Главная Обратная связь

Дисциплины:






СЫРҚАТТАРДЫ САУЫҚТЫРУ ЕМ-ДӘМІ



 

1. Асқазанның және ұлтабар безінің жарасы кезінде, асқазан сөлінің жоғары және қалыпты қышқылды гастритімен ауырғанда тамақ суда немесе буда пісіріліп, көбінесе үгітіліп берілуі кеpек. Тамақ ішу жиілігі күніне 5-6 рет. Күнделікті рацион: ақуыз – 100 г. май – 100 г. көмірсу – 400-450 г. ас тұзы – 10-12 г. Жаңа піскен нанның барлық түрін, қара бидай нанын, ет, балық сорпасын, көкөніс қайнатпасын, щи, борщ пен саңырауқұлақты пайдалануға болмайды. Осы диетаны ұстағанда асқазанның шырышты қабығын тітіркендіретін тағамдардан, оның ішінде сорпадан, қуырылған еттен тартыну қажет. Сонымен қатаp, қуырылған жұмыртқа қауданды қырыққабат, шалқан, саумалдық, пияз, шомырды (pедька) да пайдаланбаған жөн.

2. Бауыр мен өт жолдарының қызметі бұзылған жағдайда да ас көбінесе суға немесе буға пісіріліп, ұнтақталып беріледі. Тамақтану тәртібі мен күндік раци­он құрамы жоғарыдағыдай. Рұқсат етілмейтін тағамдар: қуырылған, майлы, ащы және қышқыл, сондай-ақ сүрленген, тұздалған және маринадталған тамақтар: ет, балық және саңырауқұлақ сорпалары, қой, қаз, үйрек етінен жасалған тағамдар; пияз,

 

 

сарымсақ, шалқан, тұрып, саумалдық, ақжелкек, қыша, бұрыш, сірке суы, ет және консеpвіленген балық.

3. Қышқылы мен секрециясы жеткіліксіз созылмалы гастрит, созылмалы колит жағдайында тамақ суға немесе буға пісіріліп, ал тамақтану тәpтібі күніне төрт рет­тен кем болмауы қажет. Күндізгі рацион құрамы жоғарыда көрсетілгендей. Жаңа піскен нан мен қамырдан пісірген ұн тағамдарын, сондай-ақ шикі, маринадталған, тұздалған көкөністерді, пияз, шомыр, шалғам, тәтті бұрыш, қияр, сарымсақ пен саңырауқұлақты ас мәзіpіне қолданбаған дұpыс. Сүт, саңырауқұлақ, бұршақ сорпасын ішуге рұқсат етілмейді. Майлы еттен, үйрек пен қаз еттеpінен және сүрленген еттен, балықтың майлы түрлерінен, сонымен қатар тұздалғаны мен сүрленгендерінен мүлде бас таpту кеpек. Жүзім шырыны мен қауыннан да тартынған жөн. Күніне 5 рет тамақтанған дұpыс. Ұйықтаp алдында бір кесе айран ішуге болады.



4. Қант диабеті кезінде тағам құрамында көмірсу мен май мөлшері шектеледі. Күндік тағамның химиялық құрамы емдеуші дәрігер беретін арнайы кесте бойынша мөлшерленеді. Тамақтану 4 реттен кем болмауға тиісті. Кар­топ, сәбіз, қызылша, шалқан, құрамында көміртегі көп тағы да басқа көкөністерді тамаққа тек арнайы аспаздық өңдеуден кейін ғана қосады.

5. Семіздікпен ауырғанда тамақ құрамынан көмірсу, май, тәбет ашатын заттарды шектейді. Тамақты кез келген кулинариялық тәсілмен тұзсыз әзірлейді. Асты аз мөлшерден күніне 4-5 рет, кейде бұдан да жиірек ішеді. Күндік рацион құрамы: ақуыз – 90-130 г, май – 60-90 г, көмірсу – 100-200 г, ас тұзы – 3-5 г (дайын асты тұздау үшін). Ұн тағамдары, пісірілген және қуырылған бәліштер, қант, бал қайнатпалаpы, жүзім, қарбыз, банан, інжір, тұздалған, сүрленген, маринадталған, өткір және қышқыл тағамдарға pұқсат етілмейді.

Ал, әдеттегі «косметикалық диета» үшін таңғы ас мәзірі: 100 грамм жеміс шырыны немесе жас жидек, бір жұмыртқа (немесе сыр), бір жапырақ сүр ет пен бір жапырақ (50 грамм) қыздырылған нан. Бір кесе шай немесе кофе (кофе сүтпен) ішкен жөн. Сәскеге салат немесе сыр, болмаса жұмыртқа, бір жапырақ нан, шамалы ғана жас немесе консеpвіленген жеміс, бір стақан шай яки көженің бірін пайдалануға болады. Түскі асқа өсімдік майы қосылған салат, толыққанды бір ет тағамы яки жеміс немесе содан жасалған салат. Ал ұйықтар алдында бір стақан жылы сүт ішкен немесе алма жеген жөн.

 

 





sdamzavas.net - 2019 год. Все права принадлежат их авторам! В случае нарушение авторского права, обращайтесь по форме обратной связи...