Главная Обратная связь

Дисциплины:






Сервистік қызметті реттеу бағыттары



Мемлекеттің экономикалық саясаты екі тұрғыдан, теориялық және практикалық тұрғыдан қарастырылады.

Мемлекеттің экономикалық саясатын теориялық тұрғыдан қарастырғанда, ұлттық экономиканың тиімді дамуын қамтамасыздандыру үшін және экономикалық ойларды қалыптастыру үшін жүйелі түрде жүргізілетін ғылыми-зерттеу әдістерін, іс-әрекеттерін, шараларын қолдану болып табылады.

Мемлекеттің экономикалық саясатын практикалық тұрғыдан қарастырғанда, бұл саясат мемлекеттің экономикалық реттеуді жүргізу бойынша нақты шаралар жүйесін жасаумен байланысты.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің мынандай анықтамаларын келтіруге болады:

1) Экономиканы мемлекеттік реттеу дегеніміз - нарықтық механизмдердің қызмет етуі үшін экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін қалыпты жағдайларды қамтамасыздандыру мақсатындағы мемлекеттің шаруашылық субъектілері мен нарық конъюнктурасына мақсатты бағдарланған әсері;

2) Экономиканы мемлекеттік реттеу - дегеніміз экономикалық құбылыстар мен олардың байланыстарын қолдауды немесе өзгертуді қамтамасыздандыратын мақсатты бағдарланған процесс.

Мемлекеттік реттеу методологиясына оның концепциясы, қағидалары, механизмдері мен әдістері де енеді. Олар әдістерін шартты түрде тікелей (әкімшілік) және жанама (экономикалық) деп 2 топқа бөлеміз.

Тікелей реттеу әдістері – көбінесе экономикалық процестердің өзіне және оның шамасына әсер етумен байланысты олар адрестік сипатта ьолады, яғни бір объектіге бағыттлаған. Бұл негізінен, экономиканы шамадан тыс монополизациялауды шекпейтін, бәсекелестікті дамытатын, тұрғындардың төлем қабілеті жүзеге асыратын шараларды қамтуды.

Жанама реттеу әдістері – негізінен адрессіз, бірақ барлық шаруашылық субъктілері үшін міндетті болып табылады. Олардың қызметі көбінесе экономикалық жағдайлардың шарттары нәтижесіне әсер етумен байланысты.

1. Фискальдық саясат – мемлекеттік бюджеттен реттеу құралдарын қамтиды. Бұған ең алдымен мемлекеттік сатып алуды көбейту немесе азайту, ірі қаржылар жұмсау бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, кейбір өндіріс салаларына, кәсіпорындарға бюджеттің есебінен берілетін жәрдем қаржылар (субсидия), салық шаралары жатады.



Салықтық реттеу фискальдық саясаттың маңызды бөлігі болып табылады. оның ең көп тараған түрлері:

а) кейбір экономикалық процестерді көтермелеу немесе шектеу мақсатында салық мөлшерін өзгерту. Экономикалық өсіді котермелеу ниетімен мемлекет бөлек салалар мен өңірлер (Арал өңірі), шет селолық аудандар мен еркін экономикалық аймақтар үшін салық солудың ерекше әлеңілдектен қолданылатын тәртібін орнатады. Жеке тауаларға сұранымды шектеу мақсатында салық толеушілердің басым көпшіліг үшін жанама салықтар мен табысқа салынатын салықтың нарқы да өзгертіледі: салық нарқы барынша төмен жағдайда өндірісіне ақша қаражатын жұмсау әдепте өседі, ал салық нарқы барынша жоғары өндірісті қаржыландыру тиіміз болады.

ә) Салық нарқын өзгеріссіз қалдыра отырып, оны төлеудің тәртібін өзгерту. Мысалы, негізгі қорларды амортизациялаудың мерзімін өзгерту.

б) Салық жеңілдіктерін ендіру немесе алып тастау. Салалық жеңілдіктерді ендіру капиталдың салааралық құйылымын реттейді. Салық салуға тиісті пайдадан жаңа техника түрлеріне жұмсалған шығынды шегеруге рұқсат беру негізгі қорларды жаңғыртуды тездетеді.





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...