Главная Обратная связь

Дисциплины:






Quot;Информатика" пәні бойынша студенттің аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарын ұйымдастыру.



 

"Информатика"пәнін оқыту мақсаты – ХХІ ғасырдың басы адамзаттың индустриялық дәуірден информациялық дәуіріне өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты информацияны ала білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) үлкен рөл атқарады. Ағымдық тапсырмаларды орындау, есептердің шешімін іздеу, проблемалық жағдайларды сараптау, жеке және топтық жобаларды жүргізу, реферат, баяндама презентацияларын дайындау және т.б үздіксіз аудиториялық немесе аудиториядан тыс жұмыс - студенттің өзіндік жұмысы болып табылады. Қазақстан Республикасының қазіргі Мемлекеттік Стандаттарында 70 % -аудиториялық жұмысқа бөлінсе, ал 30 % - студенттің аудиториядан тыс өзіндік жұмысына бөлінеді. Пән бойынша өзіндік жұмыс (СӨЖ), оқу-зерттеу жұмысы (СОЗЖ), ғылыми-зерттеу жұмыс (СҒЗЖ). СӨЖ барлық тақырыптар бойынша оқу жоспары көлемінде орындалады, пәнді оқудың міндетті белгісі болып табылады. СОЗЖ жеке тақырыптар бойынша ұйымдастырылады, сол тақырып бойынша студент шығармашылық ізденіс жүргізеді, қажетті мәліметтер іздейді, әртүрлі нұсқаларды қарастырады.

Эссе, тақырып бойынша әдеби шолу жасау, баяндама, реферат жазу, проблеманы жазбаша сараптау, тақырып бойынша библиография құрастыру, презентациялар дайындау және т.б. тапсырмаларды студент "Информатика" пәні бойынша СӨЖ ретінде орындай алады. СӨЖ-дің нәтижесі дұрыс жоспарлаумен анықталады. Сол үшін, оқу жылы басында студенттерге тапсырмаларды беріп, семестр барысында ағымдық және қорытынды бақылау болатын ескерту қажет. Семестрлік тапсырманың көлемін алдын ала хабарлау қажет, оны Syllabus (жұмыс бағдарламасы) көмегімен іске асыруға болады.

СӨЖ ұйымдастыру барысында өзіндік жұмысты жоспарлау үшін жеткілікті мөлшер болатын апталық сағат көлемін анықтау маңызды болып табылыды. "МИРАС" университетінде СӨЖ-ді жоспарлау апталық жүктеме жұмыс бағдарламасымен Syllabus (жұмыс бағдарламасы) ескеріледі.



 

1.2. Білімдерді бақылауға арналғанматериалдар

Пән бойынша лекциялық материалды меңгергеннен кейін студент СӨЖ тақырыбын оқиды, яғни лекция материалын өз бетінше оқу және ізденудің логикалық жалғасы болып табылады.

Аудиториялық сабақта СӨЖОБ барлық СӨЖ тақырыптары бойынша бақылау жүргізіледі, сол кезде студент орындаған жазбаша жұмыстиы өткізуге міндетті.

СӨЖ тақырыбын қорғау әңгімелесу, қарастырылған проблема бойынша жаттығулар мен тапсырмаларды орындау түрінде өткізіледі, яғни студент тақырып бойынша меңгерген білімді көрсету қажет.

 

1.3. Семинарлық сабақтар, ОБСӨЖ және СӨЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

 

Пән бойынша лекциялық материалды меңгергеннен кейін студент СӨЖ тақырыбын оқиды, яғни лекция материалын өз бетінше оқу және ізденудің логикалық жалғасы болып табылады.

Аудиториялық сабақта СӨЖОБ барлық СӨЖ тақырыптары бойынша бақылау жүргізіледі, сол кезде студент орындаған жазбаша жұмысты өткізуге міндетті.

СӨЖ тақырыбын қорғау әңгімелесу, қарастырылған проблема бойынша жаттығулар мен тапсырмаларды орындау түрінде өткізіледі, яғни студент тақырып бойынша меңгерген білімді көрсету қажет.

Кредиттік технологиямен жұмыс жүргізетін жоғарғы оқу орындарында 1-2 курс студенттері үшін СӨЖОБ - оқытушының бақылауымен студенттің өзіндік жұмысы жоспарланған. Көмек сұрамайтын жағдайлар, сонымен қатар өзінің оқу үлгерімінің төмен болу себептерін білмейдін студенттер кездеседі. Тек оқытушы мен студент арасындағы тығыз байланыс, шын мәнінде, өзіндік жұмысты жүргізу жағдайды толық көрсете алады және бірлесіп оқу барысындағы кемшіліктерді жоюға жағдай жасайды. " Информатика" пәні бойынша СӨЖОБ (оқытушының бақылауымен стүденттің өзіндік жұмысы) лабораториялық және практикалық сабақтар түрінде өткізіледі.

" Информатика" пәні бойынша СӨЖОБ (практикалық сабағы) ерекшелігі:

- Лекциялық материалды меңгеріп және студент өзіндік жұмысты орындағаннан кейін өткізіледі;

- Бақылау-кеңес беру түрдегі аудиториялық сабақ ретінде өткізіледі;

- Студент тақырып бойынша қайта түсіндірілген күрделі мәселені тыңдай алады, материалды бекіту үшін тапсырмаларды орындайды;

- Осы сабақта студент бағдарлама бойынша көрсетілген бақылау тақырыптарын өткізеді (СӨЖ, глоссарий, тест және т.б.);

- Өте жақсы баға алу үшін жетпей тұрған балды жинау мүмкіндігі;

- Оқу жұмыс бағдарламасында жоспарланған студенттің өзіндік жұмысы бойынша педагогикалық көмек көрсетуге арналған;

- Бағдарлама материалын меңгеруге қажетті жұмыс әдісін таңдау үшін студентке көмек көрсетеді;

- Бір тақырыпқа арналады, сол тақырып бойынша студент дайындалу қажет;

- Ғылыми бағыттағы студентті қызықтыратын тақырып бойынша өзіндік жұмысты тереңдетуге жағдай жасайды;

СӨЖОБ өткізу формалары:

- сұрақ - жауап формасы;

- сұрақ бойынша оқытушы мен студент арасында әңгімелесу формасы;

- есептер мен тапсырмаларды орындау;

- шығармашылық тапсырмаларды орындау және т.б.;

АРМ (Hand-outs )





sdamzavas.net - 2017 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...