Главная Обратная связь

Дисциплины:






Ақпаратпен және компьютерлердің желідегі ақпараттық өнімдермен жұмыс істеудің құқықтық ерекшіліктері



Қазіргі таңда бүкіл әлемде болып жатқан кең ауқымды қайта құрулар ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі - АКТ) қарқынды дамуына байланысты. Ғаламдық ақпарат қоғамның Хартиясында (Окинава) атап көрсетілгендей, «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жиырма бірінші ғасыр қоғамының қалыптасуына әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі болып табылады. Олардың революциялық әсері адамдардың жүріс-тұрысына, олардың біліміне және жұмысына, сондай-ақ үкімет пен азаматтық қоғамның өзара қарым-қатынасына қатысты болып отыр. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар әлемдік экономиканың қарқынды түрде дамуына маңызды стимул болып отыр». Көптеген дамыған және дамушы елдер АКТ-ң дамуы мен таратылуы алып келетін зор артықшылықты түсініп отыр. Ақпараттық қоғамға қозғалыс - бұл адамзат өркениетінің болашағына жол болатындығы ешкімді де күмән туғызбайды.
Қазақстан өз егемендігін алған сәтінен бастап, әлемдік қауымдастыққа ықпалдасу позициясынан нақты орын алды, өзін өндірістік және ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін тең деңгейдегі халықаралық кооперацияның мүшесі ретінде ғана емес, сонымен қатар ақпараттық қоғамды құрудың белсенді қатысушы екенін көрсетті.
Қазақстанның «индустриалды» қоғамнан «ақпараттық қоғамға» өтуі ақпараттық теңсіздікті жеңуі, Қазақстандағы азаматтық қоғам мен демократиялық дәстүрдің дамуына, ақпараттық теңсіздікті еңсеруге байланысты. Бұл міндеттерді шешу тұрақты экономикалық өсуді, қоғамдық жағдайдың көтерілуін, демократияны нығайту саласында әлеуметтік келісімді ынталандыру, ашық және жауапты басқаруды, адам құқығы және бүкіл әлемде Қазақстанның саяси және экономикалық тұрақтылығын нығайтуда және Қазақстанның азаматтарының тең дәрежеде ғаламдық ақпараттық қоғамдастыққа енуін қамтамасыз ететін мақсаттарға жету негіз болып табылады. Республикада жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ғаламдық желідегі Интернеттің ақпараттық сегментін, оның рөлін және қазақстандық қоғамда алатын орны туралы түсінікті қайта қарауды талап етеді.
Бұған елді тұрақты компьютерлендіруден ақпараттандыруға және Интернеттің ғаламдық желісінде Интернет-Қазнеттің (бұдан әрі - Қазнет) қазақстандық сегментінің бірыңғай дамыған ақпараттық кеңістігін құруға өту әрекеті негіз болып отыр.
Қазнеттің бірыңғай ақпараттық кеңістігін дамыту осы үдеріске көптеген қатысушылардың қызметін үйлестіруді талап ететін салааралық, ведомоствоаралық және мемлекеттік міндеттер болып табылады. Мұндай үйлестірулер тек қажетті әрекеті мен олардың тізбегін анықтайтын және негіздейтін бірыңғай тұжырымдамасының негізінде болуы мүмкін.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістікке орнықты, жоспарлы, қауіпсіз және тиімді қозғалысын қамтамасыз етуге арналған шаралар кешенін әзірлеуге, Қазнетті дамыту үшін негізгі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және техникалық-технологиялық алғы Шарттары мен жағдайын, оның динамизмі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік саясаттың ережелері мен басымдығын айқындауға бағытталған.



Жаңа ақпараттық қоғамның негізін қалаушы сипаттамаларының бірі оның ғаламдық сипаты болып табылады. Жаңа ақпараттық қоғамды қалыптастыру үдерісінде біртіндеп ақпарат тарату және алмасу тәсілдері мен әдістері жаңартылады, уақыт үнемделеді, ұлттық шекаралар мен кедергілер бұзылады, әлемдік ақпараттық кеңістігінің, экономика, сауда, қаржы, адамзат өмірінің басқа салаларының құрылымы түбірімен өзгереді, адамдардың көзқарасы мен адамзат құндылықтарының интенсивті гомогенизациясы, мәдениет пен мәдени моделдердің эмбебаптығы (ықшамдау) байқалынады, динамизмі жылдамдатылады, бәсекелестік күшейе түседі.
Қазіргі әлемдік даму кезеңінде ғаламдық ақпараттық интернет желісі бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістігінің ең көлемді және жаппай жайылған сегменті болып табылады. Сонымен бірге, уақыт өте, ғаламдық ақпараттық интернет желісі ақпарат алу және алмасудың, сондай-ақ жаппай пайдаланушылардың коммуникациясы үшін ең қол жетерлік құралы болғаны айдан анық.
Қазіргі уақытта Интернеттің ақпараттық кеңестігінің жұмыс істеуіне сай келетін халықаралық ұйымдарға мыналар жатады:
1) The Internet Corporation for Assigned Names and Numbers (бұдан әрі - ICANN) - IP-адрестерін, протоколдардың параметрлерін бөлу, домендік атаулардың жүйесін әкімшілеу (Domain Name System, DNS), түбірлік серверлер (Root Server System) деп аталатын жүйенің жұмыс істеуін әкімшілеу және қолдау үшін құрылған коммерциялық емес ұйым;
2) Интернет желісінде нөмірлеуді бөлу жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі - IANA, The Internet Assigned Numbers Authority);
3) Еуропалық желілік үйлестіру орталығы (бұдан әрі - RIPE NCC) - тіркеушілер үшін ІР-адрестерді бөлуді және тіркеуді қамтамасыз етеді. RIPE NCC тіркеушілер үшін ІР-адрестерді бөлу мен тіркеуді қамтамасыз етеді. RIPE NCC қызмет көрсету аймағында Интернеттің ғаламдық ресурстарын әділетті бөлуге кепілдеме бере отырып, Еуропа, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Азияның бөлігінің тіркеушілеріне қызмет көрсетеді;
4) The Internet Engineering Task Force (бұдан әрі - IETF) - Интернет сәулетін дамыту және қолданыстағы инфрақұрылымның үздіксіз қызмет етуінің біріктірілген міндеттерін дамытуға жұмыс жасайтын желілік хаттамаларын дайындаушылар, операторлар, өндірушілер және зерттеушілердің халықаралық ашық бірлестігі болып табылады;
5) Дүниежүзілік зияткерлік жеке меншік ұйымы (бұдан әрі - ДЗЖҰ).
Жоғарғы деңгейдегі домендер (бұдан әрі - TLD, Top Level Domain) екі үлкен бөлікке бөлінеді: Біріншісі - жалпы пайдаланатын домендер (generic TLD немесе gTLD) және екіншісі - ұлттық екі әріпті домендер (country code TLD немесе ccTLD). Жалпы пайдаланатын домендерге COM, NET, ORG, INFO, BIZ, MUSEUM, NAME, AERO, COOP, PRO, INT, GOV және басқа да домендер жатады.
Қазіргі сәтте ISO 3166-1 халықаралық стандартқа сәйкес елдер мен аумақтардың екі әріпті кодтар саны бойынша ұлттық домендер - 250 (RU - Ресей үшін, DE - Германия үшін, UK - Ұлыбритания үшін) Ұлттық домендерді басқару бойынша өкілеттік елдердің интернет-қауымдастықтарының келісімдері бойынша IANA ұйымымен беріледі.
Ұлттық домендерді дамытудың жалпы үрдістері мынадай: біріншіден, академиялық желілерден ұлттық домендердің операторлар (провайдерлер) бірлестігіне өтуі, сондай-ақ қатар тіркеу ережелерін дайындауға елдің интернет-қауымдастығының қатысуы: нарықтың кәсіби қатысушылары, тұтынушылар, қоғамдық (кейде үкіметтік) ұйымдар; екіншіден, домендік атауларды тіркеуде операторлар қатысуының коммерциялық кестелерін дайындау; үшіншіден, домендерді тіркеудің ашық ережелеріне біртіндеп өтуі, шектеулердің алынуы.
Кез-келген субъектінің Интернеттегі қызметі құқықтық проблемалардың тұтас сериясын қалыптастырады. Олар пайдаланушының қызметін, сайттың мәртебесін және оның мазмұнын реттеуге (рұқсат етілген, реттелмеген, заңсыз); авторлық және аралас құқықтардың орындалуына; «киберэкономиканы» қалыптастыру (электрондық ақшалар, төлемдік жүйелер, құнды қағаздар, электрондық банктер, жарнама, маркетинг, электрондық контрактілер, салықтар); жеке және мемлекеттік мүдделердің ақпараттық қауіпсіздігіне бөлінеді.
Интернет желісін құру және нормативтік негіздерінің ұтымдылығы бойынша үдеріс 80 жылдардың басынан бастап Еуропа және АҚШ-та (және бірқатар басқа да шет елдерде) басталған.
Қазіргі уақытта Интернет желісі қарым-қатынастарын құқықтық реттеудің бірнеше деңгейі қалыптасты:
1) халықаралық;
2) өңірлік (Еуропалық одақ және ТМД шеңберінде);
3) ұлттық.
Осы деңгейлердің әрқайсысында өкілетті заң шығарушы қарастырып отырған құқықтық қарым-қатынастар саласын реттеуге ұмтылады.
Интернет желісінің трансшекаралылығы Интернет желісіндегі құқықтық қарым-қатынастарды халықаралық құқықтық реттеу, қолданыстағы ережелер мен әдеттегіліктерді біріздендіру қажеттілігін құрайды.
Біріздендірудің нормалары ЕО шеңберінде, сондай-ақ БҰҰ шеңберіндегі (УНИДРУА жеке құқықты біріздендіру институты) халықаралық деңгейде, Дүниежүзілік Зияткерлік Жеке меншік Ұйымы (ДЗЖҰ), Халықаралық сауда палатасы (ХСП), БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы, сауда және электрондық бизнеске ықпал ету БҰҰ Орталығымен жүргізіледі.
ТСР/ІР желі хаттамаларының ыңғайсыз цифрлық адрестерінің жеңіл есте қалатын әріптік сөз тіркестеріне ауыстыруға мүмкіндік берген домен атаулары жүйесінің пайда болуы, интернеттің белсенді түрде коммерциализациялануы мен әйгілі болуы соңғы жылдары домен өздерінің белгілері бойынша олардың қолданыстағы түрлеріне ұқсас - тауар белгілері, фирманың атаулары бойынша материалдық емес актив белгілерін иеленді. Мазмұнында домендік атауы ғана берілген жарнамалық тақталар жиі кездеседі. Қымбат тұратын интернет-жобалар жүзеге асырылып жатыр, олар үшін домен олардың коммерциялық табыстарының едәуір бөлігін құрайды, өйткені тұтынушылар доменді электрондық бизнес субъектісінің қандай да бір тауар, жұмыс немесе қызмет көрсетулерімен байланыстырады.

 

 





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...