Главная Обратная связь

Дисциплины:






Ызмет көрсету саласының қалыптасуы және дамуының тарихи кезеңдері



Қоғам дамуының кезеңдері  
Индустрияға дейінгі қоғам Неғұрлым кең таралған мамандықтар ауыл шаруашылығы жұмысшылары мен үй қызметшілері
Индустриалды қоғам Тауарларды жаппай өндіру қызмет көрсету саласының екі бағытта дамуына негіз болды: ¾ Тұрмыстағы кейбір еңбек шығындарын көп қажет ететін жұмыс түрлерін әйел адамдар көрсететін қызмет дер тану ¾ Бұрын үй шаруашылығында орындалған жұмыстардың ұсақ фирмалар мен тәуелсіз жеке кәсіпкерлерге ауысуы, үй жұмысын жеңілдететін көпфункциялы құралдардың пайда болуы
Постиндустриалды қоғам (ХХ ғасырдың екінші жартысында өнеркәсібі дамыған елдерде) Негізгі қызмет түрі ақпаратты өңдеу және қызмет көрсету болып табылады. «Ақпараттық қоғам» және «Қызмет экономикасы» ретінде сипатталады.

 

63. Индустриалды қоғамнан постиндустриалды қоғамға өту кезеңдері:

1.Өнеркәсіптің дамуы негізінен транспорттық қызметтердің және жалпы тауарлар қозғалысымен байланысты қызметтердің кең таралуына ықпал етті

2.Игіліктерді жаппай тұтыну жағдайында тарату саласының (көтерме және бөлшек сауда), қаржылық қызметтердің, жылжымайтын мүлік операциялары және сақтандыру саласының өсуімен байланысты.

3.Тамақтануға шығындалатын жанұялық табыстың үлесі азайып, тұрғын халық артылған қаражатын ұзақ мерзімді тұтыну тауарлары мен қызметтерге жұмсай бастады. Жеке бас қызметтерін көрсететін сала кеңейіп, сервистің негізгі екі түріне қызығушылық артты: денсаулық және білім беру.

64.Қызмет көрсету экономикасы халықтың әр түрлі қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында осы сфераның барлық деңгейлерінде қызмет көрсету саласының өнімін өндіретін, тарататын, айырбастайтын және тұтынатын адамдардың мінез құлқын зерттейтін пән.



Қызмет көрсету экономикасының маңызды мәселелеріне мыналар жатады:

· Адамдардың қызметтерге қажеттілігін тудыратын объективті факторлар

· Адамдардың қызметтерге қажеттіліктерінің мазмұны мен сипаты, оларды әр түрлі критерилер бойынша жіктеу

· Қызмет көрсету саласының өнімін тұтынушы адамдардың экономикалық мінез құлқы, олардың мүдделері

· Қызмет көрсету саласының өнімін өндіру процестерінің экономикалық ерекшеліктері, сала жағдайын және еңбек потенциалын талдау

· Қазіргі кездегі нарық жағдайында қызмет көрсету өнімдерін қалыптастыру, айырбастау және өткізу процестерінің экономикалық ерекшеліктері

· Кәсіпорын және сала деңгейіндегі экономикалық және қаржылық механизмдердің спецификасы

· Микро және макродеңгейдегі қызмет көрсету саласының экономикалық және әлеуметтік тиімділігі.

65. Қызмет көрсету экономикасы халықтың әр түрлі қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында осы сфераның барлық деңгейлерінде қызмет көрсету саласының өнімін өндіретін, тарататын, айырбастайтын және тұтынатын адамдардың мінез құлқын зерттейтін пән.

Қызмет көрсету экономикасының маңызды мәселелеріне мыналар жатады:

· Адамдардың қызметтерге қажеттілігін тудыратын объективті факторлар

· Адамдардың қызметтерге қажеттіліктерінің мазмұны мен сипаты, оларды әр түрлі критерилер бойынша жіктеу

· Қызмет көрсету саласының өнімін тұтынушы адамдардың экономикалық мінез құлқы, олардың мүдделері

· Қызмет көрсету саласының өнімін өндіру процестерінің экономикалық ерекшеліктері, сала жағдайын және еңбек потенциалын талдау

· Қазіргі кездегі нарық жағдайында қызмет көрсету өнімдерін қалыптастыру, айырбастау және өткізу процестерінің экономикалық ерекшеліктері

· Кәсіпорын және сала деңгейіндегі экономикалық және қаржылық механизмдердің спецификасы

· Микро және макродеңгейдегі қызмет көрсету саласының экономикалық және әлеуметтік тиімділігі.

 

 





sdamzavas.net - 2017 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...