Главная Обратная связь

Дисциплины:






Диаграммамен жұмыс



Диаграммалар (Графиктер) – бұл Excel кестесіндағы сандық мәліметтерді талдау, салыстыру қолайлы болу үшін, олардың көрнекі графикалық түрде берілуі болып табылады. Диаграмма шебері (Мастер диаграмм ) көмегімен 14 стандарт типтегі және 24 стандарт емес типтегі диаграммалар тұрғызуға болады.

Диаграммаларды редакциялаудиаграмма облысының контекстік мәзіріндегі немесе диаграмма обылысын белгілегенде ғана программа терезесінің жоғарғы мәзірәнде пайда болатынДиаграмма опциясының командалары арқылы жүргізіледі. Диаграммаларды редакциялауға:

· Диаграмма типі мен форматын өзгерту;

· Бастапқы берілген мәліметерді өзгерту, яғни:

1. Диаграмма тұрғызу үшін пайдаланылған ұяшықтар диапазонын өзгерту;

2. қатарлардың (ряды) бағыты мен атын өзгерту;

3. Х осі үшін (для подписей оси Х) қолданылған мәліметтерді өзгерту;

4. Диаграмма параметрлерін (заголовки, оси, линии сетки, легенду, подписи данных) өзгерту;

5. Диаграмманың жұмыстық беттегі орналасуын және т. б. өзгерту жатады.

Логикалық функциялар. Екі және үш шартқа тәуелді функциялардың графигін тұрғызу

Логикалық функцияларқандай да болмасын бір шартқа тәуелді есептеулер жүргізуде қолданылады. Шарттарды көрсету үшін Excel программасында салыстыру амалдарының “ =”, “>”, “<”, “<>” (тең емес), “>=” (үлкен немесе тең), “<= “ (кіші немесе тең) белгілері пайдаланылады.

ЕСЛИ(лог_выражение; значение_если_истина; значение_если_ложь)функциясы,функция аргументіндегі логикалық өрнек(лог_выражение) ақиқат мәнге ие болғанда, аргументтегі бірінші мәнді (значение_если_истина) , ал қарсы жағдайда екінші мәнді (значение_если_ложь) береді. Мұндағы,

лог_выражение– бұл нәтижесі, екінің бірі, яғни не АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН болатын логикалық өрнек.

значение_если_истина – бұл лог_выражениеАҚИҚАТ болғандағы мән, егер осы жағдайда функцияның жазылуында бұл аргумент (значение_если_истина) түсіп қалған болса , онда функцияның мәні де АҚИҚАТ болады .



значение_если_ложь – бұл лог_выражениеЖАЛҒАН болғандағы мән, егер осы жағдайда функцияның жазылуында бұл аргумент (значение_если_ложь) түсіп қалған болса , онда функцияның мәні де ЖАЛҒАН болады .

Мысалы: B1 ұяшыққа =ЕСЛИ(A1<20000; 12; 15)формуласы жазылған. Егер A1 ұяшығына 30000 саны енгізілетін болса, онда нәтижесінде B1ұяшықта15саны шығады, себебі 30000<20000 шарт ЖАЛҒАН болып тұр.

И, ИЛИфункциялары күрделі шарттарды жазу үшін қолданылады:

И(логическое_выражение1; логическое_выражение2;....) - АҚИҚАТ мән қабылдайды егер барлық аргументтер сәйкесінше АҚИҚАТ болса, ал қалған жағдайлардың бәрінде ЖАЛҒАН болады.

ИЛИ(логическое_выражение1; логическое_выражение2;...) - АҚИҚАТ мән қабылдайды егер ең болмағанда бір аргумент АҚИҚАТ болса, ал қалған жағдайлардың бәрінде ЖАЛҒАН болады.

Мысалы: Егер A1 ұяшығына [1, 4] аралықтағы сандардың бірін жазғанда В1ұяшығындағы =ЕСЛИ (И(A1>=1;A1=<4);15;18) - өрнегінің мәні 15-ке тең болады, ал қалған жағдайда 18 болады.

ЕСЛИнемесе т. б. функцияларды аргумент ретінде қайталап қолдану арқылы күрделі шарттар жасалады. Мысалы:

=ЕСЛИ (A1<20000; 12; ЕСЛИ (A1<40000; 15; 18)) формуласы бойынша, егер A1< 20000 болса, онда нәтиже 12 тең, қарсы жағдайда келесі тұрған A1<40000 шарты тексеріледі, бұл шарт ақиқат болған жағдайда формула нәтижесі 15, ал жалған болғанда формула нәтижесі 18 болады.

Тақырып бойынша тест сұрақтары





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...