Главная Обратная связь

Дисциплины:






Туристік кәсіпорындарды қаржыландыру көздері



Кәсіпорынды қаржыландыру көзі ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі қаржыландыру дегегніміз өзінің (меншік) қаржысы–таза пайда мен амортизациялық төлемдер жиынтығы.

Ішкі қаржы көзі ретінде меншіктегі негізгі қорлардың амортизациялық төлемдерінің маңызы зор. Амортизация төлемдерінің объекті меншіктік негізгі қорлар болып табылады.

Өзінің меншіктік қаражаттары арқылы қаржыландырудың бірқатар артықшылықтары бар :

– пайданың көбеюі арқылы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы артады;

– өз қаржысын қалыптастыру және пайдалану бірқалыпты жүзеге асады;

– сыртқы қаржыландыру болмағандықтан , қарыздар азаяды;

– қосымша шығындардың орнын толтыру өз қаржысы есебінен болғандықтан, кәсіпорынның дамуын басқару шешімін қабылдау мәселесі жеңілдейді;

Өзін-өзі қаржыландыру тек қана ішкі мүмкіндіктер емес сыртқы шығындарға да (салық төлемдері, кедендік төлемдер, мемелекеттің қаржы несие саясаты) байланысты.

Сыртқы қаржыландыру мемлекет қаржысын пайдалануға, қаржы-несиелік мекемелерге де байланысты. Сонымен бірге құрылтайшылардың қаржыларыда үлкен роль атқарады. Ондай қаржы мол болса, кәсіпорын басқаларға тәуелді болмайды және банктен несие алу жеңілдейді.

Кәсіпкерлікті қаржыландырудың бірнеше түрлері бар:

– бағалы қағаздар эмиссиясы;

– банк несиелерін пайдалану;

– ұйымдармен несиелік келісім жасау;

– коммерциялық несиені пайдалану;салықтық және инвестициялық-салықтық несие;

– факторинг;

– лизинг;

– овердрафт;

– инвестициялық несие;

– форфейтинг және т.б.

Нарықтың экономика жағдайында кәсіпкерлік іс-әрекеттер жоғарыда аталған сыртқы қаржыландырусыз мүмкін емес. Сыртқы қаржыландыру сомасы міндетті түрде қайтарылу қажеттігін және пайдаланғаны үшін үстеме пайыз төленетіні ескерілуі тиіс.

Түрлі қаржыландыру жолын салыстыру арқылы кәсіпорын өзінің шаруашылық істеріне қажет қаржының қандай түрін пайдаланатынын таңдайды.



Бизнесті ашуға өз ақшаңыз жетіспеген жағдайда несиелендірумен немесе жекеменшік несиемен айналысатын компаниялардың қызметін пайдалануға болады.

Несие - қарызға ұсынылған ақшаның сомасы. Несие – Сізге қарызға берілген ақша, сыйақы – Сіз несиені пайдаланғаныңыз үшін төлеп отыратын несиенің жалпы сомасының пайыздары.

Несиелерді екінші деңгейдегі банктер ұсынады.

Овердрафтың артықшылығы – кепілдің қажеті болмайды және жылдам ресімделеді.

Бұл негізгі құралдарды жалға алу формасы, мүлікті пайдалануға алу. Бұл кәсіпорындарға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін негізгі қорларды сатып алып және жаңартып отыруға мүмкіндік беретін қаржылық аспап. Шын мәнінде, лизинг дегеніміз – бұл мүлікті артынша сатып алу құқығымен ұзақмерзімді жалға алу. Мүлік лизингінің бүкіл мерзімі бойы лизингілік компанияның меншігінде қалып отырады. Лизингтің затына ғимараттар, құрылыстар, машиналар, жабдықтар, керек-жарақ, көлік құралдары, жер телімдері мен кәсіпкерлік мақсатта пайдаланылатын өзге кез келген түрдегі негізгі құралдар жатуы мүмкін.

Лизингілік компания лизинг алушының өтініші бойынша лизинг келсімшартын жасасқаннан кейін және, әдетте, аванстық төлемді алғаннан кейін лизинг затын (автокөлікті, жабдықты, ғимаратты/құрылысты) алады және оны лизинг алушыға соның уақытша пайдалануына арнап тапсырады.





sdamzavas.net - 2017 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...