Главная Обратная связь

Дисциплины:






Лабораториялық жұмыс. әрекет принциптері және жүйелік блоктың негізгі құрылғылары.



Дербес компьютердің негізгі блоктары және олардың атқаратын қызметтері.

Әдетте ІВМ дербес компьютерлері мынадай бөліктерден (блоктардан) тұрады:

- жүйелік блок (тік немесе жатық қорапқа орналасқан);

- мәтіндік және графикалық ақпаратты кескіндеуге арналған монитор немесе дисплей;

- әртүрлі символдарды компьютерге енгізуге арналған перне тақта немесе пернелік;

Компьютердегі ең негізгі құрылғы — жүйелік блок, оның ішіне ДЭЕМ-нің басты түйіндері орналасқан. Жүйе блогы құрамында микропроцессор, жедел жад, тұрақты есте сақтаушы құрылғы, қоректену блогы мен енгізу-шығару порттары және мәлімет жинақтауыштар бар.

Бұлардан басқа компьютердің жүйе блогына мынадай құрылғыларды қосуға болады:

- мәтіндік және графикалық ақпараттарды басып шығаруға арналған принтер;

- графикалық курсормен басқарылатын құрылғы — "тышқан" графикалық тетігі.

- джойстик - компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын тетік;

- графиксызғыш немесе плоттер — сызбаларды (графиктерді) қағазға шығаруға арналған құрылғы ;

- сканер (ізкескіш) — графикалық немесе мәтіндік ақпараттарды оқуға арналған құрылғы;

- СD-RОМ - компакт-дискілерді оқуға арналған құрылғы , ол қозғалатын бейнелерді, мәтіндерді және дыбыстарды шығару үшін кеңінен пайдаланылады;

- модем — телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпарат алмасуға арналған құрылғы;

- стример - мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы;

- желілік адаптер компьютерді жергілікті желіде (торапта) қолдануға мүмкіндік береді.

Сонымен, ДЭЕМ-нің негізгі түйіндеріне процессор, жад (жедел және сыртқы), терминалдарды қосу және мәліметтерді жеткізу құрылғылары жатады. Енді компьютерге кіретін немесе оған қосылатын әртүрлі құрылғылардың сипаттамаларын қарастырайық.



Микропроцессор бір кристалда дайындалған (үлкен) интегралдық схемалар - БИС, олар әртүрлі типтегі ЭЕМ-ды жасауға керекті элемент болып табылады. Оны әртүрлі логикалық функцияны орындайтын етіп программалауға болады, сондықтан программаны өзгерту арқылы микропроцессорды арифметикалық құрылғы немесе енгізу-шығару жұмыстарын басқарушы рөлінде қолдануға болады. Микропроцессорге жедел және тұрақты жад, енгізу-шығару құрылғыларын қосуға болады.

IBM тәрізді компьютерлерде INTEL фирмасының және басқа фирмалардың да бір-біріне үйлесімді микропроцессорлары пайдаланылады.

Микропроцессорлардың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтерінде (модельдерінде) және оның қарапайым амалдарды орындайтын жұмыс жылдамдығының көрсеткіші — мегагерц - МГц бірлігімен берілген тактылық (қадамдық) жиілігінде жатыр. Кең тараған модельдерге Intel-8088 (~5МГц), 80286 (~20МГц), 80386SX (~25 МГц), 80386DX (~40МГц), 80486 (100 МГц-ке дейін), Pentuim (75МГц-тен жоғары) және Pentuim-Pro (~200 МГц-тен жоғары) жатады, бұл тізім олардың жұмыс өнімділігі мен соған сәйкес бағасының өсуі бойынша реттеліп келтірілген. Кейде конструкциялық ерекшеліктеріне қарай бір модельге кіретін процессорлардың жиіліктері әртүрлі бола береді — жиілігі артқан сайын оның жұмыс жылдамдығы да есе түседі.

Intel 8088, 80286, 80386 тәрізді бұрын шыққан микропроцессорлардың аралас сандар мен амалдарды жылдам орындайтын арнаулы командалары жоқ, сондықтан олар жұмыс өнімділіктерін арттыратын қосымша математикалық сопроцессорлармен (Turbo режимі) жабдықталады.

Компьютерлер алып жүруге ыңғайлы вариантга да жасалады (Laptop немесе Note book). Мұндай ЭЕМ-дерде жүйелік блок, монитор және пернелік бір қорапта жасалған: жүйелік блок пернелік астында, ал монитор пернеліктің қақпағы түрінде орналасқан.

Оперативті есте сақтау құрылғысы немесе ЭЕМ-нің жедел жады (RAM), сондай-ақ тұрақты есте сақтау құрылғысы (ROM) компьютердің ішкі жадын құрайды, осы екеуімен процессор жұмыс кезінде мәлімет алмасып отырады. Өңделуге тиісті кез келген мәлімет алдымен компьютердің сыртқы жадынан ( магниттік дискілерден) жедел жадына жазылады.

Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Ақпарат көлемін өлшеуде сегіз биттен (бір мен нөл тізбегі) тұратын байт бірлігі қолданылатыны белгілі. Осы өлшем бірлігі арқылы жедел жадтағы не магниттік дискеттегі сақталатын ақпарат З60 кб, 720 кб немесе 1,2 Мб болып жазылуы мүмкін. Мұнда 1 кб (1 килобайт)=1024 байт, 1 Мб (1 мегабайт)=1024 кб, ал винчестер деп аталып жүрген қатты дискіде, 1000 – 4000 Мб (1 - 4 Гигабайт) және одан да көлемді ақпарат жазылып сақталады.

Сиымдылығы 1 Мб болып келетін компьютерлердің жедел жады екі бөлімнен тұрады - алғашқы 640 кб қолданбалы программалар мен операциялық жүйе үшін, ал қалғаны төмендегідей мақсаттарға пайдаланылады:

- операциялық жүйенің алғашқы жүктемесін және компьютердің жұмысқа жарамдылығын тексеретін операциялық жүйенің бөлігін сақтауга, сондай-ақ төменгі деңгейдегі қарапайым енгізу-шығару жұмыстарын орындау үшін;

- экранға кескіндерді беру үшін;

- компьютердің қосымша құрылығыларымен бірге келетін операциялық жүйелердің әртүрлі кеңейтілген мәліметтерін сақтау үшін.

Жедел жадтың көлемі туралы сөз болғанда, оның бірінші бөлігі туралы айтылады, ал ол кейбір программаларды орындауға жеткіліксіз болып қалады. Міне, осындай сәттерде компьютердің жедел жадының кеңейтілген бөлігі (ехtended) мен қосымшасы (ехраnded) пайдаланылады.

Процессордың өте жылдам істейтін тағы бір шағын көлемді жады бар, оны кэш-жад (Саsh) деп атайды. Ол жедел жад пен процессордың жұмысын жеделдету үшін аралық дәнекер жад ретінде пайдаланылады.





sdamzavas.net - 2017 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...