Главная Обратная связь

Дисциплины:






Леуметтік мәдени сервистегі коммерциялық сектор



Коммерциялық сектор - өз іс-әрекетінде пайда табуды негізгі мақсаты етіп алған жеке меншіктегі шаруашылық серіктестік, қоғамдстық, өндірістік кооператив нысанында құрылған ұйымдарды өзіне енгізеді.

Леуметтік мәдени сервистегі пайдасыз секторлар

Пайдасыз секторлар – тұтынушылық кооператив нысанында құрылған ұйымдардан, қоғамдық және діни ұйымдардан, қайырымдылық немесе басқа қорлардан, ассоциациялардан, одақтардан, серіктестіктерден тұрады. Бұл ұйымдардың ерекшелігі-мемлекеттік ұйымдар тәрізді өз іс-әрекетінде пайда табуды мақсат етіп алмаған, ал пайда табылған жағдайда қатысушылар арасында бөлінбейтін нысанды иеленген.

Леуметтік мәдени сервис инфрақұрылымы

Әлеуметтік сфераның маңызды құрамдас бөлігі-әлеуметтік инфрақұрылым. Әлеуметтік инфрақұрылым деп - адам мен қоғамның өсіп-өнуі мақсатында қажеттіліктер кешенін қанағаттандыру үшін жағдай жасайтын материалдық-заттық элементтердің тұрақты жиынтығын айтамыз. Әлеуметтік сфера инфрақұрылымының ішкі ұйымдастырылуы бойынша әлеуметтік сфераның барлық институттарының қызмет етуін қамтамасыз ететін мекемелер, кәсіпорындар мен басқару органдар жүйесі болып табылады. Әлеуметтік инфрақұрылым білім, медицина тұрмыс және транспоттық қызмет көрсету процессімен қамтамасыз ететін мекемелер, ұйымдар санымен, сонымен қатар ондағы орын санымен және қызмет мөлшерімен сипатталады.Социологиялық талдау көмегімен анықталатын әлеуметтік инфрақұрылымның даму деңгейі бойынша халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесі туралы айтуға болады.

Леуметтік мәдени сервистің социореттеуші функция

Социореттеуші функция - әлеуметтік сфера әлуетін тиімді қолдануды өсіруге бағытталған әлеуметтік іс-әрекет пен субъектілердің қарым-қатынасының негізгі көрсеткіштерін реттемелейді. Оның әр қарай дамуы жеке адам мен біртұтас топтың тәртіп моделінің өзгеруіне әкелуі мүмкін, сонымен қатар олардың әлеуметтік іс-әрекетін реттеуші макроәлеуметтік процесстің нақты негізі болып шығатын нормалар мен өнегелік құндылықтар жүйесі болып көрсетілуі мүмкін.



 

Леуметтік мәдени сервистің социобейімделуші функция

Социобейімделуші функция - қоғамдағы адамдардың іс-әрекетінде келісімге келуге мүмкіндік туғызушы, мүгедектер мен әлеуметтік топтардың іс-әректін ынталандырушы, әр қайсысының іс-әрекетті неғұрлым тиімді іске асыруына бағытталған.

Леуметтік мәдени сервистің социоөнімділік функция

Социоөнімділік функция – тұтастай әлеуметтік организмнің ұдайы өсіп-өнуі үшін қажетті, адамдардың бүкіл қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

15.Социомәдени функция – қоғамның әлеуметтік мінез-құлықтылық әлуетін меңгеруге адам мен әртүрлі әлеуметтік топтарды қатыстыру процессін реттемелеу.

16.Социосерпінді функция – халықтың өмір сапасын өсірумен байланысты.

17.Социоқорғаушы функция – қоғамның деприверленген (салыстырмалы кедейліктің зардабы) қабаттары мен еңбекке жарамсыздарды қолдау және әлеуметтік кепілдемемен, құқықпен және әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету.

18. Ұйымның экономикалық формасы - бұл экономикалық шешімдерді қабылдаудағы құқықтар мен шектеулер жүйесі. Экономикалық формасы бойынша ұйымдардың екі типі бар:

· Коммерциялық





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...