Главная Обратная связь

Дисциплины:






Операциялық жүйелер құрамы. Утилиттер. Драйверлер



Операциялық жүйелер (ОЖ). Бұлар кез-келген дербес компьютердің аппараттық құрылғыларын толықтырады және де қолданбалы программалардың ішкі құрылғыларын қарым-қатынасын, адамның сәйкес командалар көмегімен машинаны басқаруына мүмкіншілік тудырады.

ОЖ- қолданушы мен программаның қорғалуын қамьамассыз етеді, программаны іске қосады, компьютерді басқарады. Әрбір программа ОЖ-нің қызметін қолданады, сондықтан да ол осы қызметті көрсететін ОЖ-мен жұмыс жасайды. ОЖ-ні таңдау өте қажетті, себебі таңдалған ОЖ-ге дербес компьютердің жұмыс істеу қабілеттілігі мен деректер қорғалуының деңгейі тәуелді.

Программалар жүйесі.IBM PC- ге арналған он мыңдаған программалар бола тұра қолданушыға бұл программалар орындамайтын басқа нәрсе керек болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жаңа программа құратын программалау жүйелерін қолдануға болдаы. Бұндай жүйелер де әдетте компилятор болады, онда жоғарғы деңгейде программалау тілінде орындалатын программалар және программалар текстін аударушы, ішкі қажет программалар кітапханасын кейде әртүрлі қосымша программалар.

ІВМ РС сәйкес компьютерлерінде танымал программалау тілдеріне (Си, Си++, Паскаль, Бейсик, Фортран және басқа) арналған программалау жүйелерінің түрлері бар, олар DOS, WINDOWS, WINDOWS 95 орталарында жұмыс жасайды.

Программалау жүйесінің негізгі класы клиент – сервер құруға арналған қосымша болады. Бұл жүйелер ақпараттар жүйесін үлкен өндірістерге арнап құруға бағытталған. Бұнда қолданушы интерфейсін құруға арналған құрылғылар, деректерді өңдеуде типтік жұмыстарды орындауды дайындау бар. Бұл жүйелер мен жұмыс атқарады.

Қолданбалы программалар.ІВМ РС- ге арнап әртүрде пайдаланылатын қолданбалы программалардың мыңдаған түрі құрылған.

Келесі программалар кеңінен пайдаланылады:

- текст аудармашысы – компьютерде тексті (документті) дайындау;



- кестелі процессорлар – кестелі деректерді өңдеу;

- баспа жүйелер – типографиялық сапаты документтер дайындау;

- деректер қорын басқару жүйелері – ақпараттар массивін өңдеу;

- бухгалтерлік программалар – экономикалық белгідегі программалар, финансты талдау программалары, құқықтық деректер қоры, т.с.с;

- суреттер, анимациялар және видеофильмдер құруға арналған программалар;

- деректерді статистикалық талдау программасы – автоматты жобалау программалары;

- комплекс ойындар, оқыту программасы, электронды анықтамалар және сондай сияқты.

Документтер аудармашысы – бұл қолданбалы программаның кеңінен қолданылатын түрі. Ол документтерді тез және қолайлы түрде дайындауға мүмкіндік береді. Документ аудармашысы – әртүрлі шрифтарды қолдануды, сөздерді автоматты түрде келесі жолға көшіреді, суретті қосады, бетті автоматтытүрде нөмірлейді.

Кестелі процессорлар.Кестелі процессорлармен жұмыс істегенде экранға төрт бұрышты таблица шығады, мұндағы клеткаларды сандар, түсініктеме текстер, белгілі бір есептеу формулары болады.

Жаңаша кестелі процессорлар үштік таблицалармен жұмыс атқаруды, жеке енгізу және шығару формаларын құруды, макрокомандаларды автоматтандыру құрылғыларын пайдалануды, деректер қорымен байланысты көздейді.

Деректер қорын басқару жүйелері (ДҚБЖ)кең көлемдегі ақпараттар ағынымен – деректер қорын басқаруды қамтамассыз етеді. Бұл түрдегі ең қарапайым жүйелер компьютерде ақпараттардың бір ғана массивін өңдей алады. Олар енгізу, іздеу, жазбаларды сорттау, отчет құруды тағы басқа орындайды. ДҚБЖ-ның қиынырақ түрлері бір-бірімен байланысқан бірнеше ақпараттар массивімен жұмыс атқарады, мұнда әртүрлі қатынаста байланысқан объектілердің түрлері бар есептер қолданылады.

Графикалық редакторлар –компьютер экранында суреттерді редакциялау және құруды орындайды. Қолданушы сызықтар, қисықтар сала алады, экран аймағын бояйды, әртүрлі шрифтар арқылы жаза құрады және т.б. Көптеген редакторлар көмегімен бейнені өңдеуге, документке қосылған суреттерді сол күйінге шығаруға болады. Кейбір объектілер үштік объектілердің бейнесі алу мүмкіншілігін, түсте проффесионалды түрде өңдеуді қамтамасыз етеді Автоматты жобалау жүйесі (АЖЖ) – компьютер көмегімен әртүрлі механизмдерді құрастыруды және сызуды қолдайды.

Интергралданған жүйелер –деректер қорын басқару жүйелерінің, кестелі процессордың, тексті аудармашының, графикалық жүйелердің және басқада мүмкіншіліктердің жұмысын атқара алады. Интергралданған жүйенің барлық компоненталары бір – біріне өте ұқсас келеді, соның арқасында оның жұмысы өтежеңіл.

Бухгалтерлік программалар - өндірістік қызметінің финансын талдау және есеп беруді дайындау, бухгалтерлік есепті енгізуге арналған. Кейбір бухгалтерлік программалар, бухгалтерлік есептің бөліктеріне автоматтауға арналған, мысалы: жалақыны есептеу, тауарлар есебі, складтағы материалдар есебін жүргізу тағы сондай сияқты.

Деректер құрылымы. Файл (типі, аты, орналасуы).

Файл – бұл белгіленуіне қарай дискіде сақталатын және аты бар ақпараттар жиыны.

Файлдың атын құрастыру ережесі және оны файлдық жүйеге біріктіру операциялық жүйеге байланысты, ал оның базалық модульі онымен жұмыс істеуге арналған.

Бұл ережелерді операциялық жүйенің М8-005 6.0 мысалында қарастырамыз. (соңындағы сұраққа жауап сілтемесін қара).

Файлдың аты екі бөліктен тұрады: меншікті аты және кеңейтілуі. Меншікті аты сегіз символдан аспайды және оған арифметикалық операциялар, пробел, қатынастар, пунктирлер жатпайды. Аты ретінде МS-DOS белгілеген немесе СОN, LРТ1, LРТ2 – деген сияқты құрылғылардың атымен сәйкес келмеуі керек, файл атының кеңейтілуі үш симврлдан артық болмауы керек, немесе болмауы да мүмкін

Егер кеңейтілуі болса, ол негізгі атынан нүкте арқылы бөлектенеді. Мысалы, ris.bmp немесе mart.txt, docl.doc.

Файлдың аты арқылы оның мәнін анықтауға болады, сондай – ақ ОЖ түрінің файлына арналған кеңейтуге бірнеше қойылған келісімдер бар. Файл программалары соm (command сөзінен алынған) және ехе (ехесutаble сөзінен алынған) кеңейтілулері олар пайдаланушының шақырылуы үшін қолданылады com және exe кеңейтулерінің файл программасы болады. Олар пайдаланушының шақыруы бойынша орындалады; dос (document) — файл құжатымен, Міcrosoft Word мәтіндік редакторында дайындалған;bac (backup) —резервтегі көшірмелер; bas— ВАSІС тілінде жазылған файлдар.

Берілген дискіде сақталған файлдардың аттары, оның типі, өршемі, құру уақыты жайындағы мәліметтермен бірге коталогта (директория) орналасады. Жұмыс дискілер, соның ішінде қатты және компакт дискілердің көлемі мынадай: бір дискіде көпөлшемдердегі файлдарды сақтауға болады. Сондықтан барлық сызықты құрылымы бар ыайлдардың каталогымен жұмыс істеу тиімсіз. МS-DOS файлдардың аттарын бірнеше каталогта, оларды байланыстыратын белгісіне байланысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Каталогтардың аттары жоғарыда айтырып кеткен шектеулерге байланысты жазылады. Каталогтың ішіне көптеген файл аттарын жазуға болады; каталогтың ішінде басқа каталогтар да болады. Бұл жағдайда оларды ішкі каталогтар деп атаймыз т.с.с. Сол себепті каталогтың иерархиялық құрылымы қалыптасады, оны каталогтар «бұтаға» деп атап оның түпкі каталогы ретінде ең негізгі каталогы алынады, ал бұтақтары ішкі каталогтар, бұтақ жапырақтары ретінде файл аттарын қарап кетуге болады. Әртүрлі каталогтарда орналасқан екі файл немесе екі ішкі каталогтардың аттары бірдей болуы мүмкін. Сондықтан дискідегі бір мәнді файл (каталог) идентификациясы үшін оған қатынас жасау жолын көрсетіп кету керек. Қатынас жолы диск атынан және ондағы каталогтар тізімінен тұрады; әр келесі кездесетін каталогтар алдыңғы каталогтың ішкі каталогы болып табылады. Бұл тізімдегі соңғы каталог ішінде ізднп отырған файлымыз орналасады. Бұл тізімдегі элементтер бір – бірімен қисық сызық (\) арқылы бөлінеді. Мысалы:

С:\QBASІC \ BASІC1 \qbasіc.ехе

С: \ QBASІC \ BASІC2 \qbasіc.ехе

Файлдың құрама аты (PATHNAME) файлға қатынас жолынан тұрады да, онда да файлдың толық аты болуы керек, сондай – ақ ол да дискідегі қандай атпен берілген бөлігін анықтай отырып құрылады. Каталог дискідегі керек файлды оның аты бойынша табуды қамтамасыз етеді. Дискіде анықталған аймақта орын бөлінеді, онда аранайы әрбір файлға арналған тізбектелген блоктардан тұратын файлды орналастыру кестесі орналасады. Бұл кесте әрдайым жаңартылып тұрады. Оны толығымен өшіру үшін дискіні форматтау керек.

Файлмен жұмыс. Жоғарыда айтылып кеткендей, файл бұл аты бар қолданылуы бойынша біртекті дискіде сақталатын ақпараттар жиынтығы. Сәйкесінше, файлдармен жұмыс өрнегі магниттік дискіде сақталған өз аты бар ақпараттар жиынтығынан жүргізілетін операцияларды білдіреді. Бұларды орындау үшін жүйенің құрамында командалық процессор және базалық модуль болуы керек. Файлдармен жүргізілетін операцияларға оларды құру (яғни дискіге апарып сақтау) дискіден каталог бойынша іздеу, қарау, көшіру, атын өзгерту, жою жатады. Каталогтың иерархиялық жүйесі жағдайында MS-DOS – тағыдай бұл операцияларды каталогтармен де жасауға болады. Бұл жағдайда пайдаланушы мен операциялық жүйе арасындағы байланыс диалог түрінде жүреді. Пайдаланушы компьютер типіне қарамастанжүйені шақырғаннан кейін командалық жолға сәйкес команданың форматын көрсету арқылы бұл операциялардың барлығын жасай алады. Оларды командалық процессор талдайды және басқыштан оқиды. Команда форматы (құрылымы) нақты операциялық жүйемен байланысқан. Сонымен М8-005 файлдың атын өзгерту командасы үшін келесі формат берілген:

геп [дискжетек:][жолы\]файл_аты файл_аты

Мұндағы геп — Rename (атын өзгерту) сөзінің қысқартылуы. Командадағы бірінші файл аты өзгертілуге кететін файл атын көрсетеді. Екіншісі файл атының жаңа аты. Мұндағы дискжетек және жол аты өзгертілетін файлдар, қай каталогтарда орналасқандығын көрсетеді. Кез – келген компьютерлік команданың форматын жазған кезде, квадратты жақшаларға команданаң міндетті емес бөліктері алынады. Бұл команда үшін міндетті емес бөлікке дискжетек пен жол жатады. Олардың командада болмауы, ағымдағы дискжетек пен ағымдағы каталогта орналасқандығын білдіреді.Мысалы:

ren b:AL\MK\kub.doc tub.doc

b дискісіндегі АL каталогындағы, МК ішкі каталогындағы kub.doc файылының атын өзгерту керектігін білдіреді. Бұл файлдың команда орындалғаннан кейінгі жаңа аты tub.doc болады, ал оның толық аты ретінде b дискісіндегі осы файл орналасқан жолдың барлығы көрсетіледі.

b:AL\MK\ tub.doc.

Файлдың негізгі аты өзгертілгенмен файлдың өзі сол дискідегі сол каталогта сақталады. Сонымен қатар файлдың атын, оның толық атымен бірге өзгерту командасы келесідегідей болады.

ren b:AL\MK\kub. doc c:BAL\MK\kub.doc

Тағы бір мысалды қарастырайық,

геп *.dос *.tхt

мұнда, ағымдағы каталогта .dос кеңейтілуімен берілген файлдарды .tхt кеңейтілуіндегі файлдарға өзгерт дегенді білдіреді. Сол себепті берілген операциядағы файлдар мен жұмыс істеу командаларының мүмкіндіктерін қарастырады. Сәйкес файлдармен жұмыс істеу командаларының барлығында да осы жағдай орындалады.

Қабықша- программалар. Файлдармен жұмыс істеу үшін операциялық жүйенің командаларын пернетақтадан енгізіп отыру керек. Ол өнбейтін өте көп уақытты алады және пайдаланушының белгілі дағдысы мен білімі болуы керек екендігін талап етеді. Сонымен қатар көп вариантағы командалардың жазылу форматында оларды қолдану үшін білуіміз керек (немесе жазып отыру керек). Сондықтан қәзірігі кезде операциялық жүйенің командаларымен жұмыс істеу үшін қабықша программалары кеңінен қолданылады. Олардың ішіндегі ең белгілісі - NORTОN СOMMANDER. Оның көмегімен файлдармен және файлдар жиынтығымен жасалатын барлық операцияларды - іздеу, көшіру, атын өзгерту, жою сондай – ақ функциональды немесе енгізу, курсорды басқару пернелерін әйтпесе тышқанды қолдана отырып дайын тұрған программаларды орындауға болады. Сәйкесінше Экран бетіне дискідегі “бұтақ” каталогтарының бейнесін, ағымдағы каталогын ауыстыра отырып шығаруға болады, сонымен қатар файл мәтіндерін көріп оны жөндей аламыз. Сондай – ақ Wіndows интегралданған программалық ортасын қолданғанда да оның мынадай мүмкіндіктеріне тоқталып кетуге болады. Ыңғайлы графикалық интерфейс шарттары, мұнда нысаналар мен командалар шарты графикалық символдармен (пиктограммалар) бейнеленеді және файлдық жүйені басқаруды жасайды. Wіndows – тің төтенше маңызды қасиеттеріне интеграцияланған мәтіндік және графикалық редакторлар, электрондық кестелер мен деректер басқару жүйесі (ДҚБЖ) арасындағы файл (деректер) алмасу мүмкіндігі болып табылады.

Ақпаратты қорғау.





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...