемлекеттік және муниципалды біртекті кәсіпорындарды, сонымен қатар мемлекеттік және муниципалды меншіктегі мекемелерді өзіне қосады.





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...