Главная Обратная связь

Дисциплины:






С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті



Жалпы медицина факультеті

Гистология модулі

 

СӨЖ

Тақырыбы:Жүрек қан тамырлар жүйесі. Жүректің өткізгіш жүйесі.

 

Орындаған: Ермекбай А.А

Тексерген: Омарова Р.С

Топ: ЖМ 13 30-2

Факультет: Жалпы медицина

 

Алматы, 2016

Баяндама жоспары:

1.Жүрек-қан тамырлар жүйесіне жалпы сипаттама.

2.Жүрек-қан тамыр жүйесінің дамуы.

3.Жүрек. Жүректің жеке бөлімдеріне гистологиялық сипаттама.

4.Жүректің өткізгіш жүйесі немесе атиптік кардиомиоциттер.

5.Қорытынды.

6.Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІ. ЖҮРЕКТІҢ ӨТКІЗГІШ ЖҮЙЕСІ

 

1.Жүрек-қан тамырлар жүйесіне жалпы сипаттама.

Жүрек-қан тамырлар жүйесіне: жүрек, қан мен лимфа тамырлары жатады.

Қызметтері:

1.Тасымалдау – қан мен лимфа сұйығы ағзадағы мүшелерге, тіндерге қоректік заттарды, тыныс алуға оттегін мүшелерге тасымалдап, көмірқышқыл газын мүшелерден алып шағарады.

2.Зат алмасудан пайда болған, соңғы қалдық өнімдерді ағзадан сыртқа шығарады – бұл экскреторлы қызметі.

3.Интегративтілік қызметі – мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, жүйелер түрінде ағзаның біртұтастығын сақтайды.

4.Реттеуші қызметі – қан айналым жүйесі жүйке, эндокринді және иммунды-қорғаныс жүйелерімен тығыз байланыса отырып, ағза мүшелеріне, оның тіндері мен жасушаларына қажетті медиаторларды, биологиялық белсенді заттарды, гормондарды бөліп, әрі тасымалдай отырып, қанмен қамтамасыз етеді.

5.Жүрек-қан тамыр жүйесі – ағзда иммундық қорғаныс реакцияларға (қабыну, қатерлі ісік сырқаттарында) қатысады.

 

2.Жүрек-қан тамыр жүйесінің дамуы.

Қан тамырлары мезинхимадан қалыптасады, да біріншілік және екіншілік ангиогенез немесе васкулогенезге жіктеледі. Біріншілік ангиогенез эмбриогенездің үшінші аптасында ұрықтан тыс мүше сары уыз қабының қабырғасындағы мезинхимадан бастау алады. Бұл мезинхима алдымен қан аралшықтарын түзеді.



Аралшықтағы жасушалары екі топқа бөлінеді:

1.Гематогенді-қан жасушалары дамитын тобы;

2.Ангиогенді-алғашқы немесе біріншілік эндотелиоциттердің бастамасын беретін тобы, бұлар бір-бірімен байланысып алғашқы қан тамырлараның қабырғаларын түзеді. Бірақ ұрықтың денесіндегі қан тамырлары бұдан кейіндеу пайда болады. Әрі қарай, екіншілік ангиогенезде пайда болған қан тамырларының қуысының қалыптасуы жүреді. Бұл ұрық денесінде мына механизмдер арқылы асады:

1.Интраэндотелиальді механизм – жасушалардың цитоплазмасында вакуольдер пайда болған соң, олар бір-бірімен байланысып, қан тамыраларының алғашқы қуысын түзеді.

2.Интерэндотелиальді (жасуша аралық) механизм – эндотелиоциттердің бір-бірімен байланысып, қан тамырларының алғашқы қуысын түзеді.

Эмбирогенездің үшінші аптасының соңына қарай, сары уыз қабынан пайда болған қан тамырлары ұрықтың денесімен байланысып, қан тамырларының қабырғаларында күрделі өзгерістер жүреді. Бұл кезде қан атмырларының эндотелиі ғана дамып қоймай, сонымен қатар, қабырғасындағы ет және дәнекер тінді қабықтары да дами бастайды.

Екіншілік ангиогенез – жаңа тамырлардың пайда болуы. Бұл екі топқа жіктеледі: эмбриональді және постэмбриональді. Біріншілік ангиогенезде пайда болған тамырлар, өсе келе жаңа тамырлар жүйесін қалыптастырады. Тамырлардың қабырғасындағы элементтері қайта қалыптаса отырып, алғашқыда «мезинхимадан-эндотелиоцит» қалыптасса, кейін «эндотелиоциттен-эндотелиоциттер» дамиды деген тұжырым бар. Бұл механизм постэмбриональді кезеңде жалғаса береді.

 

3.Жүрек. Жүректің жеке бөлімдеріне гистологиялық сипаттама.

Жүрек (cor) – қанның жылжуын қамтамасыз ететін негізгі мүше.

Дамуы.Жүректің алғашқы бастамасын дамудың 3-ші аптасының басында ұзындығы 1,5мм эмбиронда, спланхнотомның висцеральді жапрырақшасының астында орналасқан, мезинхима жасушаларының жұп жиынтығы түрінде пайда болады. Кейін бұл жиынтықтар 2 ұзын түтікшеге айналып, оларға жанасып жатқан, мезодерма спланхнотомның висцеральді жапырақшасымен бірге дененің целомдық қуысына барып түйіседі. Кейініректе мезинхималық түтікшелер бір-бірімен қосылады және олардың қабырғасынан эндокардтың тіндік элементтері пайда болады. Мезодерма спланхнотомның висцеральді жапырақшасының бұл түтікшелерге жанаса жақын орналасқан аймағы миоэпикардиальді табақшалар деп аталады. Соңғылар эндокардтың бастамасына жақындап, оны сыртынан қоршайды және бір-бірімен бірігеді. Бұл үрдіс краникаудальді бағытта жүреді. Басында болашақ жүректің қарыншалық, одан кейін жүрекшелік және синустық-жүрекшелік аймақтары пайда болады. Миоэпикардиальді табақшалар екі бөлікке дифференцияланады: мезинхималық түтікшеге жанамалас орын тепкен ішкі бөлігінде бағаналы кардиомиобаластар, ал сыртқысында эпикардтың тіндік элементтері орналасады.

Миокардтың бастамасының жасушалары – кардиомиобалстар бөліне бастайды және кардиомиоциттерде дифференцияланады. Олардың көлемі ұлғая бастап, ұрықтың дамуының екінші айында көлденең жолақтығы бар миофибриллалар пайда болады. Z-жолақтар саркотубулярлық тормен және жасушалық мембрананың көлденең ойыстануымен бір уақытта пайда болады. Бір-бірімен байланысушы кардиомиоциттердің плазлеммаларының кейбір тұстарында десмосомаға ұқсас құрылымдар анықталады. Кардиомиоциттерде қалыптасып келе жатқан миофибриллалар да плазмолемаға бекиді, кейін ол жерде ендірме дискілер дамиды.

2-ші айдың соңында өткізу жүйесінің қалыптасу белгілері пайда болады, оның кардиомиоциттерің көп ядролығымен және миофибрилярлық аппаратының баяу дифференциялануымен ерекшеленеді. 4-ші айға қарай жүректің өткізу жүйесінің барлық бөлімдері аяқталады. Сол жақ қарыншаның бұлшық ет тінінің дамуы, оң жаққа қарағанда, жылдамдау жүреді.

Жүрекше-қарыншалық және қарынша-тамырлық жүрек қақпақшалары эндокардтың дупликатурасы түрінде дамиды.

Сол жақ жүрекше-қарыншалық қақпақша эндокардиалдық үйме түрінде пайда болып, кейін оған эпикардтың дәнекер тіні еніп, өсе бастайды. Құрсақ ішілік дамудың 4-ші айында эпикардтан қақпақшаның жармасына коллаген талшықтарының шоғыры енеді, олар кейін фиборзды табақшаны құрайтын болады. Оң жүрекше-қарыншалық қақпақша бұлшық етті-эндокардиалдық үйме түрінде қалыптасады. Ұрықтың дамуының 3-ші айынан бастап оң атриовентрикулярлық қақпақшаның бұлшық ет тінінің орнына, миокард және эпикард жатқан өсіп-өніп жатқан, дәнекер тіні ене қалыптасады. Ересек адамда бұлшықет тіні рудимент түрінде тек жүрекше жағынан қақпақшаның негізінде сақталады. Сонымен, жүрекше-қарыншалық қақпаша тек эндокардтың туындысы емес, миокардтың және эпикардтың дәнекер тінінің туындысы. Қолқаның қақпақшаларының екі даму көзі болады: олардың синустық жағы, эндотелимен қапталған фиброзды сақинаның дәнекер тінінен дамиды, ал қарыншалық-эндокардтан пайда болады. 5,5 апталық адам ұрықтарының жүрекшелерінде алғашқы жүйке ұштары, ал дамудың 8-ші аптасында жүрекшелерде 4-10 нейробластардан тұратын ганглийлер анықталады. Жүрекшелердің бастамасына орын ауыстырған жүйке айдаршасының жасушаларынан холинергиялық нейрондар, глиоциттер және ұсақ түйіршікті жасушалар дамиды. Жүректің холинергиялық және адренергиялық жүйке апараттары бір уақытта дерлік дамиды. Дамып келе жатқан жүрекке жүйке ұштарының енуі біртіндеп жүреді. Алдымен жүйке талшықтары оң, кейін сол жақ жүрекшеде, кейінірек-оң, кейін сол қарынщада пайда болады. Бастапқыда жүрекшелерде симпатикалық бағандардың тармақтары, ал кейінірек – кеуделік симпатикалық талшықтардың тармақтары анықталады.

 

№1 сурет.Жүректің даму сатылары. Жүректің 4 камераға бөліну сатысы.

 

Жүректің негізгі қызметтері:

1.Насостық қызметі – жүрек үнемі жиырылып қанды қан тамырларына айдап, артериальді қан қысымының тұрақтылығын сақтайды.

2.Эндокринді қызметі –натрийуретикалық факторды (НУФ) бөледі.

3.Информациялық қызметі – жүрек АҚҚ үнемі тіндерге хабарлап, тіндердегі зат алмасу үрдістерін өзгертіп отырады.

 

Құрылысы:Жүректің қабырғасында 3 қабықшаны ажыратады: ішкі-эндокард, ортаңғы немесе бұлшықеттік – миокард және сыртқы немесе сірлі – эпикард.

Эндокард – құрылысы қан тамырларының құрылысына ұқсас. Қабырғасында: эндотелий, эндотелий асты, етті-эластинді, сыртқы дәнекер тінді қабаттары болады.

Эндотелий қабаты: базальді мембранаға бекінген, бір қабатты жалпақ эпителий, эндотелий асты қабаты- БТҚДТ, етті-эластинді қабаты-миоциттер мен эластинді талшықтардың жігі. Сыртқы дәнекер тінді қабаты – БТҚДТ, бұл қабат қан тамырларының сыртқы қабатының аналогі болып табылады.

Эндокард – жүрек қақпақшаларын қалыптастырады. Жүрек қақпақашалары – эндокардтың дубликатурасы. Қақпақшалар эндотелиймен тысталған, талшықты дәнекер тіні, аздаған жасушалары болатын, тығыз пластинка. Жүрекшеде қақпақшалар тегіс, ал қарынша жағында тегіс емес, өсінді түрінде шығыңқы тұстары мен сіңір жіпшелері болады.

Миокард –жүректің қызметіне жауапты, әрі мықты қабығы. Жүректің ет қабығы –миокардтың құрамында үш түрлі кардиомиоциттер болады:

1.Жұмысшы немесе жиырылғыш;

2.Өткізгіш;

3.Секреторлы.

Миокардтың көп бөлігін жұмысшы кардиомиоциттер құрайды. Пішіні төрт бұрышты, ұзындығы 50-120мкм, ені 15-20мкм. Кардиомиоциттердің сырты сарколеммамен тысталған. Сарколемманың құрамында кардиомиоциттердің плазмолеммасы мен базальді мембаранасы болады.

Сарколемманың сырты коллаген, эластин талшықтарымен байланысып, кардиомиоциттердің «сыртқы қаңқасын» түзеді. Кардиомиоциттердің базальді мембаранасында Са2+ байланысатын көптеген гликопротеиндер болады. Қарыншадағы кардиомиоциттердің ерекшелігі: пішіні цилиндр тәрізді, ал жүрекшедегі кардиомиоциттер көбінесе өсінділі. Жүрекшедегі кардиомиоциттерде митохондриялы, миофибриллалары мен саркоплазмалы торы аз, бірақ гликопротеиндерге бай. Гликопротеиндер қанның ұюын тежейді, бұл тәжірбиеде жүзінде анықталған. Жүрекшедегі кардиомиоциттердің маңызды қызметінің бірі – артериальді қан қысымын реттейтін НУФ бөліп, тензосенсорлық қызмет атқарады.

Кардиомиоциттер өзара қыстырма дискілермен байланысады. Бұлардың құрамында десмосомалар, миофибриллалы байламдары мен қуысты контактылары – нексусутары болады. Нексустар нерв импульсін жасушадан жасушаға тез өткізуді қамтамасыз етеді. Десмосомалар мен миофибриллалар механикалық қызмет атқаратын байланыстар, ал нексустар кардиомиоциттердің синхронды жиырылғыштық қасиетіне септігін тигізеді. Көршілес кардиомиоциттердің бүйір бөліктерінен анастомоздар түзіледі. Кардиомиоциттердің тіректік қаңқасын тығыз коллаген, эластин талшықтары мен интерстициальді дәнекер тіні түзеді. Бұл тіннің құрамында көп мөлшерде қан мен лимфа тамырлары, капилярлар орналасады. Әрбір кардиомиоцитте 2-3 капилярдан келеді.

 

Эпикард пен перкард.

Жүректің сыртқы қабығы перкардтың висцеральді жапырақшасы – эпикард. Эпикард – жұқа дәнекер тінді пластинкасы 0,3-0,4 мкм. Миокардпен тығыз байланысқан, құрамында 50% коллаген мен эластин талшықтары болады.

Перикардта дәнекер тінді құрылымы эпикардқа қарағанда жақсы дамыған. Перкардтың сырты мезотелимен тысталған. Перикард құрамындағы қан тамырларының сыртында май жасушалары мен бос жатқан нерв ұштары болады.

 

4.Жүректің өткізгіш жүйесі немесе атиптік кардиомиоцитттері.

Жүректің әртүрлі бөліктерінде өткізгіш жүйесіне жататын кардиомиоциттер орналасады. Бұлар шығу тегі мен құрылысы жағынан ет тініне, ал қызметіне байланысты нерв тініне ұқсас, себебі электірлік импульстерді түзумен қатар тез өткізуге қабілетті жасушалар. Жүректе мұндай кардиомиоциттердің 3 түрін ажыратады:

1.Р-жасушалары (Пейсмекер жасушалары);

2.Аралық жасушалар

3.Пуркинье талшықтарындағы жасушалар.

1.Р-жасушалары (импульсті өздігінен жүргізетін) өсінділі, цитоплазмасында ашық түсті ядросы бар мембранасынан Na2+ ионын жасушаға, ал жасушадан К- ионын шығарып өздігінен жиырылатын кардиомиоциттер. Бұл жүректегі синоаурикулярлы түйінде орналасады. Бұл жасушалардың d=8-10 мкм нексустар арқылы байланысады. Цитоплазмасында аздаған ғана миофибриллалары бар, митохондриялары аз, бос Са+ ионы айтарлықтай көп.

2.Аралық жасушалар жүрекше-қарынша түйінінде орналасады. Бір-бірімен қарапайым және қыстырма дискілермен байланысқан, цитоплазмасында миофибриллалары көп. Қызметі тітіркену реакциясын жұмысшы кардиомиоциттерге, одан Пуркинье талшықтарындағы жасушаларға өткізеді. Жүректің инфаркт миокардысында және басқада патологиялық сырқаттарда Р-жасушалары мен аралық жасушаларындағы байланыс үзіледі. Осының әсерінен ауру адамның жүрегінің соғуы минутына 30-40 ретке дейін төмендеп, дене қимыл-жұмысқа жарамсыздығы байқалады. Мұндай науқастарға арнайы құралдар –кардиостумуляторлар пайдалануға тура келеді.

3.Пуркинье талшықтарының жасушаларынан Гисс шоғыры мен Пуркинье талшықтары түзіледі. Бұл жасушалар өте ірі, цитоплазмасы ашық түсті, гликоген қосындыларына өте бай. Бір-бірімен десмосомалар және нексустар арқылы байланысады. Қызметі: нерв импульсін аралық кардиомиоциттерден қарыншадағы жұмысшы кардиомиоциттерге өткізеді. Сонымен жүректің өткізгіш жүйесінің атиптік кардиомиоциттерінде гликоген мен анаэробты гликолизге қатысатын ферменттер көп, ал липидтер аз жасушалар болып саналады.

Жүректегі секреторлы кардиомиоциттер жүрекшеде орналасады. Бұлар цитоплазмасында секреторлы түйіршіктерінің құрамындағы гликопротеиндер қанға НУФ (натрий уретикалық фактор) бөледі. Бұл фактор жүрекшедегі қанның мөлшері көбейіп, АҚҚ жоғары болу қаупі туу кезінде қанға бөлінеді, бүйрек нефрондарының қабырғасына әсер ету нәтижесінен біріншілік несептен Na2+ қанға қайта сорылу тежеледі де, ағзадан бүйрекке натириймен бірге көп мөлшерде су бөлініп шығады да, қан қысымын төмендетеді. НУФ қан тамырларының диаметрін кеңейтіп, тамырлардың тонусына әсер ететін гормондардың секрециясын тежейді (альдестерон, кортизол, вазопрессин). Бұлармен қоса НУФ-тың құрамында қанның ұюын төмендететін зат та болады.





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...