Главная Обратная связь

Дисциплины:






ЖЕР ҚҰНАРЫ - ӨМІР НӘРІ



Жер деген - әркімнің туған анасы тәрізді. Жалпы адамзат баласының өмір сүрген ортасы жер планетасы болғандықан, жерде өсетін өнімдер түрлі жеміс-жидек көкөністер мен олардан бөлінетін дәрумендер адам организміне өз пайдасын тигізеді. Жердің құнары – адам өмірінің нәрі. Егер жерді сүйсең, сырын білсең, ол саған құнары мен нәрін береді. Жер – ана тәрізді, жыламасаң, еңбек етіп тер төкпесең, ештеңе бермейді. Жер еңбек еткенді сүйеді. Еңбек оны түрлендіреді. Еңбек жердің қасиетін, құдіретін аңызға айналдырады. Біздің осы көп өнім алып жүрген жеріміз күнделікті түрлендіріп, гүлдендіріп бағып - күтуді талап етеді.

Мұндай жерден өнімді тыңайтқыштың күшімен және еңбектің, мына қолдың күшімен алып келеміз. Мысалы: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақал-мәтелдерде осының дәлелі. Сол себепті «жердің қасиетін арпа,бидай дән егіп, оны орған біледі» демекші, күнделікті өмірде тұтынатын тағамдар мысалы, нанның өзі жерден өсіп шығатын арпа, бидайдан алынатынын білеміз.

Жерді сүйіп қана қою жеткіліксіз, оны баптап, аялай білу керек. Жерді білу дегеніміз – оның қасиетін, топырағының қасиетін, білу деген сөз.

 

Тапсырмалар:

1. Мәтін бойынша сөздерді теріп жазып, сөздік құрастырыңыз.

2.Мәтінді оқып аударып, түсінгендеріңіз туралы әңгімелеңіз.

3.«Жер туралы», «Еңбек туралы» мақал-мәтелдерді дәптерлеріңізге жазып жаттап алыңыз.

4.Жер, өнім, өмір, еңбек, аяла сөзерін қатыстырып сөйлем құрастырып жазыңыз.

5. Жерді сүйіп қана қою жеткіліксіз, оны баптап, аялай білу керек. Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз.

 

АҚ БИДАЙ

(ертегі)

 

Есте жоқ ерте заманда бидай өз бетімен өседі екен. Бір жылы қуаңшылық болады. Тіршілік үшін жанталасқан өсімдік атаулы Ақ бидайды жан-жағынан қаумалап, астындағы суды тартып алады. Кейбір бойшаң бұталар күннің көзіне қасақана тұрып алып, жарық түсірмейді. Сөйтіп, Ақ бидайдың жағдайы күннен-күнге нашарлай бастайды. Ақырында өлер халге жетеді. Содан соң олай-бұлай өткен әр түрлі аңдардан жәрдем сұрайды. Үстінен әрлі-берлі қалықтап ұшып жатқан үлкенді-кішілі құстарға жалбарынады. Бірақ оның өтінішіне, мұң-зарына ешкім құлақ аспайды. Енді өлдім ғой деген сәтте, Ақ бидайға садақ асынған, қолында найзасы бар, аң аулап жүрген Адам тап болады. Бидай байғұс көзінің жасын төгіп тұрып, Адамға мұңын шағады. Адам ойланып тұрып, ақырында оның өтінішін қабыл алады. Садағын жерге қойып, найзасын бұтаға сүйей салады да, білегін сыбанып жіберіп, іске кіріседі. Ақ бидайдың айналасындағы шөптің бәрін қолымен отап, тып-типыл қылады. Олардың бидайға ауыз салып жатқан тамырларын найзасының ұшымен қопарып тастайды.



Бұлаққа барып тақиясына толтырып су әкеледі. Әлсіреп қалған Ақ бидай мөлдір суға қанып бой түзеп, құлпырып сала береді.

Адам да жиі-жиі келіп, бидайға қамқор болып жүреді. Қаскөй шөп, тікендерді оның қасына жуытпай, мезгіл-мезгіл суарып тұрады.

Күзге салым бидай піседі. Баданадай дәндерінің бір түйірін де шашау шығармастан, Адамға тарту етеді. Адам сыйға алған дәнін бір қыс сақтайды.

Көктем шыққанда ол үйшігінің жанындағы тәуірлеу жерді қопсытып, соған әлгі дәнді себеді. Жаз бойы арам шөбін жұлып, мезгілімен суарып, баптап тұрады. Ақырында еңбегі зая кетпей, күзде Адам бір дорба бидай алады. Келер жылы бір қап, содан соң он қап, одан соң мың қап, қойшы, адамзат бидайды әлденеше миллион қап етіп алатын болды.

Адам мен Ақ бидайдың айырылмас достығы ерте заманда осылай басталған екен.

 

Тапсырмалар.

1. Мәтінді оқып аударыңыз.

2. Мәтін бойынша он сөзді аудармасымен жазыңыз.

3. Мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазып, сөйлем құрастырыңыз.

 

КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУС

Компьютерлік вирус– «көбейтілуге» және басқа программаларға «жұғуға» қабілетті, әдетте өлшемі шағын (200-ден 5000 байтқа дейін) арнайы компьютерлік программа (яғни ол өз кодын көп қайтара көшіреді де, оны басқа программалардың кодына қосады). Ол компьютерге пайдаланушының рұқсатынсыз, «зақымдалған» дискета немесе «зақымдалған» файлмен бірге түсуі мүмкін. Ішінде вирусы бар программа «зақымдалған» деп аталады.

«Зақымданған» программа жұмысын бастағанда, алдымен басқаруға вирус алады. Вирус басқа программаларды тауып, оларды зақымдайды, сонымен қатар қандай да бір зиянды әрекет жасайды: компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді, дискідегі файлды бұзады, компьютерде сақталған ақпаратты бүлдіреді, жедел жадты «ластайды» және т.с.с. Вирустың бір компьютерден басқа компьютерге тарайтын қабілеті бар.

Вирустар қайдан пайда болады? Оларды білікті қаскөй мамандар басқа бәсекелес фирмаларға зиян келтіру үшін қызғаныш, зиянкестік, мансапқұмарлық оймен немесе антивирустық программаларды сатудан ақша табу үшін жазады.

Компьютерлік вирустармен күресу үшін, оларды зерттейтін және антивирустық (вирусқа қарсы) программалар жазатын мамандар бар. Ресейдегі атақты программистер: Д. Лозинский, Д. Мостовой, И.А. Данилов, Н. Безруков және т.б.

Жаңа вирустық программалардың саны үнемі көбейіп және түрлері өзгеріп отырады, сондықтан компьютер пайдаланушы вирустар табиғатын, вирустардың жұғу әдісін және олардан қорғануды білуі керек.

Компьютерге вирус, негізінен дискеттер мен лазерлік диск, сондай-ақ компьютерлік желі арқылы кіріп, қатқыл дискіні зақымдайды. Дискетті зақымдау тіптен оңай. Егер зақымдалған компьютердің дискжетегіне дискетті тіпті жай ғана салып және мысалы, оның мазмұнын оқыса да, оған вирус жұғуы мүмкін. Вирус көбіне дискінің жүктейтін секторына және EXE, COM, SYS немесе BAT кеңейтулері бар атқарылатын файлдарға жиі жұғады. Мәтіндік және графикалық файлдарға сирегірек жұғады.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді мұқият оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Компьютерлік вирус деген не?

Ішінде вирусы бар программа қалай аталады?

Вирустың бір компьютерден басқа компьютерге тарайтын қабілеті бар ма?

Вирус компьютерді қалай зақымдайды?

Қазір қанша вирус белгілі?

Вирустар мекендеу ортасы бойынша қалай бөлінеді?

Вирустар зақымдау әдісі бойынша қалай бөлінеді?

Вирустар мүмкіндіктері бойынша қалай бөлінеді?

Вирустар қайдан пайда болады?

Оларды кім жазады?

Вирустарды не үшін жазады?

3. Мәтін мазмұнына сүйене отырып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

1.Вирус ... пайдаланушының рұқсатынсыз зақымдалған файлмен түседі.

2.Вирус басқа ... тауып, оларды зақымдайды.

3. ... дискідегі файлды бұзады.

4. Компьютерде сақталған ... бүлдіреді.

5. Вирус... жадты ластайды.

6. ...программаларды ақша табу үшін жазады.

7. Қазіргі кезде 50 ... астам вирус белгілі.

8. Компьютер ... вирустар табиғатын және олардан қорғануды білуі керек.

9. Компьютерлік вирустарды зерттейтін және антивирустық программалар жазатын ... бар.

10. Вирус компьютерлік ... арқылы кіріп, қатқыл дискіні зақымдайды.

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998

3. Жақсылықова К.Б., Шабденова Қ.Ж. Ақпараттық технологиялар бөлімі студенттеріне арналған қазақша кәсіби тілді меңгертуге арналған оқу құралы.Қарағанды - 2007

4. Хасен М.Ә. Ақпараттық технологиялар факультетінің студенттеріне арналған мәтіндер жинағы. ЭОҚ. ҚарМТУ,2008 ж

 

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (12-тақырып) [қосымша 14, 16,18]

1. 1. «Жер құнары - өмір нәрі» тақырыбына әңгіме жазу.

2. «Компьютерлік вирус» тақырыбына сұқбат құрастыру

Тақырып Өсімдіктердің тіршілік формалары. Қазақстанның «Қызыл кітабы». Интернет деген не?. Сабақтас құрмалас сөйлем: қимыл-сын, қарсылықты, себеп, шартты.

 

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Сабақтас құрмалас сөйлем: қимыл-сын, қарсылықты, себеп, шартты сөйлемдерді қайталау.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту.

 





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...