Главная Обратная связь

Дисциплины:






леуметтік қызметтер көрсетудің түрлері мен негіздемелері 2 страница



21. Әлеуметтік жұмыс саласындағы гендерлік ерекшеліктер Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халықтың әл-ауқатының өсуіне бағытталған стратегиялық құндылықтарымен белгіленген «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын (қаңтар 2012 ж.) қолдай келе, ең алдымен, адам құндылығының артуы: білім, ғылым және денсаулық сақтау; тұрғындардың жұмыспен қамтылуы және зейнеткерлік жүйенің дамуы, сонымен қатар, елдің индустриалды-инновациялық аясында жобаның әлеуметтік маңызының артуы болып табылатыны ескертуіміз қажет.

 

Әлеуметтік модернизация – Қазақстанның барлық жауапты күштерімен жаңа Парламенті мен Үкіметінің ортақ сұрағы болып отыр. Еліміздің саяси қоғамдағы гендерлік теңдікті, әйелдердің экономикалық және әлеуметтік өмірге белсенді қатысуына бірдей жағдай жасау керектігін атап өтті, сонымен қатар, қауымдастықтың әлеуметтік бағытының модернизация кілттерінің бірі болып табылатыны анық.

 

Қазақстанда соңғы жылдары қабылданған шаралар ішінде гендерлік саясаттың таралуы жоғары нәтижелі байланыста. Мұны «Social Watch» халықаралық қоғамдық ұйымы жыл сайын өткізетін «Гендерлік теңдік белгісінде» елімізді 33 орында екендігімен дәлелдейді. Өткен жылмен салыстырғанда 8-ші сатыда жоғарылағанымызды көрсетті (2011 ж. – 41 орын). Халықаралық таңдау бойынша гендерлік саясаттың сәті сондай-ақ, Қазақстандағы БҰҰ-ның гендерлік теңдік және әйелдер мүмкіндігін атқарушы кеңесін кеңейту болып отыр.

 

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын әрі қарай дамыту үшін сонымен қатар, ғалымдарды, оқытушыларды, құқық және гендерлік саясат саласындағы мамандарды, әйелдер қозғалысының көшбасшылары, гендерлік теңдіктің қамтылу механизмі мен оның Қазақстанда қолданылуын жасаған халықаралық ұйымдардың оқытушылары белсенді түрде қатысулары керек.



 

Осыған байланысты, қазіргі уақытта әйелдердің жұмыстылығы аясындағы мемлекет саясатының алғашқы міндеті нақты анықталуы тиіс – әйел жұмыс күшінің бәсекеге қабілетін көтеретін жағдайларды қамтамасыз ету, нарықтық қатынастар жағдайларына үйрену. Мемлекеттік реттеудің мұндай әлеуметтік қорғаушылық қызметі әйел тұлғаның еңбек нарығында таңдау бостандығын кеңейтуге жағдай жасап, жыныстық белгі бойынша мүмкіндіктер теңдігі күшейтуге мүмкіндік туғызады.

 

Біздің заңнамада еңбек құқығы жалпы нормаларының шеңберіндегі жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару кезіндегі жыныстық белгі бойынша дискриминацияға тыйым салатын баптарда айтарлықтай кемшілік жоқ. Еңбек нарығындағы әйелдер позициясының қалыптасқан жағдайлары, еңбекте және өмірдің өзге салаларында лауазымды тұлғалардың және кәсіпкерлердің теңдік туралы заңның ережелерін сақталуын бақылайтын және қадағалайтын механизмін қалыптастырып, дискриминация үшін жауапкершілік нормаларын көздейтін, біздің мемлекетімізде тең мүмкіндіктер мен құқықтар туралы арнайы заң 2009 жылдың желтоқсан айында қабылданған. «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері» атты заңында жұмыс берушілерге әйелдер мен ерлер арасындағы жалақы айырмашылығының, олардың кәсіптік дайындықтарын жетілдіре отырып, жоюға арналған арнайы бағдарламаларды жүзеге асыруға міндеттілігін жүктеді [1]. Жұмыс берушілерді еңбек жағдайларын жасауға, оның ішінде жұмысты отбасындағы міндеттерімен қоса орындай алуға (жылжымалы жұмыс күнтізбесін енгізу, үстемелі жұмыстардан босату, толық емес жұмыс уақытын енгізу, жұмыс уақытында квалификациясын көтеру, міндеттеу де осы заңда қарастырылған. Бірақ, тең мүмкіндіктер туралы заң еңбек нарығындағы дискриминациямен байланысты барлық проблемаларды түбірімен шешпейді. Біріншіден, дискриминация себептері мен салдары жиі ауысып отыратын, күрделі құбылыс болып табылады. Тең мүмкіндіктер туралы заңнаманың көмегімен іске асырылатын антидискриминациялық шаралар, негізінен жұмыс берушінің әрекеттерін, яғни еңбекке сұранысты реттеуге бағытталған. Екіншіден, тең мүмкіндіктер туралы заңнаманы қолдану, еңбек нарығында қалыптасып қалған жағдайды өзгертпейді. Ол тек дискриминацияның кеңеюуіне кедергі келтіріп, мұндай заңнама қабылданғаннан кейін шешім қабылдауына әсер етуі мүмкін, бірақ жылдар бойы жиналған теңсіздікті жоя алмайды. Теңсіздікті жоюға бағытталған заңнаманың әсері жедел емес, бірте-бірте позитивті сипатта болатыны сөзсіз. Сол себептен, тек дискриминацияға кедергі келтіріп қана қоймай, сонымен қатар еңбек нарығында қалыптасып қалған әйелдер мен ерлер теңсіздігін жоятын шаралар кешенін қарастыру қажет.

 

Осыған орай ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің Елбасының жыл сайынғы есебіне сүйінсек, Г. Әбдіқалыкова «Қазақстанда 2011 жылы әйелдер белсенділігі арта түскені байқалған. Оған бұл саладағы жетістіктеріміздің халықаралық деңгейде танылуы негіз болған. Биылғы жылдың сәуір айында Social Watch Халықаралық ұйымы әйелдер белсенділігінің индексін есептеп шығарып, Қазақстанның былтырғы деңгейінен тағы 8 саты көтерілгенін жариялады. Бүгінгі таңда еліміз әлемнің 156 елінің ішінде 33-ші орынды иеленіп отыр», - айтты.

 

Сонымен қатар, есепте: «Мұндай табысқа Елбасы басшылығымен ана мен баланы қорғау, отбасылық-демографиялық саясатты қолдау бойынша жүргізіліп отырған жүйелі жұмыстардың арқасында қол жеткізілді. Сондай-ақ, 2011 жылы Қазақстан әйелдерінің съезінде саяси мемлекеттік қызметтегі әйелдер өкілдігін 30 пайыздан кем емес деңгейге жоғарылату туралы Президент тапсырмасына орай арнайы Іс-қимыл жоспарының қабылдануы ықпал еткені анық. Ең алдымен, экономика саласындағы белсенділік арта түсті. Бұл ретте Мемлекет басшысының әйелдердің V форумында берген тапсырмасына орай әзірленген Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөнінде 2009-2015 жылдарға арналған бағдарлама негізінде әйел кәсіпкерлерді қолдау шараларының аясы жылдан-жылға кеңейіп көбейіп келеді.

 

Еңбек нарығында әйелдердің жағдайын жақсарту үшін әйелдерге немесе әйелдердің жекелеген санаттарына басқа қызметкерлермен немесе жалпы ерлермен салыстырғанда жағымды еңбек жағдайларын, яғни позитивті дискриминацияның түрлі шаралары ұсынылған жағдайлар жиі кездесіп жатады. Позитивті дискриминацияның екі негізгі себептерін көрсетуге болады: баланы туу және тәрбиелеу қызметімен, сонымен қатар ерлермен салыстырғанда физикалық күштін төмендімен байланысты әйел жұмыс күшінің ерекшеліктері; еңбек ақының төмендігінде, кәсіби даярлықта, жұмысқа қабылдауда көрініс табатын еңбек аясындағы жылдар бойы қалыптасып қалған теңсіздіктер мүмкіндігін жоюға ұмтылу.

Бірақ, кезкелген позитивті дискриминацияның шараларында екі кемшілік бар. Бірінші – халықтың бір тобы үшін позитивті дискриминация екінші біреулер үшін негативті дискриминацияға айналып, ығыстырып шығару әсері пайда болады. Екінші – позитивті дискриминация нарықтық емес әрекет ретінде, экономикалық тиімділікке кедергі келтіріп, сол себептен позитивті дискриминация жиналып жағдайды жақсартатындар үшін негативті дискриминацияға айналады. Әйелдер жұмыс күшінің артықшылығын белгілеуге бағытталған шаралар, оның әлеуметтік жағынан жоғары қорғалуы көп жағдайда әйел-қызметкердің жұмыс беруші үшін тиімсіздігіне алып келеді.

 

Әйел жұмыстылығын мемлекеттік реттеу негізгі, қосымша және ескертушілік бағдармалар жүйесінің құралдарымен іске асырылып, мемлекеттік және мемлекеттік-қоғамдық, мемлекеттік және аймақтық деңгейді қамтуы қажет.

 

Аталмыш саясатта әйелдер мен ерлердің әлеуметтік мәртебесінде айырмашылықтарды жоюға және әйелдердің кемсітуі жиі орын алатын салаларында жыныстар арасында теңдікті орнатуға ерекше назар аударылады.

 

Жыныстық белгі бойынша дикриминацияның барынша кең таралған белгілеріне келесілерді жатқызуға болады: 1) әйелдер мен ерлер құқықтарының бөлінуі, ол өз кезегінде кейбір мамандықтардың тұлғаның нақты бір жынысына қолайлы екенінде көрініс табады; 2) тең құндылықтағы еңбек үшін теңсіз сыйақы алуында көрініс тапқан, әйелдер мен ерлердің еңбек ақыларындағы айырмашылықтар; 3) әйелдің еңбек қызметі мен отбасы және үй міндеттерін орындауды үйлестіруі, іс жүзінде әйелдің «екі еселенген жұмыс күніне» алып келеді [2, 40 б.]. Әлеуметтік зерттеудің мәліметтеріне сүйінсек, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдердің үй жұмысына шамамен, аптасына 31 сағаттан артық уақыт кетеді [3].

 

Қазақстанның қазіргі уақыттағы нарықтық жағдайларында еңбек қатынастары аясындағы әйелдердің кемсітуімен тиімді күрес жүргізу жаңа бағыттарға негізделуі тиіс. Осы жолда алғашқы шаралар ретінде келесілерді қолдану қажет:

 

а) әйелдердің репродуктивті қызметіне тікелей қауіп төнетін өндірістерде ғана, сонымен қатар, жүкті әйелдер үшін барлық өндірістерде сәйкесінше жеңілдіктерді сақтау;

 

б) қорғаушылық заңнамадан өзгеше қағидалық антидискриминациялық заңнамаға өту.

 

Еңбек нарығында орын алатын дискриминацияны оның әрекет ету аясына және оның нәтижесіне байланысты жіктеуге болады. Мұндай көзқарастан әйелдер дискриминациясының келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:

1. жұмысқа қабылдау немесе жұмыстан шығару кезіндегі дискриминация (жұмысқа қабылдау кезінде әйелдер соңғы орында, ал жұмыстан шығару кезінде бірінші кезекте тұрады);

2. нақты бір мамандықтар немесе лауазымдар шеңберіндегі дискриминация (әйелдердің мұндай жұмысты орныдауға қабілеттігі бар болғанына қарамастан, нақты бір қызмет түрімен, лауазыммен немесе мамандықпен айналысуына шектеу қою немесе тыйым салу);

3. еңбек ақыны төлеу кезінде кездесетін дискриминация (бірдей жұмысты орындағаны үшін әйелдердің ерлермен салыстырғанда төмен жалақы алуы);

4. кәсіби карьерада қызмет бабы бойынша көтеру кезіндегі дискриминация (әйелдердің қызмет бабы бойынша өсуіне шектеу қою);

5. білім алу немесе кәсіби даярлық кезіндегі дискриминация ( білім алу немесе кәсіби даярлық кезіндегі шектеулер не төмен сапалы білім қызметтерін ұсыну). Дискриминацияның бұл түрін еңбек нарығындағы дискриминацияға толық көлемде жатқызуға болмайды. Себебі білім әдетте еңбектік қызметтің алғы шарты десек те болады. Бірақ, «еңбектен тыс» сипатына қарамастан, дискриминацияның аталмыш түрі, оның себептері және салдары еңбек нарығы қызметімен тығыз байланысты.

Әйелдердің теңдігі және оларды кемсітуге жол бермеуді заң жүзінде бекітудің тәжірибелік құндылығы өздерінің құқығын іс жүзінде пайдалану мүмкіндігін білдіреді. Дегенмен, мұндай мүмкіншілік тек нақты бір жағдайларды ғана шындыққа айналуы мүмкін. Оның негізгі шарты әйелдер еңбегін қорғаудың мемлекетішілік әрекететуші механизмдері болу қажет.

Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері

22. Әлеуметтік жұмыстың кәсіби-этикалық негіздерінің жас ерекшеліктеріне сәйкес бағыттарыҚазақстанда Республикасында жастарды әлеуметтік қолдау мақсатында әлеуметтік қызметтер жұмыс атқарады.

Әлеуметтік қызметтер жұмысының бағыттары:

- психологиялық-педагогикалық, медициналық-әлеумеметтік, заңдық көмекті жүзеге асыру және кәмілетке толмағандар мен басқа да жастар өкілдеріне консультациялар беру;

- өздерінің тәни кемістіктеріне байланысты ерекше қолайсыз жағдайларда қалған адамдарға әлеуметтік көмек;

- жас отбасыларына әлеуметтік көмек;

- еңбек және оқу ұжымдарында жастарды құқықтық қорғау;

- мінез-құлқы девиантты кәмелетке толмағандарға, қадағалаусыз және панасыз қалған кәмелетке толмаған азаматтарға әлеуметтік көмек;

- құқықтық насихат, жастардың жұмысқа орналасу, білім беру және кәсіптік даярлау, бос уақытын өткізу, туризм және спорт салаларындағы құқықтарын іске асыру мүмкіндігі туралы оларды хабардар ету;

- жастардың жұмысқа орналасуына және жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу болып табылады.

Мелекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасында жастардың әлеуметтік құқықтары:

1) заңдарына сәйкес мемлекеттік медициналық мекемелерде тегін медициналық қызмет көрсетілуіне;

2) мемлекеттік оқу орындарында тегін жалпы орта білім және бастауыш кәсіптік білім алуға, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде тегін жоғары және орта кәсіптік білім алуға;

3) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының шешімі бойынша жеңілдікті жағдайларда мемлекеттік спорттық-сауықтыру және мәдени-ағарту ұйымдарына баруға;

4) құқықтық, психологиялық, педагогикалық мәселелері, сондай-ақ отбасылық және жыныстық тәрбие мәселелері бойынша консультациялар түрінде әлеуметтік қызмет көрсетулерді; мүгедектерді, әскери қызметтен босатылған әскери қызметшілерді, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және т.с.с. оңалту жөніндегі қызмет көрсетулерді тұтынуға;

5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға әлеуметтік құқықтары бар.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты жастардың рухани, мәдени, білім алуы, кәсіби қалыптасуы мен дене тәрибиесін дамытуы үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау, бүкіл қоғам мүддесі үшін олардың шығармашылық әлуетін ашу мақсатында жүзеге асырылады.

 

 

24. Қазақстандағы қайырымдылық бағытындағы қорлар және олардың атқаратын жұмыстарын Қазақстан Қызыл Крест және Қызыл Ай Ұлттық Қоғамы елімізге қайырымдылық шараларын жасауда, ал бүгінгі таңда елімізді мейірімділік қызметінің көмегіне мыңдаған адам мұқтаж болып отыр. Олардың саны ұдайы өсіп келеді. Жергілікті жерде қайырымдылық асханалары ашылып, онда бір мезгіл мұқтаж адамдар тамақтануда. Қаладағы жалғыз басты зейнеткерлерге, мүгедектерге, көп балалы отбасының мүшелеріне сондай-ақ, тұрмыс жағдайдайлары тым төмен жандарға арналған қайрымдылық шараларының қаржысын Халықаралық әйелдер клубы мен Қазақстандағы шетелдік дипломаттардың жұбайлары бірігіп, өз қолдарымен жасаған бұйымдарын жәрмеңкеде сатып, қайырымдылық көмегін көрсетіп отыр.

Америка Құрама Штатының Нью-Йорк қаласындағы «Ашық қоғамдық институтының» ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының қоғамдық қорлар жөніндегі заңына сәйкес Қазақстанда 1994 жылы құрылған «Сорос-Қазақстан» қоғамдық қайырымдылық қоры 1995 жылы шілде айында Әділет министрлігі арқылы тіркелді. Оның құқықтық құрылымы - қоғамдық қайырымдылық қор.

«Сорос-Қазақстан» қоғамдық қайырымдылық қорыөз жұмысын Республикамызда коммерциялық негізде емес, білім, мәдениет, ғылым, құқық қорғау, азаматтық қоғам және қоршаған ортаны, денсаулық сақтау, тіл білімдері саласында жүзеге асырады.

Ол тапқан табысының жартысына жуығын – шамамен 300 миллион американ долларын қайырымдылық мақсатқа жұмсайды.

Джордж Сорос жоқшылықты көрген, жалаңаяқ жарлының да күйін кешкен, эмигрант болудың да зардабын тартқан. Сөйтіп жүріп, Лондондағы экономика мектебін бітіріп, бірнеше фирмаларда түрлі қызметтерді атқарады. 1969 жылы оның инвестициялық мансабының шұғыл өрлеуі басталады. Сорос кейіннен дүниежүзілік даңққа бөленген «Квантум групп»фирмасының басшы иегерінің бірі болды. Жұмысты қарызға алынған төрт миллион доллардан бастаған бұл фирма қазір төрт миллиардтан астам қаржыға қожалық етеді. Жыл сайын 35% өсім беріп отырған «Квантум групп»Сорос компаниясының біреуі ғана әлемге жайған қасиеттерінің бірі – оның қайырымдылығы. Бүгінде «Сорос» қоры әлемнің 31 елінде бар. Тек 1994-1999 жылдары ғана филантропиялық мақсатқа 1 миллиард доллардан астам қаржы бөлінген. Кейінгі деректерге қарағанда, соңғы уақыттарда ашық қоғамдарды қолдап дамыту үшін жыл сайын 350 миллион доллардан астам қаржы жұмсалады. Ашық қоғам орнатуды алдына мақсат етіп қойған Джордж Сорос саясат пен экономикаға қатысты көптеген ғылыми еңбектердің де авторы. Осындай әлемдік ауқымдағы ірі тұлғаның, қоғамдық қайраткерлердің, супермиллиардерлердің назарынан біздің Қазақстан, қазақ елі тыс қалмады. Республикамыздағы мәдениет пен білім, денсаулық сақтау мен экология және басқа рухани әлеуметтік салаларды дамытуға өз үлесін қосып, сегіз жылдан бері Алматыда құрылған «Сорос-Қазақстан»қоры атқарған жұмыстар да айтарлықтай.

Әзірге бұл қорға жыл сайын бөлініп отырған қаржы 3-4 миллион доллар аралығында. Мемлекеттік ұйымдардан тыс қайырымдылық қызметпен айналысатын Сорос қорлары азаматтық қоғамды нығайту, демократияны жетілдіру бағытында игі жұмыс жүргізіп келеді.

«Біздің негізгі міндетіміз – мемлекеттік емес ұйымдарға көмек бере отырып, Қазақстандағы демократиялық дамуға қол ұшын беру» - дейді қордың атқарушы директоры. «Сорос-Қазақстан»қоры мектептер үшін дәстүрлі ұйымдастыратын гранттар деп аталатын сайыстың нәтижесінде жеңімпаз атанған 36 қала және ауыл мектептеріне 198000 АҚШ долларын сыйлыққа ұсынды. Сонымен қатар, Сорос-Қазақстан қоры Республика Білім министрлігімен келісе отырып, білім саласында жан-жақты игі бағдарламалар жасады.

«ХХ ғасыр суретшілері» атты Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында Алматы балалар көркем сурет мектебінің «Сорос-Қазақстан» қорымен бірігіп ұйымдастырған оқушылар көрмесі өтті. Сонымен қатар «Интернет» бағдарламасының екінші кезеңі жалғастырылады. Осы бағдарлама бойынша Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Жезқазған қалаларының ең таңдаулы бес мектебі әлемдік ақпараттық «Интернет» жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды. Ал ағылшын тілі бағдарламасы бойынша Британ кеңесімен келісе отырып, радио мен тележурналистер үшін арнайы курстар өткізілуде.

«Сорос-Қазақстан» Республикамызда ашық қоғамның орнауы және дамуына ықпалын тигізу мақсатын ұстана отырып, өз қызметін негізінен мәдениет, білім, ғылым, құқық, экономика, экология, денсаулық сақтау тағы басқа да гуманитарлық салаларда жүргізіп келеді. Бұл ретте қор Республикадағы үкіметтік емес ұйымдарды, білімнің барлық деңгейдегі жаңа жобаларын қолдайды, жоғары оқу орындарының студенттері мен мектеп бітірушілеріне оқуын шет елдерде жалғастыру үшін стипендиялар мен гранттар бөледі, халықаралық гуманитарлық ғылыми конференцияларға қатысатын ғалымдарға көмектеседі.

Қор атқарып жатқан жұмыстарды түгелдей санамалап шығу мүмкін емес. Мәліметтерге жүгінсек, «Тәй-тәй» (балалар бақшасына арналған), «Мектептерге көмек», «Оқулықтармен қамтамасыз ету», «Оқулықтар», «Ағылшын тілі, медицина, жоғары білім беру білім беруді қолдау, мәдениет пен өмір, мәдени байланыстар, Тәуелсіз бейнеөнер, кітапханаларға қолдау, Орталық Азия форум, Құқықтық реформа, Ақпараттық орталық, Интернет-электронды пошта», тағы басқа бағдарламаларын жүргізу және дамыту үшін қор үш миллионға жуық АҚШ долларын жұмсап, өнер мен мәдениет бағдарламасы бойынша республикадағы мәдениет мәселелерін көтеретін журналдар, атап айтқанда «Жұлдыз», «Жалын», «Парасат», «Простор» және «Аполлинарий» компьютерлік сапалы құрал-жабдықпен қамтамасыз етілгенін, он сурет каталогы шығарылып, әлемдік музейлерге жіберілгенін, бірнеше семинарлер мен сайыстар өткізілгенін айтуға болады. Осындай қайырымдылық шараларына қор алғашында 4,5 миллион доллар жұмсаса, кейіннен қайырымдылық мақсатқа 5,5 миллион доллар бөлініп отырған.

Біздің елімізде балалар үшін тек қана белгілі бір атаулы күндерге орай емес, күнделікті, сағат сайын да қамқорлық жасалып келеді. Тіпті көптеген қайырымдылық қорлары мен ұйымдарының бейнеті мол жомарттық қызметінің өзі де жағдайды өзгерте алар емес. Осыған байланысты халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қоры қазақстандықтарға өзіміздің жас отандастарымыздың балалық бал дәуренінің қызығын көріп-білуіне көмектесейік деген үндеу тастады.

Бүгінде жетім балалар үйіне ата-анасынан қапылыста айырылып қалған балаларға қарағанда, әлеуметтік себептерге байланысты тұл жетім атанғандардың саны басым. Бұл табаны тайғақ әкелер мен без бүйрек аналардың көбеюінің салдары. Мұны қоғамның дертіне айналды деуіміз сондықтан. Өзі туған баласын өзекке тепкендер мен дүниеге әкелген ұрпағына жауапсыз қарағандарды біздің заң көбіне ата-аналық құқығынан айыруымен ғана шектеп жатады. Осындай жетім балаларды қамқорлыққа алу мақсатында Алматыда «SOS-Қазақстан» балалар қалашығы ашылды.





sdamzavas.net - 2018 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...