Главная Обратная связь

Дисциплины:






Тізе буынының пункциясы



Тік ішекті саусақпен қарау

 

Интернге тапсырма:Муляжда тік ішекті саусақпен қарап, тексеру әдісінің журу жолын баяндау керек.

 

Экзаменаторға арналған информация: Интерннің тәжрибелік дағдыны орындау әдісін балл бойынша бағалау.

 

Қамтамасыз етілуі: тік ішекті саусақпен қарауға арналған муляж , резенке перчатка, вазелин.

 

Тәжірибелік дағдының сатысы балл бойынша баға
1. Науқасқа жүргізіліп отырғалы тұрған әдістін мәнін түсіндіру 0,5
2. Науқас кушеткада тізерлеп-шынтақтап тұруы қажет. 0,5
3. Сол қолдың саусағымен перинальды теріні ақырын созады. 0,5
4. Резина перчатка киілген оң қалдық сұқ саусағын вазелин немесе мазьбен майлайды. 0,5
5. Саусақты абайлап тік ішек ампуласына кіргізеді. 0,5
6. Жүйелі түрде шырышты қабықшаның тік ішек қабырғасының және сфинктер тонусының жағдайын тексереді. 0,5
7. Науқасты жүресінен отырғызу қалпына ауыстырғанда 10-12см анустан жоғары локализацияланған ісікті жиі байлауға болады. 0,5
8. Тік ішектің алдынғы қабырғасын тексеру –перитонит, дугласты кеңістік инфильтраты, метастазда құнды мәліметтер береді.   0,5
9. Тік ішектін сфинктерлі аппаратын, ішкі және сыртқы геморройдалды түйіндерді тексереміз. 0,5
10. Диагнозды анықтап, маңызды мәліметтер алу үшін, саусақты шығарғанда перчатканы міндетті түрде қарап тексеру қажет (нәжіс массасының түсі, қанның болуы, шарышы). 0,5
         

«4,0» (95-100%)- 9,5 – 10,0 балл, «3,67» (90-94%)- 9 балл, «3,33» (85-89%)- 8,5 балл, «3,0» (80-84%)- 8 балл, «2,67» (75-79%)- 7,5 балл, «2,33» (70-74%)- 7 балл, «2,0» (65-69%)- 6,5 балл, «1,67» (60-64%)- 6 балл, «1,33» (55-59%)- 5,5 балл, «1,0» (50-54%)- 5 балл, «0»- 5 балдан төмен.

.

Станция бойынша максималды балл -10,0

 

 

Қуықты катетерлеу

(эластикалық резенке катетермен)

Интернге тапсырма: Муляжда қуықты катетрлеп, тексеру әдісінің журу жолын баяндау керек.



Экзаменаторға арналған информация: Интерннің тәжрибелік дағдыны орындау әдісін балл бойынша бағалау.

Қамтамасыз етілуі: муляж, қуықтық катетер (жұмсақ силиконды, метал), стерильді резенке перчатка, стерильді өсімдік майы, пинцет, стерильные дәке, 3% бор қышқылы, лоток, дез ертінді.

Тәжірибелік дағдының сатысы балл бойынша баға
Науқасқа жүргізіліп отырғалы тұрған әдістін мәнін түсіндіру 0,5
Стерильді құралдарды дайындау. Стерильді перчатка кию. 0,5
Науқасты кушеткаға жатқызу. Науқастын оң жағында тұру. 0,5
Сол қолға стерильді дәкені алып, жыныс мушенің басын ашу керек. 0,5
Уретр басын 3% бор қышқылы ертіндісімен өңдеу керек. 0,5
Сол қолдын бірінші және екінші саусақтарымен жыныс мушесін фиксациялап, оны жоғары тартамыз. 0,5
Пинцетпен резенке катетрды аламыз 0,5
Алдын ала өсімдік майымен өңделген катетрды уретрге кіргіземіз, одан ары қуыққа еңгіземіз. 0,5
Зәр пайда болғанда катетр сонын латокқа қоямыз 0,5
Зәр тоқтағаннан соң катетрді алып, дез ертіндіге саламыз. Перчатканы шешіп, қолды жуамыз. 0,5

 

«4,0» (95-100%)- 9,5 – 10,0 балл, «3,67» (90-94%)- 9 балл, «3,33» (85-89%)- 8,5 балл, «3,0» (80-84%)- 8 балл, «2,67» (75-79%)- 7,5 балл, «2,33» (70-74%)- 7 балл, «2,0» (65-69%)- 6,5 балл, «1,67» (60-64%)- 6 балл, «1,33» (55-59%)- 5,5 балл, «1,0» (50-54%)- 5 балл, «0»- 5 балдан төмен.

.

Станция бойынша максималды балл -10,0

 

 

Плевралды пункция

Интернге тапсырма: Муляжда плевра қуысын пункциялап, тексеру әдісінің жүру жолын баяндау керек.

Экзаменаторға арналған информация: Интерннің тәжрибелік дағдыны орындау әдісін балл бойынша бағалау.

Қамтамасыз етілуі: муляж, пункцияға арналған ине, резенке трубка, Жане щприці, 0,5 % новокаин, вокадин 0,5%, спирт 96%, зажим, стерильные дәке,

 

Тәжірибелік дағдының сатысы балл бойынша баға
1. Науқасты таңу бөлмесіне каталкамен жеткізеді 0,5
2. Науқастың кейпі: операция үстелінде емгерге қарап, аяқтарын түсіріп отырады 0,5
3. Операция алаңы 5% йод ерітіндісімен және 96о спиртпен өңделеді. 0,5
4. Тері және тері асты шел қабаты 0,25% новокаин ерітіндісімен жергілікті инфильтрациялық анестезия әдісімен жансыздандырады 0,5
5. Пункцияны соңында канюлясы бар резеңкелі түтікпен жалғанған жуан инемен жасайды. Канюляға шприц жалғайды 0,5
6. Пункцияны пневмоторакс кезінде ортаңғы бұғана сызығы бойынша II-қабырғааралықта астыңғы қабырғаның үстінгі қыры бойымен, ал гидротораксқа орай YII-YIII қабырғааралығында артқы қолтықасты сызық бойымен жасайды 0,5
7.Емгер иненің плевральді қуысқа енүін «бос кеңістікке түсу» сезімі бойынша анықтайды 0,5
8. Плевральді қуыста жиналған ауаны немесе сұйықтықты аспирациялайды 0,5
9. Толған шприцті резеңкелі түтіктен алғанда, плевральді қуысқа атмосфералық ауанын сорылуының алдын алу мақсатында қысқыш салынады 0,5
10. Плевральді қуысқа көрсеткіштер бойынша дәрілер енгізіледі 0,5
11. Аспирация аяқталған соң пункция орнына асептикалық таңғыш салынады 0,5

«4,0» (95-100%)- 9,5 – 11,0 балл, «3,67» (90-94%)- 9 балл, «3,33» (85-89%)- 8,5 балл, «3,0» (80-84%)- 8 балл, «2,67» (75-79%)- 7,5 балл, «2,33» (70-74%)- 7 балл, «2,0» (65-69%)- 6,5 балл, «1,67» (60-64%)- 6 балл, «1,33» (55-59%)- 5,5 балл, «1,0» (50-54%)- 5 балл, «0»- 5 балдан төмен.

Станция бойынша максималды балл -11,0

 

Тізе буынының пункциясы

Интернге тапсырма: Муляжда тізе буын пункциясының техникасын көрсету, тексеру әдісінің жүру жолын баяндау керек.

 

Экзаменаторға арналған информация: Интерннің тәжрибелік дағдыны орындау әдісін балл бойынша бағалау.

 

Қамтамасыз етілуі: муляж, шприц, стерильді перчаткалар, вокадин 0,5%, спирт 96°, новокаин 0,5%, стерильді салфеткалар, стерильді шариктер.

Тәжірибелік дағдының сатысы балл бойынша баға
1 манипуляция жайында айтып береді . 0,5
2.науқасты арқасымен кушеткаға немесе столға жатқызады. 0,5
3. пункция орнын вокадинмен 0,5% үш қайтара, спиртпен 96° залалсыздайды. 0,5
4. дәрігер қолына стерильды перчатка киіп, қолын 96° спиртпен өңдейді. 0,5
5. Тізе ассты сүйегінің алдыңғы бетінің терісін 0,5% новокаин ерітіндісімен жансыздандырады. 0,5
6. Инені тізе асты сүйегінің артқы бетіне параллелді жүргізе отырып буынға кіреді. 0,5
7. Шприцпен сұйықтықты (эксудатты) шығарады. 0,5
8.Егер буын ішінде сынық бар болса , онда қан шығарып болған соң буынға 20 мл 1% новокаинасынған жерді жансыздандыру үшін еңгізеді. 0,5
9. инені алып болған соң,ине салған жердійодтың спиртті ертіндісімен залалсыздап, асептикалық таңғыш таңады. 0,5
10. .Егер буын ішінде сынық бар болса , онда аяққа гипсті лангеттаны салады 0,5

 

«4,0» (95-100%)- 9,5 – 10,0 балл, «3,67» (90-94%)- 9 балл, «3,33» (85-89%)- 8,5 балл, «3,0» (80-84%)- 8 балл, «2,67» (75-79%)- 7,5 балл «2,33» (70-74%)- 7 балл, «2,0» (65-69%)- 6,5 балл, «1,67» (60-64%)- 6 балл, «1,33» (55-59%)- 5,5 балл, «1,0» (50-54%)- 5 балл, «0»-5 балдан төмен.

Станция бойынша максималды балл -10

 

 





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...