Главная Обратная связь

Дисциплины:






Тест тапсырмасын құрастырған _______________ Жунисалиев А.Т. 1 страница



М.Х. Дулати атындағы тараз мемлекеттік университеті

Азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы» кафедрасы

Тест тапсырмасы

Кәсіпкерлік құқығы пәнінен

3 курс,

5В050600 экономика, 5В050800 есеп және аудит, 5В050900 қаржы, 5В091200 қонақ үй кәсіпкерлігі және мейрамхана ісі мамандығының студентері үшін


1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын құқық обьектісі түріндегі мүліктік кешен?

А) кәсіпорын

В) кооператив

С) саяси ұйым

D) мекеме

Е) тұтыну кооператив

 

2. Көрсетілген тұлғалардың қайсысы банкрот субьектісі болмайды?

А) қазыналық кәсіпорын

В) акционерлік қоғам

С) жауапкершілігі шектеулі серіктестік

D) толық серіктестік

E) сенім серіктестігі

 

3. Міндеттеменің тоқтатылу негіздерінің бірі?

А) борышты кешіру

В) кепілпұл

С) кепіл

D) кепілдік

E) себепті байланыс болған кезде

 

4. Қандай жағдайда заңды тұлға қайта тіркелуі тиіс?

А) атауы өзгерген жағдайда

В) заңды тұлғаның тұрақты жері блмаса

С) заңды тұлғаның жарғысы бекітілсе

D) құрылтай құжаттары заңға сәкес келмеген жағдайда

Е) заңда белгеіленген тәртіптерді бұзған жағдайда

 

5. Қай кезден бастап заңды тұлғаның қызметі банкрот деп тоқтатылады?

А) сот шешімі шыққан кезден бастап

В) мемлекеттік регистірден өткен кезден бастап

С) заңды тқлғаның мүлңкті сеніп басқаруына берген кезден бастап

D) оны қайта құру кезінен

Е) құрылтай құжатында көзделген барлық әрекеттерлі заңды тұлға орындаған уақыттан бастап

 

6. Әрекет қабілеттілікті кім шектейді?

А) сот

В)заңды өкілдер

С) прокурор

D) әкім

Е) президент

 

7. Мемлекеттік кәсіпорында немесе өзгеде мемлекеттік құрылымда жасалатын ұжымдық шарттың тараптары

А) кәсіпорын басшысы және еңбек ұжымы

В)уәкілдігі бар өкіл және кәсіподақ комитеті



С) кәсіподақ комитеті және еңбек ұжымының кеңесі

D) кәсіподақ иесі және еңбек ұжымы

Е) меншік иесі мен кәсіподақ комитеті

 

8. Азаматты әрекет қабілеттігі жоқ деп тану қай органның өкілеттігіне жатады

А) Сот

В) АХАЖ

С) Сот-медициналық сараптама мекемесі

D) Полиция

E) Қамқоршылық пене қорғаншылық органы

 

9. Шарт жасау туралы ұсыныс қалай аталады

А) оферта

В) акцепт

С) реституция

D) франчайзинг

E) цессия

 

10. Шарт жасау туралы ұсынысты қабылдау қалай аталады?

А) акцепт

В) цессия

С) франчайзинг

D) реституция

E) оферта

 

11. Акционерлік қоғамның Алтын акция өз иесіне қандай құқық береді?

А) “Вето” құқығы

В) Дивиденд алу құқығы

С) АҚ басқаруына қатысу құқығы

D) АҚ жалпы жиналысына қатысу құқығы

E) АҚ кеңейту құқығы

 

12. Мемлекеттік мүлік туралы ҚР Заңы қашан қабылданды?

А) 2011 ж. 11 наурыз

B) 1995 ж. 2 мамыра

C) 2011 ж. 5 қазан

D) 1998 ж. 31 наурыз

E) 2011 ж. 21 наурыз

 

13. Республикалық мемлекеттік кәсіпорынды құру тәртібі қандай

А) ҚР Үкіметінің шешімі бойынша

B) Әділет министрлігінің шешімімен

C) Премьер министр шешімімен

D) Заңды тұлғаларды тіркеу департаментінің шешімімен

E) Облыстық әкімшілік шешімімен

 

14. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынды құру тәртібі қандай

А) Жергілікті атқарушы органның шешімімен

B) Министр шешімімен

C) Президенттің қаулысы бойынша

D) Маслихат депутаттарының ұсынысымен бірге

E) Парламент депутаттарының шешімімен.

 

15. Мемлекттік кәсіпорынның құрылтайшысы кім

А) мемлекеттік басқару органы

B) заңды тұлға

C) жеке тұлға

D) оқшау мүлкі бар тұлғаның еркі

E) шетел азаматы

 

16. Мемлекеттік кәсіпорын қай кезден бастап заңды тұлғаның құқығына ие болады?

A) мемлекеттік тіркеуден өткен кезден

B) оқшау мүлкі мен қоры болған кезден

C) құру туралы шешім қабылданған кезден

D) тіркеу туралы өтініш берілген кезден

E) таратылған кезден

 

17. Мемлекеттік кәсіпорынның фирмалық атауында қандай белгілер көрініс табады?

A) мемлекеттік меншіктің түрі және ведомстволық бағыныштылығы

B) құрылтайшысының аты-жөні қысқартылып көрсетіледі

C) заңды тұлғаның коммерциялық нысанының түрі және құрылтайшысы

D) қызмет бағыты

E) негізгі ерекшеліктері

 

18. Мемлекеттік кәсіпорын мүлкін қызметкерлері, құрылтайшылары арасында бөлуге бола ма?

A) болмайды

B) ішінара болады

C) болады

D) пайда табу мақсатында бөлуге болады.

Е) басшының шешімімен болады

 

19. Мемлекеттік кәсіпорын өзінің негізгі құралдарына жататын мүлікке,сондай-ақ оларға тиесілі акцияларға қатысты сату, сыйға тарту мәмілелерін жасасуға құқылы ма?

А) құқығы жоқ

B) толық құқығы бар

C) ішінара құқылы

D) сатуға және сыйға тартуға құқылы

E) тек сатуға құқылы

 

20. Мемлекеттік кәсіпорын үшін мемлекеттің тапсырысын орындау міндетті болып табыла ма?

А) міндетті болып табылады.

B) жоқ, міндетті емес

C) міндетті емес, мемлекеттік органдар орындайды.

D) мемлекеттік тапсырысты коммерциялық ұйымдар орындайды.

E) өз қалауынша шешіледі

 

21. Мемелекеттік кәсіпорындарға заңсыз келген табыстар сомасы қайда жіберіледі?

А) Республикалық және жергілкті бюджетке алынады

B) Кәсіпорынның резервтік қорына салынады

C) Прокуратураның санкциясымен алынып қояды

D) Қатысушыларының арасында бөлініп алынады

E) Кәсіпорынның меншігіне өтеді немесе құрылтайшыға беріледі

 

22. Мемлекеттік кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және таратуды кімдер жүзеге асырады?

А) ҚР Үкіметі, жергілікті атқарушы орган

B) Әділет басқармасы

C) Мәслихат депутаттары

D) ҚР Президенті

E) Антимонополиялық агенттік, мәжіліс депутаттары

 

23. Мемлекеттік кәсіпорын жекешелендіріледі ме?

А) заңда белгіленген тәртіппен жекешелендіріледі

B) жекешелендірілмейді

C) еңбек ұжымының жалпы жиналысында дауыс берумен шешіледі

D) шетел азаматтарына жекешелендіріледі

E) кәсіпорын әкімшілігінің шешімімен жекешелендіріледі

 

24. Кәсіпорынның жарғылық және резервтік капиталдары мемлекеттік тіркеуден өткізілген күнен бастап қанша болуы керек?

А) 10000 а.е.к.

B) 50000 а.е.к.

C) 20000 а.е.к.

D) 15000 а.е.к.

E) 18000 а.е.к.

 

25. Шаруашылық субъектілерінің заңға қайшы келетін, басқа шаруашылық субъектілеріне қарсы бағытталған бәсекелестерге зиянды әрекеттер?

А) жосықсыз бәсеке

B) қарама-қайшы бәсеке

C) ерікті бәсеекелестік

D) еріксіз бәсеке

E) олигополия

 

26.Мемлекеттік кәсіпорын өндірген тауарлардың бағасын кім белгілейді?

А) мемлекеттік басқару органы

B) жергілікті өкілдік берген лауазымды тұлға

C) кәсіпорын басшысы

D) маслихат депуттары

E) мемлекеттік басқару органы

 

27. Қазыналық кәсіпорын ұғымының түсінігі?

А) оралымды басқау құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын.

B) азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызметінің субъектісі

C) өзінің қызметін жүзеге асыруда акциялар шығаратын заңды тұлға

D) қазба байлығы бар кәсіпорын.

E) шаруашылық серіктестіктің бір түрі

 

28. Шаруашылық субъектілері немесе ҚР мемлекеттік органдары тарапынан жасалатын бәсекені шектеу немесе жою әрекеттері?

А) монополиялық әрекет

B) жекешелендіру қызметі

C) инновациялық қызмет

D) инвестициялық қызмет

E) диверсия

 

29. Қазыналық кәсіпорын банк заемдарын пайдалануға құқылы ма?

А) ҚР Үкіметі белгілеген тәртіппен құқылы

B) Мемлекеттік банктен алуға құқылы

C) Қазыналық кәсіпорын мәмілелер жасай алмайды.

D) Құқылы емес

E) Еңбек ұжымымен шешіледі

 

30. Қазыналық кәсіпорын жарғыда көрсетілген мақсаттар мен міндеттерден бөлек өзге шаруашылық қызметті жүзеге асыруға құқылы ма?

А) құқылы емес

B) пайда табу мақсатында құқылы

C) мақсаттардан тыс шаруашылық қызмет атқара алады
D) мемлекеттік басқару органы рұқсат етсе құқылы
E) жарғылық мақсаттар белгіленбейді

 

31. Қазыналық кәсіпорын өндіретін және өткізетін тауарлардың бағасын кім белгілейді?

А) мемлекеттік басқару органы

B) кәсіпорын басшысы

C) премьер министр

D) қазыналық кәсіпорын қатысушылары

E) антимонополиялық орган

 

32. Қазыналық кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақы мөлшерін кім белгілейді?

А) ҚР Үкіметі

B) Мемлекеттік басқару органы

C) Қазыналық кәсіпорынның басшысы

D) Қызметкерлердің ұсынысымен басшы

E) Өндірілген өнім мөлшеріне сәйкес анықталады

 

33.Енешілес мемлекеттік кәсіпорын ұғымының түсінігі?

А) басқа мемлекеттік кәсіпорын құрған заңды тұлға

B) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік мүлікке ие кәсіпорын.

C) қазыналық кәсіпорынның филиалы

D) қазыналық кәсіпорынның өкілдігі

E) мемлекеттік кәсіпорынның бөлімшесі

 

34. Егер мемлекеттік инспекторлардың актілерінде құқық бұзушылық мәліметтері болса, онда шаруашылық субъектілеріне қандай шара қолданылады?

А) айыппұлмен жазаланады

B) бұйрық, жарлық беріледі

C) сөгіс беріледі

D) мүлкі тәркіленеді

E) жауапкершілік қолданылмайды

 

35. Шаруа қожалығы туралы ҚР заңы қашан қабылданды?

А) 1998 ж. 31 наурыз

B) 1998 ж. 1 наурыз

C) 1995 ж. 19 маусым

D) 1995 ж. 2 мамыр

E) 1999 ж. 5 сәуір

 

36. Шаруа қожалығының жер пайдалану құқығы қай кезде басталады?

А) мемлекеттік тіркеуден өткен кезде

B) мемлекеттік баж салығы төленген кезде

C) жерге байланысты шаруа қожалығына құқық берілген кезде

D) егіс уақыты басталған кезде

E) құру туралы шешім қабылданған кезде

 

37. Азаматтар жалпы ереже бойынша қанша жастан бастап кәсіпкерлікпен айналысуға құқылы

А) 16 жастан

B) 21 жастан

C) 17 жастан

D) 18 жастан

E) 14 жастан

 

38. «Банкроттық туралы» ҚР заңы қашан қабылданды?

А) 1997 ж. 27 қаңтар

B) 1997 ж. 15 ақпан

C) 1996 ж. 28 тамыз

D) 1997 ж. 27 желтоқсан

E) 1997 ж. 1 ақпан

 

39. Өзінің міндеттері бойынша жауап беруге дәрменсіз тұлға?

А) банкрот

B) борышқор

C) инвестор

D) акционер

E) облигация

 

40. Субъектілердің арасында орнатылған бағалы қағаздардың түрлерінің айналым сферасы - бұл?

А) бағалы қағаздар нарығы

B) капитал нарығы

C) инвестициялық қор нарығы

D) ақша нарығы

E) тауар нарығы

 

41. Эмитентпен шығарылатын және ондағы бағалы қағаздар санына құқығын куәландыратын құжат?

А) эмитент-акция

B) бағалы қағаздарды ұстаушы-вексель

C) маманданған қатысушы-облигация

D) инвестор-сертификат

E) депозиттік сертификат

 

42.Бағалы қағаздарды айнымалыға түсіретін және өзінің атынан бағалы қағаздардың иелерінің алдында міндеттерге жауапты субъект?

А) маманданған қатысушы

B) эмитент

C) бағалы қағазды ұстаушы

D) инвестор

E) брокер

 

43. Өзара міндеттерді және қағаздардың әкелуін анықтайтын қызметпен айналысатын бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушысы?

А) брокер

B) депозит беруші

C) клирингтік ұйым

D) басқарушы

E) эмитент

 

44. Берілген талаптарға сай өнімнің, жұмыс және қызмет көрсетудің сәйкестігін дәлелдеу процедурасы?

А) сертификаттау

B) лицензиялаушы

C) стандарттау

D) клиринг

E) аттестаттау

 

45. Кәсіпкерлік қызметтің белгілеріне қайсысы жатпайды?

А) мемлекеттік мүлікке негізделу

В) тұрақтылық

С) пайда табу мақсаты

D) бастамашылдық (ынталылық)

E) сұранысты қанағаттандыру

 

46. Кәсіпкерлік қызметтің белгілеріне қайсысы жатпайды?

А) жеке меншікке негізделу

В) тұрақтылық

С) пайда табу мақсаты

D) бастамашылдық (ынталылық)

E) сұранысты қанағаттандыру

 

47. Кәсіпкерлік қызметтің белгілеріне қайсысы жатпайды?

А) заңдылық

В) тұрақтылық

С) пайда табу мақсаты

D) бастамашылдық (ынталылық)

E) сұранысты қанағаттандыру

 

48. Кәсіпкерлік қызметтің белгілеріне қайсысы жатпайды?

А) ұйымдық біртұтастық

В) тұрақтылық

С) пайда табу мақсаты

D) бастамашылдық (ынталылық)

E) сұранысты қанағаттандыру

 

49. Кәсіпкерлік қызметтің белгілеріне қайсысы жатпайды?

А) мүліктік дербестік

В) тұрақтылық

С) пайда табу мақсаты

D) бастамашылдық (ынталылық)

E) сұранысты қанағаттандыру

 

50. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жылдық активтерінің ең жоғарғы мөлшері қандай?

А) 300 мың еселенген а.е.к.

В) 50 мың еселенген а.е.к.

С) 10 мың еселенген а.е.к.

D) 325 мың еселенген а.е.к.

E) 40 мың еселенген а.е.к.

 

51. Орта кәсіпкерлік субъектілерінің жылдық активтерінің ең жоғарғы мөлшері қандай?

А) 3 милллон еселенген а.е.к.

В) 50000 мың еселенген а.е.к.

С) 10 мың еселенген а.е.к.

D) 60000 мың еселенген а.е.к.

E) 40 мың еселенген а.е.к.

 

52. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жыл бойғы жұмысшылары санының ең жоғарғы мөлшері қандай?

А) 100 адам

В) 25 адам

С) 101 адам

D) 200 адам

E) 10 адам

 

53. Орта кәсіпкерлік субъектілерінің жыл бойғы жұмысшылары санының ең жоғарғы мөлшері қандай?

А) 250 адам

В) 25 адам

С) 100 адам

D) 200 адам

E) 10 адам

 

54. Төмендегі қызмет түрлерінің қайсысын атқаратын тұлға шағын кәсіпкерлік субъектісі деп танылмайды?

А) акцизделетін өнімді өндіру және көтерме сату

В) кеңсе тауарларын өндіру

С) азаматтарды қоғамдық тамақтандыру қызметі

D) тасымалдау қызметі

E) жарнамалық қызмет

 

55. Төмендегі қызмет түрлерінің қайсысын атқаратын тұлға шағын кәсіпкерлік субъектісі деп танылмайды?

А) лотереялық ұтыстар өткізу

В) кеңсе тауарларын өндіру

С) қоғамдық тамақтандыру қызметі

D) тасымалдау қызметі

E) жарнамалық қызмет

 

56. Төмендегі қызмет түрлерінің қайсысын атқаратын тұлға шағын кәсіпкерлік субъектісі деп танылмайды?

А) сертификаттау және метрологиялық қызмет

В) кеңсе тауарларын өндіру

С) азаматтарды қоғамдық тамақтандыру қызметі

D) тасымалдау қызметі

E) жарнамалық қызмет

 

57. Төмендегі қызмет түрлерінің қайсысын атқаратын тұлға шағын кәсіпкерлік субъектісі деп танылмайды?

А) ойын және шоу-бизнес саласындағы қызмет

В) кеңсе тауарларын өндіру

С) азаматтарды қоғамдық тамақтандыру қызметі

D) тасымалдау қызметі

E) жарнамалық қызмет

 

58. Төмендегі қызмет түрлерінің қайсысын атқаратын тұлға шағын кәсіпкерлік субъектісі деп танылмайды?

А) банк қызметі

В) кеңсе тауарларын өндіру

С) қоғамдық тамақтандыру қызметі

D) тасымалдау қызметі

E) жарнамалық қызмет

 

59. Төмендегі қызмет түрлерінің қайсысын атқаратын тұлға шағын кәсіпкерлік субъектісі деп танылмайды?

А) аудиторлық қызмет

В) кеңсе тауарларын өндіру

С) қоғамдық тамақтандыру қызметі

D) тасымалдау қызметі

E) жарнамалық қызмет

 

60. Азаматтардың заңды тұлға құрмастан атқаратын кәсіпкерлік қызметі қалай аталады?

А) дара кәсіпкерлік

В) жеке кәсіпкерлік

С) жай кәсіпкерлік

D) тұрақсыз кәсіпкерлік

E) жекеменшік кәсіпкерлік

 

61. Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу қандай сипатта жүзеге асырылады?

А) тек келуді талап ету

В) императивтік тіркеу

С) диспозитивтік тіркеу

D) жай

E) нормативтік

 

62. Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеуші орган?

А) салық органдары

В) әділет органдары

С) прокуратура органдары

D) жергілікті әкімшілік

E) экономика басқармасы

 

63. Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу нәтижесінде қандай құжат беріледі?

А) тіркеу туралы куәлік

В) тіркеу туралы төлқұжат

С) лицензия

D) сертификат

E) патент

 

64. Акционерлік қоғамның анықтамасы қандай?

1) жарғылық қоры белгілі бір акциялар санына бөлінген заңды тұлға

2) сату мақсатында акция шығарумен айналысатын заңды тұлғаның бір түрі

3) қаржы табу үшін акция сатушы заңды тұлға

4) облигация сатушы заңды тұлға

5) заңды тұлға емес

 

65. Заңды тұлға таратылған кезде азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян қай кезекте қанағаттандырылады?

1) 1-ші

2) 2-ші

3) 3-ші

4) 4-ші

5) 5-ші

 

57.

66. Қазыналық кәсіпорын жойылатын кезде өз міндеттемелері бойынша қалай жауап береді?

А) иелігіндегі ақша қаражатымен жауап береді

В) оның атынан мемлекет жауапкершілік тартады

С) жауапкершілік тартпайды

D) бүкіл мүлкімен жауап береді

E) мемлекетпен бірге ынтымақты жауап береді

 

67. ҚР территориясындағы заңды төлем құралы?

А) теңге

В) доллар

С) рубль

D) сом

E) евро

 

68. Құны толық төленіп акционерлер арасында таратылған акциялар қалай аталады?

А) шығарылған акциялар

В) шығаруға жарияланған акциялар

С) артықшылықты акциялар

D) жай акциялар

E) алтын акциялар.

 

69. Мемлекеттік кәсіпорынның шаруашылық жүргізу құқығы қай кезден бастап пайда болады?

А) мүлікті жеке баланста бекіткен кезден

В) кәсіпорын тіркелген кезден

С) жарғы бекітілген кезден

D) мемлекеттік орган шешім шығарған кезден

Е) мүлік тіркелген кезден

 

70. Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлға болып табылады ма?

А) жоқ

В) құрылтайшылар талабы бойынша

С) егер жарғыда көрсетілсе

D) әділет органының шешімі бойынша

Е) мемлекеттік органның рұқсатымен

 

71. Қазыналық кәсіпорын мүлікті қандай құқықта иеленеді?

А) оралымды басқару құқығында

В) меншік құқығында

С) шаруашылық жүргізу құқығында

D) сервитут құқығында

Е) жалдау құқығында

 

72. Коммерциялық ұйым өзіне ұсыныс жасаған кез-келген тұлғамен шарт жасауға міндетті болса ол шарт қалай аталады?

А) жария шарт

В) қосылу шарты

С) көпжақты шарт

D) біржақты шарт

Е) аралас шарт

 

73. Төмендегі заңды тұлғалардың қайсысының құрылуы үшін бір қатысушы жеткілікті?

А) жауапкершiлiгi шектеулi серіктестік

В) толық серіктестік

С) сенім серіктестігі

D) жай серіктестік

Е) тұтыну кооперативі мен өндірістік кооператив

 

74. Заңды тұлға қай уақыттан бастап құрылды деп есептеледі?

А) мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап

В) жарғылық қор құрылған кезде

С) лицензия алған кезде

D) өкілетті органның рұқсатын алған кезде

Е) құрылтай құжаттарына қол қойылған кезде

 

75. Төмендегілердің қайсысы заңды тұлға болып табылмайды?

А) жай серіктестік

В) жауапкершілігі шектеулі серіктестік

С) акционерлік қоғам

D) өндірістік кооператив

Е) толық серіктестік

 

76. Қандай заңды тұлғаның құрылтайшылары тек азаматтар бола алады?

А) толық серіктестік

В) қазыналық кәсіпорын

С) қосымша жауапкершілікті серіктестік

D) акционерлік қоғам

Е) еншілес кәсіпорын

 

77. Заңды тұлға қандай органда мемлекеттік тіркеуден өтеді?

А) әділет басқармасында

В) прокуратурада

С) сотта

D) салық инспекциясында

Е) жергілікті атқарушы органда

 

78. Заңды тұлғаны қайта ұйымдастырудың түрлері?

А) бөлiну, бөлінiп шығу, бірігу, қосылу, қайта құру

В) бөлу және қосу

С) үлкейту және бөлшектеу

D) біріктіру және бөлу

Е) бөліп тастау, қосылу, қосып тастау, дәрменсіз болуы

 

79. Өндірістік кооперативтің негізгі ерекшелігі неде?

А) құрылтайшылар оның қызметіне еңбегімен қатысады

В) коммерциялық мақсатта жұмыс істейді

С) коммерциялық емес заңды тұлға болып табылады, пайда табады

D) өнім өндірумен айналысады

Е) қатысушылар үлесті жауапкершілік тартады





sdamzavas.net - 2017 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...