Главная Обратная связь

Дисциплины:






Маркетингтік тұжырымдамалар



Маркетингтің теориясы мен тәжірибесінде мынадай тұжырымдамалар белгілі:

· өндірістік;

· тауарлық;

· өткізу немесе саудалық;

· маркетингтік;

· қоғамдық немесе әлеуметтік – этикалық маркетинг тұжырымдамасы;

Маркетингтік тұжырымдамалар

Тұжырымдамалар Қолдану шарттары   Мақсаттар
Өндірістік Сұраныс ұсыныстан елеулі түрде артық; үлкен және тұрақты нарықтың болуы.   Өнімді өндірудің жоғары тиімділігіне жету, бағаларды төмендету.
Тауарлық Тұтынушының тауар сапасына қоятын талаптары.   Тауарды жетілдіру және оның сапасын арттыру.
Өткізушілік немесе саудалық Монополия және тауар тапшылығы жағдайы; өнімдерді өткізудің шектелген нарығы.   Өндірілген тауарды сату, өткізу бойынша жоспарды орындау.
Маркетингтік Тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін білу; мақсатты нарықтың болуы; біріккен маркетинг жүйесін құру.   Бәсекелестермен салыстырғанда тұтынушы мұқтаждықтары және қажеттіліктерін неғұрлым жақсырақ қанағаттандыру.
Қоғамдық (әлеуметтік-этикалық маркетинг) Экология мәселелері; әлеуметтік және этикалық мәселелерді есепке алу қажеттілігі.   Фирманың пайда табуы; сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру; қоғам мүддесін ескеру;  
Өзара әрекеттесу маркетингі Тұрақты сатып алушалар мен бизнес – серіктердің бар болуы. Сатып алушылар мен бизнес – серіктер арасындағы ұзақ мерзімді өзара қатынастарды орнықтыру мен қолдау.  

Бұл тұжырымдамалар американдық экономиканың дамуының белгілі бір кезеңдерін, сонымен қатар әлемнің дамыған елдерінде болып жатқан экономикалық және саяси өзгерістерді сипаттайды. Оларды практикалық іс-әрекетте қолдануға фирманың мақсаттары, тауар түрлері, бәсекелестік артықшылықтардың шығу көздері, маркетингтің шоғырлану дәрежесі нарықтағы бәсекелестік деңгейі сияқты көптеген факторлар әсер етеді.



Маркетингтің өндірістік тұжырымдамасы жаппай өндіріс және жаппай тұтыну дәуіріне сәйкес келеді. Бұл тұжырымдаманың қолдануы мынадай шарттарды талап етеді:

· сұраныс ұсыныстан жоғары;

· халықтың көп бөлігінің табысының төмендігіне байланысты шығарылатын тауарлардың өзіндік құнын төмендету қажеттілігі;

· компания тауарын тұтынушылар саны ұлғайған сайын, өндірістік шығындар төмендейді, ол өз кезегінде нарықтың үлкен үлесін жаулапалуға мүмкіндік береді;

· үлкен және тұрақты нарықтың болуы;

Маркетингтің тауарлық тұжырымдамасы – тауарды жетілдіру және оның сапасын жақсартуды негізгі мақсат деп қояды. Бұл тқжырымдаманың негізгі қағидасы – тұтынушыны өзінің сапалық сипаттамалары бойынша бәсекелестердің ұқсас тауарларынан асып түсетін тауарлар мен қызметтерге бейімдеу.

Өткізу немесе сауда тұжырымдамасы ұйымдарды мынадай мақсаттарды орындауға бейімдейді: өндірілген тауарды сату, сатып алушыларды табу, өткізу бойынша жоспарды орындау. Өндірушілер және сатушылар өз қызметін, маркетингтің барлық құралдары мен тетіктерін қолдана отырып, тауарды өткізуге және сатуға бейімдейді. Осы тұжырымдаманы қолданатын өндірушілер тауарлар тапшылығында және монополия жағдайында жұмыс істейді.

Маркетингтік тұжырымдама қазіргі таңдағы жаңа тұжырымдама ретінде өткен ғасырдың 50-жылдары қалыптасты. Оның мәні мынада: ұйымның табысты қызмет етуінің шартты тұтынушының қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын анықтау және оларды қанағаттандыру есебінен фирма мен компаниялардың өз мақсаттарына жету. Басты объект – фирманың мұқтаждықтары мен қажеттіліктері бар мақсатты клиенттері. Демек, маркетингтік тұжырымдама – клиенттнрдің мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін өтеуге бағытталған фирма жұмысын бір арнаға біріктіру және оларды бәсекелестермен салыстырғана тауармен тиімді қамтамасыз ету. Маркетингтік тұжырымдаманы «Тұтынушы – король!»; «Клиенттің айтқан сөзі әрқашанда дұрыс» деген сияқты ұрандар бейнелейді.

Көптеген компаниялардың мақсыты – пайда табу,ал маркетинг тұжырымдамасы осы мақсатқа клиенттерді қанағаттандыру арқылы жетуге көмектеседі. Тұтынушыларға сатып алған тауары мен қызметтің құндылығы білініп тұрғаны керек және олар сатып алған тауарының сапалы болғанан қалайды.

Қоғамдық немесе әлеуметтік – этикалық маркетинг тұжырымдамасы 80 – жылдардың басында экологиялық және тұтынушылық қозғалыстардың күшеюіне байланысты дамыған. Бұл тұжырымдама мынандай сәйкестендірілген үш факторды пайдалануды талап етеді: олар фирма пайдасы, тұтынушылар қажеттілігі және қоғам мүдделерін қанағаттандыру.

45. Сыртқы қаржыландыру. мемлекет қаржысын пайдалануға, қаржы-несиелік мекемелерге де байланысты. Сонымен бірге құрылтайшылардың қаржыларыда үлкен роль атқарады. Ондай қаржы мол болса, кәсіпорын басқаларға тәуелді болмайды және банктен несие алу жеңілдейді.

Кәсіпкерлікті қаржыландырудың бірнеше түрлері бар:

– бағалы қағаздар эмиссиясы;

– банк несиелерін пайдалану;

– ұйымдармен несиелік келісім жасау;

– коммерциялық несиені пайдалану;салықтық және инвестициялық-салықтық несие;

– факторинг;

– лизинг;

– овердрафт;

– инвестициялық несие;

– форфейтинг және т.б.

Нарықтың экономика жағдайында кәсіпкерлік іс-әрекеттер жоғарыда аталған сыртқы қаржыландырусыз мүмкін емес. Сыртқы қаржыландыру сомасы міндетті түрде қайтарылу қажеттігін және пайдаланғаны үшін үстеме пайыз төленетіні ескерілуі тиіс.

Түрлі қаржыландыру жолын салыстыру арқылы кәсіпорын өзінің шаруашылық істеріне қажет қаржының қандай түрін пайдаланатынын таңдайды.





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...