Главная Обратная связь

Дисциплины:






озғалыс функцияларды реттейтін ОЖЖ бөлімдері.



1. Сопақша ми мен варолий көпірі. Дене қалпын ұстау рефлекстеріне лабиринт (кіреберіс, жарты айналмалы каналдар) рецепторларынан афферентті сигналдар кіреберіс ядроларына, содан соң кіреберіс жұлын жолы арқылы жұлын мотонейрондарына барып, дене қалпын ұстау рефлекстерін қалыптастырады.

2. Ортаңғы ми. Қызыл ядро мен қара зат. Қызыл ядро ми қыртысымен, қыртыс асты ядролары, мишық және жұлынмен тығыз байланысқан. Ол қаңқа еттерінің тонусын реттейтін қозғалыс орталық. Егер мысықтың миын қызыл ядродан төмен жерден кессе, мысықта децебрациялық мелшию (ригидность) пайда болады (жазылу еттерінің тонусы күшейеді). Бұл жағдай жазу еттері тонусына қызыл ядролардың тежегіш ықпалының тоқталуынан байқалады.

Қара зат. Бұл ядроның нейрондары дофамин деген затты синтездейді және базальды ядролармен тығыз байланыста. Саусақтардың нәзік және нақты қимылдарын және шайнау мен жұту үрдістерінің үйлесуін қамтамасыз ететін орталық болып табылады. Бұл орталықтардың зақымдалуы еттердің пластикалық тонусының жоғалуына әкеледі

3. Қозғалыс функцияларының реттелуіндегі мишықтың ролі. Ең бастысы мұнда еріксіз және ерікті қимылдардың үйлесуін қамтамасыз ету және олардың дәлме-дәл болуы мен дене тепе-теңдігін сақтау. Мишықтың қозғалыс аймақтары ми қыртысының қозғалыс аймақтарымен және мидың басқа да қозғалыс орталықтарымен тығыз байланысты. Мишықтың реттеу қызметі бұзылса келесі симптомдар болуы мүмкін: астения, астазия, атония, атаксия, дисметрия, дизартрия, (оқулықтан қара). Мишығы зақымдалған аурулар көзін жұмып, мұрнына саусағын дәл апара алмайды (мұрын саусақ сынамасы).

4. Базальды ядролар (жолақты дене және бозғылт шар). Осылар, таламус және ортаңғы ми ядролары стриопаллидарлық жүйеге кіреді. Ми қыртысы және стриопаллидарлық жүйе организмнің ерікті және еріксіз қимыл реакцияларына қатысады. Клиникада кездесетін кейбір ауытқулар: атетоз – қол саусақтарының еріксіз құрт тәрізді баяу қимылдары, хорея – беттің мимикалық еттерінің және аяқ-қол еттерінің тырыспасы және Паркинсон синдромы – акинезия, гипотонус, статикалық тремор қозғалыссыз дірілдеу. Осы өзгерістер стриопаллидарлық жүйенің функциясының бұзылуымен байланысты деген пікір бар.



5. Ми қыртысы. Қозғалтқыш зона (моторлық аймақ) ми қыртысының алдыңғы орталық қатпарында орналасады. Бұл зона өзі 2 алаңнан тұрады (Бродман бойынша 4 және 6 алаңдар). 4 алаң қозғалтқыш талдағышының орталығы болып саналады. Бұл алаңның 5 қабатында үлкен пирамидалық жасушалар, яғни Бец жасушалары бар. Олардан пирамидалық, ерікті қимыл атқаратын жол басталады. Моторлық аймақта соматотопикалық құрылым бар: W см. W адам денесінің әр бөлігіне сәйкес мидың қарама-қарсы жарты шарының моторлық зонасында проекциялық участкісі болады. Сол участкілерде дене проекциялары аударылған түрде орналасады. Денеде физиологиялық маңызы көбірек участкілердің қыртыстағы аймақтары да кең болып келеді. Алтыншы (6) алаң екінші қозғалтқыш аймақ (премоторлық аймақ) болып қарастырылады. Бұл аймақтың қабаттарында Бец клеткалары жоқ. Қызметі жағынан баяу, күрделі қимылдарды қамтамасыз етеді. Қосымша моторлық аймақтар мидың медиалды және маңдай бөліктерінде орналасады.

ІІ. Белгілі бағытпен қозғалу

Кеңістікте белгілі бағытпен көру координаттарға қарай қозғалудың негізгі мақсаты көзді бір затқа қадағалау. Бұл үрдіс қозғалтқыш жүйе арқылы іске асады.

Көздің тез қозғалыстары (саккады) ерікті және еріксіз болып бөлінеді. Еріксіз қимылдар мишықпен реттеледі, ерікті қимылдар ми қыртысымен реттеледі.

Көз бен бастың үйлесімді қимылдарын арнайы рефлекстер реттейді. Олардың орталық звеносы төрт төмпешіктің жоғары төбешіктерінде және мойын, көз, вестибулярлық рефлекстер жүйесі болып табылады.

ІІІ. Дененің бір орыннан басқа орынға ауысуы (локомоция)

Денені алғашқы қалпынан қозғалту үшін жердің тартылу күшін, сыртқы ортаның кедергісін, дененің инерциялық күшін бағындырып өту қажет. Локомоция кезінде үнемі дененің тепе-теңдігі сақталуы тиіс. Локомоцияның негізгі түрлері жүгіру мен жүру. Олардың реттеу орталықтары жұлын мотонейрондары болып табылады. Бұл жерлерде қозу мен тежелу үрдістерінің алмасуы пайда болады. Жұлын мотонейрондарына мидың басқа жоғары бөлімдері ықпал көрсетеді: ми бағанасы, мишық, таламус, стриопаллидарлық жүйе, ми қыртысы. Күрделі қимылдар қатаң бағдарлама арқылы іске асады. Сол жерде кері афферентацияның маңызы зор. Кері байланыс жұлын – сопақша ми байланыстары арқылы өтеді (Голль және Бурдах жолдары).

ІV. Манипуляторлық қимылдар

Бұлар мотивациялармен байланысты, ерікті қимылдар болады. Осыған жауапты мидың құрылымдары: ми қыртысы, базалды ганглилер, мишық.

Сонымен қимыл-әрекеттің реттелуінде ОЖЖ-нің көптеген бөлімдері қатысады.

Бұлшық ет тонусының және қимылдар үйлесуінің өзгеруі диагностикада қолданылады. Оларда мынадай көріністер байқалады: бұлшық ет тонусының төмендеуі (гипотонус), бұлшық ет тонусының жоғарылауы (гипертонус), жүрген және тұрған кездегі тепе-теңдіктің бұзылуы (атаксия), оң және сол жақтың бірдей қимылдамауы (асинергия), нақты және дәлденген қимылдардың бұзылуы (дисметрия), қимыл активтілігінің күшеюі (гиперкенез) немесе төмендеуі (гипокенез).

 





sdamzavas.net - 2018 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...