Главная Обратная связь

Дисциплины:






Оқу-әдістемелік нұсқау



ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

 

Мамандығы: 5В130100 Жалпы медицина

Пән: Жалпы практика дәрігері

Кафедра: Амбулаторлы – емханалық көмек

Курс:5

Блок:БЛОК № 5 ЖТД жұмысындағы хирургиялық аурулар

Тақырыптары:

№ 1: «Кіші хирургия» туралы түсінік, ЖТД тәсілі.

№2: Амбулаториялық жағдайда кең тараған хирургиялық аурулары бар науқастарды диагностикалау және жүргізу принциптері.

№3: Амбулаториялық жағдайда жара және жара инфекциясы бар науқастарды жүргізу тәсілі.

№4: ЖТД тәжірибесіндегі обыр және обыралды ауруларды ерте диагностикалау.

№ 5:Амбулаториялық жағдайда хирургиялық аурулардың операциядан кейінгі кезеңдегі реабилитациясы. Операциядан кейінгі асқынудың алдын алу.

 

 

 

Құрастырушы:  
    Омарбеков А.Ж.

 

 

Семей – 2011 ж.

Кафедра отырысында бекітілген, № __ хаттама «____»___________ 2011_ж.

Төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілген

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Кафедра меңгерушісі доцент, м.ғ.к.______________ Керимкулова А.С.

 

Кафедра отырысында бекітілген, № __ хаттама «____»___________ 2012ж.

Төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілген _________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Кафедра меңгерушісі доцент, м.ғ.к.______________ Керимкулова А.С.

Кафедра отырысында бекітілген, № __ хаттама «____»___________ 2013ж.

Төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілген _________________________________

________________________________________________________________________________



________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Кафедра меңгерушісі доцент, м.ғ.к.______________ Керимкулова А.С.

Кафедра отырысында бекітілген, № __ хаттама «____»___________ 2014ж.

Төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілген _________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Кафедра меңгерушісі доцент, м.ғ.к.______________ Керимкулова А.С.

 


1. Тақырып № 1: «Кіші хирургия» туралы түсінік, ЖТД тәсілі.

2. Мақсаты:студенттерді амбулаторлық жағдайда хирургиялық науқастарды диспансерлік бақылау принциптеріне үйрету.

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білу керек:

o ЖТД жұмысында қолданылатын науқастардың аурулары негізгі есептеу-есеп беру құжаттарын;

o науқасқа профилактикалық медициналық қарауды жүргізуді;

o амбулаторлық жағдайда жүргізілетін негізгі хирургиялық емдік шараларын;

o хирургиялық аурулары бар науқастарды кешенді бағалаудың негізгі принцптерін;

o денсаулық топтары;

o лабораторлық және құрал-жабдықпен тексеру мәліметтеріне интерпретация жүргізуді;

o науқастың денсаулық жағдайын кешенді бағалауды жүргізуді;

o науқасқа диагноз коя білу;

o диспансерлік бақылау жоспарын құруды;

o науқаспен, оның туыстарымен, әріптестерімен және басқа да қызметкерлерімен жоғары сенімділік қатынас орнату;

o командада жұмыс істеу;

o ЖТД тәсілін.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

o 1.Кіші хирургия түсінігі;

o 2.Амбулаторлы хирургия бөлімінің жабдықталуы;

o 3.Қазіргі замаңдағы амбулаторлы хирургия орталығының жаңа технология үлгісі;

o 4.Амбулаторлы жағдайдағы операция түрлері;

o 5.Амбулаторлы хирургияға енетін функциялар;

o 6.Амбулаторлы поликлиниканың мемлекетке тиімділігі;

o 7.Арнайы хирургиялық ауруларды амбулаторлы жағдайда емдеу;

o 8.ЖТД тәсілі.

 

 

Оқу-әдістемелік нұсқау

1. Кіші хирургия түсінігі;

Кіші хирургия

Хирургия – хирургиялық операциялар көмегімен емделетін жедел және созылмалы ауруларды оқытатын медицина саласы. Хирургиялық жолмен емдеу бірнеше ретті кезеңдерден тұрады: науқасты операцияға дайындау, жансыздандыру және хирургиялық операцияға араласу. Хирургиялық операцияға: операциялық мүмкіндік (шырышты қабат пен теріні тілу), мүшені оперативті емдеу, операция кезінде зақымдалған тіндердің бүтіндігін қалпына келтіру енеді. Жасалу уақытына байланысты операциялар шұғыл, жедел және жоспарлы болып бөлінеді. Шұғыл операциялар дереу жасалады (қан тоқтату, трахеостомия, перитонит және т.б). Жедел операцияларды нақты диагноз анықталғанға дейін, науқасты операцияға дайындағанға дейін кейінге қалтыруға болады. Жоспарлы операциялар науқасты операцияға толықтай дайындап, зерттеуден кейін ғана орындалады. Қазіргі хирургия реконструктивті хирургия (бұл дегеніміз – зақымдалған мүшені ауыстыруға немесе қалпына келтіруге бағытталған: жасанды қантамырлар, жүректің жасанды қақпақшалары, жарық қақпасын синтетикалық тормен бекіту және т.б), және төмен инвазивті (төмен мүмкіндікті – лапароскопиялық операциялар, рентгеноэндоваскулярлы хирургия, яғни, организмге араласу аймағын ықшамдау).

 

2.Амбулаторлы хирургия бөлімінің жабдықталуы;

Қабылдау бөлімшесі.Науқастарды қабылдау бөлімі арқылы іске асырылады, бұл жерде науқастар бірнеше түрге бөлінеді. Науқастар ауруының түріне қарай тиісті бөлімшелерге жатқызылады.

Қабылдау бөлімі тұрады:

- Тіркеу бөлімі,

- Науқастарды бірінші рет қарау бөлімі,

- Ванна бөлмесі,

- Таза аурухана киімдерін сақтауға арналған бөлм,

- Науқас киімдерін сақтауға арналған бөлім.

Қабылдау бөлімдерінде 1-2 диагностикалық бөлмелер және инфекциясы бар науқастар үшін оқшаулауыш бөлменің болғаны орынды. Науқастар қабылдау бөлімінде санитарлық тазартудан өтеді, шаштарында биттің бар жоқтығы қаралады және аурухананың киімдерін киеді.

Жалпы хирургиялық бөлім.

Хирургиялық науқастарды емдеу арнаулы және барлық керекті нәрселермен жабдықталған бөлмелерде жүргізіледі. Онша үлкен емес 25-50 кереует мөлшеріндегі учаскелік ауруханаларда хирургиялық бөлімдердің болмауы да мүмкін, бірақ оларда да кешіктіруге болмайтын шұғыл хтрургиялық жәрдем көрсету және онша үлкен емес жоспарлы операцияларды жасауға мүмкіншілік болуы керек.

Хирургиялық бөлімнауқастар жататын бөлмелерден, операция блогынан, таңу, байлау және қосымша бөлмелерден тұрады. Хирургиялық бөлім су құбыры, орталық жылыту, канализация желісі және ауаны сорып шығарушы аспабымен жабдықталған.

Травматологиялық бөлім.

Бұл жарақаттанған науқастарға ем жүргізілетін хирургиялық бөлім. Травматология бөлімінің жалпы хирургиялық бөлімнен айырмашылығы, онда рентген кабинеті, гипстеу, байлау аппараттар бөлімі, емдеу дене шынықтыру және механикалық терапия кабинеті болады. Егер травматологиялық және жалпы хирургиялық бөлімдер қатар жалғасқан болса, операция жасалуын, рентгенология және физиотерапиялық кабинеттер екі бөлім үшін де жалпы болу керек.

Гипстеу байлау, таңу бөлмесінде әдетте сынған мүшені ауыртпау, буын шығуын орнына салу, гипсті таңғыштар салу, тарту (созу) іске асырылады. Гипстеу – байлау бөлмесі операциялық бөлмесіндей асептика талабын бұзбау керек. Сонымен қатар бұл бөлмеде гипсті таңғыштар үшін арнаулы аспаптар, жылжымалы рентген аспаптары және т.б. болу тиіс.

Операция жасайтын бөлме.

Операция жасайтын бөлме мен қосымша бөлмелерді операциялық блок деп атайды. Ол бөлек тұруы тиіс. Онда таза және іріңді операция бөлмелері болу керек. Егер операциялық бөлме біреу ғана болса, онда бірінші таза операциялар жасалады, содан соң іріңді. Бұлардан соң ең соңғы жинастыру әдісін естен шығармаған жөн. Іріңді операциялық бөлмені тазалау таза операциялық бөлмеге қарағанда мұқият тазалану керек. Операциялық блоктың қабырғасында және төбесінде ешбір шығыңқы орындар болмай, олар майлы сырмен боялады, еденге керамикалық плиткалар төселеді. Қазіргі операциялық бөлмелердің қабырғасы арнаулы плиткалармен қапталған, оның ақ емес, ашық жасыл не көкшіл болғаны дұрыс, себебі ақ түсті хирургтардың көздерін тез талдырады.

Жарық түсіружеткілікті және түсті өзгертпеу тиіс. Терезелер құбылаға қарамау керек. Тікелей түскен қиғаш сәулелер хирургтың жұмысын қиындатады және хирургтың басынан, қолынан көлеңке түспей тұғын, арнаулы көлеңкесіз шамдар қолданылады. Жарық көбірек керек жағдайда қосымша шамдар, хирургтың басында шахлердің лампашасы сияқты арнаулы лампашалар қолданылады. Оларды әсіресе нейрохирургиялық операцияларда пайдаланылады.

Ауаны жаңарту, алмастыру.Операция бөлмесінің ауасы жақсы тазалануы қажет. Сол үшін ауаны көбірек тартатын суырып-сорушы аспаптарды қолдану керек. Ауаны тек салқындатып, қыздырып, ылғалдандырып қана қоймай, оның ауасын микробтардан арылту үшін арнаулы кондиционерлер қолданып жүр.

Жабдықтау.

Операциялық бөлмедегі аспаптар және жиһаздар тек жұмыс үшін керекті заттар: операциялық стол, құрал-саймандар және таңба, байлау заттарын қоятын операциялық мейіркештің столдары, хирургтың құрал-сайман столы, қан ағуын тоқтату үшін термокоагулятор, электроотсос және анестезиологиялық аппарат болуы тиіс. Оттегі баллондардың операциялық бөлмеде болмағаны жөн. Газды беру трубалар арқылы беріледі.

Наркоз бөлмесібұл наркоз аспаптары, анестезиолог пайдаланылатын дәрі-дәрмектер, құжаттар сақталатын жер. Кейде бұл бөлмеде наркоздың бастапқы кезеңдері жүргізіліп, соңынан науқас операция жасалатын бөлмеге апарылады.

Зарарсыздандыратын немесе автоклавтық бөлме бұл операциялық киімдерді және құрал-саймандарды зарарсыздандыруға автоклавтарды, стерилизаторларды және қайнатқыштарды пайдаланылатын жер.

Құрал – сайман бөлмесі.

Хирургиялық құрал-саймандарды, аспаптарды және аппаратураны сақтауға арналған жер. Олар арнаулы шыны шкафтарда сақталады.

Операциялық бөлімнің материалдық бөлмесі операциялық киімдерді, тану және тігу материалдарын даярлау үшін пайдаланылады. Онда спирт, эфир және басқа дәрі-дәрмек қоры сақталады.

Байлау – таңу бөлімдерінде операциялық бөлмеге қандай талап қойылса, бұнда да сондай талап қойылады. Байлау таңу бөлмесінің температурасы 18°С-дан төмен болмау керек. Бұл бөлмеде науқастарды таңу үшін стол, құрал-сайман және дәрілер үшін шкаф болады. Құрал-саймандар байлау-таңу бөлмесінің өзінде немесе жанындағы бөлмеде залалсыздандырылады.

Бұл бөлме ыстық және суық сумен қамтамасыздандырылады. Бұл бөлме өте жақсы тазалықты керек етеді. Құрал-саймандар және таңу материалы үшін стол операциялық бөлмедегі сияқты етіп қойылады. Құрал-саймандар және таңу материалы корнцангпен алып беріледі. Таңу тек қана аспаптармен жүргізіледі. Ең алдымен іріңсіз таза жарасы бар науқастарды ең соңында іріңді науқастар байлап таңылады. Жұмыс күнінің аяғында байлау-таңу бөлмесін шүберекпен сүртіп ауасын ультрокүлгін сәулемен тазартады.

Үлкен хирургиялық бөлімшелерде таза және іріңді науқастарға арналған екі байлау-таңу бөлмелері болады. Бөлмелер хирургиялық бөлімде кең жақсы желдетілетін болуы тиіс. Бөлмелердегі температура 18°С-дан 20°С-қа дейін болу керек. Жиһаздардың беті жылтырап тұрады. Әдетте тазалау жеңіл болу үшін ашық эмаль бояуы жағылады. Кереуіттер науқастарға оның жан жағына баруына арнап орналастырылады.

Науқастардың операциядан бірінші күндері жататын операциядан соңғы бөлмелері болуы шарт. Егер ауруханада арнаулы ірің бөлімі болмаса онда іріңді нақастар жататын бөлмелер болу керек. Хирургиялық немесе травматологиялық бөлімдердегі процедураларды істеу үшін арнаулы процедуралық арнайы бөлме болу керек. Бұнда дәрі жіберу: қуыстарды, пункция жасау, дәрі-дәрмектерді көп уақыт жіберуге арналған катетрлерді қою және т.б. істеледі.

Мейіркеш күзет орны. Әдетте дәлізде бөлмелерге жақын жерде кезекші мейіркеш столы орналасқан. Столдың қасында шамның жарығымен немесе дыбыс күшімен сигнал беру және бөлім ішіндегі аптека үшін шкаф қойылады. Бұл шкафтарда науқастарды емдеу үшін әртүрлі дәрі-дәрмектер сақталады. Шкафтың айырықша кілтпен жабылатын арнаулы бөлімшелерінде А және Б тізіміндегі дәрілер сақталады.

Үлкен емханаларда өз алдына бөлек хирургиялық бөлімі бар. Оның міндеті науқастарды бірінші рет көру, науқастарды ауруханаларда емдеуге және емханада ем жүргізуін анықтауға болады. Сондай-ақ емхананың хирургиялық бөлімінде ауруханадан шыққан науқастар әрі қарай емделіп жазылып шығады.

Емхананың хирургиялық кабинеті.Емханада хирургиялық кабинет үшін арнаулы бөлме бөлінеді. Бұл кабинетте науқастарды қабылдау, кішігірім операциялар және баулау-таңу жұмысы істеледі. Хирургиялық кабинет емхананың хирургиялық бөлімі қағидасы бойынша бірнеше бөлмелерге орналасады. Амбулаториядағы хирургиялық кабинеттің жұмыс қағидасы емханаға сәйкес келеді. Айырмашылығы амбулаториялық науқастардың саны анағұрлым азырақ болады.

 

3.Қазіргі замаңдағы амбулаторлы хирургия орталығының жаңа технология үлгісі;

Амбулаторлы хирургия. Халыққа медициналық көмек көрсету жағынан стационар орын басушы хирургиялық технологиялар дамып жатыр (амбулаторлық хирургиялық көмек, амбулаторлы хирургия орталықтары, бір күнді стационарлар және т.б). Амбулаторлы хирургия жаңа ұйымдастыру құрылысы негізінде дамып, стационардан поликлиникалық технология шартына ауысуын қарастырады, сонымен қатар, экономиялық жоғары шығынды клинико – стационарлы төсек – орындарын қысқартады. Қазіргі амбулаторлы хирургия орталықтарының жаңа технологиядағы үлгідегі кестесін келесі негізгі бағыттар қарастырады: ұйымдастырылған, емдік, ғылыми және оқытушылық. Халыққа көмек көрсету мақсатында болашағы мол Денсаулық сақтау ұйымының бағыты болып, стационар орын басушы хирургиялық технологиялар дамуда (амбулаторлық хирургиялық көмек, амбулаторлы хирургия орталықтары, бір күнді стационарлар және т.б).

 

4.Амбулаторлы жағдайдағы операция түрлері;

Амбулаторлы немесе кіші хирургияға келесі операциялар түрлері жатады:

- Тырнақтағы операциялар – тырнақасты гематомаларын ашу, пластикасымен тырнаққа байланысты операция, тырнақ пластинкасының резекциясы;

- Қатерсіз ісіктерді жою (атерома, гигрома, липома);

- Лимфаөзектерін тілу;

- Буынішілік блокадалары (артриттер, артроздар, жарақаттар);

- Остеохондроз кезіндегі паравертебральды блокада;

- Өкпеқапты пункциялар;

- Трофикалық жаралар мен жазылмайтын жаралар емі;

- Шап, кіндік жарықтарын жою;

- ЛОР – операциялары (аденотомия, аденотонзиллотомия, тонзилэктомия және т.б);

- Урологиялық операциялар (аталық без шемені, аталық без тамырларының варикозы, кондилома және т.б);

- Колопроктологиялық операциялар (кондиломаларды тілу, анальды жарықтар, тік ішек жыланкөздері, тік ішек түскенде шырышын тілу);

- Кішігірім гинекологиялық операциялар (көптеген кондиломаларды жою, жатырішілік спиральдарды енгізу, жүктілікті тоқтату және т.б);

- Травматологиялық және ортопедиялық операциялар (жалпақ табанға операциялар, табан саусақтарының деформацияларына, ДОА – ның консервативті емі.

 

 

5. Амбулаторлы хирургияға енетін функциялар;

Амбулаториядағы хирургиялық бағыт – бұл өзінің идеологиясымен, өзгешелігімен, перспективасымен жеке бағыт. Хирургиялық науқастарды қабылдауда поликлиникадағы дәрігердің жұмысы бірқатар ерекшеліктерімен сипатталады, амбулаторлы науқастарға емдік – диагностикалық көмекті ұйымдастырудағы анықталатын сапамен ғана емес, сонымен қатар, көптеген хирургиялық стационардың қызмет көсету тұрғысынан. Оларға науқасты амбулаторлы жағдайда толықтай зерттеу, жоспарлы түрде денсаулықты қалпына келтіру, стационар жағдайында нуқастарды емдеуге іріктеу, құрсақ қуысы, кеуде қуысы мүшелерінің жедел ауруларымен науқастарды уақытында анықтап, оларды дереу госпитализациялау жатады. Сонымен қоса, науқас стационардан шыққаннан кейін поликлиникада науқасты ары қарай емдеу, реабилитация шаралары жүргізіледі. Сонымен, поликлиникадағы хирургтың жұмысына төсектік фонда рациональды қолдану тікелей байланысты, операцияалды кезеңнің жалғасуымен, сонымен қоса, ем нәтижесі де байланысты. Амбулаторлы хирургтың қызметінде оперативті емдеу тәсілі үлкен орын алады. Оның көлемі мен сипаты поликлиника категориясына, хирург тәжірибесі мен шартына байланысты. Көбінесе жұмсақ тіндердің іріңді ауруларына байланысты операциялар, әртүрлі түрдегі блокадалар, шеткі мүше буындарының пункциялары жиі кездеседі. Хирургтың жоспарлы жұмыс уақытында әр жоспарлы операцияға медициналық құжаттарды толтырумен қоса, орта есеппен 25 – 35 минут қажет болса, ал іріңді операцияларға – 15 – 20, блокадаларға – 10 минут жеткілікті. Хирургтар медициналық құжаттаржы толықтай толтыруға, әсіресе, амбулаторлы картаны толтыруға көп көңіл бөледі. Себебі, бұл құжаттар хирургиялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қоса, заңды түрде маңызы зор.

Қазіргі поликлиникалар ірі көп салалы, мамандандырылған емдік – алдын алу мекемесі. Оған медициналық көмекті уақытында көрсету, халықтың денсаулығын сақтауда алдын алу шараларын ұйымдастыру мен аурушаңдылықты ескерту жұмыстары енеді.

Оның негізгі функциялары:

- Жедел аурулар мен жарақаттарда алғашқы медициналық көмекті көрсету;

- Үйге немесе поликлиникаға келген науқастарды емдеу;

- Диспансеризацияны жүргізу және ұйымдастыру;

- Уақытша жұмысқа жарамсыздық туралы сараптама, науқастарды жұмыстан босату, науқастарды санаторлы – курортты емге бағыттау;

- Стационарлы емді қажет ететін науқастарды уақытында госпитализациялау;

- Алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар;

- Санитарлы – ағарту жұмыстары;

- Тіркелген контингенттегі халықтың денсаулығын зерртеу;

- Статистикалық есепті ұйымдастыру мен науқастың денсаулық көрсеткіштерін талдау.

 

 

6.Амбулаторлы поликлиниканың мемлекетке тиімділігі;

Амбулаторлы – поликлиникаға стационар орын алмастырушы технологияларды енгізу жоғары сапалы медициналық, әлеуметтік – экономикалық тиімділік көрсетеді. Осындай емдеу тәсілінде жақында болған операциядан кейінгі кезеңде науқастың үйреншікті өмір сапасының дәрежесі сақталады; медико - әлеуметтік реабилитация қарқындылығы жеделдетіледі. Бұл әдістер болжамдағы нәтижені жүзеге асырады. Операциядан кейінгі және ауруханаішілік инфекциялар саны күрт төмендейді. Ем шараларын жүргізуге бағытталған шығын 1,5 – 4 есе азаяды. Еңбекке жарамсыздық уақыты мен біріншілік мүгедектікке шығу қысқарады. АҚШ – та алғашқы амбулаторлы – хирургиялық орталық 1969 жылы ашылған, қазір олардың саны 1250 – ден астам, амбулаторлы хирургия көлемі 77% өсті. Тікелей экономия: 1) күндізгі стационар төсегінің айналымы жоғарылайды (орта есеппен бір күнде күндізгі стационар төсегінде емді екі – үш науқас алады, ал тәуліктік стационарда бір ғана науқас жатады); 2) тұрмыс шараларына шығын қысқарады, амбулаторлы хирургия орталықтарындағы жұмыста клиникалық бөлімдер құрылымдарын пайдалану тәулігіне 8 – 10сағ созылады (стационарда 24 сағ); 3) тәуліктің түңгі уақытында жұмыс болмайды, осыған байланысты түңгі уақыттағы жұмыс еңбегі үшін төленбейді. Мемлекетке госпитальденген типте стационар мен күндізгі стационарда емдеу экономикалық тұрғыдан тиімді. Жанама экономияға келсек: 1) госпитальды стационарларда қымбат бағалы төсектер ауыр жағдайдағы науқастар еміне беріледі; 2) жоспарлы операцияларды орындауға кезектілік қысқарады; 3) күндізгі стационарларда аурудың бастапқы сатыларында көмек көрсетіледі. Бұл аурудың ауыр түріне ауысуына, асқынуына жол бермейді.

 

 

7. Арнайы хирургиялық ауруларды амбулаторлы жағдайда емдеу;

Тері – адам денесіндегі ең үлкен ағза болып табылады, ол инфекцияның кіру жолына барьерлі қызмет атқарады. Тері көптеген жарақаттарға қолайлы болып келеді, сондықтан да оған патогенді штаммдар оңай еніп кетеді. Көбінесе түкті фолликулалар, май бездері, тері бездері және тырнақтар зақымданады.

Абцесс – шектелген іріңді қабыну. Терінің және тері асты клетчаткаларының диффузды қабынуымен басталады. Бұл тығыз ауыратын аймақ, инфильтратпен, резорбтивті болуы мүмкін. Ақырғы кезеңінде кездейсоқ перфорацияға немесе хирургиялық жолмен ашуға тура келетін орталық некроз дамуы мүмкін. Жергілікті қызару стадиясында жылы дымқыл повязкамен тыныштық жағдай ем болады. Вазодилятация нәтижесі кезінде науқаста өзінің қорғаныш механизмі болады және резорбция процесі жылдамдатылады. Тым ерте немесе керек емес антибиотиктерді қолданған жағдайда осы табиғи процесс бұзылып және хронизация қабынуына әкелуі мүмкін. Бұндай жағдайда ауруды емдеу қиынға түседі. Кейбір уақыттарда жалпы сырқаттану, дене температурасының көтерілуі, бактериалды инфекция бүкіл денеге жайылғандығы және антибиотик тағайындау қажет болып табылады. Абцессті егер ашу керек болса, ол барлық ережелермен орындалуы керек. Жақсы пісіп жетілген, сыртқа шығуға дайын тұрған абцессті кішкене тілу жасап, жансыздандырусыз ашуға болады. Тері абцесстің устінде созылып жатқандықтан, сезімсіз болып келеді. Егер тілік жеткіліксіз болса, хлорэтильэфир көмегімен жергілікті жансыздандыру жүргізуге болады. Новакаин көмегімен жергілікті жансыздандырған кезде, абцесс маңындағы тіндердің қысымы тым көтеріліп,инфицирленген зат таралып тіпті қанға түсуі мүмкін. Терең абцесс кезінде наркозбен жүргізіледі, және де абцесс қуысы инструментпен немесе қолмен икемделип тұру керек. Кейін оны йодофиоформ тамносымен толтырып, дренаждау керек.

Фоллукулит, фурункулез және карбункулез – шаш түбірінің және қасындағы тіндердің іріңді қабынуы. Олар түкті фолликуламен ішке еніп, алтын стафилалококкокпен шақырылады және шаш бар жерлерде кездеседі (барлық жерлерде, тек алақанмен табаннан басқа). Терлегіш, ластау адамдарда кездеседі. Мұрын іші, бет, мойын зақымданады, өйткені жеке бас гигиенасы дұрыс сақталмағаннан және қатты киімдер. Кейде фолликулит қант диабетінің біріншілік көрінісі болып келеді. Фоллукулит, фурункулез және карбункулез өз алдына стадиялық процесстің бір түрін қарастырады: бактерия түкті фолликул арқылы ішке еніп, фолликулит қабынуын шақырып, перифолликулитке ауысады. Фолликулит аймағының үлкеюі – бірнеше фурункулдың бірігуінен карбункул пайда болады.Бастапқы кезеңінде сауығу болуы мүмкін. Дымқыл повязка және жергілікті пластырьлер қолдану тері дем алмағандықтан кері көрсеткіш болып табылады. Диахилонды мазьді повязканы қолданған жөн. Фурункулды ешқашанда сығуға болмайды, өйткені кейін ол процестің ары қарай асқынуына акеліп соғады.Орталық некрозды пинцетпен алып тастауға болады. Егер фурункул бетте орналасса, тромбоздың (sinus cavernosus) алдын алу үшін антибиотик тағайындаған жөн. Егер фурункул бүкіл денеде таралған болса, онда ол фурункулез туралы айтылады. Карбункул өз алдына фурункул кангломератын құрайды. Мұндай жағдайда госпитализация қажет. Барлық некротикалық элементтерді алып тастау үшінкең спектрлі тілу қажет (немесе крест тәрізді тілік жасау арқылы зақымданған аймақты жақсы ашуға болады). Кейін диахилонмен тампонада қалдырады, әрдайым антисептикалық өндеу жасалынып отыратын және де некротикалық тіндерді алып тастайды. Жазылу бірнеше аптаға созылуы мүмкін.

Іріңді гидраденит. Бұл жиі кездесетін апокринді тері бездерінің, яғни жыныс мүшелерінде және қолтық асты маңайында болатын, созылмалы іріңді қабыну ауруы болып табылады. Тереңде орналасқан тері бездері бітеліп, тер бір жерде жиналып және ісік түзілуі мүмкін. Ол қолтық асты және жыныс мүшелерінде жылдам инфицирленеді. Әр түрлі дезодорант қолданған және қысатын ішкиімдер себебінен гидраденит көбіне әйел адамдарда кездеседі. Ары қарай таралатын тығыз инфильтратты ауырсыну қалыптасады. Соңғы кезінде толық тыртық қалыптасады. Ерте кезеңінде диахилонды мазьдің көмегімен емдеуге болады және қолтық астының таза гигиенасы, бірақ кейде қолтық асты түктерін толық алып тастауға тура келеді, тіпті тері трансплантациялары қолданалы жатады.

Саусақ паронихиясы. Қоздырғышы алтындалған стафилоккок болып табылады және созылмалы саңырауқұлақты инфекция болуы мүмкін. Тырнақ арасындағы және терідегі инфекция тырнақты тістегенде кіруі мүмкін немесе маникюрь нәтижесінде пайда болады. Инфекция тырнақтың жан-жағына таралады. Бастапқы кезеңінде бұл процесс дымқыл тану салғанда немесе тұз және сода қосылған ыстық ванналардан клиникалық көрінісі басылады. Егер инфекциялық процесс ары қарай өршитін болса, ірің тырнақтың түбіріне жиналып және тарала бастайды. Мұндай жағдайда тырнақты алып тастау жеткілікті, көбінесе екіжақты Kanaeal-инцизиясы жасалынады. Операциядан кейін жараға маталы немесе рәзеңкелі дренаж салу керек.

Панариций – саусақтың іріңді қабынуы. Панарицийдің беткей және терең түрлерін ажыратады. Беткей: тері, тері асты, тырнақ асты, тырнақ айналасындағы панариций. Терең: буын, суйек, сіңір панариций. Саусақтың бір-біріне тығыз орналасу себебінен тін ишемиясы және некроз жылдам дамиды. Зақымданған аймақ ауырсынады. Зақымданған нүктенің устінен теріні сопақшалап тіліп алып тастайды, ірің сыртқа шығады. Құрғақ тану және қолды косынкамен жоғарылап тарту көмегімен әдетте тез жазылып кетеді. Жансыздандыру Oberst бойынша жүргізіледі. Остеомиелитке күдік пайда болса, қайтадан ретгенге түсіреді. Сүйек панарицийін емдеуде сондай, бірақ тері тілігі біраз кеңдеу болуы тиіс. Барлық некротикалық тіндерді алып және некроздалған сүйекті кыру керек. Міндетті түрде антибиотик тағайындау керек (күніне 2 г флюклоксациллин).

Өскен тырнақ. Өскен тырнақ көбінесе бар бармақта жиі кездеседі, кейде саусақтада кездесуі мүмкін. Амбулаторлы дәрігерге өскен тырнақпен науқастар жиі келеді. Клиникалық көрінісі қатты ауырсыну.тым жіңішке аяқ-киім, дөнгеленген тырнақ, немесе екі жақ шетін тым түбінен қию гранулемның түзілуіне әкеліп соғады. Косервативті ем ретінде, тырнақты түзу қиюға, барамақтарды тұзбен немесе содамен ваннада жібіту және т.б. нұсқаулар беріледі. Егер гранулема жоғалмай сақталып тұра берсе, хирургиялық кірісу қажет: бармаққа Oberst бойынша анестезия жасағаннан кейін бармақтың үстіне қатты керілген жгут салады. Бұл үшін көбінесе резенкелі трубканың қалдығын қолданады. Одан кейін пышақпен немесе қайшымен тырнақтың латеральді аймағын кеседі, тырнақтың валигіне дейін кескенді жалғастырады, кейін сүйекке дейін кеседі, гранулемаға латеральді клинтәрізді инцизияны қойып, толығымен тінді және жарты тырнақты алып тастайды. Тырнақты кесіп алып тастағаннан кейін 3 мин. ішінде 70% фенолмен, 70% спиртпен өндейді,рецидив санын азайту үшін.

 

8.ЖТД тәсілі.

Поликлиникадық деңгейде жоғары квалифицирленген көмекті қазіргі уақытта тұрғындарға кіші оперативті кірісулерді ұйымдасып қолданатын амбулаторлы хирургияның табысы болып отыр. Көптеген хирургиялық аймақтарда санды да және сапалы да табыстарды көрсететін амбулаторлы хирургияның әр түрлі формалары және инфрақұрылымның орталығының күндізгі стационардың бөлмелері болып табылады.

Амбулаторлы хирургияның орталығы қазіргі технологиялық модельдің кестесінің негізгі бағыттар: ұйымдасқан, емдік, ғылыми, біліми.

Ұйымдасқан аспектілер: аумақтың орналасуы (хирургиялық, арнайы:флебологиялық, артопедиялық; автономды, госпитальді, поликлиникалық) және қызмет түрінің құрылыс формаларын қалыптастыру.

Емдік: консультация беруден бастап, күрделі амбулаториялық шарттарға дейін,сонымен қоса операцияларды да орындайды (флебэктомия).

Ғылыми:жаңа дәрі-дәрмекті және оперативті емді еңгізу.

Біліми: Жаңа мамаңдандырылған жас мамаңдарды дайындау (біріншілік және дипломнан кейін білім беру).

 

 

 

6. Сабақ беру және оқыту әдістері: Сабақ беру және оқыту әдістері:Практикалық сабақтардың жалпы сұрақтарын талқылауда дискуссия және шағын топтарда жұмыс істеу ұсынылады.

 

Дебиет

негізгі:

қосымша:

 





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...