Главная Обратная связь

Дисциплины:






Физикалық күштенуден кейін. 2 страница



125. Суға батудың «ылғалды» түрі қай типке жатады:

1. синкопальді

2. асфиксиялық

3. +шынайы

4. екіншілік

5. судағы өлім

 

126.Тұншығудың қай түрі клиникалық 3 кезеңнің болуымен сипатталады?

1. асфиксиялық

2. екіншілік

3. синкопальді

4. судағы өлім

5. +шынайы

 

127.Суға батуда ӨЖЖ қай кезден бастап жүргізеді:

1. катерге жеткізгенде

2. жағаға жеткізгенде

3. +бірден беті суға шыққанан

4. асқазанды судан босатқаннан соң

5. өкпені судан босатканнан соң

 

128. Жарақаттық асфиксияда ауыр тыныс бұзылыстары кезінде жасалатын іс шаралар:

1. тахеостомия

2. +ӨЖЖ жасау

3. ЖӨР

4. жүрекке тікелей емес массаж жасау

5. антибактериальды терапия

 

129.Асфиксиядан кейінгі кезеңде гиперкоагуляциямен күресуде қолданылатын препараттар:

1. гемодез

2. аспирин

3. +гепарин

4. сүлік

5. 0,9% натрий хлориді ертіндісі

 

130. Электр тогы әсер еткенде тері жамылғылары жарасы қандай формаға ие:

1. +кратер тәрізді

2. анық емес

3. ісінген

4. анық формасы жоқ терең жара

5. тырналған беткей жара

 

131. Электр жарақатымен зардап шегушіге шұғыл көмек көрсетуден бастау қажет:

1. +электр тогының әсерін тоқтату

2. зақымдану аймағынан зардап шегушіні алып шығу

3. тыныс алуын тексеру

4. қан айналымын тексеру

5. тез арада жүрек-өкпелік реанимацияны жүргізу

 

132.Зардап шегушіде электр тогы жүрек арқылы өткенде жиі пайда болады:

1. естен тану

2. +аритмиялар қарыншалық фибрилляцияға дейін

3. апное

4. дене бұлшықеттерінің тоникалық қысқаруы

5. ауыру синдромы және шок

 

133.Электр тогымен зақымданған терінің түсі қандай болады.

1. + айналасындағы теріден ақшылдау

2. қошқыл

3. жер тәрізді

4. ашық қызыл

5. өзгерісіз

 

134.Күн сәулесінің өтуі қанша уақыттан кейін көрініс береді?

1. 10-12 сағат

2. 24 сағат

3. +6- 8 сағат

4. 18 сағат

5. 36 сағат

 

135. Тоңу кезінде алғашқы медициналық көмекке қайсысы жатады ?



1. +зардап шегушінің үсіген бөлігін жылыту

2. тыныстық аналептиктерді енгізу

3. литикалық қоспаны енгізу

4. жүрек-өкпелік реанимация жүргізу

5. дененің үсіген бөлігін қармен сылау

 

136. Тоңу кезінде жедел көмек көрсетудің басты мақсаты:

1. тынысты қалпына келтіру

2. дене қызуын қалпына келтіру және бақылау

3. + қан айналысы бұзылыстарын және зат алмасу процессін жылдам қалпына келтіру

4. тынысты және ЖҚЖ жұмысын қалпына келтіру мақсатында ОНЖ қызметін тежеу

5. су балансын қалпына келтіру

 

 

137. Атропинмен уланғанда төменде аталғандардың барлығы байқалады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. Қарашық кеңеюі

2. Беттің гиперемиясы

3. +брадикардия

4. Дене температурасының жоғарлауы

5. Шырышты қабаттардың құрғақтығы

 

138. Угарлы газбен уланған кезде бірінші кезектегі орындалатын шұғыл көмек басталады?

1. Тұзды ерітінділердің инфузиясы

2. Тыныс аналептиктерін енгізу

3. Жүрек ырғағының бұзылыстарын тоқтату

4. +Оксигенотерапия

5. Вазопрессорлық терапия

 

139. Сілтілі қышқылмен уланған кезде жиі қандай асқыну дамиды?

1. +Эритроциттер гемолизі

2. Панкреонекроз

3. Токсикалық гепатит

4. Жедел тыныс жеткіліксіздігі

5. Өңеш перфорациясы

 

140. Улы газбен уланған кезде ауруханаға дейінгі көмекте төменде көрсетілгендердің қайсысы нәтижелі:

1.форсирленген диурез

2.гемосорбция

3.асқазан шаю

3.плазмофорез

4. +оксигенотерапия

141. Наркотикалық анальгетиктермен уланғанда ең тиімді препарат

1.бемегрид

2.кордиамин

3. +налоксон

4.адреналин

5.преднизолон

142. Коматозды жағдайдағы науқасқа асқазанды шаю алдында жасалады:

1. ауаны шығару

2. +трахея интубациясы

3. оттегімен ингаляция

4. бұлшықетке кордиамин мен кофеин енгізу

5.көктамырға мезатон енгізу

 

144. Менингококкцемия мына асқынуларды шақырады:

1. +бүйрек үсті безінің жедел жеткіліксіздігі

2. анемия

3. ангина

4. спондилит

5. жедел бауыр жетіспеушілігі

 

145. Менингококкцемиямен сырқаттанған 2 жасар балаға ауруханаға дейінгі этапта енгіземіз:

1. гепарин 10мың. ЕД

2. цефазолин 50 мың/кг салмаққа

3. фуросемид 5-7 мг/кгсалмаққа

4. + левомицетин сукцинатын 25 мг/кг салмаққа

5. димедрол 1% - 0,2 к/т

 

146. Менингококкцемияға тән сипаттама:

1.бауыр ұлғаюы

2. гипотермия

3.дақты –папулезді бөртпе

4. + геморрагиялық бөртпе

5. брадикардия

 

147. Менингит диагностикасында маңызды:

1. ауру басталғанда жедел температураның жоғарылауы

2. инфекционды-токсикалың шок синдромы

3. интоксикация белгілері

4. тері және шырышты қабаттардың бозаруы

5. +ликворда менингиальді синдромға тән өзгерістер

 

148. Жедел кенелік энцефалитке тән емес белгі?

1. менинго-энцефалитикалық синдром

2. бас ішілік қысымның жоғарылауы

3. ауру басындағы жоғары қызба

4. +қыс-күз мезгіліндегі аурудың өршуі

5. әлсіз парездер мен жоғары иық бұлшық еттің параличі

149. Энцефалиттің клиникалық көрінісіне тән:

1.АҚ жоғарылауы

2.Воскресенский симптомы оң

3.+ошақты симптомдар

4.перитонеальді симптом

5.буындық синдром

150.Менингит кезінде госпитальға дейін алғашқы болып қандай көмек қолданады:

1.+пенициллин, преднизолон, фуросемид

2. кеторолак, но-шпа, лазикс

3. магнезия, диазепам, левомицетин

4. 33% спирт, эуфиллин, трамадол

5. глюкозаның гипертоникалық ерітіндісі

 

151. Жедел ми қан айналымының бұзылысына тән:

1.жарақаттан кейінгі типпен

2.гипокинетикалық типпен

3.кардиальді типпен

4.гипоксиялық типпен

5.+ ишемиялық типпен

152. Субарахноидальді қан құйылуға тән:

1.моторлық афазия

2.сенсорлы афазия

3.+шүйде бұлшықетінің ригидтілігі

4. амнестикалық афазия

5. Бабинский симптомы

 

153. Жедел ми қанайналымының бұзылысы кезіндегі «терапевтикалық терезе» ұзақтығы:

1. жарты жылға дейін

2. 2 жылға дейін

3. 24 сағаттан 3 тәулікке дейін

4. +3-6 сағат

5. 12-24сағат

 

154. ЖМҚБ-нің дифференцияланбаған терапияның базисті еміне қайсысы жатады:

1. +оксигенотерапия

2. тромболитикалық терапия

3. нейрохирургиялық ем

4. физиотерапевтикалық ем шаралар

5. химиотерапевтикалық ем шаралар

 

155. Ми қан айналымының өткізгіштігінің кері дамуы қанша уақытқа созылады?

1. +бірнеше минуттан 24 сағатқа дейін

2. 2-3 тәулік

3. 3-5 тәулік

4. 5-7 тәулік

5. 1-2 апта

 

156. Геморрагиялық инсульттің себептеріне жатады?

1. артериальді гипотензия

2. өкпе ісігі

3. +бас ми қан тамырының аневризмасы

4. менингит

5. кардиоэмболия

157. Диабетикалық гипергликемиялык комаға тән:

1. Брудзинский және Керниг.симптомы

2. АҚ жоғарылауы

3. ылғалды тері жабындысы

4+ біртіндеп басталуы

5. бірден басталуы

 

158. Наркотикалық комаға тән симптом:

1. мидриаз

2. ауыздан ацетон иісінің шығуы;

3. +сирек, беткей тыныс

4. жиі терең тыныс

5. 40% глюкоза ерітіндісіне оң әсері

 

159. Терең алкогольді комаға тән сипаттама:

1. жылы құрғақ тері

2. қызба

3. гипертония

4.джексондік ұстама

5.+ гипотония

 

160. Алкогольді команың еміне кіреді:

1. нашатыр спиртін иіскеу

2. +В тобының витаминдерін енгізу

3. активтельген көмір

4. преднизолон

5. антибиотиктерді енгізу

 

161. Гипогликемиялық комадан шығаратын оптимальді әдіс:

1. + 40% глюкоза ерітіндісін көк тамырға құю

2. 10% глюкоза ерітіндісін көк тамырға тамшылатып

3. 20% глюкоза ерітіндісін көк тамырға тамшылатып

4. 40% глюкоза+6-8 ЕД инсулин ерітіндісін көк тамырға

5. 5% глюкоза ерітіндісін көк тамырға құю

 

162. Науқас есінен танғанда ең алғаш тексеруді неден бастайды:

1. шүйде бұлшық етінің ригидтілігі

2. Бабинский симптомын

3. сәуле артериясында пульсті

4. сіңір рефлекстерін

5. + ұйқы артериясында пульсті

 

163. Төменде берілгендердің қайсысы науқасқа қатерлі болып табылмайды?

1.кома

2.сопор

3.делирий

4.+ нейрогенді синкопе

5.дисциркуляторлы синкопе

 

164. Глазго шкаласы бойынша естен тану параметрін есептегенде бағалаймыз ?

1.нашатыр спиртін иікегенде реакция

2. қарашықтың жарыққа реакциясы

3. АҚ деңгейі

4. тыныс жиілігінің частота дыхательных движений

5.+ қозғалыс активтілігі

 

165. ЖМЖ этапында қандай команы тез арада қалпына келтіруге болады?

1. +опиаттармен улану

2. бауырлық кома

3. уремиялық кома

4. ауыр ЧМТ кезінде кома

5. гипергликемиялық комада

 

166. Брадикардияның өршуімен естен тану бұзылыстарына тән?

1. бауырлық кома

2. уремиялық кома

3.+ ми ісігінің біртіндеп ұлғаюы

4.ми қыртысының токсикалық зақымдалуы

5. ишемиялық инсульттегі кома

 

167.Науқас алкогольді кома кезінде бірден нашарлау себебі болуы мүмкін

1. токсикалық энцефалопатия дамуы

2. дегидратация дамуы

3.қандағы глюкозаның төмендеуі

4.+ тыныс жолдарының аспирациясы

5. полинейропатияның дамуы

 

168. Эпилептикалық ұстамаға тән:

1. бір біріне ұқсамайтын ұзақ уақытқа созылатын ұстамалар

2. ұстамадан кейін есі жоқ

3. + кенет пайда болып, кенет тоқтауы

4. ұзақ уақытқа созылады

5. естің терең жоғалуы

 

169. Эпилептикалық ұстаманы тоқтату мақсатымен келесі жедел шұғыл көмек көрсетеді:

1. 1% фуросемидті көк тамырға

2. +седуксенді көк тамырға енгізу

3. жақтарын ашып ұстауға тырысу

4. жүрек-қан тамыр жүйесіне және тыныс алу жүйесіне стимуляторлар енгізу

5. психотерапия әдістерін қолдану

 

170. Эпилептикалық статусқа тән:

1. + үздіксіз ұстамалық пароксизмдердің жүруі

2. ұстама аралығы өте ұзақ

3. тырыспалық пароксизмдердің аралығында науқас есін жинап отырады

4. науқасқа қауіпсіз

5. сомато-вегетативті бұзылыстар

 

171. Жалпы милық синдромға тән:

1. Брудзинский симптомы

2. гемипарез, гемиплегия

3. джексондық эпилепсия

4. +генерализденген тырыспалық ұстама

5. Бабинский симптомы

 

172. Эпилептикалық ұстамаға тән:

1 қолдарын хаотикалық түрде , жан жаққа серпу

2. жағдайлық жинақылық

3. тырыспалық ұстамада амнезияның болмауы

4. + тілді тістеу, бас, және кеуде бөлігінің зақымдалуы

5. тұрақты анизокория

 

173. Эпилептикалық ұстамаға тән клиникалық көріністер:

1. +құлау, клоникалық тырыспалар

2.шеткі ағзалардың треморы

3. тыныс жетіспеушілігі

4. психикалық автоматизм

5. галлюцинациялар

 

 

174. Төменде көрсетілген себептерден жаңа туған нәрестелерде тырыспалар дамиды, МЫНАДАН БАСҚА:

1. мидың гипокси-жарақаттық зақымдануы

2. +мөлшерден көп тамақтандырғанда

3. миының және сүйегінің тума ақаулары

4. біріншілік және екіншілік менингитте

5. ЖРВИ кезіндегі гипертермия

 

175. Жаңа туған нәрестелердің тырыспасы кезіндегі жедел жәрдем дәрігерінің жасайтын маңызды әдісі:

1 .ас қорытылуына баға беру

2. ес деңгейін бағалау

3. +тыныс жолдарының аспирациясын алдын алу

4. қайталанатын ұстамаларының қайталабауының алдын алуына кеңес беру

5. зәр айдағыштарды енгізу

 

176. Странгуляциялық асфиксияны өткерген науқастарда тырыспаларды және бұлшық еттің қозғыштығын жою үшін қолданамыз:

1. 2,4% эуфиллин ерітіндісін көк тамырға
2. 100мг трамадолды көк тамырға
3. ылғалды оттегімен ингаляция
4. +20% натрий оксибутират ерітіндісін көк тамырға
5. 1% димедрол ерітіндісін көк тамырға

 

177. Алғаш рет тырысу ұстамасы болған науқасқа жедел жәрдем дәрігерінің жүргізетін ДҰРЫС әрекеті:

1. науқасты тез арада ауруханаға жеткізу

2. тырысуды басып, емханаға хабарлау

3. + тырысуды басып, тез ауруханаға жеткізу

4. оттегі ингаляциясы, тырысуды толық баспай ауруханаға жеткізу

5. 0,4 мг налоксон, тырысуды басып, шұғыл ауруханаға жеткізу

 

178. Тырысу синдромы барлық жағдайда болуы мүмкін, БІРЕУІНЕН БАСҚА:

1. гипертермиялар

2. бассүйек-ми жарақаттары

3. жүктілік эклампсиясы

4. экзогенді улануларда

5. + миокард инфарктінде

 

179. Эпилепсия диагнозы қойылған науқасқа қоғамдық орында жедел жәрдем дәрігерінің дұрыс тактикасы:

1. + тырысуларды басқан соң жедел госпитализация

2. 25% магний сульфаты, емханаға актив беру

3. 10 мг реланиум, емханаға актив беру;

4. науқасты жедел госпитализациялау;

5. 10 мг седуксен, емханаға актив беру;

 

180. Фебрильді тырысулар дегеніміз не?

1. дені сау адамдарда болатын тырысулар;

2. балалар эпилепсиясының қатерлі түрі;

3. + бұл бала миының дене қызуы жоғарылауына аномальды жауап беруі;

4. бұл дененің бір бөлігіндегі тырысулар;

5. бұл ыстық ауа райында дамитын тырысулар;

 

181. Тырысуға қарсы қасиеті жоқ дәріні таңдаңыз:

1. магнезия;

2. реланиум;

3. диазепам;

4. натрий оксибутираты;

5. +димедрол;

 

182. Эпилепсиямен аурушаңдық шыңы егде жастағыларда жоғарылайды, неліктен?

1. + ми-қантамыр ауруларының көбеюіне байланысты

2. бұл жаста жүйке жасушалары эпилептогенді

3. гормон бұзылыстары

4. май алмасу бұзылыстары

5. ми субатрофиялары

 

183. Тұншыққан зақымданушыны ауруханаға тасымалдау кезінде кенеттен тырысулар пайда болды. Сіздің әрекетіңіз?

  1. Жүрек-өкпе реанимациясын жүргізуді бастау
  2. +Тырысуға қарсы дәрілерді енгізу
  3. Тілдің түсуінің алдын алу
  4. Ауа өткізгіш түтік қою
  5. Интубация жүргізу

 

184. Суицидтік мақсатпен асылып жатқан науқасты ілмектен туысқандары шешіп алды. Қарап тексергенде мойнындағы странгуляциялық жүлге көмейден төмен, терісі көгерген, есіңгіреген, тынысы спонтанды, ТЖ 1 минутта -20 рет, тахикардия – ЖЖЖ -110 рет. АҚҚ 150/90 мм сынап бағанасымен. Қолдарында клоникалық тырысулар бар. Төменде аталған дәрілердің қайсысын бірнші кезекте жасау керек?

1. Гормондық заттар

2. Магний сульфаты

3. + Брузепам

4. Нифедипин

5. Капотен

 

185. Суға батудан зардап шегуші. Есі жоқ, тері жабындысының диффузды көгеруі, тынысы минутына 2-3 рет, ұйқы артериясында пульс анықталмайды. Сіздің әрекетіңіз?

1. + Жүрек-өкпе реанимациясын жасау

2. Зәрайдағыштарды көктамырға енгізу

3. Сода ерітіндісін көктамырға енгізу

4. Бақылау үшін қабылдау бөліміне жеткізу

5. Реанимациялық бригада шақырту

 

764. 5 жасар баласын анасы үйінен ес-түссіз, тоникалық тырысулары бар және оң қолында шегесімен тауып алды. Бұған дейін дені сау болған. Қарап тексергенде: ТЖ – 30 рет мин., пульс -130 соққы. Оң алақанының терісінде сызықшалы формалы ақшыл-сұрғылт жара бар. Тырысулардың болуының ЕҢмүмкін себебі?

1. басішілік гипертензия

2. бас-ми травмасы

3. +электрожарақат

4. коллапс

5. естен тану

 

765. 5 жасар баласын анасы үйінен ес-түссіз, тоникалық тырысулары бар және оң қолында шегесімен тауып алды. Бұған дейін дені сау болған. Қарап тексергенде: ТЖ – 30 рет мин., пульс -130 соққы. Оң алақанының терісінде сызықшалы формалы ақшыл-сұрғылт жара бар. Жедел медициналық жәрдем көрсеткенде төменде аталған шаралардың барлығы жасалады, тек МЫНАДАН БАСҚА:

1. Оксигенотерапия

2. Тырысуға қарсы заттар

3. Антигипоксанттар

4. Көктамырға түсу

5. + Тыныс аналептиктерді енгізу

 

188. Ер адам 40 жаста, электротоктың қасында жатыр. Қарап тексергенде: қолында сопақша пішінді ақшыл –сұр түсті жара бар, тынысы беткей 1 минутына 2-3 рет, ұйқы артериясында пульс ж

оқ. АҚҚ 00/00 сынап бағанасы бойынша. ЭКГ-да қарыншалар фибрилляциясы. Жедел медициналық неден басталуы қажет:

1. Изоптин енгізу

2. Лидокаин енгізу

3. + Дефибрилляция жасау

4. Дофамин енгізу

5. Өкпені жасанды желдендіру

189. 27 жасар әйел 220 W электр тогымен зақымдалғаннан кейін есі сақталған, қозған, пульс 108 минут, АҚҚ 150/90 с.б.б. Қандай медикаменттер бірінші кезекте қолдану керек?

1. Тырысуға қарсы

2. +Седативті

3. Аритмияға қарсы

4. Антигистаминді

5. Нейропротектор

 

190. Ер кісі 44 жаста, 380 W электр сымымен жанасқанда аз уақытқа есінен танды, тыныс 18рет мин, АҚҚ 85/60 мм.рт.ст., аритмия ЖЖЖ 178 минут. Ең бірінші кезекте қандай дәрі қолдану керек екенін анықтаныз?

1. верапамил

2. +кордарон

3. преднизолон

4. дигоксин

5. магний сульфаты

 

191. 26 жастағы еркек, 800 W электр желісіне байқаусызда басын тығып алған. Қарап тексергенде: есі жоқ, тоникалық тырысулар. АҚҚ 90/60 мм сынап бағанасымен. ТЖ минутына 10 рет. Төменде аталғандардың ішінде қай дәріні тағайындау қажет?

1. Преднизолон

2. +Брузепам

3. Магний сульфаты

4. Лидокаин

5. 40% глюкоза ерітіндісі

 

192. 27 жастағы әйел 220 W электр тогына түскен. Қарап тексергенде жағдайы:

220 W электр тогымен зақымдалғаннан кейін есі сақталған, қозған, пульс 108 минут, АҚҚ 150/90 с.б.б. оң қолының алақанының сыртқы бетінде кратер тәрізді ақшыл-сұр түсті жара бар. Науқасқа төменде аталғандардың ішінен қандай дәрілер бірінші кезекте жасау керек?

1. +Магний сульфаты

2. Натрий оксибутираты

3. Преднизолон

4. Кордиамин

5. Верапамил

 

193. Ер адам 44 жаста. 380 W кернеулік электр желісімен қатынасқан. Есі жоғалған, тынысы 18 рет минутына, АҚҚ 85/60 мм с.б.б. аритмия. Өкпесінде тұрақты емес құрғақ сырылдар. ЭКГ: жүрекшелер жыпылықтауы, ЖЖЖ минутына 104 рет. Жүректің электрлік ось қалыпты. Науқасқа төменде көрстеліген дәрілердің қайсысын береміз:

1. +дофамин инфузиясы

2. 5 % глюкоза ерітіндісі

3. лидокаин ерітіндісі

4. пентокрахмал инфузиясы

5.эуфилин көктамырға

 

194. Электр тоғы ми арқылы өткенде зардап шегушіде көрінеді:

1. +есін жоғалту,тырысу

2.апное

3.әр түрлі аритмиялар,тіпті қарыншалар фибриляциясына дейін

4.қаңқа бұлшық еттерінің тоникалық қысқаруы

5.ауру синдромы және шок

 

195.Электр тоғы қай мүше арқылы өткенде ритм бұзылыстары,тіпті қарыншалар фибриляциясына дейінгі бұзылыстар дамиды

1.бауыр

2.бүйрек

3. +жүрек

4.ми

5.өкпе

 

196. Төменде аталған клиникалық белгілердің қайсысы электр жарақатының І дәрежесіне тән:

1.Кенетен өлім және прострациямен дамитын өлім

2. Жалпы тырысулар, токты өшіргеннен кейін прострация жағдайында

3. Ауыр прострация және токты өшіргеннен кейін бірнеше уақытқа қозғала алмайды, есін жоғалтады

4. Ауыр прострация және токты өшіргеннен кейін бірнеше уақытқа қозғала алмайды, есін жоғалтпайды

5. +жекеленген тырысулар

 

197. Еркек 26 жаста, 1200 W кернеулік жалаңаш электр желісіне тиген. Объективті: есі жоқ, ұйқы артериясында пульс анықталмайды, тыныс алу және жүрек соғуы жоқ, қарашықтары кеңейген, жарыққа жауап бермейді. Электржарақатының ауырлық дәрежесін анықтаңыз:

1. V

2. I

3. II

4. III

5. +IV

 

198. Ер кісі 34 жаста есін жоғалтып, жалаңаш электр желісін қолына ұстап үйінің қасында жатыр. Қарап тексергенде: аяқ-қолдарының клоникалық тырысулар, ТЖ 20 рет минут, пульс минутына 100 рет. АҚҚ 140/100 мм с.б.б. Қолында дөңгелек пішінді бозғылт түсті жарасы бар. Төменде көрсетілген дәрілердің қайсысын бірінші кезекте тағайындау қажет?

1. преднизолон

2. +натрий оксибутираты

3. верапамил

4. лидокаин

5. оттегі ингаляциясы

 

199. 54 жасар ер кісі 380В электр сымымен жанасып зақым алғанда коматозды жағдайда болады, сирек тыныс АҚҚ 80/50 мм.рт.ст., аритмия. Электрожарақаттың дәрежесін анықтаңыз?
1. V

2. I

3. II

4. +III

5. IV

 

200. 23 жасар әйел қапырық бөлмеде ұзақ отырған. Басының ауыруна, лоқсуға, құсуға шағымданады. Қарап тексеру кезінде – тері жабындылары ашық қызыл, ыстық. Катаралді бөлінділер жоқ, тыныс везикулярлы, сырылдар жоқ..ТАЖ 20 минут. Жүрек тондары – анық, ырғақты , ЖЖЖ 88 минутына, АҚҚ 130\80 мм.рт.ст. басқа мүшелер мен ағзаларда ешқандай потология жоқ. Қарап тексеру кезінде науқаста тырыспа басталды. Мынадай диагноз қойылды ыстықтық соққы, тырыспалы синдром. Ауруханаға дейінгі кезеңде тырысуды басу үшін қандай шаралар қолданған дұрыс?

1. көктамырға брузепам енгізу

2. + бас жарақатының алдын алу үшін басын ұстау

3. тілін тістеп алмау үшін ауыз кеңейткіш қою

4. ауа үрлегіш түтік қою

5. магний сульфат ерітіндісін бұлшық етке енгізу

 

201. Науқас 49 жаста булы моншада болды, кенеттен бас ауру, бас айналу, жүрек айну, құлақта шу, әлсіздік пайда болды. Объективті: АҚҚ 110/70 мм.рт.ст. Пульс 96 минутына. Неврологиялық симптоматикасы жоқ. ЭКГ: ST сегментінің төмендеуі V2 және V3 тіркемелерінде. Науқаста ЕҢ мүмкін болатын ауруды анықтаңыз:





sdamzavas.net - 2017 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...