Главная Обратная связь

Дисциплины:






Тірек –қимыл жүйесі, тері және оның қосалқылары бойынша машықтық дағдыны қалыптастыру



7.2.Сабақтың мақсаты:

ü Тірек –қимыл жүйесі, тері және оның қосалқыларыбұзылыстарының клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын, өзін өзі жетілдіруді қалыптастыру

7.3.Оқыту міндеттері:

ü Тірек –қимыл жүйесі, тері және оның қосалқыларыбойынша клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру

ü Топппен жұмыс жасауда коммуникациялық дағдыны қалыптастыру

7.4.Жүргізу түрі:

Шағын топта жұмыс жасау: кес-стади

 

7.5. тақырып бойынша тапсырмалар:

Есеп №1

Науқас М., 40 жаста, әлсіздікке, шаршағыштыққа, бұлшықетінің гипотониясына, шөлдеуге, аяқ сүйектеріндегі жайылмалы тесіп ауыру сезіміне шағымданды. Рентгенограммада айқын диффузды остеопороз, түтікті сүйектердің эпифизінде кистозды түзіліс және қыртысты қабатының жұқарған бөліктері, бет сүйегінде төменгі жақтың бойына дәнекер тіндердің өскендігі (эпулидтар) анықталады. Қанын зерттегенде: гиперкальциемия, гипофосфатемия, сілтілі фосфатазаның жоғарылағандығы анықталды. Кальциурия және фосфатурия, зәрі сілтілі

  1. Қандай ауру туралы ойлауға болады?
  2. Аурудың этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз
  3. Клиникалық-зертханалық мәліметтерге патофизиологиялық сараптама беріңіз
  4. Гиперкальциемияның мүмкіндік салдарын көрсетіңіз

Есеп №2

Емханаға науқас Р., 45 жаста, екі қолының саусақтарындағы және білезік буындарындағы ауыру сезіміне, олардың ісінуіне, ертеңгілік қозғалуының қиындауына шағымданады. Ауыру сезімдері жиі қозғалыс кезінде пайда болады. Бұдан басқа, науқасты дене қызымының кешкілік 37,5 – 38,0˚ көтерілуі, жүрек қағуы, физикалық жүктемеде ентігу, әлсіздік, шаршағыштық, арықтағаны мазалайды. Ауру тарихынан буындарындағы ауыру сезімі вирустық жұқпамен ауырған соң соңғы 3 айда мазалағаны белгілі болды. Екі қолының да саусақтарындағы буындар, білезік, шынтақ буындары ісінген, құрылымы өзгерген, терісі қызарған, ауырғандықтан қимылы шектелген. Саусақтарының және шынтақ буынының жазатын бұлшықеттері аздап атрофияланғаны байқалады. Қан талданымы: Эритроцит 3,0 х1012, Гемоглобин 100 г/л; түстік көрсеткіш - 1,0. Лейкоциттер - 10,0 х 109 /л; Лейкоциттік өрнек: Эозинофил - 3, 0 %, таяқшаядролы нейтрофил- 8 %; сегментядролы - 67 %; Лимфоцит -18 % ; Моноцит 4%



ЭТЖ -35 мм/сағ. Қанның биохимиялық талданымы: С-әсерлі нәруыз+++;жалпы нәруыз – 50 г/л, А/Г коэффициенті - 1,0

  1. Қандай ауру туралы ойлауға болады?
  2. Аурудың этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз
  3. Клиникалық-зертханалық мәліметтерге патофизиологиялық сараптама беріңіз
  4. Зертханалық мәліметтерге патофизиологиялық сараптама беріңіз

Есеп №3

Хирургиялық бөлімшеге науқас тізе буынының ауыратындығына шағымданып түсті. Дене қызымы 380С. Қарап тексергенде: оң тізе буыны сипағанда қатты ауырады, қызарған, ыстық және ісінген, сұйықтық бар. Терісінде сыздауықтар бар. Ауру тарихынан науқас көптеген жылдар бойы қантты диабетпен ауырады. Буыннан сұйықтық алынды. Бактериологиялық зерттегенде алынған сұйықтықтан алтынтүсті стафилококк анықталды.

  1. Қандай ауру туралы ойлауға болады?
  2. Аурудың этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз. Оның дамуында қантты диабет қандай рөл атқарды?
  3. Клиникалық көріністерге патофизиологиялық сараптама беріңіз
  4. зертханалық мәліметтерге патофизиологиялық сараптама беріңіз

 

Есеп №4

Балалар бөліміне 3 жасар науқас түсті. Қарап тексергенде: жүрісі үйрек тәрізді, адинамия, бойы қысқа, айақтарының О-тәрізді иілгені байқалды. Ата-анасының сөзінен бала мерзіміне жетіп туылған, босану үрдісі қалыпты болған. Баланың 2 жасынан бастап ауру белгелері байқала бастаған. Үчасткелі дәрігер рахит аңғарымын қоып, Д дәруменін тағайындаған, бірақ ем қонбады. Тексеріс кезінде шамалы гипокальциемия, айқын гипофосфатемия, сілтілі фосфатазаның белсенділігі жоғарылаған, 1,25(OH)2D3 қандағы деңгейі төмендеген, фосфатурия анықталды.

  1. Қандай ауыру тұралы ойлауға болады?
  2. Анықталған аурудың этиологиясымен патогенезін түсіндіріңіз
  3. Клиника-зертханалық нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз

Есеп №5

Науқас Н., 25 жаста, клиникаға мұрт, сақал өсуіне, етеккір орамының бұзылуына, жалпы әлсіздік, басы ауыруына, аяқтары мен арқасындағы ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде:

- Терісі құрғақ, іші мен сандарында қызыл қоңыр түсті жолақтар

- Бетінде, мойнында, ішінде, кеудесінде майдың айқын жиналуы

- Артериялық қысым 150/105 мм с.б.

- Жамбас сүйектерінің рентгенограммасында –айқын остеопороз

- Гипернатриемия, гипокалиемия, гипергликемия – 9,5 ммоль/л, глюкозурия

- Кортизол мөлшері жоғарылаған

1. Остеопорозға анықтама беріңіз, жіктелуін көрсетіңіз

2. Науқастағы остеопороздың патогенезін түсіндіріңіз. Патогенездің сызбанұсқасын құрастырыңыз

3. Остеопороздың дамуына әкелетін жайттарды көрсетіңіз

 

Есеп.

28 жастағы С. науқасқа ангинасына байланысты бұрын өзі бірнеше рет қабылдаған амаксиклав дәрісі тағайындалды. Емнің екінші күнінде науқастың жалпы жағдайы жақсарып дене қызымы төмендеді, бірақ терісіне қышыну және ашу сезімімен қабаттасатын қызыл дақ түріндегі бөртпелер қаптап кетті. Дерматологпен дәрі-дәрмектік токсикодермия деген диагноз қойылды.

1. Бөртпенің шығуы амаксиклавқа аллергиялық серпілістің болуымен байланысты ма?

2. Бөртпенің патогенезі қандай?

3. Науқасқа амаксиклавты ары қарай қабылдауға бола ма?

 

Есеп

Дерматологтың қабылдауына 24 жастағы науқас А., саусақтарының терісіне бөртпелердің шығуына шағымданып келді.Осыған ұқсас, бірақ айқындылығы төмен бөртпе алты ай бұрын болған. Преднизолон майын жаққан соң тез жоғалып кетті. Дәрігер аллергиялық жанасулық дерматит деген диагноз қойды.

1.Бөртпенің пайда болуы науқастың кәсіптік іс-әрекетімен байланысты болуы мүмкін бе?

2.Неге преднизолон майын жаққан соң бөртпе кетіп қалды ?

3. Аллергиялық жанасулық дерматит аллергиялық серпілістің (Джелл және Кумбс бойынша) қай түріне жатады ?

4. Осы дерматиттің патогенезі қандай ?





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...