Главная Обратная связь

Дисциплины:






Электронды құжаттардың айналымындағы құқықтық мәселелер. Электронды сандық қолдың дәрежесі



Электрондық құжат айналымы ережесі (бұдан әрі — Ереже) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына және 2-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.
Ереже жеке немесе заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың, электрондық құжат айналымы тәртібін айқындайды.
Ереженің қолданысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттарға таралмайды.
Заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық (құпия) кілттерін жасау жөніндегі жұмыстар (қалыптастыру, тіркеу, беру, сақтау, жою тәртібі) және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттар мен электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық (құпия) кілттерінің құпиялылық режимі мен сақталуын қамтамасыз етудің тәртібі мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілермен айқындалады.
«Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар таратылуы шектелген электрондық құжаттармен мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тәртібі «Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 965 Қазақстан Республикасы Үкіметінің және «Мемлекеттік органдардың қызметтік ақпаратпен жұмыс жасау ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 51 қпү қаулыларымен айқындалады.

Мәліметтерді Мемлекеттік құпия қатарына жатқызу және осы мәліметтерді жасыру. Мәліметті және оларды тасымалдаушыларды құпиясыздандыру

Ақпаратты мемлекеттiк құпияларға жатқызу Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиясы болып табылатын мағлұматтар Тiзбесi және құпияландыруға жататын, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтетiн мағлұматтар тiзбелерi негiзiнде жұмыстарда, құжаттарда және бұйымдарда мазмұндалатын мағлұматтардың құпиялылық дәрежесiн анықтау және белгiлеу тәртiбi туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Президентi анықтайтын мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңды мекемелерi мен жеке адамдарының меншiгi болып табылатын және осы Заңның 5-бабының талаптарына жауап беретiн ақпаратты меншiк иелерiнiң шығындарын өтей отырып, құпияландыруға және құпиясыздандыруға қақылы. Ақпарат иелерi ақпаратты құпияландыру немесе құпиясыздандыру бойынша заңға қайшы әрекеттер жөнiнде сотқа шағым беруге қақылы.
Осы Заңның 5-бабы талаптарына жауап беретiн ақпаратқа ие болған кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар, қоғамдық бiрлестiктер, жекелеген азаматтар оны құпияландыру қажеттiлiгi туралы мәселенi шешу үшiн осындай мағлұматтарға мүдделi ақпаратты қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органға, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдарына хабарласуға тиiс.



Библиотеканың қожасы мен пайдаланушының құқықтарын қорғау, ақпараттар мен мәдени құндылықтардың жалпыға қол жетімділігін қамтамасыз ету

Кітапханадағы негізгі қызмет көрсету түрлері ақысыз. Үйге әдебиеттерді беру абонемент арқылы жүргізіледі. Соңғы немесе бір данасы ғана бар кітаптарды үйге беруге тиым салынады. Оқу залдарында әдебиетті тек қана сол залда қолдануға рұқсат етіледі. Оқырманға оқырман формуляры толтырылады. Оқырманды кітапханаға тіркегенде кітапхана ережелерімен танысқаны және оларды орындайтыны жөнінде оқырман формулярына қол қояды. Кітаптарды, ағымдағы басылымдарды, сонымен қатар электрондық желідегі басылымдарды беру студенттік билеттер немесе жеке басын куәләндіретін құжат арқылы жүргізіледі.

Кітаптарды және ағымдағы басылымдарды оқу залынан алып шығуға тыйым салынады. Осы ережені бұзған оқырман кітапханамен пайдаланудан белгілі мерзімге айырылады, кітапхана басшылығының анықтауымен. Оқырман құқылы:

-кітапхана көрсететін негізгі кітапхана – ақпараттық қызмет көрсету түрлері ақысыз пайдалануға;
-ақпарат көздерін таңдау және іздестірудегі консултативті көмек алуға;
-кітапханада бар электрондық техникамен каталог арқылы берілген, интернеттік қызмет көрсету және ақпараттық қызметтерді қолдануға;
Оқырман міндетті:
-әдебиеттерді алу үшін студенттік билет немесе кітап немесе оқырман формулярындағы әрбір басылым тұсына қол қоюға;
-кітапхана мүлікіне және басқада басылымдарға, кітаптарға мұқият қарауға;
-кітапханадан алынған басылымдарды белгілі уақытта қайтаруға;
-электронды класста белгіленген барлық ережелерді орындауға.
Оқырманға тыйым салынады:
-кітапханаға сырт киіммен кіруге;
-кітапханада тыныштықты және тәртіпті бұзуға;
-кітапханадан кітаптарды қол қоймай алып шығуға;
-кітапхана басылымдарын бүлдіруге (белгілеу, беттерді сызу, түбіршектерді бүгу және т.б.);
-картотекалардан және каталогтардан карточкаларды алып шығуға;
-кітап сақтау және қызметтік бөлмелерге рұқсатсыз кіруге;
-оқу залында ұялы телефондарды қолдануға;
-пайдалану ережесін бұзған оқырмандар немесе кітапханаға келтірген зияны үшін әкімшілік, материалдық түрде әрекеттегі заңнамаға сәйкес, кітапханамен пайдалану ережесінің жарғысы бойынша жауапты болады;
-оқырман басылымды жоғалтқан немесе бүлдіргені үшін дәл осындай басылыммен немесе көшірмесімен немесе кітапхана шешімімен осындай басылыммен ауыстырылады, ауыстырылу мүмкіндігі жоқ болған жағдайда рыноктік бағасымен орнын толтыруы қажет.
Кітапхана міндеті:
-оқырмандарды кітапхана қорлары мен басылымдарымен қамтамасыз ету, кітапханада жоқ басылымдар өзара кітапханалық абонемент арқылы жазылынып, пайдаланушылардың материалдық төлемімен алынады;
-оқырмандар үшін барлық жағдай жасау және қалыптастыру;
-оқырмандарды барлық қызмет көрсету түрлерімен ақпараттандыру;
-қорларды, қызмет көрсету түрлерін түсіндіру, тарату және кітаптарға деген қызығушылықты дамыту, барлық студенттер мен қызметкерлерді кітапханаға тарту жөнінде шара қолдану;
-егер кітаптар мезгілінде қайтарылмаса кітапхана қарыз адамдардың тізімін деканатқа жібереді;
Қоғамның, шығармашылық күштер мен адам қабілетінің, адам өмірінің өзара қатынастары мен өмірді ұйымдастыру түрлері және пішімінде білдірілген, сондай-ақ олар жасаған материалдық және рухани құндылықтар дамуының тарихи белгілі бір деңгейі.

Мәдени құндылықтарға құлықтылық және эстетикалық идеалдар, өзін ұстаудың нормалары мен үлгілері, тілдер, жергілікті тіл ерекшеліктері мен сөйленістер, ұлттықдәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, тарихи жер аттары, ауыз әдебиеті, көркемдік кәсіп пен қолөнер, мәдениет пен өнер шығармалары,тарихи-мәдени маңызы зор мәдениет қызметінің ғылыми зерттеу тәсілдері мен нәтижелері, аумақтың тарихи-мәдени қатынасында ғажайып болып табылатын ғимараттар, құрылыстар кіреді

Жатталған ақпараттың құқықтық режимі. Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру саласындағы және олардың ішіндегі ақпаратты тұтынушыларға ұсынудағы мемлекеттік билік органдарының міндеттері

Басқару процесіндегі ақпарат 2 түрге бөлінеді.
Құжатталған ақпарат.
Құжатталынбаған ақпарат.

құжатталған ақпарат - ұсынылған нысанына қарамастан, ақпараттық есепке алу құжатында жазылған қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, әкiмшiлiк-құқықтық салалардағы тұлғалар, заттар, фактiлер, оқиғалар, мән-жайлар және басқа да құқықтық құбылыстар мен процестер туралы мәлiметтер;

есептер; анықтамалар;мәжіліс протоколдары;баяндау жазбалары;хаттар;қаулылар;жоспарлар;бұйрықтар;нұсқаулар;

Құжатталынбаған ақпарат - бұл көбінесе телефон арқылы, жеке әңгімелесуде, екңесте және ауызша түрде берілген ақпарат.

Жүйеге келтірілген ақпараттардың барлығы да құжатталынады: ал жүйеге келтірілмеген ақпарат ішінара ғана құжатталады.

Ақпараттық ресурстар (Информационные ресурсы; information resources) — 1) ғылыми теорияларымен, процестер мен құбылыстарды зерттеулерімен, өнер табыстарымен, машина жобаларымен, ғимараттарымен, зауыттарымен, табиғат пен қоғам туралы мағлұматтарымен сипатталатын мемлекеттің рухани пәрмені (күш-қуаты); мекеме үшін құнды болып есептелетін және материалдық ресурс ретінде қабылданатын мәліметтер жиынтығы. Оған сыртқы жадта сақталатын негізгі және қосалқы мәліметтер жиымы мен кірістік құжаттар жатады; 2) кітапханаларда, мұрағаттарда, қорларда, мәліметтер банкілерінде және басқа да ақпараттық жүйелерде жеке құжаттар немесе олардың жиымдары түрінде шоғырланған мағлұматтар жиынтығы.

Ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қорғау мәселелері жеткілікті дәрежеде нақты регламенттелмеген, ақпараттандыру саласында бірыңғай мемлекеттік техникалық саясат, білім беру саясаты жоқ, азаматтардың ақпараттандыру ресурстары құрамындағы жеке деректерін пайдалану мен қорғау мәселелері жеткілікті дәрежеде нақты регламенттелмеген.





sdamzavas.net - 2017 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...