Главная Обратная связь

Дисциплины:






Дебиет тарихын дәуірлеу мәселесі



 

Әдебиет тарихы – әрбір ұлтгың пайда болуының, қалыптасуының, дүниетаным көзқарастарының көрсеткіші екендігі бедгілі. Әрбір ұлттың әдебиеті оның тарихымен, дүние танымымен, салт-дәстүрімен тығыз байланысты. Мұны кеңірек қарар болсақ адамзат дамуы, адам қоғамы көркем әдебиетсіз болған емес және әдебиет те адамзат дамуынан, адамзат қоғамынан тыс бола алмайды. Міне, осыдан келіп жоғарыда айтылған тұжырым шығады. Бұл тұжырым әдебиетке қатысты ой, түйін, пікір, пайым және т.с.с. тек әдебиетпен ғана шектеліп қалмайтынын аңғартады. Бұл әдебиеттану ғылымы да дара өмір сүрмейді, ол да ғылымның басқа салаларымен тығыз байланыста болатынын көрсетеді.

Әдебиет тарихы туралы теориялық байыптаулардың өзі де тарихнамалық, жалпы философиялық зерттеулермен тығыз байланысты. Бұлай болмаған жағдайда ол теориялық байыптаулар бос сөз, құр далбаса әңгіме болып шығары анық. Әр ұлт әдебиетінде әдебиет тарихы туралы теориялық байыптаулардың өмірге келу кезеңдеріне қатысты ғана өзгешелігі бар демесек, тарихнамалық, жалпы философиялық зерттеулермен тығыз байланыстылығы тұрғысынан келгенде бұл әлем әдебиетіне ортақ екені анық.

Әлем халықтары әдебиетінде оның тарихын бағалау, ерекшеліктерін ашу тұрғысындағы пайымдаулар мен пікірлердің бір күнде өмірге келмегені белгілі. Бұл – уақыттың жемісі. Әр елдің әдебиет тарихына, оны бағалап, кезеңдер сырын ашуға қатысты пікір, пайымдары бірін – бірі байыта, бірін бірі толықтыра келіп, бүгінгі ой-пікірлердің, түсінік-пайымдардың өмірге келуіне ықпал етті. Міне, осыдан келіп дүние жүзі халықтары әдебиеттері тарихын бағалаудағы ортақ және өзіндік өзгешелік байыптауларының қалыптасу зандылықтары пайда болды. Бұл тұста екі бағыттағы байланысқа назар аударамыз: бірі – әлем әдебиет тарихын бағалаудағы ортақ және өзіндік ерекшелікті, өзгешелікті байыптаулар болса, екіншісі – ұлттық әдебиет тарихын бағалаудағы байыптаулар. Бұлардың бірінсіз екіншісі болмайтыны тағы да ақиқат. Осы бірлік жүйесін тапқанда ғана біз негізгі мақсатқа жете аламыз. Енді осы мәселеге қатысты уақыт пен кеңістік дегенге келелік.



Адамзат тарихының барлық кезеңдерінде де уақыт пен кеңістік заңдылықтары аясында әдеби шығармалардың мазмұны мен пішін жүйесінің болатындығы көптеген ғылыми еңбектердле қарастырылған. Бұл әсіресе орыс әдебиеттануына қатысты тереңірек зерттеледі. Басқасын айтпағанның өзінді көп жылдар бойы «Время, пространства и ритм» атты ғылыми жинақтың шығып тұруы да біраз жәйтті аңғартқандай.

Әдебиет тарихын дәуірлеу жеке, дара өмір сүрмейтіні, керісінше, әдебиеттанудың өзге салаларымен, яғни, әдебиеттану ғылымының өзара сабақтас және жанама салаларымен бірлікте, тығыз байланыста болатыны сияқты пән ғылымның тарих, тарихнама, деректану, философия, лингвистика және т.с.с. салаларымен де тығыз байланыста болады. Өйткені бұл бір жағынан әдебиеттану мәселесі болғанымен, екінші жағынан қоғамның дамуы, елдің тарихы, тіл мәселелері, ой, логика және т.с.с. өз мақсатына жете алмасы анық қой. Міне, бұл тағы бір жағынан қарағанда пәнге жалпылық сипат та береді.

Мәселен, қазақ әдебиетіндегі ХҮ – ХҮІІІ ғасырлар әдебиеті туралы сөз еткенде осы дәуірдегі ел басындағы жағдайлар, тарихи оқиғалар, тілдік қолданыстар және тағы сол сияқтылар туралы да айтуға, оның өзге дәуірлерден ерекшеліктерін анықтауға мәжбүрміз ғой. Бұл – тіпті, әдебиет тарихын дәуірлердегі негізгі прнициптер десе де болғандай емес пе?! Біздің әдебиетіміздегі Хандық дәуір, яғни, ХҮ – ХҮІІІ ғасырлар әдебиетінің тақырыптық, идеялық, көркемдік, жанрлық ерекшеліктер мұнсыз ашыла ма? Әрине, жоқ. Олай болса, біз сол дәуірдегі қазақтың өзіне тән төл әдебиетінің қалыптасуы туралы да ештеңе айта алмас едік. Сол дәуірге тән Жыраулық поэзия өзіндік ерекшелігемен айқындала алмас еді. Осыдан кейін біз Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Марқасқа, Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей, толғауларының қазақ әдебиетіндегі, дәуір әдебиетіндегі орны туралы толық білмес тедік, оған баға бере де алмас едік. Сол сияқты ол уақытта толғау жанрының ерекшеліктері туралы да пікір қорыта алмай,. Бұқар жырау толғауларындағы елдік, халықтық мүдде туралы да пікір білдіре алмаған болар едік. Оның шығармаларының негізгі сарыны, халықтығы жайлы ой қорыта алмаған болар едік және Шал ақын поэзиясының жанрлық, тақырыптық ерекшеліктері, оның дәуір әдебиетіндегі орны туралы ой қорыта алмас едік. Ал бұл дегеніңіз көркем әдебиет дамуына кері әсер етері хақ. Міне, бұл жәйт әдебиет тарихын дәуірлеудің ғылымның өзге салаларымен байланысын көрсетеді.

 





sdamzavas.net - 2018 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...