Главная Обратная связь

Дисциплины:






Жаттығу. Үш кесте жасаңыз: Студенттер, Бағалар және Пәндер



1.Студенттеркестесін жасау үшінтөменде берілген 3-кестеге сәйкес кестенің өрістерін анықтап алып, Студенттеркестесінің құрылымын Конструктор арқылы жасаңыз

3- кесте.

Өрістің аты Деректер типі Өрістің өлшемі
Студенттің коды Мәтіндік Бүтін
Фамилия Мәтіндік
Аты Мәтіндік
Әкесінің аты Мәтіндік
Топ номері Мәтіндік
Телефон Мәтіндік  
Стипендия Логикалық Иә/Жоқ

Кілттік өріс ретінде «Студенттің кодын» беріңіз. Ол үшін Для этого щелкните по полю «Студенттің кодын» өрісін шертіп, одан соң саймандар панеліндегі батырмасын шертіңіз немесе Правка– Ключевое поле командаларын орындаңыз.КестеніСтуденттер деген атпен сақтап, кестені жабыңыз.

2.Пәндеркестесін төмендегі 4-ші кестеге сәйкес жасаңыз.

4- кесте.

Өрістің аты Деректер типі Өрістің өлшемі
Пән коды Сандық Бүтін
Пән аты Мәтіндік

Кілттік өріс ретінде «Пән кодын» беріңіз. Кестелер кейін форма режимінде толтырылады. КестеніПәндер деген атпен сақтап, кестені жабыңыз.

 

3.Бағаларкестесінің құрылымын төмендегі 5-ші кестеге сәйкес жасаңыз.

5- кесте.

Өрістің аты Деректер типі Өрістің өлшемі
Студент коды Сандық Бүтін
Пән коды Сандық Бүтін
Бағалар Сандық Байт

Ескерту: Бұл кестеде кілттік қрісті жаудың керегі жоқ, өйткені деректер қайталануы мүмкін. КестеніБағалар деген атпен сақтап, кестені жабыңыз.

Құрылымы анықталған бұл кестелер кейін форма режимінде толтырылады.

4. Деректер схемасын құру,яғни кестелер арасындағы байланыстарды орнату. Оқытушылар, Студенттер, Бағалар, Пәндер кестелерін өзара байланыстыру керек. Ол үшін:

§ Саймандар панеліндегі батырманы шертіп немесе Сервис– Схема данных командаларын орындаңыз, сонда экранда «Схема данных» терезі шығады;

§ Саймандар панеліндегі батырманы шертіп немесе Свя­зи– Добавить таблицукомандаларын орындаңыз;



§ Пайда болған терезеде тек бір кестенің аты ғана тұрады. Щелкните по кнопке <Добавить> батырмасын басып, келесі кестенің атын белгілеп, қайтадан <Добавить> батырмасын басыңыз. Осылайша қалған кестелердің барлығын экранға шығарып, схемаға қосыңыз.

§ <3акрыть> батырмасын басып терезені жабыңыз;

§ Енді Пәндер мен Бағалар кестелерінің арасындағы байланысты орнату керек.Ол үшін курсорды Пәндер кестесіндегі Пән коды өрісінің атына апарып, тышқанның сол жақ батырмасын шертіп, жібермей басқан күйі Бағалар кестесінің Пән коды өрісінің атына апарыңыз, тышқан батырмасын босатыңыз. Экранда «Связи» терезесі ашылады;

§ Обеспечение целостности данных қасиетінің тұсына тышқанның сол жақ батырмасын шертіп жалауша (Ö) орнатыңыз. Егер екі өрістің типтері бірдей болмаса, бұл жалаушаны орната алмайсыз. Сондықтан олардың типтері бірдей болуы керек.

§ Каскадное обновление связанных полей және Каскад­ное удаление связанных записей қасиеттеріне де жалауша орнатыңыз;

Ескерту. Байланыстырылғанөрістерді каскадты жаңарту мен Байланыстырылғанөрістерді каскадты жою тек Пәндер кестесінде ғана жазбаларды редакторлеуге мүмкіндік береді. Ал Бағалар кестесінде бұл әрекеттер автоматты түрде орындалады Мысалы: егер Пәндер кестесінен бір пәнді жойсақ, онда Бағалар кестесіндегі жойылған пәнмен байланысты барлық жазбалар да жойылады.

§ <Создать> батырмасын шертсеңіз байланыс орнатылады.

§ Осындай ретпен Пәндер кестесіндегі және Оқытушылар кестесіндегі «Пәндер коды» өрістерін өзара байланыстырыңыз.

§ Студенттер кестесімен Бағалар кестесіндегі «Студент коды» өрістерін өзара байланыстырыңыз.

Нәтижесі мына суреттегідей болады:

 

Макетті сақтап терезені жабыңыз. Өрістер арасындағы 1:1, 1:N және N:M байланыстарына көңіл аударыңыз

Өздік жұмыс тапсырмалары:

1. Үш кестеден «Композитор», «Әншілер», «Әндер» тұратын «Музыкалық альбом»деректер қорын жасаңыз. Бұл кестелерге өздерің өрісті ойлап, кілттік өрісті белгілеңіз, естелер арасында байланысты орнатыңыз.

2. Үш кестеден «Дәрігер», «Пациент», «Участки» тұратын «Емхана» деректер қорын жасаңыз. Бұл кестелерге өздерің өрісті ойлап, кілттік өрісті белгілеңіз, естелер арасында байланысты орнатыңыз.

3. Үш кестеден: «Сынып», «Мұғалімдер», «Пәндер» тұратын «Сабақ кестесі» деректер қорын жасаңыз Бұл кестелерге өздерің өрісті ойлап, кілттік өрісті белгілеңіз, естелер арасында байланысты орнатыңыз.

4. Екі кестеден: «Тауарлар ассортименті», «Сатып алушы» тұратын «Компьютерлік салон» деректер қорын жасаңыз Бұл кестелерге өздерің өрісті ойлап, кілттік өрісті белгілеңіз, естелер арасында байланысты орнатыңыз.

5. Екі кестеден: «Қатысушылар тізімі», «Баяндамалар тақырыбы» тұратын «Конференция қатысушылары» деректер қорын жасаңыз Бұл кестелерге өздеріңіз өрістерді анықтап, кілттік өрісті белгілеңіз, кестелер арасында байланысты орнатыңыз.





sdamzavas.net - 2017 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...