Главная Обратная связь

Дисциплины:






Информатика пәні. Ақпараттық технологиялар



Жұмыстың мақсаты: Информатика пәні және информация ұғымы туралы түсінік беру.

Инрорматика – ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен әдістерін зерттейтін комплексті ғылым.

«Информация» термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымдарды білдіретін information сөзінен шыққан.

Біз өзімізге қажетті информацияны оқулық пен кітаптардан, газет-журналдардан, теледидар хабарлары мен кинофильмдерден ала аламыз. Информация кез-келген түрде бізге белгілі-бір мағлұматтар немесе не болып жатқаны туралы деректер береді.

Түрлі объектілер, құбылыстар мен процестер жөніндегі жалпы мағлұматтарды информация дейді. Информация алу дегеніміз – бізді қоршаған құбылыстар мен объекттердің өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер бере алу деген сөз.

Сонымен, информация – белгілі-бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар. Информация түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары, магниттік жазба және т.б.

Информацияның өлшем бірліктері – бит, байт, килобайт, мегабайт, гигабайт. 0 мен 1-ден тұратын екілік сан таңбалары бит деп аталады. Бит ағылшын тіліндегі bit (binary digit - екiлiк танба) деген қысқарған сөз. Компьютерде қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разрядты екілік санды байт (ағылшынның byte деген сөзінен) деп аталады.

Әрбір таңба компьютер жадынан 1 байт орын алады. Мысалы, әр жолда 60 таңба (бос орындармен қоса алғанда), ал әр парақта 40 жол (1,5 интервал үшін) болатынын ескерсек, бір стандарт өлшемді параққа шамамен 2400-2600 байт информация сияды.

1 байт=8 бит

1 килобайт=1024 байт

1 мегабайт=1024 килобайт

1 гигабайт=1024 мегабайт

Windows –IBM PC платформалы компьютерлерге арналған алғашқы графикалық операциялық жүйелердің бірі. Мұндағы ең қарапайым және негізгі басқару құрылғылары болып тышқан және пернелік тақта есептеледі. Windows жүйесінің көмегімен компьютерді басқара отырып, шағын локальдық желінің қызметін ұйымдастыруға болады және мұнда Интернет желісімен кіріктірілу мүмкіндігі де қарастырылған.



Файлдеп логикалық байланысқа ие сыртқы жадының мәліметтер немесе программалар жиынтығы орналасқан , өз алдына дербес аты бар атаулы бөлігін айтады. Құрылған файлға ат беріледі және ол файлдық жүйеге тіркеледі. Файлдың аты екі бөліктен тұрады: файлдың атауы және файлдың кеңеймесі (типі), олар бір-бірінен нүкте арқылы ажыратылады.

Бума (папка, каталог) – бір дискіде орналасқан, белгілі бір қажеттілік бойынша бір топқа біріктірілген файлдар жиынтығын атау үшін қолданылатын Windows жүйесінің негізгі объектілерінің бірі. Мұндай қызмет атқаратын объектіні MS DOS жүйесінде каталог деп атаса, қазіргі Windows жүйесінде бума деп атайды. Бумада тағы да басқа бумалар , файлдар орналасуы мүмкін.

Бумалардың қызметі- есте сақтау құрылғыларында сақталатын өте көп файлдардың арасынан қажет файлды тез іздеп тауып алу үшін, оларды белгілі бір ретпен бағынышты немесе сатылы иерархиялық құрылымда орналастыру.

Жарлық (Ярлык)-нақты бір объектіге апаратын жол (маршрут, путь) сақталатын, бір килобайт көлеміндегі шағын файл. Жарлықтар да қажет объектілерді жылдам тауып алу үшін қолданылады.

Windows операциялық жүйесі графикалық жүйе болғандықтан мұнда негізгі объектілерді, яғни бума мен файлды белгілеу үшін арнаулы белгі- таңбалар(значки) қолданылады. Файлдардың әрбір типіне сәйкес белгілері болады, сондай-ақ жарлықтардың да өзіне тән бағыттауышы (стрелкасы) бар белгісі болады.

Windows операциялық жүйесіндегі графикалық интерфейстің негізі – бұл жақсы ойлап табылған және өте тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік беретін терезелер жүйесі. Терезені операциялық жүйедегі жұмысты басқару элементі деп те , объектілердің жұмыс аумағы деп те қарастыруға болады. Windows операциялық жүйесінде терезенің: қосымша терезесі,

құжат терезесі,

сұхбат терезесі,

белгі (значок) - терезе және т. б. түрлері кездеседі.

Жұмыс үстелі (Рабочий стол) – Windows операциялық жүйесінің бумалары мен файлдары, жарлықтары және тағы да басқа жүйені басқару элементтері орналасатын жоғары деңгейдегі объектісі (немесе бума). Windows операциялық жүйесі іске қосылғанда бірден жұмыс үстелінің терезесі ашылады.

Тапсырмалар панелі (Панель задач) – жұмыс үстелінде орналасқан және қолданушының жасап жатырған тапсырмаларын уақытша қоя тұруына арналған Windows операциялық жүйесінің негізгі басқару элементтерінің бірі.

Файлдық жүйе –дискідегі файлдардың орналасуына және олармен жұмыс жасауды басқаруға жауап беретін операциялық жүйенің құрамды бір бөлігі.

Файлдық жүйеде жасалатын әрекеттер:


  • файлдық жүйе бойынша іздеу
  • қосымшаларды іске қосу және құжаттарды ашу
  • бумалар құру
  • бумалар мен файлдарды көшіру
  • бумалар мен файлдардың орынын ауыстыру
  • бумалар мен файлдарды өшіру
  • бумалар мен файлдардың атын өзгерту
  • жарлықтар құру

Сілтеуіш (Проводник)- файлдық жүйеден кез-келген объектіні іздеуге және олармен басқа да әрекеттерді орындауға арналған операциялық жүйенің қызметші программасы .

Алмасу буфері (Clipboard)-операциялық жүйе жұмысы кезінде қосымшалар мен құжаттар арасындағы мәлімет алмастыруды қамтамасыз етуге арналған жедел жадының арнаулы бөлігі.

Стандарт қосымшаларғаWindows операциялық жүйесінің құрамындағы, қолданушыға ең қажет, қарапайым қызмет түрлерін (қарапайым мәтіндік құжат даярлау, суреттер салу, сақтау, баспаға шығару, математикалық қарапайым есептеулер жүргізу және т.б.) көрсететін келесі қосымшалар немесе программалар жатады:


  1. Мәтіндік редактор WordPad
  2. Блокнот
  3. Графиктік редактор Paint
  4. Калькулятор


Тышқан құрылғысымен жасалатын әрекеттер:





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...