Главная Обратная связь

Дисциплины:






Германияның негізгі туристік аудандары мен орталықтарына сипаттама



Германия – турист туристк маусымы жыл бойына созылатын мемлекет,себебі Германия Орталық Еуропадағы ең керемет мемлекет деп саналады. Мұндатанымдық туризм, іскерлік туризм және медициналық туризм жақсы дамыған. Еуропадағы іскерлік туристерді негізгі “жеткізуші” – Германия. Жыл сайын 5млн астам немістер іссапарларға шығады, олардың 3%-ы шетелге шығады, 21%-ы шетелде және өз елдерінде саяхаттайды, ал 76%-ы Германия бойынша іскерлік сапар жасайды.

Германииядағы емдік сауықтыру туризмі: Германияда шипжайлық сала жақсы дамыған. Неміс климаттық емдік шипажайларда сауықтыру іс-шаралары жергілікті климатпен үйлесім тапқан. Елдегі 160 шипажайға жуығы жергілікті минералды сулары мен емдік балшықтарымен танымал. Көптеген мекеме­лер аурудың белгілі бір түрін емдеу мен алдын алуға маманданды рылған: мы салы, таулы орманды жерлерде және теңіз жағасында орналасқан шипажайлар өкпе ауру лары үшін өте пайдалы, ал емдік балшық тері аурулар, ревматизм мен невралгияны емдеуде тап­тырмас ем болып табылады

Танымдық Туристік орталықтары:

· Берлин – Германияның астанасы, елді біріктіру символы. Әкімшілік бөлінуі бойынша 12 округке бөлінеді, солардың ішінде туристер үшін ең маңыздылары: Шарлоттенбург, Тиргартен, Митте, Пренцлауэр-Берг, Фридрихсхайн, Кройцберг, Шенеберг және Вилмерсдорф.

· Мюнхен - "үлкен ауыл" және мегополис. Мюнхен – барлық еуропалық стильдегі архитектуралардың музейі, онда готикадан модернге дейн барлығы бар ашық аспан астындағы мұражай. Мюнхен – Германияның өнеркәсіп астанасы. Мюнхен кинематография қаласы. Мюнхен – Пинакотек әлемдік живопись өнерінің отаны.

· Кельн – Германияның карнавалдар астанасы. Кельн ортағасырлық қала, Мұнда ортағасырлық мұражайлар өте көп, соның бірі Вальраффа-Рихартца әйгілі мұражайы

· Баден-Баден – Альпі тауларының етегіндегі әлемге әйгілі курорт. Таза ауа, жоғарғы сападағы емдеу орындары, сапалы медициналық қызмет көрсету. Өте әдемі, шағын, ертегі қалашығы.

· Бад-Кройц – курортты және туристік орталық. Бад-Кройцнах Германияның әдемі курортты орталықтарының бірі. Жүз жылдан бері жергілікті емдеу терапиясы инертті газ бен радон арқылы халықты емдеумен айналысады. Бад-Кройцнах мемлекеттік минералды курорты емдеу мен туризмді біріктіреді.



 

85. Италияның негізгі туристік аудандары мен орталықтарына сипаттама.Италия Жерорта теңіз бассейніндегі, Аппенин түбегі, Сицилия мен Сардиния және ұсақ аралдар тобынан тұратын оңтүстік Европа умағы умағы орналасқан мемлекет.Италияны Жерорта,Адриат,Ион,Лигурий және Тиррен теңіздері шайып өтеді.Италияның аумағы 301мың.кв.км.Италия әлемге классикалық туризм елі ретінде танылған.Бұл жерде демалыстың барлық түрі ұсынады.Тек қана әдемі ландшафтар,көптүрлі жағажайлар емес,сонымен қатар өзінің алуан түрлі тарихи құндылықтары мен қонақтарды таңқалдыратын мәдени ескерткіштері бар.

Италия елін мұражайлар мен ескерткіштер елі деп санауға болады.Зерттеушілер бойынша бұнда әлемдік мәдени құндылықтардың 65% орналасқан.Италия тек бай тарихымен емес,ғажайып жерортатеңіздік жағажайларымен,теңіздік курорттарымен,Альпінің қарлы шыңдарымен,сәнді киімдер мен аяқ киімдер индустриясымен,өзінің қайталанбас мерекелер мен қонақжайлығы жағынан ерекшеленеді.

Италияның көптеген мәдени және тарихи құндылықтары ежелгі қалаларда орналасқан.Оларның әрқайсысы өзінің қайталанбас және өзінідік атмосферены қалыптастыратын сезімдерге толы.

Италиядағы ең үлкен қала болып саналатын мемлекет астанасы Рим қаласы. Жыл сайын Рим қаласына 4,3 млн шетел туристері келеді. Бұл жерде негізгі қызықтыратыны антикалық, Ортағасырлық, Қайта жаңару дәуірдегі ескерткіш ансамбльдері.Көптеген ежелгіримдік архитектуралық ескерткіштер өкінішке орай барлық жерде сақталмаған.Бұлар Римдік Форум негізінде салынған Палатин, Капитолий және Эсквилин ғимараттары. Император Цезардың, Траяна, Нерва және Августың форумдары. Ренессанс кезеңінде өте бай және керемет салынған шіркеулер де туристер үшін маңызды.

Милан елдегі көлемі жағынан екінші және индустриялды астанасы саналатын қала. Ол өзінің мұражайы, картиналы галерея, театр, архитектуралық ескерткіштері және оқу ғимараттарымен әйгілі. Миланның ең көне архи. ескерткіші Сант Амброджо, Санта Мария делле Грация, Брера мен Амброзиана галереялары саналады. Миланның архи. ескерт символы болып Миландық соборымен және әлемге әйгілі «Ла Скала» опералық театрымен белгілі.

Турин қаласы қонақтарды Альпінің ғажайып панорамасымен, алаңдарымен, По мен Доры Рипарии өзендерінің жағалауымен, көне ескерткіштерімен таңқалдырады.

Генуя елдің солтүстік теңіздік қақпасы саналады. Ол Италияның үлкен айлағының бірі. Генуя Лигурий теңізінде орналасқан. Қалаға жағалаудағы 600 м биіктікте орналасқан амфитеатр қызықтырады. Қаланың ең көне бөлігі айлаққа келіп тіреледі, батысқа қарай өндірістік аймақ, ал шығысқа қарай әлемге әйгілі курорттары бар.

Венеция солтүстік Италияның шығыс бөлігіндегі атақты қаланың бірі. Оны негізінен туристер қалаасы деп атауға болады. Венецияның жүрегі болып Пьяцца Сан Марко алаңы. Колонаның басындағы Қанатты арыстан геральды таңбасы. Дүниежүзіне әйгілі Венеция карнавалы өзінің тарихын 1094 жылдан бастайды. Содан бастап ол он күнге созылады. Адидже өзені жағалауы мен Лесини тауының баурайында Верона қаласы бар. Бұл қала Шекспирдің «Ромое және Джульетта» қасіреті болғанымен.

Көптеген туристер Италияның жағалауына келеді. Қонақтарға бұл жерде кең көлемде жылы теңіз, жағажайлар, табиғи пейзаждар, отельднер мен мейрамхананлар, сонымен қатар спортпен шұғылданатын адамдарға барлық жағдай жасалған.

Италияның теңіз аудандары: Лигур Ривьера, Ион теңізі жағалауы, Сицилия мен Сардиния аралдары өздерінің жұмсақ климатымен ерекшеленді. Әсіресе Ривьерадағы климаттық курорттар танымал. Жазға демалыспен қоса қысқы демалатын орындар да баршылық. Альпінің көркемділігі таушаңғышылар мен альпинистер қызықтырады. Аяқ баспайтын құздары, қарбасқан шыңдары, хрустальды көлдері керемет бір көріністі тудырады. Бұл жерде көпке танымал таулы шаңғы курорттары бар: Сан Мартино ди Кастроцца, Фольгарида, Мадонна ди Кампильо, Мариллева.Үлкен танымал құзды массивті Орталық Аппенин алады, ол гран Сассо тауында қазіргі заманға сай тау шаңғы курорты орналасқан. Италия тек мәдени тарихи еске.ғана емес, табиғи рекешеліктерімен де әйгілі. Бұнда маңыздысы әртүрлі және дәрежелері әртүрлі жанартауларымен де танымал. Сөнген және сөнбеген Этна, Везувий және Стромболи туристерді өзіне тартады.

Оңтүстік Европа нарығындағы емдік сауықтыру туризмі Италия елінде дамыған.Оның бальнеологиялық курорттары елдің солтүстік шығысындағы Эмилья- Ро- маньяда, Искья аралында термальды және емдік балшықтармен де өте бай.

Италиядағы туризмнің даму тенденциясы келге келушілердің мақсаттарына байланысты:мәдени тарихи құндылықтар үшін 45%, климаттық ерекшеліктер үшін 43%, 27% табиғат үшін, 30% айтылғандардың барлығы аралас. Халықаралық туризмнің дамуы елдің солтүстігінде қарқанға ие. 2008-2009 жылғы ДТҰ статистикасы бойынша туристерді көп қабылдаған он елдің қатарынан бесінші орынды алады.Туризмнен түскен табысы бойынша 2008 жылы 45. 7 төртінші орында, 2009 жылы 40. 2 млрд доллар. 2008-2009 туризмге көп шығын жүмсаған елдер бойынша алтыншы орынды алады.

 

86. Австрия мен Швейцарияның негізгі туристік аудандары мен орталықтарына сипаттама.Австрия туризмі

Австрия дәстүрлі қысқы туризм элементтері бар елдерге жатады. Көршілес Швейцариямен бірге бұл мемлекет бүкіл әлем үшін тау туризмінің эталоны болып табылады. Қазіргі Австрия және тау шаңғы демалысы бүгінгі шақта бірыңғай бүтін болып келеді. Бұл туризм және демалыс түрі мемлекетке негізгі табыс көзін әкеледі.Туристік бизнесте табыс көлемі бойынша Австрия мемлекеті алдыңғы орындарда тұр.

Австрияда туристтердің қызмет ету жүйесі бірнеше жылдар бойы қалыптасты. Кішкене қалашықтар мен кенттер бастапқы уақыттарда қарапайым қалалар болса, кейіннен олар әйгілі туристік орталықтарға айналды. Солардың ішіндегі ең әйгілілері- Санкт - Антон, Бад Гаштайн, Ишгль, Майрхофен, Милштат. Бұл курорттардың тұрғындары әдеттегі ауыл өмірін қонақ үйлік кәсіпкерлікке үйретті. Тау шаңғы туризмі бүкіл мемлекетті өзгертті – қазір Австрия үшін және австриялықтар үшін бұл бизнес түрі болашаққа деген үмітке айналды.

Қазір туризм саласы Австрия үшін негізгі табыс көзі болып табылады, және ол дәстүрлі теріс сауда сальдосын жабады. Бұл салада 70 мың орта және ұсақ туристік мекемелерде (қонақ үйлер, мейрамханалар, емдік-сауықтыру мекемелері, бассаейндер және жағажайлар) 350 мың адам жұмыс жасайды. Жалпы түсулердің салыстырмалы салмағына сәйкес ЖІӨ -нің 6 %-нан артығын осы туризм саласы қамтамасыз етеді.

Жалпы туристер саны.

2008 жылы жалпы туристер саны 126,66 млн адам болған.Ішкі туристер саны 33,8 млн адам болса, сырттан келушілер саны 92,7 млн адам болған.

2009 жылы жалпы туристер саны 124,30 млн адам болған. Ішкі туристер саны 34,44 млн , ал сырттан келушілер саны 89,86 млн.

Негізінен Германия және Нидерланд елінен келушілер саны қысқарған (-2.6% және -1.2%).ал Италия мен Швейцария елдерінен жақсы нәтижелер көрсетілген (+1.2% и +2.2%).

Туризмнен түсетін табыс

2009 жылы таза валюталық кіріс көлемі 6,2 млрд-ты құрап отыр, 2008 жылмен салыстырғанда 800 млн-ға кем.нәтижесінде туризмнен түсетін табыс көлемі 13,9 млрд болып отыр, 2008 жылмен салыстырғанда -5.2%-ға кем.Австриялық резиденттердің шетелге шығыстары 0,3%-ға артқан.

Австрия –құрамында 9 жері бар федерация (Бургенланд, Каринтия, Нижняя Австрия, Верхняя Австрия, Зальцбург, Штирия, Тироль, Форарльберг, Вена.

Бургенланд- Австрияның шығысында орналасқан федералды провинция.Ол Венгрия, Словакия, Словения, сондай-ақ Төменгі Австрия және Штирия федералды провинцияларымен шектеседі.Бургенланд жері солтүстіктен оңтүстікке қарай -140 км, батыстан шығысқа қарай -80км. Бургенланд жерінің астанасы- Айзенштадт.Бургенланд-бұл ең шығыстағы және ең жас федералды жер. Өзінің мәдениеті мен табиғатының әртүрлілігімен және шарап жасауымен бұл жер сан мыңдаған туристерді қызықтырады.Бұл жерді «Күн елі» деп атайды, себебі мұнда 300-ден артық күндер ашық болып келеді.Бұл жерде Нойзидлер-Зее/Зеевинкель атты ұлттық паркте көптеген флора мен фаунаның көптеген алуан түрлілігін көруге болады. Луцманнсбург-Франкенау, Бад Тацманнсдорф немесе Штегерсбах термалды курорттарында демалуға болады.

Вена Австрия елінің астанасы болуымен қатар, 9 федералды жердің бірі болып табылады. Бұл қала тарихы сонау 3000 жылдан астам уақытқа созылады. Қазіргі Вена ең ірі метрополиялардың бірі, мұнда БҰҰ-ның штаб пәтері орналасқан, сол себепті Вена ірі конференциялар мен конгресстер өткізілетін ірі қалаға айналды.Бұрынғы мен қазіргі архитектураның үйлесіп тұруын тек осы қаладан көруге болады. Керемер ескерткіш архитектуралары, мұражайлар, галереялар қаланың бұрынғы тарихының бір дәлелі бола алады.Бұл қала Австрияның экономикалық орталығы саналады.Мұнда металл өңдейтін, және электротехникалық өндірісі, машина жасау, тамақ , киім және аяқ киім өндірісі жақсы дамыған.Венада Австрияның ірі банктері, сақтандыру компаниялары, ірі фирмалар бар.Туристік кезең сәуірден басталып, қазан айының соңына дейін созылады.Мұнда сонымен қоса, шопинг жақсы дамыған. Мысалы, қымбат заттарды «алтын үшбұрышта» Lohlmarkt, Graben және Karntner Strabe көшелерінде алуға болады.

Жоғарғы Австрия солтүстікте Богем ормандарымен, оңтүстікте Дахштайн биік таулы қыратымен шектеседі. Мюльфиртель орманды облысында сіздер кішкене таулы жоталарын және тау шатқалдарын көре аласыздар.Ескі қорғандар, сарайлар және құлаған құрылыс орындары өзінің көріністерін Дунай өзенінің бетінде алып жүреді. Таңғажайып велосипед маршруттары сіздерді Линц-Вельс-Штайр үшбұрышты қаласының ландшафтының көркем көріністерімен таныстырады. Зальцкаммергут облысында көптеген өзендер, ескі ауылдардар орналасқан. Пирн-Айзенвурцен ауданында Әктасты Альпі қорығы бар. Және сіздер өз денсаулықтарыңызды термалды су көздері бар Бад Ишль бальнеологиялық курорты жақсартады.

Зальцбургте ерте кезден бастап тұз өндірілген, сонымен қоса бұл жер осы федералды жердің астанасы болып табылады.Таңғажайып әдемі таулар мен көлдер, ежелгі қаланың жақсы сақталған архитектурасы, емдік су көздері- бұның барлығы туристерді әлемнің барлық жағынан қызықтырады.

Әлем бойынша әйгілі курорттар Багдастайн және Бад-Хофгастайн.Зальцбург маңайында орналасқан көлдер жергілікті халық және туристер үшін табиғаттың таңғажайып сыйы болып табылады. Себебі, мұнда сулар өте таза, тұнық болып келеді.Барлығына белгілі қысқы демалыс орталықтары: Зальбах/Хинтерглемм, Цель ам Зее және Капрун.100 ауданда, 25 ірі біріктірілген жерлерде сіздерді 1800 км жоғары класты трассалар, фанпарктер, және ханпайпылар бар, 2200 км шаңғы жолдарына арналып жасалған.

Каринтия- Италия және Словениямен шектесетін ең оңтүстікте орналасқан федералды жер.Мұнда қолайлы климат, әдемі табиғат және бәрінен де маңыздысы дамыған туристік инфрақұрылым бар.Дәл осы жерде Австрияның ең биік нүктесі-Гроссглокнер (3792м) орналасқан.Бұдан басқа Каринтияда биіктігі 3000 м-ден асатын оншақты шыңдар бар.

Каринтиядағы шаңғы маусымы Тиролге қарағанда ұзаққа созылмайды, желтоқсанның ортасынан сәуір\ге дейін.Солтүстік батыста Мелльталер -Глетчер мұздығы орналасқан.Сол себепті мұзда сырғанау жыл бойына қамтамасыз етілген.Каринтияда мыңнан астам тұщы суы бар көл орналасқан, жағалауларында ыңғайлы кішкене қалашықтар бар.

Төменгі Австрия өзінің әртүрлілігімен ерекшеленеді.Дунай Вахау алқабында сіздер роман,готика, ренессанс және барокко кезеңінің өнер ескерткіштерімен танысасыздар.керемет таулы аймақтарға Төменгі Австриядағы Оңтүстік Альпілер жатады. Земмеринг – Ракс – Шнееберг ауданының таулы шыңдарымен, Буклиге-Вельт тұрғылықты жерінің қою ормандарымен сүйсіне аласыздар.Сондай-ақ Вексель бойында жаяу саяхат жүргізе аласыздар. Немесе Вальдфиртель жерінің тыныш ауасымен, мыңдаған көлдерімен рахаттана аласыздар. Вайнфиртель облысының жүзім бақтары велорсипедпен жақсы көрінеді.

Тироль жері Австрияның батысында орналасқан және олГермания мен Италия жерімен шектеседі.Тироль территориясы шартты түрде 5 провинцияға бөлінеді: Инсбрук, Ауссерферн ( Лехталь және Таннхейм алқабы), Оберланд (Санкт-Антон, Зельден), Унтерланд (Цилерталь, Китцбюэль) және Шығыс Тироль.Тироль-бұл нағыз тау шаңғы орталығы.Тироль жылдың кез келген маусымында жақсы, сол себепті өзіне туристерді магнитше шақырады.Алайда, тауларда өз демалыстарыңызды өткізгенде сіздер түрде белсенді туризммен қатар, жай ғана таза ауамен демалып, пассивті түрде демала аласыздар.Тиролде 600 таулы шыңдар бар, олардың биіктігі 3000 м-ден асады, ал 5 мұздық мұзбен тіпті жазда да сырғанауға мүмкіндік береді. 119 шаңғы аудандарында 3500 км-ге арналған трасса дайын.

Мұнда көптеген, мейрамханалар, барлар, кафелер, түнгі клубтар, сондай-ақ бассейндері, сауналары, жаттықтыру залдары, теннис корттармен жабдықталған спорттық кешендер бар. Тирольдің көптеген қалаларында ортағасырлық сарайлар, қорғандар бар.

Форарльберг-Австрияның нағыз тау шаңғы орталығы болып табылады.Бұл курорт барлық уақытқа, барлық ауа райына арналған.Бұл австриялық тау шаңғы мектебінің отаны.

Ауданды шартты түрде екі бөлікке бөледі:Ст. Антон және Лех-Цюрс.Ски-Пасс барлық сырғанау зонасында бірыңғай, бір зонадан екінші зонаға шаңғы автобусы арқылы орын ауыстыруға болады.

262 км әртүрлі қиындық дәрежесіндегі тау жолы бар.Жартастарда кремет көтеру жүйелері бар, олардың саны 83.Форарльберг ауданының алты туристік аймағының инфрақұрылымында 68 мың әртүрлі категориялы қонақ үйлер бар.Бұл дегеніміз, әр жыл сайын өзінд е 8 млн-нан астам адамды қабылдауға мүмкіндік береді

Штирия Австрияның федералды провинциясы.Ол тек Словениямен шектеседі, сондай-ақ австриялық провинциялар Төменгі Австрия, Зальцбург, Жоғарғы Австрия , Бургенланд және Каринтиямен шектеседі.Штирияның астанасы-Грац қаласы.

Штирия негізінен тыныш қала саналады.Бұл жерде асығыс емес ауыл өмірі өтуде.Тіпті қалаларының өзінде де баяу ағымдағы тыныш өмір өтуде. Басқа провинциялар секілді бұл жер де өзінің керемет табиғатымен ерекшеленеді.Штирияның негізгі тау шаңғы орталығы –Шладминг, ол теңіз деңгейінен 750 м биіктікте жатыр.Бұл жердегі сырғанау уақыты қарашадан сәуірге дейін созылады.

Швейцария Орталық Европада орналасқан мемлекет.Оның ауданы 41.29 мың кв.км.Елдің рельфтерін үлкен үш топқа бөлуге болады:Альпі,Швейцарияның таужоталары,Юра тауы.

Швейцария классикалық туристік мемлекет,ол кішкене аймақта альпі шыңдары,әдемі таулы көлдер,сарқырамалар,ежелгі қалалары жақсы саөталған.Халықаралық туризмнің дамуын Қарлы таулар көрінісіне қызыққан ағылшындар болды.Алғашқы туристік топты Томас Куктың компаниясы 1863 жылы ұйымдастырды.

Әртүрлі табиғи құныдылықтар Швейцарияны туристердің ең сүйікті елдерге айналдырды. Бұл жерлер альпі розасымен, эдельвейс, камнеломкалармен және көпжылдық өсімдіктері таңқалдырады.

Шығыс Швейцария Рейн сарқырамасымен,Орталық Швей Пилатус тауымен ,Батыс Швей Маттерхорн тауымен туристерді тартады.Швейцарияның мақтанышы болып Женева мен Боден көлдері саналады.Туристік аудандарға тағы мәдени архитектуралық және тарихи ескерткіштері бар қалалар жатады.

Берн қаласы елдің тура ортасында орналасқан.Басты құндылығы XII ғасырдағы Цитглоггетурм қоңырауы.Бернді «ең гүлді қала» деп атайды.Берн әлемдік мәдени ескерткіштер қатарына ЮНЕСКО ға енгізілген.Елдегі ең танымал жарқын және әкімшілік орталықтардың бірі Цюрих қаласы.Оны Швей қаржы орталығы деп айтуға болады.Цюрих қаласына жылына миллионнан аса туристер келеді.Қаланың қаржы көшесі Банфофштрассе.Қалада 100 аса галерея,20 музей бар.

Базель қаласы германия мен Францияға жақын орналасқан.Оны «мәдени астана » деп айтуға болады,өйткені бұнда отыздан аса мұражай бар.

Фрнацияның ең шеткі жерінде ,Юра мен Альпінің баурайында Батыс Европадағы ең үлкен Женева көлінде Швей ең танымал мәдени орталығы Женева қаласы бар.Женева қаласында БҰҰ мен Халықаралық Қызыл Крес және тғб ұйымдардың негізгі ғимараттары орналасқан.

Швейцария емдік сауықтыру туризмнен Германия мен Австриядан кейінгі екінші орныда.Негізінен бұл елдегі курорттар тек қалталы адамдарға арналған.Швей танымал болып балнеологиялық орталықтар маңызды:Баден,Бад Рагац және таулы климаттық Ароза,Давос,Санкт Мориц курорттары. Бад Рагац терминалды суларымен танымал.Бұл жердегі сулары 1840 жылдан бастап қаолдана бастаған.

Швейцария алғашқы шөппен емдеуді тәжірибеден өткізді.Бұнда үлкен фитотерапиалық орталық Кран Монтана бар.Шөптер көптеген ауруаларға ем болып табылады.

Швейцарияның курорттық аудандары өте танымал.

Сент-Мориц Швейцаряи құздарының оңтүстігінде орналасқан көне және әлемге танымал курорттың бірі.Бұл қала демалу мен спорт қаласы.

Давос Европаның спорттық сауықтыру курорты .Давос халықаралық кездесулер орталығы.Жыл а

Лезен биіктаулы қалашық.Бұл танымал санатроилермен әйгілі. Емдік климат осы жердегі суық желмен емделууге арналған. Саас-Фе Альпінің маржаны,ол таудың ең биік жерінде орналасқан.Сонымен қоса басқа да курорттарын айтуға болады:Вербье,Виллар,Церматт.

Швейцарияға туристер жан жақтан келеді.Өйткені бұнда табиғи және тарихи,табиғит ресурстары өте көп және барлығы қолдансыта болып отыр.Сондықтан халықаралық туризм елдің экономикасына жақсы әсерін тигізеді.

 





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...