Главная Обратная связь

Дисциплины:






Леуметтік мәдени сервис кәсіпорындарының қаржысы



“Қаржыландыру” түсінігі инвестициялау түсінігімен тығыз байланысты, қаржыландыру – ақшаның пайда болуы, ал инвестициялау – сол ақшаны пайдаға асыру, пайдалану. Олардың тығыз байланыстылығы сол, қаржы көзін анықтаудан бұрын, ол қайда жұмсалатынын алдын ала жоспарлау қажет.

Қаржыландыру көзін таңдауда төмендегідей негізгі 5 міндетті шешу керек:

1. Қажетті капитал қысқа немесе ұзақ мерзімге керек пе, анықтау керек.

2. Қолайлы қаржылық құрылымды анықтау үшін капитал активі құрамында болатын өзгерістерді анықтау керек.

3. Тұрақты төлем қабілетін қамтамасыз ету, яғни қаржылық тұрақтылық.

4. Жеке меншік және қарызға алынған қаржыларды барынша пайда келтіретіндей пайдалану.

5. Шаруашылық қызметті қаржылыандыру көлемін азайту.

Кәсіпорынды қаржыландыру көзі ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі қаржыландыру дегегніміз өзінің (меншік) қаржысы–таза пайда мен амортизациялық төлемдер жиынтығы.

Ішкі қаржы көзі ретінде меншіктегі негізгі қорлардың амортизациялық төлемдерінің маңызы зор. Амортизация төлемдерінің объекті меншіктік негізгі қорлар болып табылады.

Өзінің меншіктік қаражаттары арқылы қаржыландырудың бірқатар артықшылықтары бар :

– пайданың көбеюі арқылы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы артады;

– өз қаржысын қалыптастыру және пайдалану бірқалыпты жүзеге асады;

– сыртқы қаржыландыру болмағандықтан , қарыздар азаяды;

– қосымша шығындардың орнын толтыру өз қаржысы есебінен болғандықтан, кәсіпорынның дамуын басқару шешімін қабылдау мәселесі жеңілдейді;

Өзін-өзі қаржыландыру тек қана ішкі мүмкіндіктер емес сыртқы шығындарға да (салық төлемдері, кедендік төлемдер, мемелекеттің қаржы несие саясаты) байланысты.

Сыртқы қаржыландыру мемлекет қаржысын пайдалануға, қаржы-несиелік мекемелерге де байланысты. Сонымен бірге құрылтайшылардың қаржыларыда үлкен роль атқарады. Ондай қаржы мол болса, кәсіпорын басқаларға тәуелді болмайды және банктен несие алу жеңілдейді.



Кәсіпкерлікті қаржыландырудың бірнеше түрлері бар:

– бағалы қағаздар эмиссиясы;

– банк несиелерін пайдалану;

– ұйымдармен несиелік келісім жасау;

– коммерциялық несиені пайдалану;салықтық және инвестициялық-салықтық несие;

– факторинг;

– лизинг;

– овердрафт;

– инвестициялық несие;

– форфейтинг және т.б.

Нарықтың экономика жағдайында кәсіпкерлік іс-әрекеттер жоғарыда аталған сыртқы қаржыландырусыз мүмкін емес. Сыртқы қаржыландыру сомасы міндетті түрде қайтарылу қажеттігін және пайдаланғаны үшін үстеме пайыз төленетіні ескерілуі тиіс.

Бизнесті ашуға өз ақшаңыз жетіспеген жағдайда несиелендірумен немесе жекеменшік несиемен айналысатын компаниялардың қызметін пайдалануға болады.

Несие - қарызға ұсынылған ақшаның сомасы. Несие – Сізге қарызға берілген ақша, сыйақы – Сіз несиені пайдаланғаныңыз үшін төлеп отыратын несиенің жалпы сомасының пайыздары.

Несиелерді екінші деңгейдегі банктер ұсынады.

Несиелендірудің мақсаты:

· компанияның сатып алып жатқан тауарлық-материалдық құндылықтар мен негізгі қызметі бойынша қызмет көрсетулердің есеп айырысу құжаттарының ақшасын төлеу;

· компанияның салықтық және өзге түрдегі міндетті төлемдерін аудару;

· Компанияның операциялық және өзге түрдегі шығындары бойынша төлемдерді жүргізуі және өзге де шаруашылық мақсаттары;

· Ерекше жағдайларда бизнестің ерекшелігіне қарай және банкпен келісе отырып овердрафты компанияның қызметкерлеріне еңбекақы төлеу үшін пайдалануға болады.

 





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...